4 тілдік дағдыда indd


Тапсырмалар еркін сөйлеу тақырыптарына негізделеді



бет5/49
Дата16.04.2024
өлшемі2.29 Mb.
#498803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
әдебиеттік оқу сабақтарында тыңдалым дағдысын қалыптастыру жолдары

Тапсырмалар еркін сөйлеу тақырыптарына негізделеді

Жаттығу -1

Жаттығу -2

Жаттығу -3

Төмендегі сөйлемдерге ұнатамын және ұнайды сөздерін қойып, айтып көр!

  1. Мен гүл өсіргенді ..... .

  2. Маған гүл өсірген .... .

  3. Мен шахмат ойнағанды ... .

  4. Маған балық аулаған .... .

Сен үшін ең жақсы демалыс сәтін сипаттап айтып көр! Төмендегі сөздерді және болжалды келер шақ жұрнағын пайдаланып!
-ар; -ер; -р.
Мысалы: ...қыдырар едім, ...барар едім, ...көрер едім, cуретке түсірер едім, ...саяхаттар едім, ...дем алар едім.

Қазір екі топқа бөлініп,
«Мектеп формасы оқушы еркіндігін шектейді» деген тақырыпта пікірталасқа түсесіздер. Көк шаршыны суырып алғандар, «Иә, келісеміз» деп аргументтерін ұсынады, ал қызыл шаршыны суырып алғандар қарсы пікір айтып, өз дәлелдемелерін ортаға салады.

  • Бақылауға алынған жаттығуларда мұғалімде оқушы қателігін түзетіп отыра алады, себебі бұл әдістің мақсаты сауатты сөйлеуге үйрету. Флуенттілікті дамыту барысында оқушы қателігін бірден түзетпеген дұрыс. Солай жасаған кезде ғана оқушы өз ойын жеткізіп, коммуникацияға түсе алады. Ал кеткен қателіктерді жазып алып (әсіресе сыныпқа ортақ), жаттығудан кейін сыныппен бірлесе отырып түзетуге болады.

  • Флуенттілікті жаттықтыру кезінде оқушылар сөйлеу тақырыбын өздері таңдай алады және оны дамытуға арналған жаттығулар жоба жұмысы, пікірталас, мәселені шешу, себебін анықтау сияқты тапсырмалардан тұрады. Бұл тапсырмалардың барлығы да оқушыларға жаңа ақпараттарды бір-бірімен бөлісуге және қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік береді.

  • Тілді жаңадан меңгеріп жүрген оқушылар үйренген сөздерін айтылым кезінде қолдануда уақытты қажет етуі мүмкін. Кейбір сыныптар, әсіресе, жаңадан үйренушілер, үнсіздік кезеңін бастан өткереді. Сол себепті де бастапқы уақыттарда оларға тілді көбірек тыңдауға, үйренуге уақыт беріледі, яғни сабақ барысында үнсіз, жай ғана тыңдаушы ретінде отыруына рұқсат етіледі. Алайда олардың түсінген түсінбегендігі ым-ишара қолдану арқылы тексеріліп отырады. Мысалы, егер оқушы түсінсе басын изейді, қолмен көрсетеді.

  • Айтылымға арналған сабақ құрылымы төмендегідей: 1. Кіріспе: сабақ тақырыбын таныстыру және сол сабаққа қажетті жаңа сөздерді немесе тілдік форманы үйрету.

    1. Негізгі бөлім: Жаңадан үйренген сөздерді немесе тілдік форманы жаттықтыруға арналған тапсырмалар. Бұл жаттығулар бақылауға алынған практикалық жұмыстардан бастап, жартылай бақылауға алынған практикалық жаттығуларды қамтуы мүмкін. Оның барлығы сынып деңгейі мен сабақ мазмұнына байланысты.

    2. Бекіту бөлімі: оқушыларға тақырып аясында еркін сөйлеуге және үйренгендерін қолдануға мүмкіндік беретін тапсырмалардан тұрады.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет