Кенені алып тастау жолдары



жүктеу 13.02 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі13.02 Kb.
Кене – сезім мүшесі өте жақсы дамыған жәндік. Сонымен қатар ол жылуды тез сезеді. Егер кене отырған тұсқа қолыңызды созсаңыз, ол бір метр жерден дене жылуын сезеді де, дереу қозғалысқа еніп, адам­ға қарай қозғалады. Егер жоғарыда болса, төбеден құлайды. Ал аяқтың астында болса, бірден жоғары жаққа қоз­ғалады. Олар дененің кез келген жеріне, көбінесе шаш арасына байқатпай жабысып алады. Тағы бір еске сала кететін жайт, ешқашан да кенені басып-жаншуға болмайды. Бұл кезде де ауру жұқтырып алу қаупі бар.

Қала тұрғындарының арасында жыл сайын дәрігерлік мекемелерде кене шақ­қан 1000-нан астам адам көмекке жүгі­неді.

Сондықтан тауға шығар алдында, саяжайда болған кезде әрбір адам өз-өзіне мұқият болғаны жөн. Сақтық шараларын ойластырып, ашық түсті киім кию, кене сес­кенетін заттар қолдану, әлсін- әлсін киген киімдерді тексеріп тұру қажет. Үйге кел­генде киімдерді сілкіп, жуып, себілгіге түсіп, денені, әсіресе шашты мұқият қара­ған жөн.

Әр адам кене энцефалиті вирусынан сақтану үшін кене энцефалитіне қарсы егілуі қажет. Кененің белсенділік кезеңі басталар алдында адам ағзасында иммунитет пайда болуы үшін күз соңында және қыста егілген дұрыс. Егу тұрақты мекен­жайыңыздағы емхананың жұқпалы аурулар кабинетінде тегін жүргізіледі.



Егер денеге жабысып тұрған кенені байқасаңыз, уақыт өткізбей дәрігерге кө­рін­ген жөн. Мұндай жағдайда аурухана­лар­дың травматология бөлімдері ақысыз же­дел жәрдем көрсетеді. Сол жерде кене эн­цефалитіне қарсы иммуноглобулин егілуі тиіс.

Кенені алып тастау жолдары:

Дәкеге оралған іскекпен іліп алу және кенені жайлап ырғату қимылдарымен суырып алған жөн немесе кенені керосин және маймен майлау керек. Бұл тәсілмен кененің демалу жолдары бекітіледі де, сол мезетте кене адам денесінен түсіп қалады. Кене шаққан жерге йод жағу керек. Адам денесінен алынған кенені қалалық сан-эпидемиологиялық қадағалау басқарма­сына жеткізу қажет. Бұл жерде кененің шақ­­қаны адам ағзасына зиянды немесе зиян­сыз екені анықталады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет