Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде


Будданың өмірі (б.з.д. 563-483 ж.ж.)



бет103/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   126
Діндер тарихы

1. Будданың өмірі (б.з.д. 563-483 ж.ж.)


Буддизм б.з.д. VI ғасырда индуизмдегі брахман формализміне, касталық жүйеге қарсы қозғалыс ретінде шыққан болатын. Будданың әкесі Сидха-дана Гималай тауының етегіндегі (қазіргі Непал) астанасы Капилавасту деген шағын патшалықтың патшасы болды. Будда Солтүстік Үндістандағы патшалықтың астанасы Капилавастуға таяу жердегі Лумбини орманды алқабында дүниеге келді. Аты Сидхартха Гаутама (Гаутама үйіндегі лақап аты) сакя тайпасына жатады. Сондықтан оны сакямуни, яғни «сакя тайпасының көсемі, сакялықтардың үнсіз діндар дәруіші» деп атады. «Будда» оған «аян алған, көкірегі ояу» мағынасындағы кейіннен берілген лақап аты. Оған кейіннен берілген тағы бір лақап аты «Татхагата» (яғни даналыққа ие болған). Шын есімі Сидхартха. Ол «мақсатына жеткен» деген мағынаны білдіреді.
Деректерге қарағанда анасы Маяға Будда туылмай тұрып түсінде өзінен туылатын перзенті атақты тұлға болатындығы аян етіліпті. Сол түсінде Будданың өз жатырына піл суретінде кіргенін көріпті.
Будданы ай-күні жақындағанда Капилавастудан жанұясына бара жатқан жолда Лумбини орманды алқабында туыпты. Деректерге қарағанда Мая бір қасиетті інжір талының бұтағынан ұстап тұрып Будданы дүниеге әкелген екен. Тәңірлер оны аппақ киімге оранған жерінен тауып алып, жуындырады. Сөйтіп оған «арманына, мақсатына жеткен» мағынаны білдіретін Сидхартха есімі қойылады. Көп ұзамай Сидхартханың шешесі дүниеден өтіп, ол әрі апасы, әрі өгей шешесі Махапражажатидің қамқорлығында болады.
Сидхартханың әкесі баласының болашағын болжаттыру үшін сол замандағы әдет бойынша балгерлерге жүгініп, оның не құдіретті патша, немесе бір «Будда» болатынын біліпті. Осыдай кейін патша ұлының Буддаға айналуына қарсы болып, оған сарайдың түрлі-түрлі шат-шадыман қызық өмірін тамашалатады. Сидхартха сарайда еш тарықпай өмір сүреді; не ішемін, не жеймін демейді. Оған әкесі жақсы тәрбие береді. Сидхартха ер жеткен уақытында жақын туыстарының Яшодора деген өте сұлу қызымен үйленеді. Екеуінен Рахуя (Кедергі) деген бала туылды.
Сидхартха сарайда уайым-қайғысыз өмір сүріп жатты. Бірақ бір күні әкесінің рұқсатынсыз сарайдан сыртқа шығып кетеді. Ол шынайы өмірдің сарайдағы өмірге мүлдем ұқсамайтындығын көреді. Өйткені ол алғашында бір қарт адамға, екінші күні бір ауруға, үшінші күні бір мәйітке, ал төртінші күні шыққанында қайыршы монахқа кез болады. Бұл көріністер оны қатты толқытты; барлық нәрсенің бекершілік екенін түсінді. Бұдан кейін ол дүние атаулыдан бас тартып, үйін тастап шығады. Жиырма тоғыз жасында түннің бір уағында жанұясы шырт ұйқыда жатқанын пайдаланып, өзі бір атқа мініп, үйінен шығып кетеді. Сол маңдағы бір орманға бет алады. Орманға барғанда үстіндегі асыл тасты әшекей заттарын шешіп, қасындағы қызметшісіне береді де оны атымен қоса үйге қайтарады. Шашын түбімен қырып алып, суға тастайды. Жолай өтіп бара жатқан бір дәруішпен киім ауыстырады. Сидхартха сарайдан кеткеннен кейін ескі әдет-ғұрыптарға бас иіп, даналықтың шыңына жеткен ұстаздарды іздейді. Ол сондай ұстаздардың қарауында болып, сананы жетілдіруге септігін тигізетін йога әдістерін үйреніп, рухани тыныштыққа жетуді көздейді. Алайда ол адам, өмір және ақиқат туралы айтылған пікір-ойларды ұнатпады. Дәруіштер тобын тәрк етіп, жалғыз өзі орманға кетеді. Гаутама есімін осы кезден бастап қолдана бастайды. Ол алты жыл бойы құр сүлдері қалғанша, азапты дәруіштік өмірді бастан кешіреді. Бірақ бұл өмір де оны қанағаттандырмай, аяғында бұдан да бас тартты. Даналыққа, хикметке және сананың тазалығына жету үшін немесе тәндік, саналық азғындықтан құтылу үшін диетаның, өзін-өзі азаптау жолының жеткіліксіз екенін, мұның бар болғаны тұла бойын әлсіретіп, сананы уландырғаннан басқа ештеңеге жарамайтындығын түсінеді. Өйткені ол әуелі сарай өмірінің шексіз рахатын көрді, кейін нәпсісін, жанын азаптап, екінші бір шектен шыққан сынақты бастан кешірді. Енді ол осы екеуінің арасынан орта жолды таңдайды. Ол үшін Сидхартха қайтадан ас-ауқатқа бас қояды. Осы сәтте өздерінің нәпсісін тәрбиелеп, бар азапты бастан кешіріп жатқан бес дәруіш күрестен жеңілгенін мойындады деп Сидхартханы тастап кетеді. Ал Гаутама ақиқат пен тыныштықты басқа жолдардан іздей бастады.
Ол Урувелаға таяу жердегі Неранжара өзені аңғарындағы жабайы інжір ағашының (Бодхи ағашы) түбінде отырып, терең ойға беріледі. Өмірдің, өлімнің, жалпы ауыртпалық пен қиыншылық атаулының сырын іздей бастайды. Ақырында 35 жасында 1 шілде күні мақсатына жетеді. Санасы мөлдір судай ашылып «Буддаға» айналады. Осы жер кейін буддистер үшін қасиетті орынға айналады (Бодхи Гая).
Будда қол жеткізген ақиқатын жаюға шешім қабылдады. Алғашқы насихатын Бенарестегі Сарнатх Бұғы саябағында өзінен бөлініп кеткен бес дәруішке түсіндірді. Бұл насихат «заңның доңғалағын айналдыру» деп аталды. Ол бұл насихатында өзінің тура жолды тапқандығын «Будда» болғандығын, оларға да осы жолды көрсететіндігін және ілімін (дхамма) үйрететіндігін айтты.
Будда Кусинагарадағы (Патнаның солтүстік-батысына 160 шақырым қашықтықтағы шағын қалашық) Уттар-Прадеште 80 жасқа келіп қайтыс болғанға дейін өмірінің соңғы 40-50 жылын Үндістанның солтүстігінде және орталығында уағыз-насихатпен өткізді. Ол өз жақтастарын тапты. Бұлардың арасынан «бхиксу» деген қайыршы монахтардың бастамасымен «Сангха» деп аталатын ұйым құрылды. Сангха – әлемдегі ең көне бойдақ монахтар ұйымы еді. Сангха Будда және қол жеткізген ақиқат доктринасымен (дхамма) бірге Будддизмнің негізгі принциптерін құрады. Будда ұзақ уақыт бойы әйелдердің Сангха ұйымына кіруіне қарсы болып келіп еді, бірақ апайы мен әйелінің қатаң талап етуінің нәтижесінде әйелдер де ұйымға кіретін болды. Бұдан кейін монах әйелдер де шыға бастады. Кейінгі кезеңдерде монахтардың қатарына үйленгендер де алынатын болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет