5В072300 – Техникалық физика мамандығына арналған


Электр қозғалтқышты орнату және біліктердің осьтілігін тексеру



бет13/18
Дата09.06.2016
өлшемі3.45 Mb.
#124727
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

2.3 Электр қозғалтқышты орнату және біліктердің осьтілігін тексеру

Электрқозғалтқыш фундаментке машинаның (компрессор, насос, вентиль) орнатылуы толық аяқталған кезде монтирленеді. Электрқозғалтқыштың байланысы үздіксіз және ременді тасымалдау көмегімен жүзеге асады.

Ременді тасымалдау кезінде электрқозғалтқыш ременнің созылуын реттейтін салазкаларға орнатылады. Салазкалар фундаментке болтпен бекітіледі. Салазкаларға орнатылған электрқозғалтқыш деңгей бойынша төсеме көмегімен горизонтальдылыққа выверяется. Одан кейін электрқозғалтқыш және нагнетатель біліктерінің параллельділігін тексереді. Электрқозғалтқыш үздіксіз байланысқан кезде ол фундаментке бекітілген жалпы металл плитасына орнатылады және төсеме көмегімен электрқозғалтқыштың компрессор, насос немесе вентилятор білігімен осьтілігіне қол жеткізіледі. прессора, насоса или вентилятора.

Екі машинаның жанасатын біліктерінде осьтіліктің болмауы агрегатта дірілдің пайда болуына, подшипниктердің тез шаршауына және байланыстырғыш муфталардың зақымдануына алып келуі мүмкін.

Білік осьтерінің сәйкес келмеуінің үш жағдайы болуы мүмкін: бір немесе екі жазықтықта сығылу, иілу және иілумен бірге сығылу (2.14 сурет).




2.14 сурет – Білік осьтерінің сәйкес келмеуі:

а – параллельді сығылу; б – иілумен қатар қысылу; в – екі жазықтықта сығылу (А – машинаның выверенный білігі; Б – электрқозғалтқыштың выверяемый білігі)


білік осьтіліктерін өлшегіш инструменттер мен жабдқтарға байланысты үш әдіс бойынша тексеруге болады (2.15 сурет): 1) индикатормен, 2) жартылай муфталарға кигізілетін скобалармен, 3) монтаждау сызғышымен.

Барлық жағдайда осьтік зазор δ щуп көмегімен өлшенеді, сонымен қоса, радиальды зазор а да өлшенеді. Шамалар мен сығылу бағыттарын анықтау үшін 16 суретте көрсетілген схеманы пайдалану керек. Өлшемдерді біліктің төрт қалпында жүргізеді. Выверяемый білік осьінің сығылуы үнемі зазордың аз шамалы жағына қарай бағытталады. Екі өзара перпендикуляр жазықтықта өлшенген зазорлардың суммасы өзара тең болып келеді, яғни




а1 + а3 = а2 + а4,

(2.3.1)


2.15 сурет – Білік центрленуін тексеру схемасы (а – индикатор көмегімен; б – скоба мен щуп көмегімен; в – сызғыш пен щуп көмегімен)

1 – жартылаймуфта; 2 – индикаторды бекітуге арналған жабдықтар; 3 – индикатор бас; 4 – скобы; 5 – реттеуші винттар; 6 – монтаждық сызғыш; 7 – щуп


Бұл осьтердің иілу жағдайы үшін де нақты болып саналады, яғни

δ1 + δ3 = δ2 + δ4,

,


(2.3.2)

Егер δ1 < δ3, болатын болса, онда выверяемый біліктің ұшы төмен бағытталады, ал δ1 > δ3 болған жағдайда жоғары бағытталады.

Геометриялық осьтердің сығылу шамасын мына өрнек бойынша анықтауға болады



немесе ,

,


(2.3.3)

Осьтердің сығылу шамасы әрбір 180° сайын өлшенген зазорлар айырымының жартысына тең болады. Иілу шамасын да жабдықтардың ұшымен сипататталатын шеңбердің диаметріне қарасты өзара перпендикуляр жазықтықтардағы қарама қарсы өлшемдердің жартылай айырымы ретінде анықтауға болады:

,
,

(2.3.4)

мұндағы D – жабдықтардың ұшымен сипататталатын шеңбер диаметрі, мм.

Жабдықтар ұшының айырымы 200 мм кем болмау керек. Электрқозғалтқыш пен машиналар білігінің осьтілігі орнатылған минимальді зазорлар талабын қанағаттандыру керек (2.3 кесте).


2.3 кесте – Біліктердің осьтілігін тексерген кездегі зазорлардың шекті мәндері

Зазор

Қатты муфталар

Серпімді муфталар

Кулачковые және эластикалық муфталар.

Айналу жылдамдығы n, айн/мин

1500 дейін

1500 жоғары

1500 дейін

1500 жоғары

1500 дейін

1500 жоғары

Радиальді, а в мм

0,08

0,04

0,12

0,06

0,20

0,10

Осьтік, b в мм

0,04

0,02

0,10

0,05

0,15

0,08

Пайдаланылатын инструменттер мен жабдықтар: деңгей, монтаждық сыхзғыш немесе бұрыштама, 0,01 мм-дан 0,5 мм-ға дейін пластиналар жинағы бар щуп, металдық төсемелер, бекітуге арналған бөлік құны 0,01 мм болатын сағат типті индикатор, скобалары мен винттары бар оқтар.




Жұмыс көлемі тұрады:

1) насосы бар жалпы жақтауға электрқозғалтқышты орнату (2.16 сурет);

2) насос білігінің электрқозғалтқыш білігімен осьтілігін әр түрлі әдіс бойынша тексеру;

3) геометриялық осьтердің сығылу шамаларын және олардың иілу шамаларын анықтау




2.16 сурет – Жалпы жақтауға электрқозғалтқышты насоспен бірге орнату:

1 – насос; 2 – жанасатын біліктердің жартылаймуфталары; 3 – электрқозғалтқыш; 4 – болат төсемелер; 5 – жақтау


Жұмыстың орындалу реті:

1 Монтаждау объектісімен, қауіпсіздік техникасымен және жұмысты жүргізу әдісімен танысу.

2 Монтаждаушы және өлшеуші инструменттердің болуын, дұрыстығын және комплекттілігін тексеру.

3 Электрқозғалтқыш орнатылатын жердегі жақтаудың шаңы мен кірін тазалау.

4 Жақтауға 5 электрқозғалтқышты 5 орнату (2.16 сурет).

5 Жақтауға төсеменің төрт болтын кіргізіп, оларға электрқозғалтқышты орнату.

6 Біліктің төрт қалпында электрқозғалтқыш білігін кезекпен 90, 180, 270 және 360° бұрыштарға бұра отырып, радиальді және осьтік зазорларды өлшеу. Өлшеу нәтижелерін бақылау журналына енгізу (2.4 кесте).

7 Төсемелердің қалыңдығы мен санын өзгерте отырып, нагнетатель мен электрқозғалтқыш біліктерінің осьтілігіне қол жеткізу.


2.4 кесте – Бақылау журналы

Өлшеу әдісі

Радиальді зазор, мм

Осьтік зазор, мм

а1

а 2

а 3

а 4

δ 1

δ 2

δ 3

δ 4

























































Есеп берудің мазмұны:

1 Жұмыстың атауы мен мақсаты.

2 Құралдардың схемалары мен эскиздары, өлшегіш инструменттердің сипаттамалары

3 Осьтік және радиальды зазаорлардың шамаларын өлшеу, сығылу және иілу шамасын анықтау

4 Өлшенетін шамалардың анализі, болт астындағы төсемелердің қалыңдығын өлшеу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет