«Агрономиялық зерттеу әдістері» пәні бойынша ДӘрістер жинағы тараз 2021 ж



бет29/39
Дата02.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#479499
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
4 дәріс

Сортсынау жұмысында тәжірибелерді қойғанда ең маңыздысы себу болып табылады, өйткені онда кеткен қателер түзелмейді. Сондықтан тұқымдар тиянақты түрде дайындалады, әрбір сорт сыртқы және ішкі этикеткалары бар қаптарға салынады, сепкіштер қорғаныс жолақтарында себу үшін себу нормасына қойылады, әрбір сортты себу алдында сепкіш керекті себу нормасына қойылады, себуден кейін тұқымдар қалдықтары сол қапқа қайта салынады да өлшенеді, ал журналға нақты себілген тұқымдар санының көрсеткіші және олардың қалдықтары жазылады. Нақты себу нормасының ауытқулары есептелгеннен 4-5% аспау керек.
Себу жұмыстары өндіріс жағдайларына ұсынылған мерзімдерде жүргізіледі, егер олар зерттелетін сұрақ болмаса, себу нормасы сабақ бітіктігінің оңтайлы жиілігіне жету үшін қойылады. Сортсынауда тұқымдарды себу нормасы бір гектарда шыққан тұқым санына қойылады, тұқымдар массасына, ал кең қатарлы себу тәсілінде өсімдіктердің қоректену алаңына саналып қойылады.
2. Табиғи мал азықтық жерлерде тәжірибелерді жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері. Табиғи мал азықтық жерлер (жайылымдар мен шабындықтар) Қазақстан Республикасында үлкен аудандарды (155 млн.га аса) алып жатыр, олар жайылымдық мал азығының маңызды бөлігін, және қыстау кезеңінде пайдаланылатын пішеннің бір бөлігін береді. Бірақ бұл жерлердің көбінің өнімділігі өте аз, сондықтан малдар азықтардың жетімсіздігін жайылымдық кезеңде де сезінеді.
Қалыптасқан жағдай бұл мал азықтық жерлердің өнімділігін көтеруге арналған тәсілдер жасау бойынша зерттеулер өткізу керектігін көрсетеді.
Шабындықтар мен жайылымдарда ғылыми-зерттеу жұмыстары келесідей негізгі бағыттары бойынша жүргізіледі:
1. Мал азықтық жерлердің жағдайын бағалау (түгендеу), ол өсімдік құрамын (фитоценозды) талдауды қарастырады, өнімділік, өсімдіктердің ауысуы (мерзімдік және белгілі-бір уақыт кезеңінде, яғни сукцессиялық үдерістер). Шөптердің негізгі түрлерінің шаруашылық-биологиялық сипаттамасы.
2. Мал азықтық жерлерді жіктеу.
3. Шабындықтар мен жайылымдарды жақсарту тәсілдерін жасау.
4. Табиғи мал азықтық жерлерді рационалды пайдалану тәсілдерін жасау және т.б. бірқатар сұрақтар.
Жоғарыда айтылғандай барлығы біріншіден ғылыми зерттеулердің жан-жақтылығын көрсетеді, екіншіден, егістік дақылдармен жүргізілетін тәжірибелермен айтарлықтай айырмашылықтар бар екендігін, өйткені зерттеу обьектісі болып, Республиканың әртүрлі топырақ-климат аймақтарының түрлі фитоценоз құрамы бар, ауылшаруашылық жерлердің толық бір категориялары (жайылымдар мен шабындықтар), және бұл жерлерде өсетін өсімдіктердің жүйеленуі мен жіктелуі табылады. Бұл жерлерді тиімді қолданудың тәсілдерін зерттеуге тәжірибелерге малдарды қосуды қарастырады, және шабындықтар мен жайылымдардың шөпоттарының өміршеңдігін, өнімділігін көтерудің тәсілдерін жасау болады.
Осыған байланысты В.Р.Вильямс атындағы мал азығын БҒЗИ ғалымдары Н.С.Конюшков, И.П.Минина (1959) және т.б. шабындықтар мен жайылымдарда тәжірибелерді өткізу әдістемесі жасалды, оның кейбір сұрақтары төменде келтірілген.
Айта кету керек, жоғарыда айтылған әрбір бағыттар немесе мәселелер бойынша зерттеулер жүргізгенде, жұмысты таңдалған жер учаскесіндегі фитоценоз құрамын зерттеу мен шөпотын жіктеуден бастау керек.
Табиғи шабындықтарда тәжірибе учаскесін бір өсімдіктер тобының маңайында таңдау керек, оны талдау үшін алдын-ала геоботаникалық сипаттама жасалады. Учаскеде өсіп жатқан, өсімдіктердің толық тізімі жасалады, олардың саны мен жалпы үлесі анықталады, біріншіден топтың ішінде бұршақ, астық, әртүрлі шөптер, қияқолең тұқымдастары, содан кейін әр топтың ішінде басым түрлерге ерекше назар аударып, түр құрамын сипаттау жасалады. Өсімдік құрамын сипаттау жыл сайын немесе бірінші шабыс алдында жасалады, сонымен бірге тәжірибе варианттары бойынша фитоценоз құрамының өзгеруін белгілейді.
Табиғи мал азықтық жерлерде күту тәсілдері бар тәжірибелерді қойғанда, әртүрлі агрошаралар әсерінен жүріп жатқан өзгерістерді түсіндіру үшін, шөпотының бастапқы жағдайын білген дұрыс, мысалы су, ауа және қоректену режимдерін бақылауға арналған үстіртін жақсартуда (топырақты өңдеу, ылғал жинау, тыңайтқыштар еңгізу, шөптер себу және т.б.).
Шөпотындағы түрлердің сандық арақатынасы, оның ішінде басым түрлерінде де, осы немесе басқа жылдардағы метеорологиялық жағдайларға байланысты, сондықтан бастапқы жағдайын бағалағанда ерекше назар тәжірибе учаскесіндегі өсімдік және топырақ жамылғысына аудару керек.
Тәжірибені салу жылы жер телімі мөлдектерге бөлінеді, оларда өнімділік, ботаникалық құрамы есепке алынады, ал тәжірибені қою тек алғашқы жағдайы есептелгеннен кейін бірінші шабыстан соң, тәжірибенің мақсаттарына қарай және аймақтың топырақ-климат жағдайларына байланысты, күзде немесе келесі жылдың көктемінде жүргізіледі.
Мөлдектің ең аз мөлшері 100 м2 ұсынылады, кейбір жағдайларда тәжірибені біркелкі ауданда орналастыру мақсатымен есептелетін мөлдек ауданын 50 дейін және кейде 25-10 м2 дейін төрт-алты қайталымда орналастыруға болады.
Топырақты ірі габаритті машиналар мен құралдар қолданып өңдеу тәсілдерін зерттеу тәжірибелерінде, тәжірибе мөлдегінің ауданы 400-500-1000м² дейін артады, сонда екі қайталыммен шектелуге болады, бірақ әрбір мөлдекте ауданы 25-50 м² 2-3 есеп алаңы болу керек, олар тәжірибе өткізудің кезеңінде тұрақты болады.
Өнімді есепке алу жалпы тәсілмен немесе үлгі бауы тәсілі арқылы жүргізіледі, осымен бірге жағдайларға байланысты көк балауса өлшенеді, немесе келтіргеннен кейін, бірақ барлық жағдайда әрбір мөлдектен салмағы 1-2 кг орташа үлгі алынады да стандартты ылғалдылыққа көшіріледі.
Пішеннің сапасын оның ботаникалық құрамы және азықтағы протеин, ақуыз, клечатка, АЭЗ, азықтық өлшемдер, витаминдер және т.б. биохимиялық анализі негізінде, тәжірибенің молекулаларына қарай бағалайды.
Ботаникалық құрамы массасы 100-200 г үлгілерді талдау жолымен анықтайды, олар төрт қайталыммен көшіруге алынған үлгілік баулардан іріктелінеді. Орташа үлгіні қайталымның әрбір мөлдегінен алады, яғни төрт үлгі бауынан алады. Шөптер үлгілерін талдауды жас күйінде жасаған дұрыс.
Табиғи шөп оттарын ботаникалық құрамын анықтағанда тәжірибенің мақсаттарына байланысты зерттелінеді.
а) ең жай жағдайларда төрт ботаникалық топ: астық, бұршақ тұқымдастары, әртүрлі шөптер және қияқөлеңдер, әр топтары басым түрлерді көрсетумен (толық талдау);
б) астық және тұқымдастарды түрлер бойынша талдайды, әртүрлі шөптер мен қияқөлеңдерді жеке топтарға бөледі (жартылай түрдік талдау);
в) барлық үлгіні талдау, мұнда барлық фракцияларды кептіріп өлшейді, тұрақты салмаққа дейін жеткізеді (толық түрдік талдау);
Үлгінің ботаникалық құрамын одан да тиянақты талдау үшін, үлгілерді варианттың әр мөлдегінен алынады, бұл өнімділік мәліметтерінің статистикалық өңдеуін ғана емес, тәжірибе варианттары бойынша топтарының басым компоненттері немесе ботаникалық топтарының өнімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Жайылымдарда шөпотының өнімділігін есептеуді әрбір мал жаю циклінің алдында жүргізеді, бұл үшін 2,5 м² (1×2,5) өлшемдегі 4-8 есептеу алаңдары шабылады, әр шабыста жаңа жерде салынады. Әрбір мал жаю циклі біткеннен кейін малмен желінген көк балаусаны есептеп анықтау үшін, сол тәсілмен өсімдік қалдықтары есептеледі, кейбір жағдайда шөптің қалдықтарының биіктігі негізінде желінген шөпті пайызбен өлшеуге болады.
Жайылымдарда тәжірибелерді жүргізуде зерттелетін тәсілдердің тиімділігін зоотехникалық әдіспен мал шаруашылығы өнімдері бойынша – сүт өнімдері, малдардың салмақ қосуы анықтаған маңызды. Бұл жағдайда тәжірибе үшін тұқымы, жынысы, тірі салмағы, жасы және т.б. көрсеткіштері бойынша малдардың бірдей топтарын таңдайды.
Әрбір салыстырылатын топта 8-10 ірі қара малдан кем болмау керек. Малдардың салмағын өлшеуді ең азы үш рет жүргізу керек – жайылымдық кезеңінің басында, ортасында, және аяғында, ал сүттің сауылуын - әр күн сайын әр сиырдан, немесе топтар бойынша, бірақ барлық сиырларды кезеңаралық бақылау сауып тұру керек.
Жайылымның өнімділігі алынған мал шаруашылығының өнімі негізінде азықтық өлшеммен саналады, бірақ бұл әдісті тәжірибелерде шабылмалымен бірге қолдану керек.
Жайылымдық тәжірибе малдарды ұстаудың загонды жүйесінде зерттелетін сұраққа және бар мүмкіншіліктерге байланысты үш тәсіл бойынша ұйымдастыруы мүмкін:

  1. Тәжірибенің әр вариантында ашық загонды жүйесі, мұнда жайылымдар мен малдар топтарының саны тәжірибедегі зерттелетін варианттарға тең болу керек.

  2. Әрбір вариантқа бір загон, мұнда малдардың да соншама тобы қажет болады, бірінші вариантта сияқты, бірақ жайылымның ауданы, мысалы сегіз загонды жүйеде сегіз есе аз болады.

  3. Тәжірибе сұлбасының загон ішінде орналасуы, онда жайылым аумағы аздау қажет және тәжірибедегі малдар саны да аз.

Бұндай тәжірибелер загонды көп бағу жүйесін қолданғанда өндірістік жағдайда да қолдана алады, сонымен бірге зерттелетін тәжірибе варианттарын тек қана бірінші, орташа немесе соңғы загонда, немесе тек орташа загонда орналастырған дұрыс.
Ең оттылы өсімдіктер мен олардың қоспаларынының жиынтығын, технология тәсілдерін, бірінші зерттегенде тәжірибелерді мал жаю имитациясымен шөптерді жайылмалы піскенде әртүрлі варианттар мөлдектерінен шабу жолымен тәжірибелерді салуға болады (биіктігі 12-15 см биік емес шөптерге және 20-25 см биік шөптерге).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет