8
9
Қажеттіліктің екі жағы бар: объективті (материалдық игілік)
жəне субъективті (сана).
Сана — қажеттіліктің негізгі элементі, себебі ол адамның
санасында жеке бастың мəдени деңгейі мен тұлғалық қасиеттеріне
сəйкес, ерекше формаға ие болады.
Қажеттіліктер объективті, себебі материалдық жəне
рухани
игіліктер өндіріс барысында жасалады. Сонымен қатар, қажет-
тіліктер субъективті, себебі адам оларды түйсінеді жəне қоғамның
мəдени əрі рухани дамуына байланысты болады.
Қажеттіліктер үнемі қозғалыс, даму, бүкіл əлемге
таралу
жағдайында.
Қажеттіліктің өз өмірлік циклы бар: дүниеге келу, таралу, өлу.
Өмірлік циклдың əрбір нүктесінің кəсіпкерлік қызметтің белгілі
бір түріне қатысты кескіні бар: НИОКР (ҒЗТКЖ — ғылыми
зерттеу жəне тəжірибелік конструкторлық жұмыстар), өндіріс,
нарық, тұтынушы. Бұл кəсіпкер мен кəсіпорынды тұтынушыны
қанағаттандыруға қажет өнімдерді жəне қызметтерді жасап,
жылжытуға мəжбүрлейді.
Өндіруші
қажеттіктерді анықтау, тауарды пайдаланудың
анағұрлым жарқын əлеуметтік нəтижелерін көрсету арқылы өз
өнімдерінің сатылуын күшейтеді.
Адамдардың қажеттіліктерін бірнеше түрге бөлуге болады
(1.2.1. сурет).
Достарыңызбен бөлісу: