5В010801 Дене шынықтыру және спорт Анатомия, спорт морфологиясының негіздері



бет6/18
Дата25.05.2023
өлшемі378.5 Kb.
#474261
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
7 Тақырып Жеке динамикалық тәнтану
Дене қалыптары мен тұрмыстық тәнтанулық сипаттамасы. Дене қалыптардың классификациясы. Адам денесінің жоғарғы және төменгі қалыптағы кезіндегі сыртқы күштердің әсері. Дене қалыптары: тұру, буынға тұру, тік қолмен асылу, бүгілген қолмен асылу, шалқая асылу, аяқ басымен асылу, бүгілген аяқпен асылу, қоссырыққа тірену, гимнастикалық көпір.
Дененің үдемелі қозғалыстардағы тәнтанулық сипаты. Қозғалыстардың квалификациясы және жалпы сипаттамасы. Жүріс - дененің тірек ауданының серпілген күрделі, локомоторлық, үдемелі циклдық қозғалыс. Тірексіз кезінде бұлшық еттер жұмыстардың ерекшеліктері. Жүру кезіндегі қол мен аяқтардың үйлестіру қиысқан қозғалыстары.
Жүрудің алуан түрлері: аяқты бүгіл жүгіру, спортгық жүру, қарсылықты жеңіп жүру, сөтімен жоғары жөне төмен жүру, аяқтың ұшымен жүру. Жүрудің фазалары, кезендері, дөуірі. Жай, бір жөне екі кадам. Жүру кезінде адам денесіне эсер ететін сыртқы және ішкі күштер. Жүруге дененің жалпы ауырлық орталығының орын ауыстыруы. Жүрудің әр кезеңіндегі тірек- қимыл аппаратының жұмысы.
Жүгіру мен жүрудің ара қашықтықтары. Жүгірудің фазалары. Жүгіруде жеке фазалары мен кезендерінде дене тұрақтылығының сипаты.
Түрган орыннан секіру. Секіру кезіндегі қозғалыстың негізгі фазалары. Секірудің әрбір кезеңдерінде организмге әрекет етуінің сыртқы жөне ішкі күштердің сипаттамасы. Секірудің дененің жалпы ауырлық орталығының орналасқан жері және оның орын ауыстыру қисығы. Секірудің әрбір кезендерінде тірек-қимыл аппаратының жұмысы және дененің жеке бөлшектерінің қалыптары. Ұзындыққа секіру кезіндегі тыныс алу. Секіру кезіндегі қозғалыстарда қимыл аппаратқа, ішкі мүшелерге қимыл үйлесіміне өрекет ету.
Айналдыру қозғалысының төнтанулық сипаттамасы. Айналдыру қозғалысының жалпы сипаттамасы жөне оларды топтастыру. Сыртқы және ішкі күштердің өзара әрекетінің ерекшеліктері. Айналдыру қозғалысы кезіндегі адам денесінің инерциялық сәтін өзгерту.
Артқа шыр айналу (сальто)- еркін білік (ось) маңындағы дене қозғалысы. Артқа шыр айналу кезіндегі қимылдың кезеңі мен сатысы. Әр кезендегі жөне сатысындағы организмнің ішкі күштері мен ауырлық күшінің сипаттамалары. Дененің жалпы ауырлық орталығы және оның орын ауыстыруы. Әр қозғалыс қалыпта дене бөлшектерінің қалыптары мен қозғалыс аппаратының жұмысы. Артқа шыр айналу негізіндегі тыныс алу. Айналдыру қозғалыстарының организмге ықпалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет