6-сынып ежелгі қазақстан тарихы бабалардың тастап кеткен ізінде



бет17/110
Дата27.12.2023
өлшемі0.6 Mb.
#488164
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   110
2 5460967074807430259

аумағын анықтаңыз.
«Осы мәдениетке жататын үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары
өте ірілігімен,тас қашау өнерінің жетілгендігімен
ерекшеленеді.Әдетте,үйлердің қабырғалары бір-бірімен балшықпен
айланыстырылып, ірі тастардан қаланған. Ішкі сыртқы беттеріне тастың
тегіс жағы қаратылған.Жертөле үйлердің қабырғасы жартылай таспен
қаланып шегенделген» :
А) Батыс Қазақстан
В) Орталық Қазақстан
С) Шығыс Қазақстан
Д) Жетісу Қазақстан
Е) Солтүстік Қазақстан
18-нұсқа
1.Қазақстан аумағында алғашқы адамдар пайда болған кезең:
А) Энеолит
В) Неолит
С) Ерте палеолит
Д) Кейінгі темір дәуірі
Е) Мезолит
2. «Көне заманда Жезқазғаннан 1 миллион тоннадай кен кен
өндіріліп,одан 100 мың тоннадай мыс қорытылған» деп тұжырымдаған
ғалым:
А) В.П.Алексеев
В) К.М.Байпақов
С) Ә.Т.Төлеубаев
Д) Қ.И.Сәтбаев
Е) Ә.Х.Марғұлан
3.Тас дәуірінде адамдар үшкір сүйектен жасады:
А) Шүмектерді
В) Алқаны
С) Инені
Д) Ілгекті
Е) Түймені
4.Екібастұз ауданынан табылған ерте темір дәуірінің ескерткіші:
А) Андрон
В) Тасмола
С) Бесшатыр
Д) Беғазы-Дәндібай
Е) Шілікті
5.Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалар:
А) Қарлұқ, түргеш,теле
В) Андрон тайпалары
С) Соғды,ұйғыр,қимақ
Д) Исседон,аримаспы,аргиппей
Е) Арийлер мен турлар
« Қытай адамы» атауы берілген ежелгі адам:
А) «Люси»
В) «Синантроп»
С) «Саналы адам»
Д) «Питекантроп»
Е) «Епті адам»
Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі
А) балбалдар
В) некропольдер
С) обалар
Д) кесенелер
Е) тұрақтар
Орталық Қазақстанда орналасқан «мұртты қорғандар» ескерткіші осы дәуірге тән:
А) Ерте тас дәуірі
В) Мысты-тас дәуірі
С) Қоладәуірі
Д) Жаңа тас дәуірі
Е) Ерте темір дәуірі
Жетісу жеріндегі сақ ескерткіші:
А) Шілікті
В) Бесшатыр
С) Терең
Д) Бәйте
Е) Берел
Рим елшілігінің тілмашы ретінде Еділ (Аттила) еліне келіп, өзінің көргендерін жазған шежіреші:
А) Плиний
В) Полибий
С) Прииск
Д) Диодор
Е) Марцеллин
11. «Тауларында қылқан жапырақты ағаш көп өседі» деп үйсіндердің
табиғатына сипаттама берілді:
А) Парсы жазбаларында
В) Қытай деректерінде
С) Араб хроникаларында
Д) Кушан мәліметтерінде
Е) Грек еңбектерінде
12.Қаңлылардың Арыс өзенінің сол жағалауында орналасқан қаласы:
А) Көк-Мардан
В) Отырар Бәбіш
С) Бәбіш-Молда
Д) Битянь
Е) Алтын-Асар
13. Сарматтардың б.з.б. VІІІ ғасырдағы атауы:
А) Савроматтар
В) Гиркандар
С) Массагеттер
Д) Дайлар
Е) Аландар
14.Қаратаудағы Қараүңгір мекенінен табылған қыш ыдыстардың түптері
боялды:
А) Ақ бояумен
В) Сары бояумен
С) Жасыл бояумен
Д) Қызыл бояумен
Е) Қара бояумен
15.ХХ ғ.60- жылдары Шілікті ескерткіштерін алғаш зерттеген ғалым :
А) З.Самашев
В) К.Ақышев
С) С.Черников
Д) В.Бартольд
Е) Х.Алпысбаев
16. Қазақстанда таза көшпелі мал шаруашылығының түрі қалыптасқан
территориясы:
А) Сырдария мен Амудария аралығы
В) Батыс және Орталық Қазақстан
С) Қазақстанңың оңтүстігі,Сырдария,Шу,Келес өзендерінің аңғарлары
Д) Шығыс Қазақстан, Алтай мен Тянь-Шань таулары, Жетісудың таулы
аймақтары
Е) Шығыс Түркістан,Қашғардың таулы аймақтары
17.Аумағында 200-ден асқан сақ дәуірінің обалары орналасқан Шығыс Қазақстандағы аудан
А) Ұлан
В) Күршім
С) Бесқарағай
Д) Зайсан
Е) Марқакөл
18. Мезолит дәуірі қамтыған кезең:
А) б.з.б. 40-12 мыңжылдықтар
В) б.з.б. 4-2 мыңжылдықтар
С) б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар
Д) б.з.б. 12 -5 мыңжылдықтар
Е) б.з.б. 100-40 мыңжылдықтар
19.Қола дәуірінде Қазақстан аумағын мекендегендер:
А) Сақтар
В) Үйсіндер
С) Андрондықтар
Д) Савроматтар
Е) Қаңлылар
20.Мәтінде сипатталған тарихи үрдістің орын алған кезеңі:
«Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды.Үңгірлерді
тазалап күтті,тамақ дайындады,жеуге қажетті жеміс-жидектерді терді.Бұл
ұжымдағы аналардың беделін арттырды.Әрбір қауым өз аумағында мекен
етті.Ұжымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді.Жер,баспана,еңбек
құралдары бәріне ортақ саналды.
Барлығы бірлесіп орманда аң аулады,балық ұстады,ортақ жайылымда мал
жайды.Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті.Әйелдер мен балалар
жеміс-жидек жинады,еркектер ор қазды,егістік жерді тазалады,жыртқыш
аңдарды аулады.Қауымның жеке мүшесіне тисті мүлікті,мысалы,найзаны
кез келгені пайдалана алды»:
А) Кейінгі палеолит
В) Неолит
С) Энеолит
Д) Ерте палеолит
Е) Қола дәуірі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет