5.2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тиеу-түсіру жұмыстарының технологиялық процессі оны қоймадан жылжымалы құрамға тиеген, жылжымалы құрамнан қоймаға түсірген немесе бір көліктен екінші көлікке қайта тиеген кезде жүкке жасалатын технологиялық операциялар жиынтығын құрайды.
Тиеу-түсіру жұмыстары, негізінен, тиісті қызметкерлер қызмет көрсететін механикаландыру құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі.
Техникалық қауіпсіздік тарапынан қолмен жасалатын физикалық еңбекті қолданумен жүргізілетін тиеу-түсіру операциялары ең үлкен қызығушылық тудырады, өйткені олар үшін өндірістік жарақаттанудың ең үлкен пайызы сипатты. Мұндай операцияларға жүкті қалыптастыру жəне тарату, жүкті қолмен орнын ауыстыру, жүк тиеу құрылғыларында жүкті сүргілеу жəне ілмектеу жатады.
Қол еңбегін қолдану арқылы қалыпты технологиялық жағдайда жасалған, бірақ қауіпті немесе зиян факторлармен қиындатылатын тиеу-түсіру жұмыстары қауіпті жұмыстар санатына жатады.
Қол еңбегін толық немесе ішінара қолдану арқылы қалыпты жағдайдан айырықша немесе қосымша қауіпсіздік шараларын қолдануды талап ететін жағдайда жасалған тиеу-түсіру жұмыстары аса қауіпті жұмыстар санатына жатады.
Қауіпті жəне аса қауіпті жұмыстарды орындау жоғары зейінді, қызметкерлердің жоғары біліктілігі мен тəжірибиесін, технологиялық тəртіпті, қауіпсіздік ереже талаптары мен нормаларын қатаң сақтауды талап етеді.
Жұмысшыларға өндірістік жарақаттану мен физикалық жүктемелерді азайту мақсатында тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде технологиялық процесстердің негізгі элементтерін механизациялауды пайдалану арқылы технологиялар енгізілуде.
Механикаландырған тəсіл барысында крандар, тиеуші, түсіруші жəне басқа машиналар елеусіз жұмыс көлемінде – механизацияның кіші құралданын қолданады.
Жүктерді тиеу, түсіру, сондай-ақ оларды автомобильге бекіту жүк жолдаушы немесе мамандандырылған ұйымдардың күшімен жəне қаражатымен қауіпсіздік техника ережелері мен нормаларын сақтай отырып жүзеге асырылады. Тиеу-түсіру жұмыстары тиеу-түсіру жұмыстарын өндіруші ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалған жауапты тұлға басшылығымен орындалуы тиіс.
Автокөлік жүргізушілерін жүк тасушы ретінде пайдалануға тыйым салынған. Ерекше жағдай ретінде жүргізушілерге олардың келісімімен 20 кг аспайтын бір орынның салмағы бар тиеу-түсіру жұмыстарын жасау рұқсат етіледі.
Жүргізуші жылжымалы құрамдағы жүктің төселуі мен бекітілуін қауіпсіздік талаптарына сəйкестігін жəне жүк пен жылжымалы құрам қауіпсіздігін тексеруіге, ал жүктің төселуі мен бекітілуінде кемшіліктер анықтаған жағдайда, жүк жолдаушыдан оларды жоюды талап етуге міндетті.
50 кг астам салмақтағы жүктерді тиеп-түсіру үшін, сондай-ақ жүктерді 2 м астам биіктікке көтерген жағдайда механизация құралдарын қолдану қажет. Жүктерді тек ағаштар мен үйінділердің үстінде алуға рұқсат етіледі.
Ерекше жағдайларда 60... 80 кг (бір орын) салмағындағы жүктерді автокөлік кузовына екі жүк тасушымен (кем емес) тиеп-түсіру жүргізуге рұқсат етіледі.
Әйелдерге екеулеп 50 кг аспайтын салмақтағы жүкті (зембілмен бірге) тасымалдауға рұқсат етіледі. 16 дан 18-ге дейінгі жасөспірімдерге тек келесі жүктерді тиеуге жəне түсіруге рұқсат етіледі:қаптамасыз тасымалданатын жүктер (қиыршық тас, саз, құм, бидай, жемістер ж.т.б.)
Тиеп-түсіру жұмыстарын жүргізу орындарында жəне жүккөтеруші механизмдерге қызмет көрсету аймағында осы жұмыстарға тікелей қатысы жоқ тұлғаларға болуға тыйым салынады. Ақауы бар механизмдер мен құралсаймандарды пайдалануға тыйым салынады.
Жүк тасымалданатын еден мен платформалар тегіс жəне саңылаусыз, енсіз жұқа тақтайшалар қағылмаған жəне шошайған шегелерсіз болуы тиіс. Жүк тасымалдауға арналған өту жолын бос ұстаған жөн.
Жүк ілдірушілердің, такелажниктердің жəне жүк тасушылардың жүк көтеруші механизмдер жұмыс жасайтын орындарда тайғанауының алдын алу үшін басқыштар (мінбелер), платформалар жəне өту жолдары тазартылып, қажетті жағдайларда құммен немесе ұсақ қоқыспен төселуі тиіс.
Тиеп-түсіру кезінде жағдай осы жұмысты орындаушы тұлғаларға қауіптік тудырған жағдайда, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге жауапты тұлға осы қауіптің алдын алу бойынша шаралар қолдануы жəне оны жойғанға дейін жұмысты тоқтатуы тиіс.
Түскі үзілістен басқа жүк тасушыларға олардың жұмыс уақытына кіретін демалуға арналған үзілістер беріледі. Бұл үзілістердің ұзақтылығы мен таратылуы ішкі еңбек тəртіп ережелерімен белгіленеді. Темекі шегуге тек жұмыс ішіндегі демалыс уақытында жəне арнайы белгіленген орындарда рұқсат етіледі.
Қауіпсіздіктің ерекше талаптары қауіпті жүктерді тасымалдауға қойылады. Қауіпті жүктерге тасымалдау, сақтау, тиеу жəне түсіру жағдайында көлік құралдарының, қоймалардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылымдырдың жарылысына, өртенуіне немесе қандай да бір бұзылу мен бүлінуіне, сондай-ақ адамдар мен жануарлардың қырылуына, зақымдануына, ауруына себеп болатын заттектер мен заттар жатады.
Ресейдің қауіпті жүктерді халықаралық тасымалдау туралы Еуропалық келісімге қосылғанынан кейін қауіпті жүктерді тасымалдаудың негізгі шарттары жəне оларды тасымалдау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қамтамасыз ету бойынша жалпы талаптар, сондай-ақ осындай жүктерді тасымалдауға қатысушы тұлғалардың өрара қарым-қатынастары, құқықтары мен міндеттері белгіленген қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау Ережесі қабылданды (бұдан əрі — Ереже). Ережені қолдану тəртібі қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру Басшылығында баяндалған (РД 3112199-0199 — 96).
Ережеге сай көлік мекемелері осы көлік түрінде тасымалдауға рұқсат етілген қауіпті жəне аса қауіпті жүктерді қабылдайды.
Қауіпті жүктерді автокөлік құралдарында тасымалдау үшін рұқсат алуынуы тиіс. Көлік құралын қауіпті жүкті тасымалдауға рұқсат беру туралы куəлікті Ресейдің ІІД КҚҚМИ бөлімшелері береді.
Достарыңызбен бөлісу: |