Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т


б) сот прецеденті және арбитраж тәжірибесі



бет10/141
Дата26.04.2023
өлшемі2.59 Mb.
#472818
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   141
annotation9411

б) сот прецеденті және арбитраж тәжірибесі.
Көптеген мемлекеттерде сот прецеденті және арбитраж тәжірибесі ХЖҚ-тың қайнар көзі ретінде маңызды рөль атқарады ( Франция, Ұлыбритания, АҚШ).Сот прецеденті – анологиялық істі қарау кезде, жоғарғы соттың, кіші сот үшін императивті шешімі.(Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ және Канада). Ұлыбритания – коллизиялық құқық бойынша Дайси курсы. Қазіргі уақытта прецеденттік құқықтың аймақтық жүйесі ретінде Еуропалық Сотпен дайындалған – Еуропа Одағының шеңберінде құрылған, еуропалық прецедеттік құқық әрекет етеді. Бұл Соттың шешімі ЕО-қа мүше мемлекеттер, ұлттық соттар және әкімшілік органдар, заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті. ЕО-қа мүше мемлекеттердің сот органдары Еуропалық Соттың шешіміне қарама-қайшы шешім қабылдауға құқығы жоқ.


в) әдет ғұрып.
Әдет ғұрып дегеніміз – құқық нормасы ретінде танылған, ортақ тәжірибе болып табылады. Халықаралық жеке құқықта халықаралық сауда әдет ғұрыптар, іскерлік айналым әдет ғұрпы және теңізде жүзу әдет ғұрпы үлкен роль атқарады. СИФ халықаралық сауда терминдерін талқылауға байланысты халықаралық ереже (ИНКОТЕРМС), аккредетив және инкассо бойынша унификацияланған ережелер және т.б.қолданады. Барлық осы актілердің нормативтік сипаты жоқ, бірақ құқықтың қайнар көзі болып табылады.Халықаралық сауда тәжірибесінде егер, шарт негізінде дау туындаса қабылданған әдет-ғұрыпты арбитраждық сот қолданады.
Халықаралық әдет ғұрыпты lex mercatoria (халықаралық коммерциялық құқық, трансұлттық сауда құқығы, халықаралық комерсанттар бірлестігі құқығы) түсінігімен байланыстырады. Халықаралық коммерциялық құқықтың түсінігі дегеніміз, сыртқы экономикалық қызметті мелекеттік емес жүйемен реттеу болып табылады. Сонымен қатар, бұл жүйені " жұмсақ, икемді " құқық деп атайды (норма ұсыныстық сипатта болады). lex mercatoria – сыртқы сауда мәселесі бойынша халықаралық ұйымның резолюциясы – ұсыныс болып табылады. (жеткізудің жалпы ережесі, шарт – формуляры, қосылу шарты, типтік шарттар, типтік регламенттер). Халықаралық коммерциялық құқықтың маңызды ролін, ДСҰ, ХКО, ЮНСИТРАЛ және басқада ұйымдар атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет