Алгоритм әрекеті


Теріге тігіс қою техникасы



бет26/31
Дата08.06.2023
өлшемі0.77 Mb.
#474825
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
алгоритм

5.49. Теріге тігіс қою техникасы.
Мақсаты: жара шеттерін біріктіру.
Көрсетілім: жара болуы.
Қоры: 1,5% йодтың спирттік ерітіндісі, стерильді таңғыш, клеол, №3 және №4 жібек, ине ұстағыш, өткір тері инелері, хирургиялық пинцет, корнцанг, қайшы, стерильді лоток,КБУ.
Әрекет алгоритімі:

  1. Қолынызды гигиеналық дәрежеде өңденіз.

  2. Стерильді қолғап киініз.

  3. Жара айналасын шетінен переферияға қарай антисептиктердің біріне малынған мақта шаригімен өңденіз.

  4. Вишневскиймен жергілікті анестезия жасаныз.

  5. Өткір тері инесі мен №3 және №4 жібекті инеұстағышпен ұста.

  6. Пинцетпен жара шетін, теріні және тері асты майын ұста.

  7. Жара шетінен 3-4 см өтіп, тік бұрышта жараны инемен тесініз.

  8. Қарама-қарсы беттен тесініз.

  9. Ине мен ине ұстағышты алып тастаныз, жібек тіндерде қалу керек.

  10. Жібек ұшымен жара шеттері бір-біріне қосылғанша тартып түйінденіз.

  11. Келесі тігістерді арасы 1,5 см етіп жүргізініз.

  12. Жара шеттерін пинцетпен біріктірініз, жібек қалдықтарын байламнан 1-1,5см өтіп, үзіп алып тастаныз.

  13. Тігісті антисептикпен өңдеп, антисептикалық таңғыш қойыныз.

  14. Қолданылған құралды, қолғапты, таңғышты кбу ға тастаныз.


5.50. Түйінді тігістерді шеші техникасы.
Мақсаты: түйінді тігісті шешу.
Көрсетілім: жараның жазылу кезені.
Қоры: йодонат ерітіндісі, 70% спирт, стерильді таңғыш, стерильді салфетка, хирургиялық пинцет, анатомиялық пинцет, корнцанг, қайшы, стерильді лоток, КБУ.
Әрекет алгоритімі:

  1. Қолынызды гигиеналық дәрежеде өңденіз.

  2. Стерильді қолғап киініз.

  3. Науқасты жатқызып, манипуляция мақсатын түсіндірініз.

  4. Таңғышты шешіп, жараны тексерініз.

  5. Пинцет немесе қысқыш қолданып жарадан таңғышты шешініз.

  6. Тері мен тігісті 70% спирт, йодонат немесе бриллиант көгімен өңденіз.

  7. Анатомиялық пинцетпен тігісті түйінінен ұстап тартыныз, ақ түсті аймағы жалаңаштанатындай.

  8. Қайшы немесе скальпельмен бұл аймақтағы жіпті кесіп, пинцетпен алып тастаймыз.

  9. Осы ретпен қалған тігістерді алып тастаймыз.

  10. Отадан кейінгі орынды йодонатпен өңденіз.

  11. Асептикалық салфетка қойып бекітініз.

  12. Тігісті антисептикпен өңдеп, антисептикалық таңғыш қойыныз.

Ескерту:
Тігістер жара жазылғаннан кейін 7 – ші күні шешіледі.
Тігіс шешу ережесін бқзған жағдайда, ауырлықтар пайда болуы мүмкін. ( Лигатурный - Свищ).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет