Лекция жинағы 1 лекция. Дифференциалды психология пәні



бет1/11
Дата22.02.2024
өлшемі49.37 Kb.
#492792
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Differentsialdy pskh lektsia zhina 1171 y

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті
Дифференциалды психология пәнінен лекция жинағы

1 лекция. Дифференциалды психология пәні


Дифференциалды психологияның басқа психологиялық пәндер арасыдағы орны,
1. Дифференциалды психология (dom тілінен differentia –айырмашылық) индивиттер, сондай-ақ топ адам арасындағы психологиялық айырмашылықтарды және сол айырмашылықтардың себептері мен салаларын зерттейтін психологияның бір саласы. Адамдар арасындағы айырмашылықтарды зерттеу ең алдымен сол айырмашылықтар көрінетін параметрлерді нақты бөліп алуды талап етеді. Бірақ, нақты топ адамдар арасындағы айырмашылықтар анализіне сүйеніп, барлық психологиялық сипаттамаларды өлшеу өте қиын, яғни, мүмкін емес өйткені, психологиялық сипаттамалардың сан алуан түрлері бар.
Америка психологтары Г.Олпорт және Г.Олберт ағылшын тілінде индивидуалдық ерекшіліктеріне жататын 18 мың сөз тапты. Сондай-ақ, темпераментті де, сол әрбір бес мың сипаттамада да индивидуалды айырмашылықтар байқалды
2. Дифференциалды психологияның бірінші міндеті-дифференциалды психология адамның немесе топ адамдардың психологиялық бейнесін анықтайтын маңызды сипаттарды іздеу және ажыратумен айналысады. Таңдалған сипаттаманың қайсысы болса да индивидуалды айырмашылықтарға ие. Бірақ олардың ені әр түрлі сипатта түрлі болады. Индивидуалды айырмашылықтардың диопазондығын анықтап, зерттеушілерден арнайы таңдауды қалыптастыруды талап етеді. Қандай да болса нақты зерттеушілер тобын зерттей отырып, индивидуалды айырмашылықтар диапозоны туралы нақты мәлімет алуымызға сенімді бола алмаймыз. Индивидуалды айырмашылықтар диапазоны әр түрлі психологиялық сипаттамалар өзгеретін популяциясының шегі.
Дифференциалды психологияның екніші міндеті-психологиялық испаттамаларда индивидуалдық айырмашылықтар диапозонын зерттеу. Индивидуалды айырмашылықтар диапазонының ені әр түрлі себептердің ықпалымен өзгеруі мүмкін. Мектептегі оқу деңгейінің көтерілуі балалардың ақыл –ойының жоғары дамуына көмектеседі, балалар арасындағы айырмашылықтарды азайтып және индивидуалды көрсеткіштердің барлық бөліктерін жоғарғы көрсеткіштерге итермелейді.
Дифференциалды психологияның үшінші міндеті-индивидуалды айырмашылықтар диапозонының және шегінің, онда ол диапозон өзгере алатын, негізінде жататын себептерді зерттеу.
Психологиялық сипаттар арасында әр түрлі және күрделі қатынастар бар. Олардың кейбіреулері тығыз өзара байланысты және қасиеттер синдромық құрайды. Басқалар –тәуелсіз үшіншілері –көптеген психологиялық сипаттамалар негізінде болып, олардың сыртқы көріністерін анықтайды.
Дифференциалды психологияның төртінші міндеті-психологиялық сипаттамалардың құрылымын зерттеу.
Түрлі топтарда индивидуалды ерекшіліктердің диапозондары әр түрлі болуы мүмкін немесе зерттеліп жатқан психологиялық сипаттамалардың көрсеткіштері бойынша немесе психологиялық сипаттамалар арасындағы байланыстар тығыздығы бойынша ерекшелектенуі мүмкін.
Дифференциалды психологияның бесінші міндеті - топ адамдар арасындағы әртүрлі айырмашылықтар. Индивидуалды айырмашылықтарды зерттеу, олардың шығу тегі туралы сұрақты қозғамай кете алмайды. Адамдар әр түрлі туылуына немесе тәрбиесіне байланысты ма? Психологиялық ерекшеліктерге не көбірек әсер етеді - тұқым қуалаушылық па, жоқ қоршаған орта ма?
Индивидуалды айырмашылықтар психологиясынын алтыншы міндеті - индивидуалды айырмашылықтар табиғаты. Бір жерде айтылған индивидуалды айырмашылықтар мәселелері –индивидуалдықты талдау үшін тиымды психологиялық сипаттарды ажырату, бір немесе басқа сипаттамаларды өзгеру шегін анықтау және т.б. индивидуалды айырмашылықтардың қалыптасуының жалпы заңдылықтарын түсіну үшін маңызды екені белгілі.

2 лекция. Дифференциалды психологияның білім аймағы ретінде пайда болуы


Дифференциялдық психологияның қарастыратын мәселелері:
Индивидуалды айырмашылықтар психологиясын қарастыратын мәселелерді жай қарастырғанның өзінде, ол психологиялық пән ретінде тек біріншіден, психологиялық сипаттар туралы нақты деректер пайда болғанда, екіншіден олардың анықтау әдістері пайда болғанда, үшіншіден, ол сипаттарды салыстыру критерилері жасалған кезде анықталады. Қалыптасуы мүмкіндік болған жағдайда оларды салыстыру және сандық немесе сапалық салыстыруды жүргізу үшін шкала болу керек (аз немесе көп, жақсы немесе нашар және т.б.). Сондықтан, индивидуалды айырмашылықтар психологиясының өз бетінше аймақ ретінде пайда болуы, психодиагностика және статистиканың дамуымен байланысты болып келеді.
Дифференциалды психологияның даму этаптары :
1. Психологияға дейінгі этап (философия төңірегіндегі психологиялық типологиялардың жасалуы)
2. Дифференциалды психологияның негізі (ХХІғ екінші жартысы –ХХ 1 басы)
3. Нақты статистикалық өлшеулерге негізделген дифференциалды психологияның дамуы (ХХІ басы кәзіргі уақыт).
ХХІ ғ. екінші жартысы психологиялық тестердің пайда болу уақыты, бұл кезенде индивидуалды айырмашылықтар психологиясы психодиагностикадан бөлінбейді.
Индивидуалды ерекшеліктер психологиясының және психологиялық тестілеудің негізін қалаған Френсис Гальтон (1822-1911)-ағылшын биологы, антропологы, географы және статисты.
Эксперименталды психологиялық зерттеулермен, яғни сезімталдық табалдырығы- реакция уақыты ассоциациялар және басқа психикалық процестермен айналыса отырып, Ф.Гальтон индивиттер үшін жалпы заңдылықтарына емес, олардың түрлі адамдар вариаттілігіне көңіл қойды. Олар психологияның жаңа ірі саласының бірі- дифференциалды психологияның қайнар көзі болды.
Эксперименталды психологияның қойнауында пайда болған дифференциалды психология өз бетінше тәуелсіз теориялық және тәжірибиелік мәнге ие болды. Психологияға жаңа математикалық, негізінде статистикалық әдістерді енгізу маңызды болды. Ф.Гольтонның ең жақсы көретін сөздері: Санауға келетін нәрсеннің бәрін санаңыздар. Өзінің «Неследственный гений» атты кітабында Ф.Гольтон сан алуан биографиялық фактердің стастикалық анализін берген, онда стастикалық заңдылықтарды қабілеттердің бөлуіне сәйкестік принципі туралы айтқан. Орта бойлы адамдар ең ең көп таралған топтар сияқты, ал аласа бойлар нормадан ауытқыған сайын азырақ кездеседі, тура солай адамдар орта шамадан және тұқым қуалаушылық қабілеттеріне де қатысты.
Осы ауытқушылықтарды Ф.Гольтон дарвинизм ықпалымен тұқым қуалаушылықтың анықтаулы факторы деп санаған.
Оның ойынша тұқым қуалау факторы эволюциялық дамуда қоршаған ортаға бейімделу факторымен бірге әрекет жасайды. Қоршаған ортаға түрдің бәрін бейімдеуді туа біткен генетикалық варияциялар арқасында іске асады. Осы жалпы биологиялық бағыт ықпалымен Гальтон келесі ережені ұсынады, яғни индивиттер арасындағы айырмашылықтар (сонымен қатар психологиялық) тек тұқым қуалаушылық туралы ілім түсініктерімен түсіндірілуі мүмкін болатын басқа себептердің (тәрбие, белгілі ортада болу және т.б.).
Англияның белгілі тұлғаларының туысқандық байланыстарын зерттей отырып, және көп биографиялық мәліметтерді оқи отырып, дарындылық, туысқандық дәрежесі және сипатымен анықталады деп Гольтон айтқан. Мысалы, төрт баланың ішінде тек біреуі ғана дарынды болуы мүмкін. Ақыл-ойдың қалай пайда болуын зерттегенде, Ф.Гольтон биографиялық әдіспен қатар анкеталық әдісті қолданды. Ол ірі ғалымдарға осы мәліметтер бойынша анкета жіберген: Ол ғылыми әрекетке қабілеттелігінің дамуындағы шешуші рөлді қайтадан тұқым қуалаушылыққа жатқызады. Анкета өткізу жолымен индивидуалды айырмашылықтарды зерттеуге Ф.Гольтон экспериментті қосты. Осы мақсатпен Ф.Гольтон 1984ж халықаралық (көрінесте) арнайы лабараторияны ұйымдастырды. Одан 9 мыңнан астам зерттелінушілер өтті, оларды бойы және салмағымен қатар сезімталдық түрлерін, реакция уақытын және басқа психикаларын өлшеді.

3 лекция. Адамдардың психикалық сапасындағы айырмашылықтар диагностикасы бойынша зерттеулерін



Адамдардың психикалық сапасындағы айырмашылықтар диагностикасы бойынша зерттеулерін Ф.Гольтон білімдіктерді жоғарыларды сұрыптау қажеттілігі туралы идеяны дәлелдеу мақсатында пайдаланған.
Бұл идея антигуманды болды, бірақ Ф.Гольтонның өзі оны әлеуметтік емес, индивиттің тұқым қуалаушылық даму факторын маңызды медициналық және психологиялық мәселе ретінде есепке алу сияқты қойды.
Ф.Гольтон көптеген нақты әдістілердің авторы болып табылады:түрлі белгілердің диагностикасы сияқты, сонымен қатар олардың арасындағы коррекцияны орнатуда. Өзгерткіштіктер арасындағы коррекцияны есептеу әдісі, психикалық ғылымды кәдімгідей байытты және ең бір маңызды психологиялық әдісті-факторлық анализді құрастыруға себеп болды. Ф.Гольтонның жетістіктері арасында тест әдісі құруды ерекше айтуға болады. Тест (сынақ) Ф.Гольтонның лабораториясында ең маңызды зерттеу әдісі болады. Автордың сонымен байланысты теориялық көзқарастарына қарамастан тест ғылымға берік еңді. Көптеген индивидтер сапасына қолданатын тест сериялары, яғни статистикалық жол нақты сапалық әдістерді енгізу тәсілі болды. Бұл кең тәжірибелік қолдануға ие болды, ал тестерді ары қарай өңдеу техникасын және қолдануды жетіндіру, маңызды психологиялық параметрлерді (ес,ойлау,тұлға) зерттеуге таралуы психологиялық ғылымының жалпы келбетін өзгертті.
Ф.Гольтоннан 20 жыл кейін ХХғ.ең басында француз зерттеушісі Альфред Бине балалардың ақыл-ойының дамуын өлшеу үшін, өте тиымды, әрі мүлдем басқа жүйені ұсынды. Ол және оның әріптестері Виктор Анри және Теофил Симон күрделі психологиялық ерекшіліктерді-ес, қиял, зейін және т.б. анықтауға бағытталған әдістер батареясын жасаған. Бине тестерінде интеллект дамуының көрсеткіші (ақыл-ой), яғни баланың даму деңгейі белгілі жастағы балалардың орташа даму деңгейіне сәйкестті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет