5В050300 «Психология» мамандығының студенттеріне арналған


тақырып. Отбасы татулығы бағдарламасының әдістері



бет22/35
Дата17.04.2024
өлшемі0.55 Mb.
#498999
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
15 тақырып. Отбасы татулығы бағдарламасының әдістері.
Жоспар:
1. Отбасы психотерапиясы.
2. Отбасы психотерапиясы мектептері және бағыттары.
Отбасылық психотерапия – тұлғааралық қатынасты түзетуге бағытталған және отбасының ауру мүшелерінде айрықша көрінетін эмоционалды қайғыруды жою мақсатына жүргізілетін психотерапияның ерекше түрі болап табылады. Отбасылық терапия бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Оның ұзақтығы психикалық қайғырудың күрделілігіне „ауру белгісін көтерушіге”, отбасында тұлғааралық қақтығыстың сипатына, мотивациясына да байланысты болып келеді. Алғашында отбасылық терапия жиілігі аптасына 1-2 кездесу болып жалғасын табады. Отбасылық терапияны жиі төрт кезеңнен қарастырады.
1) Отбасылық анықтау (диагноз), диагностикалық кезеңі;
2) Отбасылық қақтығысты жою кезеңі:
3) Қайта құру кезеңі;
4) Қолдау көрсету кезеңі;
1.Диагностикалық кезең. Отбасылық диагноз түсінігінде, отбасы мүшелерінің жекелік – тұлғалық қасиетін есепеке алу арқылы, қатынастағы бұзылысты типке келтіру. Отбасы қатынасын диагностикалау поцесіне психотерапевтке қосыла отырып, диагностикадағы мәселелі болжамды ұсыну мен тексеруге қатысады. Отбасылық диагностиканың өз алдына ерекшелігі сол, ол барлық кезеңде жүргізіліп, алдын ала психотерапевтік техниканың іріктелуін белгілеп отырады. Екінші жағынан ерекшелігі отбасы мүшелерінің бірінен алынған ақпараттың келесі мүшесімен сәйкестігі, психотерапевттің қатысушылар мінез-құлқы туралы бақылау және сұрау барысындағы қалыптасқан өз әсері де алынады.
2.Отбасы қақатығысын жою. Екінші кезеңде психотерапевт отбасы мүшерімен бір жақты кездесуде отбасы қақтығысын анықтау және оның шығуы мен қайнар көзін табады. Психотерапевт пен отбасы мүшелері арасында тепе-теңдік байланыс орнату нәтижесінде, қақтығысқа қатысушылардың барлығына бірдей түсінікті тілде сөйлеуге үйретеді. Сондай-ақ өзіне делдалдық қызметті алып, қақтығыс туралы бірінен алынған ақпарат көлемін келісу рұқсаты арқылы екіншісіне жеткізіп отырады. Бейвербльды құрамда алынған ақпаратты психотерапевт отбасылық терапияда „роботманипулятор” тәсілін қолдана қарама-қайшылық туғызатын хабарды ым-ишарада көрсете отырып, сезім мен төзімділік ым-мшарасын да байланыстыра өтеді. Отбасылық терапияның осы кезеңінде психотерапиялық жетекші әдістерге жататындар: директивке (тапсырма) жатпайтын психотерапия, жеке тұлғада қатынасқа байланысты саналы меңгермеген тұстары вербльды түрде мақсатталған, отбасы мүшелерінің бір-біріне өзара әсер етуіне арнайы құрастырылған әдістер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет