89.Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелерінің қызметін салыстырмалы түрде сипаттаңыз
Парасимпатикалық жүйке жүйесі (parasympathica systematis nervosi, лат. para - маңы, systema — жүйе, nervus — жүйке) — қызметі автономды түрде іс жүзіне асатын жүйке жүйесінің бөлігі.
Парасимпатикалық жүйке жүйесінің жүйке орталықтары ортаңғы және сопақша мида, жұлынның құйымшақ (сегізкөз) бөлімінде орналасады. Орталық жүйке орталықтарынан шыққан миелинді түйіналды (преганглионды) жүйке талшықтары жүйке ганглийлеріндегі мультиполярлы нейроциттерде аяқталып, жүйке толқындарын жеткізеді. Ганглий нейроциттерінің аксондары постганглионды миелинсіз жүйке талшықтары ретінде ганглийлерден шығып, ішкі мүшлердегі етті қабықтар мен етті қабаттарды және бездерді жүйкелендіреді. Интрамуральды парасимпатикалық жүйке түйіндері (ганглийлері) тым майда болып келеді. Оларды тек микроскоппен ғана көруге болады. Интра-муральды парасимпатикалық жүйке түйіндері жүйкелендіретін мүшелердің қабырғаларындағы кілегейлі, етті, сірлі қабықтар аралықтарында орналасады. Бұлардың преганглионды жүйке талшықтары ұзын, ал постганглионды жүйке талшықтары қысқа болып келеді. Парасимпатикалық жүйкелену тері тамырларында, тер бездерінде, түк бұлшықеттерінде, бүйрекүсті безінде, көкбауырда, бұлшықеттерде болмайды.
Симпатикалық жүйке жүйесі (гр. συμπαθής — сезімтал, әсерді қабылдағыш) — омыртқаны бойлай орналасқан оң және сол шекаралық симпатикалық бағандардан, ганглийлерден (жүйке түйіндері), ганглийлерді өзара және жұлын эффекторларымен байланыстыратын жүйке талшықтарынан құралған адам мен омыртқалы жануарлардың автономдық жүйке жүйесінің бір бөлігі.
Анатомия
Симпатикалық жүйке жүйесі кеуде, бел сегменттерінде орналасқан орталық (соматикалық) жұлын және талшықтары денедегі барлық органдарға, тіндерге таралатын шеткі жүйелерге бөлінеді. Симпатикалық жүйке жүйесі физиологиясында және ол басқаратын процестердің үйлесімділігін реттеуде мишықтың маңызы зор. Симпатикалық жүйке жүйесіне пре- және постганглионарлық бағаналардың тармақталуына негізделген және ішкі құрылымдардың қарқынды әрекетін қамтамасыз ететін мультипликациалық түрткілер тән (генерализацияланған әсер). Симпатикалық жүйке жүйесінің одан арғы эволюциясы құстар мен сүтқоректілердің гомойотермдік қасиеттерін қамтамасыз етуге бағытталған фрагменттік реакцияларға қабілеттіліктің дамуымен тығыз байланысты. Симпатикалық жүйке жүйесі интероцепциямен тығыз байланысты, себебі оның құрамына аса сезімтал талшықтар кіреді, олар барлық қан тамырлары мен ішкі органдарды жүйкелендіре отырып, бұлардың өзара рефлекторлы қарым - қатынасын қамтамасыз етеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің медиаторы — ацетилхолин (преганглийлік талшықтар) мен норадреналин (постганглийлік талшықтар). Симпатикалық жүйке жүйесі талшықтарының регенерациялық қабілеттері жоғары болады. Оның қозуы нәтижесінде организм стресс жағдайынан шығады, жүрек жұмысының ырғағы жиілеп, артериялық қысым жоғарылайды. Бұлшық еттің қанмен жабдықталуы жақсарып, қандағы глюкоза деңгейі көтеріледі, ал асқазан жүйесінің қызметі баяулайды. Осы әсерлер организмнің күшін жинақтап, оның стрестен шығуына мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |