5-ДӘріс. ТҰЛҒА ҚҰрылымындағы темперамент, мінез және қабілет



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата06.12.2023
өлшемі270.89 Kb.
#485654
1   2   3   4   5   6
2022 Болтаева А.М. Лекция -5

 
Мінез психологиясы. Мiнез- әрбiр адамның жеке басына тән өзiндiк психологиялық 
қасиеттер мен ерекшелiктер жиынтығы. Мiнездiң қасиеттерi мен ерекшелiктерi әркiмде әр қилы 
жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын бiлдiредi. Мiнез-бұл адамның 
әлеуметтiк мiнез-құлқының ерекшелiгi, ол әлеуметтiк топтағы адамдардың жүктелген iсiн 
орындауында, адам аралық қарым-қатынасында көрiнiп отырады. “Мінез” деген психологиялық 


қасиеттің төркіні гректің “charakter” деген сөзінен шыққан. Мағынасы – із қалдыру, таңба. Мінез 
дегеніміз гректің “charakter” деген сөзінен шыққан. Мағынасы – із қалдыру, таңба. Мінез 
ерекшеліктері – адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Адам мінезінің даралық 
ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған ертедегі грек философы 
Теофраст (б.з.д. IV-III ғғ). Бірақ, ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді.
Мiнез адамның басқа адамдармен жұмысына қатынасын бiлдiретiн жеке адамның тұрақты 
ерекшелiктерiнiң жиынтығы. Мiнез iс-әрекет пен қарым-қатынаста айқындалып, адам мiнез-
құлқына тән көрiнiс бередi. Мiнез адамның өзi таңдаған iс-әрекетiнен байқалады. Кейбiр адамдар 
iс-әрекетiнiң аса күрделi қиын түрлерiмен айналасуды қалайды, олар үшiн кедергiлердi жеңу 
жолдарын iздеу, амалдарын табу қызықты болады. Ал, кейбiреулер iс-әрекеттiң ешбiр кедергiсiз 
оңай түрiн қалайды. Кейбiреулер үшiн жұмыс нәтижесiне қандай жол арқылы жеткенiнен басқа 
адамдарды басып озу басты мәселе болса, басқаларға әйтеуiр жұмысты бiтiрдiк деген ой өте 
маңызды. Адамдар мен қарым-қатынастағы мiнез-құлықтың (үлгiсi) манерасы адамдар 
әрекеттерiне жауап қайтаруларынан көрiнедi. Қарым-қатынас мәнерi сыпайы-анайы,биязы-
дөрекi,әдептi-әдепсiз т.б. бола алады. Мiнездердiң темпераменттен бiр айырмашылығы,олар тек 
жүйке жүйесi қасиеттерiне ғана емес, адам мәдениетi мен тәрбиесiне де байланысты. Адам мiнезi-
әр түрлi стимулдар мен түрлi оқиғаларға кездейсоқ жауап беру ерекшелiктерiмен 
айқындалмайды,ол оның негiзгi әрекеттерiн айқындаушы. Мiнездi адамның әрекетi әрдайым 
саналы, жауапты және ойланған түрде өтедi. Мiнездi адам сыртқы жағдайға қарамай дербес, 
өзiнiң ерiк-жiгерi мен белсендiлiгiн көрсетедi, өзiн-өзi ұстайды. Ал, мiнезсiз адам iс-әрекетпен 
қарым-қатынаста сыртқы жағдайларға бағынып, тәуелдiлiкте жүредi. Адамдардың мiнезi пайда 
болуы, қалыптасуы мен дамуы бойынша темпераментпен байланысты, бiрақ мiнез тұрақты және 
өзгермелi болып келедi.
Психология ғылымында мiнез қасиеттерi мынадай төрт түрлi жүйеге бөлiнiп 
қарастырылады. 1.Мiнездiң еңбекке байланысты қасиеттерi: еңбексүйгiштiк, адалдық, еңбекке 
жауапкершiлiкпен қарау, жалқаулық, немқұрайдылық. 
2.өжымға, адамға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектiк, талапқойғыштық, 
асқақтық,менсiнбеушiлiк. 
3.Өзiне-өзiнiң қатынасы: өркөкректiк, тәкаппарлық, мақтаншақтық, өзiмшiлдiк, 
қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк. 
4.Заттарға қатынасы: ұқыптылық, салдыр-салақтылық, заттарды ұстап тұтынуы, 
ұқыпсыздығы.
Мұндай ерекшелiктер адамның азаматтық қасиеттерiн көрсететiн негiзгi және өзектi 
сипаттары болып табылады. Олар адамның қоғамдық қарым-қатынасы және әлеуметтiк типтiк 
ерекшелiктерi. Ал, мiнез құрылымының ерекшелiктерiне мыналар жатады: 
1.Мiнездiң тереңдiгi. Бұл қасиет адамның қоғам тарапына орай көпшiлiкке, ұжымға, еңбекке 
деген қатынасын бiлдiредi.
2.Адамның жеке басының ерекшелiгi, белсендiлiгi. Бұл қасиет мiнездiң күшi. Осыған орай, 
адам мықты, жақсы, тұрақты және нашар мiнездi болып келедi.
3.Мiнездiң тұрақтылығының, бейiмделгiштiгiнiң ерекше мәнi бар. Мұндай адамдар әрқилы 
қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзiмдiлiк пен бейiмделгiштiлiк көрсетiп,мiнездiң 
күшiн аңғартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет