АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым


D Бақылаушы субъект USD және GBP хеджирлеу құралдарының екеуін де иеленеді



бет32/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   95

D Бақылаушы субъект USD және GBP хеджирлеу құралдарының екеуін де иеленеді

С25. D Бақылаушы субъектіге В Еншілес субъектідегі өз таза инвестициясына қатысты шетелдік валюта бағамы тәуекел бірге С Еншілес субъектіге да қатысты хеджирлегісі келуі мүмкін. D Бақылаушы субъекті В Еншілес субъектісіндегі және С Еншілес субъектідегі өз таза инвестициясының хеджирлеу ретінде өзі көрсете алатын АҚШ долларымен және фунт стерлингпен көрсетілген жарамды хеджирлеу құралдарын иеленеді делік. D Бақылаушы субъектідегі өз шоғырландырылған қаржылық есебінде жасайтын көрсетулерге төмендегілер кіреді, бірақ осымен шектелмейді:

(а) Бақылаушы субъект мен С Еншілес субъектісі арасындағы (EUR/USD) «Спот» ашық валюталық жағдай қауіп-қатеріне қарсы С Еншілес субъектінің АҚШ$300 миллион таза инвестицияны хеджирлеу ретінде көрсетілген АҚШ$300 миллион хеджирлеу құралы және D Бақылаушы субъекті мен В Еншілес субъектісі арасындағы (EUR/GBP) «Спот» ашық валюталық жағдай қауіп-қатеріне қарсы В Еншілес субъектідегі £341 миллион таза инвестицияны хеджирлеу ретінде көрсетілген £341 миллионға дейін хеджирлеу құралы.

(b) В Еншілес Субъектісі мен С Еншілес Субъектісі арасындағы (GBP/USD) «Спот» ашық валюталық жағдай қауіп-қатеріне қарсы С Еншілес субъектісінің АҚШ$300 миллион таза инвестицияны хеджирлеу ретінде көрсетілген АҚШ$300 миллион хеджирлеу құралы және D Бас субъект мен В Еншілес Субъектісінің арасындағы (EUR/GBP) «Спот» ашық валюталық жағдай қауіп-қатеріне қарсы В Еншілес субъектісіндегі £500 миллион таза инвестицияны хеджирлеу ретінде көрсетілген £500 миллионға дейін хеджирлеу құралы.

С26. D Бақылаушы субъектінің С Еншілес субъектісіндегі таза инвестициясының EUR/USD тәуекелі D Бақылаушы субъектісінің В Еншілес субъектісіндегі таза инвестициясының EUR/GBP тәуекліне ұқсамайтын тәуекел болып табылады. Алайда, С25(а)-параграфта сипатталған жайдайда, өзі иеленетін USD хеджирлеу құралын өзі көрсетуі арқылы, D Бақылаушы субъект С Еншілес субъектісіндегі таза инвестициясының EUR/USD тәуекелін толығымен хеджирлейді. Егер D Бақылаушы субъекті, сонымен бірге, өзі иеленетін GBP хеджирлеу құралын В Еншілес субъектісіндегі £500 миллион таза инвестицияны хеджирлеу ретінде көрсетсе, сол таза инвестицияның £159 миллионы, С Еншілес субъектісіндегі оның USD таза инвестициясының GBP баламасымен бола отырып, D Бақылаушы субъектісінің шоғырландырылған қаржылық есебінде GBP/EUR қаупіне қарсы екі рет хеджирлер еді.

С27. С25(b) параграфта сипатталған жайдайда, егер D Бақылаушы субъект хеджирленген тәуекелді В Еншілес Субъектісі мен С Еншілес Субъектісі арасындағы (GBP/USD) «Спот» ашық валюталық жағдай деп көрсетсе, тек АҚШ$300 миллион хеджирлеу құралының құн өзгерісінің GBP/USD бөлігі ғана с Еншілес субъектісіне қатысты D Бақылаушы субъект шетелдік валюта аудару өзгерісіне қосылады. Өзгерістің қалғаны, (£159 миллионның GBP/EUR өзгерісіне балама) С20 – параграфында айтылғандай, D Бақылаушы субъектінің шоғырландырылған пайдасына, немесе шығынына қосылады. Себебі, В мен С Еншілес Субъектісі арасындағы USD/GBP қауіп-қатерін көрсетуіне GBP/EUR тәуекелі қосылмайды, D Бақылаушы субъект, сонымен бірге, D Бақылаушы субъект мен В Еншілес субъектісі арасындағы (GBP/EUR) «Спот» ашық валюталық жағдай тәуекеліне қарсы В Еншілес субъектісіндегі таза инвестициясының £500 миллионға дейін көрсетуге мүмкіндігі бар.



В Еншілес субъектісі АҚШ $ хеджирлеу құралын иеленеді.

С28. В Еншілес субъектісі пайдасы D Бақылаушы субъектіге фунт стерлингпен көрсетілген субъект-ішілік несие арқылы жіберілген АҚШ$300 миллион сыртқы қарызды иеленеді делік. Оның активтері де, міндеттемелері де £159 миллионға дейін өскендіктен, В Еншілес Субъектінің таза активтері өзгермейді. В Еншілес Субъектісі сыртқы қарызды өз шоғырландырылған қаржылық есептерінде өзінің С Еншілес субъектісіндегі таза инвестициясының GBP/USD тәуекеліне қарсы хеджирлеу ретінде көрсете алар еді. D Бақылаушы субъект сол хеджирлеу құралын GBP/USD тәуекеліне қарсы оның С Еншілес субъектісіндегі АҚШ$300 миллион таза инвестициясын хеджирлеу ретінде В Еншілес субъектісінің көрсетуін қолдай алар еді (С9-параграфты қараңыз) және бақылаушы субъект өзі иеленетін GBP хеджирлеу құралын өзінің В еншілес субъектісіндегі £500 миллион барлық таза инвестициясын хеджирлеу ретінде көрсете алар еді. В Еншілес субъектісі көрсеткен бірінші хеджирлеу В Еншілес субъектісінің функционалдық валютасы (фунт стрелинг) тұрғысынан бағаланар еді және Бақылаушы субъект көрсеткен екінші хеджирлеу D Бақылаушы субъектісінің функционалдық валютасы (евро) тұрғысынан бағаланар еді. Осы жағдайда, барлық EUR/USD тәуекелі емес, тек D Бақылаушы субъектісінің С Еншілес Субъектісіндегі таза инвестициясының GBP/USD тәуекелі ғана D Бақылаушы субъектісінің шоғырландырылған қаржылық есептерінде USD хеджирлеу құралы арқылы хеджирленген. Сондықтан, D Бақылаушы субъектісінің В Еншілес субъектісіндегі £500 миллион таза инвестициясының барлық EUR/GBP тәуекелі D Бақылаушы субъектісінің шоғырландырылған қаржылық есептерінде хеджирленуіне болады.

С29. Алайда, D Бақылаушы субъектісінің В Еншілес субъектіге төлейтін £159 миллион несиесі жөнінде есеп беру қарастырылуы тиіс. Егер D Бақылаушы субъектінің төлейтін несиесі оның В Еншілес субъектісіндегі таза инвестициясының 4 ҚСҚЕХС 18-параграфтарындағы шарттарға сай келмегендіктен қарастырылмаған бөлігі болса, аударудан туындайтын GBP/EUR шетелдік валюта бағамы айырмашылығы D Бақылаушы субъектінің шоғырландырылған пайдасы, немесе шығынына қосылар еді. Егер В Еншілес субъектісі төлейтін £159 миллион несие D Бақылаушы субъектінің таза инвестициясының қарастырылған бөлігі болса, сол таза инвестиция тек £341 миллион болар еді және D Бақылаушы субъекті GBP/EUR қауіп-қатеріне хеджирленген бап ретінде көрсететін сома сәйкес түрде £500 миллионнан £341 миллионға азаяр еді.

С30. Егер D Бақылаушы субъект В Еншілес субъектісі көрсеткен хеджирлеу қарым-қатынасын өзгертсе, D Бақылаушы субъект В Еншілес субъектісі иеленген АҚШ $300 миллион сыртқы қарызды EUR/USD тәуекелі С Еншілес субъектісіндегі АҚШ$300 миллион таза инвестициясын хеджирлеу ретінде көрсете алар еді және өзі иеленетін GBP хеджирлеу құралын тек В Еншілес субъектісіндегі £341 миллион таза инвестициясын хеджирлеу ретінде көрсете алар еді. Осы хеджирлеудің екеуінің де нәтижелілігі D Бақылаушы субъектісінің функционалдық валютасы (евро) тұрғысынан есептелер еді. Осының салдарынан, В Еншілес субъектісі иеленген сыртқы қарыздың құнының USD/GBP өзгерісі мен В Еншілес субъектісіне төленетін D Бас субъектісінің несиесінің (жалпы алғанда USD/EUR баламасы) құнының GBP/EUR өзгерісінің екеуі де D Бақылаушы субъектісінің шоғырландырыылған қаржылық есептеріндегі шетелдік валюта аудару резервіне қосылар еді. D Бақылаушы субъект С Еншілес субъектісіндегі таза инвестициясынан EUR/USD қауіп-қатерін толығымен хеджирлендіктен, ол В Еншілес субъектісіндегі таза инвестициясының EUR/GBP тәуекеліне тек £341 миллионға дейін хеджирлей алады.



D қосымшасы

Өзге ҚСҚЕХС енгізілетін өзгерістер

«Қаржылық құралдардың мойындауы мен өлшенуіне қатысты тиісті халықаралық немесе ұлттық бухгалтерлік стандарттарға» сілтемелер 29 ҚСҚЕХС «Халықаралық немесе ұлттық стандарттар есептеулерін мойындау және бағалау қаржы құралдарының өзгертулері» өзгертілген.
(а) «Қаржылық есептілікті ұсыну» 1 ҚСҚЕХС79, 82 және 101-параграфтары

(b) «Шетел валютасын айырбастау бағамының әсері» 4 ҚСҚЕХС (3а), 4, 31 және 61(а)-параграфтары

(c) «Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілік» 6 ҚСҚЕХС 22, 52, 61 және IG8-параграфтары

(d) «Қауымдасқан субъектілерге инвестиция салу» 7 ҚСҚЕХС1, 2, 20, 21, 24, 25, 37, 38 және 39 параграфтары

(e) «Бірлескен қызметке қатысу» 8 ҚСҚЕХС 1, 2, 47 және 58-параграфтары

(f) «Айырбастық операциялардан түсетін кіріс» 9 ҚСҚЕХС 10(с)-параграфы

(g) «Ақшалай қаражат туындататын активтің құнсыздануы» 21 ҚСҚЕХС 2(с) және 9-параграфтары

(h) «Ақшалай қаражат туындатпайтын активтердің құнсыздануы» 26 ҚСҚЕХС 2(с) және 8-параграфтары



«Шетел валютасын айырбастау бағамының әсері» 4 ҚСҚЕХС

5-параграфына түзетулер енгізілді:

5. Осы Стандарт баптарды шетелдік валютамен хеджирлеуді, соның ішінде шетелдік қызметке таза инвестицияларды хеджирлеуді есепке алуға қолданылмайды. Хеджирлеуді есепке алу үшiн субъект хеджирлеу жөніндегі есепке алу туралы тиiстi халықаралық ұлттық стандарттарды қолдана алады.«Қаржы құралдары: Мойындау және бағалау» 29 ҚСҚЕХС хеджирлеуді есепке алуға қолданылады.



«Шоғырландырылған және жеке қажылық есептілік» 6 ҚСҚЕХС

58(с) параграфына келесі түзету енгізілді:

58. ...


(с) Қаржы құралдары ретінде.29 ҚСҚЕХС сәйкес .

«Айырбастық операциялардан түсетін кіріс» 9 ҚСҚЕХС

10-параграфтың қызмет көрсету бөліміндегі қолдану бойынша нұсқауда келесі түзетулер енгізілді:

Қосымша

IG12. Қаржы қызметтерiн табыстау

Қаржы қызметтерiндегі пайданы растау есепке алудың базасының бағаларына кез келген сабақтас қаржы құралын растауына тәуелдi болады. Қаржы қызметтерiндегі табыс сипаттамасының табиғаты және мазмұнына нұсқауы бар болмауы мүмкін. Сол себепті, сыйақылы қаржылық құралдың тұрақты бөлінбейтін пайыздық мөлшерлемесі сыйақылы қызмет көрсету барысында еңбектеніп, сыйақылы мағыналы бір істен кейін алынған деп бөліну керек. Сондықтан ажырамас бөлiк болатын қаржы құралының тиiмдi проценттi табысын, өз еңбегімен қызмет түрлерiн ұсыну арқылы табылған табыстан ажырата білуі керек.

(а) Қаржы құралының тұрақты пайыздық мөлшерлемесінің айырылмайтын бөлігінің сыйақысы.

Осындай сыйақылар тұрақты пайыздық мөлшемелерді түзетуге арналады. Бірақ та, қаржы құралы әділетті бағамен бағалауға жатқызылған кезде, шығыны мен табысы әділетті бағаның ішінде өзгертулермен мойындалып, оның алғашқы мойындалғанынан кейін сыйақы табыс ретінде алғашқы мойындалған құрал болып табылады.


  1. 29 ҚСҚЕХС көрсетілгендей, «әділетті бағамен шығыны мен табысын көрсететін» қаржылық активтерден басқа субъектілердің ашуға арналған сыйақылары (қарыз және сол сияқты қаржы құралдары), қаржы активтерін құруға, немесе сатып алуға арналған.

Бұл төлемақының ішіне қарызгердің қаржылық жағдайын бағалайтын, кепілін есептеп бағалайтын, қаржылық құралдың шарттарымен келісетін, келісімшартқа отыратын құжаттарды дайындап, реттеуге арналған өтемақы кіреді. Бұл төлемақылар пайда болатын қаржылық құралдың айырылмас бөлігі болып табылады, және транзакциондық шығымдармен бірге (29 ҚСҚЕХС анықталғандай), кейінге қалдырылып, тиімді пайыздық мөлшерлеменің түзету түрі болып мойындалады.

  1. Субъектімен қарызға алынған міндеттемелері үшін қабылданған төлемақылар Қарыздық міндеттемелер 29 ҚСҚЕХС ықпалына түспейтін кездері.

Егер субъектінің арнайы келісімге отыруға мүмкіншілігі болса, қарыз міндеттемесі бұл кезде 29 ҚСҚЕХС ықпалына жатпаса, бұл үшін алынған төлемақы келешектегі қаржы құралын алуда қатысқалы үшін берілген сыйақы болып табылады, және транзакциондық шығымдарға сәйкес (29 ҚСҚЕХС анықталғандай) кейінге қалдырылып, тиімді пайыздық ставкасын түзету түрінде мойындалады. Егер міндеттеме мерзімі өтіп кететін болса, ал субъект Қарыз бермесе, онда төлемақы белгілі мерзім өткеннен соң табыс болып танылады. 29 ҚСҚЕХС ықпалындағы Қарыздік міндеттемелер, туынды құралдар есептеліп, әділетті бағамен бағаланады.

  1. Субъектінің қаржылық міндеттемелері арқылы ақша шығарып, қаржы құралдарын ашуға арналған төлемақылар

Бұл төлемақылар субъектің қаржылық міндеттемелер қатысында айырылмас бөлігі болып табылады. Қаржылық міндеттемелер «әділетті бағамен табысы мен шығыны көрсетіледі» бағаланбаса, құралдарды ашу үшін арналған төлем ақылар, транзакциялық шығымдармен бірге (29 ҚСҚЕХС анықталғандай) міндеттеменің алғашқы теңгерімдік бағасына кіріп, тиімді пайыздық мөлшерлемесін түзету түрінде мойындалады. Субъект қаржылық міндеттеменің тиімді пайыздық мөлшерін бөлінбейтін бөлігі болып саналатын төлем ақы мен шығынның және ашу мен транзакциондық шығындардың, қызмет көрсетуге байланысты, инвестициялық басқару қызметі сияқты төлемақылардың арасын ажырата алуы керек.

(b) Қызмет көрсету барысындағы сыйақылар:



  1. Қарыз қызметіне есептелген сыйақы

Субъектімен Қарыз қызметіне аударылған ақша, қызмет көрсету барысында – табыс деп табылады. Егер субъект Қарызді сатып, бірақ басқа да осындай қызмет көрсетуге арналған сыйақыдан төмен сыйақыға қызмет көрсетсе, онда сатылған Қарыз бағасының бір бөлігі бөліктеніп, қызмет көрсету барысында табыс деп мойындалады.

  1. Қарыз міндеттемелері 29 ҚСҚЕХС ықпалына жатпаған кездегі, қарыз ашуға арналған міндеттемелер төлемақылары.

Егер арнайы келісім болатынына, Қарыздік міндеттеме 29 ҚСҚЕХС ықпалына жатпайтынына күмән туатын болса, онда міндеттеме үшін алынатын төлемақы табыс ретінде міндеттеменің қызмет уақытына сәйкес мойындалады. Қарыздык міндеттемелер, 29 ҚСҚЕХС ықпалына жататын, туынды құралдар болып есептелетін, әділетті бағамен бағаланады.

  1. Инвестициялық басқарудың сыйақысы

Инвестициялық басқару үшін, алынған төлемақылық қызмет көрсету барысында табыс деп мойындалады.

Егер жеке анықталып және сенімді бағаланып және олардың орнын толықтыру мүмкіндігі болса, онда инвестициялық басқару келісіміне отыру барысындағы қосымша шығындар актив ретінде мойындалады. 29 ҚСҚЕХС көрсетілгендей, қосымша шығын деп субъект инвестициялық басқару келісіміне отырмаған күнде, шықпайтын шығындарды есептейді. Актив субъектінің инвестициялық басқару қызметі үшін алынатын пайдалық келісім құқығын көрсетеді, және субъект табысын мойындаған сайын амортталанылады. Егер субъект инвестициялық келісімдер жинытығына ие болса, онда ол жиынтық негізінде орнын толтыру мүмкіншілігін бағалайды.

Кейбір қаржылық қызмет көрсету келісімшарттары бір, немесе бірнеше қаржылық құралдар ашуды, инвестициялық басқару қызметін көрсетуді қарастырады. Бұған мысал ретінде, бағалы қағаз басқарумен баланысты ұзақ мерзімді айлық жинақ. Жинақ қызметін жеткізуші осы келісімшарт бойынша қаржылық құрал ашу кезіндегі тразакциондық шығымдармен және инвестициялық басқару қызметін көрсету үшін, берілетін құқыққа шығарылған шығындардың арасына шек қояды.

(c) Маңыздылығы басқа кез-келген әрекеттен айтарлықтай жоғары, маңызды әрекеттен орындалғаннан кейін алынған сыйақы.

Маңызды актіні орындағаннан кейін алынатын сыйақы табыс ретінде мына төлемдегі мысалдардан кейін мойындалады:


  1. Жаңа шығарылымда орналастырылатын акциялардың, келешекте өз үлесін бөлу үшін (клиент өтінішімен) алынатын төлемақы.

Төлемақы клиентке өз үлесін акция шығарылған мезгілде бөлінуіне байланысты табыс деп мойындалады.

  1. Қарыз алушы мен инвесторға қарыз ұйымдастырып, орналастырғаны үшін, алынатын төлемақы.

Қарыз ұйымдастырылған кезде төлаемақы табыс деп мойындалады.

  1. Қарызды синдификациялаудан алынған төлемақы.

Қарызды ұйымдастырып, өзіне ешқандай бөлігін қалдырмайтын (немесе Қарыздың бір бөлігін өзінде қалдырып, басқа қатысушылардың салыстырмалы тәуекелі сияқты тиімді пайызды мөлшерлемемен) субъект қарызды синдифициялаудан алынатын төлемі субъектінің синдифицирлау қызметі үшін өтемақы болып табылады. Синдификацияланған қарызды берілуі аяқталғаннан кейін бұндай төлем табыс деп мойындалады.

«Сақтаулы қорлар» 12 ҚСХҚЕС

2(b) параграфына келесі түзетулер енгізілді:

2 …


(b) Қаржы құралдары («Қаржы құралдары:ақпаратты ұсыну» 28 ҚСҚЕХС және «Қаржы құралдары:мойындау және бағалау» 29 ҚСҚЕХС)

21 ҚСҚЕХС «Ақшалай қаражат туындатпайтын активтердің құнсыздануы»

2(с) параграфына келесі түзетулер енгізілді:

2 …


(с) Қаржы активтері 15 ҚСҚЕХС қолданылады. «Қаржылық құралдар: ақпаратты ашу және ақпаратты ұсыну» және «Қаржылық құралдар:мойындау және бағалау» 29 ҚСҚЕХС.

9-параграфына келесі түзетулер енгізілді:

9. Осы Стандарт 15 ҚСҚЕХС, Қаржы құралдары:Ұсыну 28 ҚСҚЕХС қолдану аясына кіретін қаржылық активтерге қолданылмайды.. Осы активтердің құнсыздануы ҚСҚЕХСК «Қаржы құралдары: Мойында және бағалау»39 ҚЕХС негізінде әзірлеген және қаржы құралдарын мойындау мен бағалауға қатысты болса, кез-келген ҚСҚЕХС қарастырылады» «Қаржы құралдары: мойындау және бағалау» 29 ҚСҚЕХС қолдану аясына жатады.



«Айырбастық емес операциялардан түсетін кіріс (салық пен айырбас)» 23 ҚСҚЕХС

5-параграфына түзетулер енгізілді:

5. Осы стандарт айырбасты емес келісімнен түсетін табысына жатады. Ақшалай келісімнен түскен табыс 9 ҚСҚЕХС жатады. Айырбастық емес операциясы бұл операцияда субъект активтер мен қызметтерді ала алады немесе міндеттемелерін жойып айырбасқа бететін операция. Айырбастық емес операциясының мысалы болып:



  1. Салық;

  2. Трансферттер (ақшалай немесе ақшалай емес), штраф, мирас, қайырымдылық.

10-параграфына түзетулер енгізілді:

10. Субъект алынған қорларға айырбасқа тікелей сыйақы төлей алатын айырбас емес операциялардың тағы бір тобы бар, алайда сыйақы қорлардың әділ құнымен көрінбейді. Осындай жағдайларда субъектіге айрбас опрацияларының және әр компоненті жеке мойындалатын айырбас емес операциялар бар екенін анықтау керек. Мысалы субъект даму бойынша көпжақты агенттіктен CU6 миллион алады. Субъект келісімшартқа сәйкес сол уақыттағы осындай несиенің нарықтық өлемі 11% пайыз болғанда, алынған қаржыландырудан 10 жыл ішінде 5% мөлшермен CU5 миллионды төлеуге міндетті. Шынында, субъект CU1 миллион мөлшерінде грант алған болатын (CU6 миллионан алынған CU5 миллион орнын толтыруға жатады) және ұқсас қарыздар бойынша нарықтағы пайыздық мөлшері 6% төмен болатын пайыздық мөлшері CU5 миллион көлемінде жеңілдік қарызын алған болатын. CU1 миллион мөлшерінде алынған грант, сонымен қатар келімішарт ережелері бойынша пайыздық төлемдердің нарықтық емес бөлігі айырбастық емес операцияларды көрсетеді. Қарыз мерзіміндегі келісімшарт бойынша қарыздың негізгі сомасын өтеу айырбас операцияларын танытады.



87-параграфына түзетілер енгізілді:

87. Қарызды кешiру нәтижесiнде туындаған табыс кешірілген қарыздың теңгерімдік құны бойынша өлшенеді, кешірілген қарыздың әділ құны. Әдетте кешірілген қарыздың әдiл құны оның теңгерімдік құнына тең.



Келесі толықтырылған түсіндірме 105-параграфтан кейін қолданылады.

Женілдетілген қарыз

105А Субъектінің нарық бағасынан төмен шарттармен алған қарыздары жеңілдікті болып табылады. Пайыздық төлемдермен қоса өтелетін қарыздың бөлшегі айырбастық операцияны танытады және «Қаражаттық құралдар: мойындау және бағалау» 29 ҚСҚЕХС сәйкес есепке алынатын болады. Субъектіге келісім бағасы мен Осы Стандартқа сәйкес есепке алынатын айырбастық емес операциялардан алынған пайданың алғашқы мойындалуындағы (29 ҚСҚЕХС қараңыз) айқындалға қарыздың әділ құнының арасындағы айырмашылықты көрсетуін анықтауы керек болады.

105В. Егер субъект келісім бағасы мен айырбастық емес операциядан түскен пайданы көрсететін алғашқы мойындауда анықталатын қарыздың әділ құнының арасындағы айырмашылықты анықтайтын болса, онда субъект бар болған міндеттер жағдайын қоспағанда пайда ретіндегі айырмашылықты мойындауы керек, мысалы алушыға берілген активтері салынған маңызды жағдайлар міндеттіліктің бар болуына алып келеді. Ондай жағдайларда, міндеттіліктің бар болуында ол міндеттілік болып табылады. Субъект бар болған міндеттерді орындағанда, міндеттер төмендейді де, пайданың тең сомасы мойындалады.

Келесі толықтырылған түсіндірме 106(с) параграфтан кейін қолданылады.

106. ....



(сА) Мiндеттемелердiң қатынасына сай жеңiлдiктi қарыздар мойындалатын активтер шарттарының құнына байланысты ;

124А параграфынан кейін жана параграф қосылады:

124В 29 ҚСҚЕХС 4, 10, 87 және 106 қосымшаның параграфтардағы өзгерiсiн және жаңа параграфтар 105A және 105B қосылғандығын қарастырады. Субъект алдағы келе жатқан 2013 жылдың 1 қаңтары немесе осыдан кейiн шыққан мерзiмдерді қамтитын жылдық қаражаттық есеп берулергеөзгерістер қолдануы керек. Егер субъект 29 ҚСҚЕХС басталып келе жатқан 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын болса, көрсетілген өзгерістер, сонымен қатар, осы сияқты ертерек кезеңге де қолданылуы керек.

«Енгізу бойынша нұсқау» бөлімінде IG53-параграфынан кейін келесі қосымша мысал енгізіледі:
«Енгізу бойынша нұсқау»

26 мысал: Жеңілдетілген қарыздар (105А-105В параграфтары)

IG54. Субъект келесі 5 жыл ішіндегі 10 мектептердiң құрылысына дамыту бойынша көп жақты агенттiктен CU6 миллион мөлшерінде қаржыландыру алады. Қаржыландыру келесі төмендегі шарттармен берілді:

  • CU1 миллион мектеп салынуы жағдайында да өтемеуге болады

  • CU5 миллион мынадай ретпен төленуі қажет:

1 жыл: бастапқы қарыздың өтеуін төлемеуге болады

2 жыл:бастапқы қарыздың 10℅ төленуі қажет

3 жыл:бастапқы қарыздың 20℅ төленуі қажет

4 жыл:бастапқы қарыздың 30℅ төленуі қажет

5 жыл:бастапқы қарыздың 40℅ төленуі қажет

  • Пайыздар қарыздың мерзiмiнің ішінде 5% мөлшерде өндірілетін болады (пайыздар жылдың негізіндегі соңғы уақыттары өтеледі десек). Ұқсас қарызардың нарықтық жылдық мөлшері 10% тең болады.

  • Егер мектептер құрастырылмаса, берiлген қаржыландыру донорға қайтарылады (донор бақылаудың нәтижелі жүйесіне және өткен уақыттарда шығындалмаған жабдықтарды талап ету тәжірибесіне ие).

  • Несие мерзімі ішінде субъект келесі мектептерді салды:

1 жыл: 1 мектеп салынды

2 жыл: 3 мектеп салынды

3 жыл: 5 мектеп салынды

4 жыл: 10 мектеп салынды



Талдау:

Шындығында, субъект 1 миллион а.б. мөлшерінде грант және 5 миллион а.б. мөлшерінде қарыз алған болатын (Ескерту, субъектіге иелерінің салымы және пайдасы бойынша 1 миллион а.б. маңызын анықтап алу керек, атаулы мысалдың мақсаты 1миллион а.б. табыс болып табылатынын айтайық). Субъект, сонымен қатар, 784,550 а.б. мөлшерінде қосымша грантты алған болатын (5 миллион а.б. мөлшерінде несиелік қаражаттардың түсуінің және 10% дисконталған нарықтық пайыз мөлшері бойынша келісімге сәйкес қарыз бойынша ақша ағынының дисконтталған құнының арасындағы айырмашылықты көрсетеді.)

1 миллион а.б. + 784,550 а.б. мөлшеріндегі грант Осы Стандартқа сәйкес, ал келісімшартбойынша барлық пайыздық төлемдермен және негізіг сомадағы қарыз 29 ҚСҚЕХС сәйкес есепке алынады.

1. Алғашқыда субъект мынаны мақұлдайды:

Дт




Банк

6,000,000 а.б.







Кт

Несие




4,215,450 а.б.




Кт

Мiндеттеме




1,784,550 а.б.



2. Жыл 1: субъект мынаны мақұлдайды:

Дт




Мiндеттеме

178,455 а.б







Кт

Айырбас емес келісімді табыс




178,455 а.б
















(1/10 салынған мектеп X 1,784,550 а.б.)

(Ескерту: пайыздардың өтеуi бойынша бухгалтерлiк жазбалар және парыздың негiзгi сомасы, сонымен бірге пайыздар саналымы жеңілдік қарыздарынан шығатын табысты мойындау болып табылуы мысал мақсаты болғандықтан, осы мысалда көрінбейді. Толық мысалдар 29 ҚСҚЕХС «Көрнекі мысалдар» бөлімінде анық көрсетіледі.



3. Жыл 2: субъект мынаны мақұлдайды (субъект келесi бағалау кезінде жеңiлдiктi қарызды амортизациялық құны бойынша өлшейдi):

Дт




Мiндеттеме

356,910а.б.







Кт

Айырбас емес келісімді табыс




356,910а.б.
















3/10 салынған мектеп X CU1,784,500 а.б.– CU178,455 а.б. алғашқыда мақұлданған).



4. Жыл 3: субъект мынаны мақұлдайды:

Дт




Мiндеттеме

356,910а.б.







Кт

Айырбас емес келісімді табыс




356,910а.б.
















(5/10 салынған мектеп X 1,784,550 а.б. –35,365 а.б. алғашқыда мақұлданған)



5. Жыл 4: субъект мынаны мақұлдайды:

Дт




Мiндеттеме

892,275а.б







Кт

Айырбас емес келісімді табыс




892,275а.б
















(Барлық салынған мектеп, 1,784,550 а.б. – 892,275 а.б.)

Егер жеңілдетілген қарыз алғашқы шартында болса,онда:

Дт




Банк

6,000,000 а.б.







Кт

Несие




4,215,450 а.б.




Кт

Айырбас емес келісімді табыс




1,784,550 а.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет