АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым



бет57/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95

IG16. Активті нарықта саудаланбайтын қаржылық құралды бастапқы мойындау кезіндегі әділ құн 29 ҚСҚЕХС AG108-параграфына сәйкес анықталады. Алайда, бастапқы мойындаудан кейін субъект бақыланатын нарықтардан алынған деректер пайдаланылатын бағалау әдістерін пайдаланған кезде бастапқы мойындау кезіндегі мәміле бағасы мен осы бағалау әдісін пайдаланумен бастапқы мойындау кезінде белгіленген сома арасында айырмашылық пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда айырмашылық 29 ҚСҚЕХС және субъектінің есеп саясатына сәйкес, келесі кезеңдерде кіріс немесе шығыс құрамында мойындалатын болады. Мұндай мойындау нарық қатысушылары баға белгілеу кезінде (29 ҚСҚЕХС AG108-параграфты қараңыз) есепке алуы қажет факторлардың өзгерістерін (оның ішінде уақыт факторы) көрсетеді. 33-параграф мұндай жағдайларда ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді. 34-параграфтың талаптарын орындау мақсатында субъект келесі ақпаратты ашып көрсетуі мүмкін:

Негізгі ақпарат
20X1 жылғы 1 қаңтардан субъект 15 миллион АБ-ға активті нарықта айналмайтын қаржылық активтерді сатып алады. Субъектіде осындай қаржылық активтердің тек бір ғана түрі бар.

Мәміленің бағасы 15 миллион АҚБ бастапқы мойындау кезіндегі әділ құн болып табылады.

Бастапқы мойындаудан кейін субъект қандай да бір бағалау әдісін пайдалан отырып, қаржылық активтердің әділ құнын анықтайтын болады. Осындай бағалау әдісі бақыланатын нарықтан алынған деректерден ерекшеленетін ауыспалылардан тұрады.

Бастапқы мойындау кезінде осы бағалау әдісін пайдаланумен жүргізілген есептеулер нәтижесінде 14 миллион АБ беретін еді, бұл әділ құнынан 1 миллион АБ ерекшеленеді.

20X1 жылғы 1 қаңтардан субъектіде 5 миллион АБ мөлшерінде айырмашылық бар.
Талаптарды қолдану
Субъектінің 20X2 жылғы ақпаратын ашып көрсету келесілерді қамтиды:

Есеп саясаты

Субъект активті нарықта саудаланбайтын қаржылық құралдардың әділ құнын бағалаудың келесі әдісін қолданады: [әдістің сипаттамасы, бұл мысалға енгізілмейді]. Айырмашылық бастапқы мойындау кезіндегі әділ құн (бұл 29 ҚСҚЕХС сәйкес, әдетте мәміленің бағасын білдіреді) мен осы бағалау әдісін пайдаланумен бастапқы мойындау кезінде анықталған сома арасында туындауы мүмкін. Кез келген мұндай айырмашылықтар болуы тиіс [субъектінің есеп саясатының сипаттамасы].



Қаржылық есептілікке түсініктеме жазбаларда

Х ескертуде талқыланғандай, субъект активті нарықта саудаланбайтын қаржылық құралдардың әділ құнын өлшеу үшін [бағалау әдісінің атауы] пайдаланады. Алайда, 29 ҚСҚЕХС сәйкес құралдың шығарылу кезіндегі әділ құны әдетте, мәміленің бағасы болып табылады. Егер мәміле бағасының осы әдісті пайдаланумен анықталған құралды шығару кезіндегі сомасынан айырмашылығы болса, онда айырмашылық тиіс [субъектінің есеп саясатының сипаттамасы].

Келесі айырмашылықтар кіріс немесе шығыс құрамында мойындалады:





Х2 жылғы

31 желтоқсан

Х1 жылғы

31 желтоқсан




млн. АБ

млн. АБ

Жыл басындағы қаржылық жағдай туралы есеп

5.3

5.0

Жаңа мәмілелер



1.0

Жыл ішінде кіріс немесе шығыс құрамында мойындалған сомалар

(0.7)

(0.8)

Басқа да арттыру



0.2

Басқа да азайту

(0.1)

(0.1)

Жыл аяғындағы қаржылық жағдай туралы есеп

4.5

5.3










Қаржылық құралдармен байланысты тәуекелдердің сипаты мен мөлшері (38–49 және AG6–AG30-параграфтар)

Ақпаратты ашып көрсету – сапалық сипаттамалар (40-параграф)

IG17. Субъект 40-параграфтың талаптарын орындау үшін ашып көрсете алатын сапалық сипаттамаларды түрлеріне өзгелерін қоспағанда, мәтіндік сипаттама да кіреді:

(a) Субъектінің тәуекелге ұшырау және олар қалай туындайды. Тәуекелге ұшырау туралы ақпарат тәуекелді беруді және тәуекелді азайтуға бағытталған басқа да операцияларды есепке алмай және есепке ала отырып, тәуекелге ұшырауының сипаттамасын қамтуы мүмкін.

(b) Субъектінің тәуекелді қабылдау, өлшеу, мониторингі бақылау және бақылау бойынша саясаты мен үдерістеріне келесілер кіреді:

(i) Субъектінің тәуекелдерді басқару бойынша бөлімшесінің (бөлімшелерінің) құрылымын және ұйымын, оның ішінде олардың тәуелсіздіктері мен есептілігі;

(ii) Субъектінің тәуекелдері немесе тәуекелдерді басқару туралы есептілік жүйесін қамту және сипаты;

(iii) Субъектіні хеджирлеу немесе тәуекелдерін азайту саясаты, оның ішінде қамтамасыз етуді қабылдауға қатысты саясат және процедуралар; және

(iv) Хеджирлеу немесе тәуекелдерді азайту тетіктерінің тиімділігін бақылау үдерістері.

(c) Субъектінің тәуекелдердің артық шоғырлануын болдырмауға бағытталған саясаты мен процедуралары.

IG18. Қаржылық құралдармен байланысты тәуекелдердің сипаты мен мөлшері туралы ақпарат субъектінің болашақ ақша ағындарының сомасына, мерзіміне немесе белгісіздігіне ықпал етуі мүмкін қаржылық құралдарының арасындағы кез келген қатынастар көрсетілетін жағдайларда пайдалырақ. Пайдаланушылар осы Стандартқа сәйкес ашу талап етілетін ақпараттан тәуекелге ұшырау осындай қатынастардың ықпалымен өзгеруі мүмкін деңгей туралы біле алады, бірақ кей жағдайларда қосымша ақпаратты ашып көрсету пайдалы болуы мүмкін.

IG19. 40(c)-параграфқа сәйкес, субъект өткен кезеңмен салыстырғанда ақпараттың сапалық сипаттамаларының кез келген өзгерістері туралы ақпаратты, осындай өзгерістердің себебін түсіндіре отырып, ашып көрсетуі тиіс. Мұндай өзгерістер тәуекелге ұшырау өзгерісінің немесе осындай тәуекелді басқару тәсіліндегі өзгерістердің нәтижесі болуы мүмкін.

Ақпаратты ашып көрсету – сандық сипаттамалары (41–49 және AG7–AG30- параграфтар)

IG20. 41-параграф тәуекелдің шоғырлануы туралы сандық ақпараты ашып көрсетуді талап етеді. Мысалы, несие тәуекелінің шоғырлануы келесілермен байланысты болуы мүмкін:

(a) Экономика секторларымен. Осылайша, субъектінің контрагенттерінің экономиканың бір және одан да көп секторында шоғырлануы кезінде (мысалы, жылжымайтын мүлік немесе көтерме сауда), ол контрагенттің әрбір шоғырлану жағдайымен байланысты тәуекелдер туралы ақпаратты жеке ашып көрсетеді.

(b) Несиелік рейтингпен немесе несие сапасының басқа да өлшемімен. Осылайша, субъект контрагенттерінің бір немесе одан да көп несие сапасының санатына (мысалы, қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген несиелер) немесе бір не одан да көп несиелік рейтингке (мысалы, инвестициялық рейтинг немесе спекулятивтік рейтинг) шоғырлануы кезінде, субъект контрагенттердің осындай шоғырлануымен байланысты тәуекелге ұшырау туралы ақпаратты жеке ашып көрсетеді.

(c) Географиялық бөлу. Осылайша, субъект контрагенттерінің бір және одан да көп географиялық нарықтарда шоғырлануы кезінде (мысалы, Азияда немесе Еуропада), субъект контрагенттердің әрбір шоғырлануымен байланысты тәуекелге ұшырау туралы ақпаратты жеке ашып көрсетеді.

(d) Жеке контрагенттердің немесе тығыз байланысты контрагенттер топтарының шектеулі санымен.

Осыған ұқсас қағидалар басқа да тәуекелдердің, оның ішінде өтімділік тәуекелі және нарықтық тәуекелдің шоғырлануын анықтау кезінде қолданылады. Мысалы, өтімділік тәуекелінің шоғырлануы қаржылық міндеттемелерді өтеу жағдайларына, қарыз алу көздеріне немесе қандай да бір өтімді активтерді сату нарығының тәуелділіктеріне байланысты туындауы мүмкін. Айырбастау бағамдары тәуекелдерінің шоғырлануы субъект бір шетелдік валютадағы елеулі таза ашық позициясы немесе айырбастау бағамдарының бір бағытта өзгеру үрдісі бар бірнеше валютадағы жиынтық таза ашық позициясы болған кезде туындауы мүмкін.

IG21. AG8-параграфына сәйкес, тәуекелдерді шоғырландыру туралы ақпаратты ашып көрсету осындай шоғырланудың жалпы сипаттамаларын сипаттауды қамтиды. Мысалы, жалпы сипаттама контрагенттердің елдер тобы, жекелеген елдер немесе ел ішіндегі өңірлер бойынша географиялық таралуы болуы мүмкін.

IG22. Егер есеп беру кезеңінің соңындағы сандық ақпаратта субъектінің кезең ішінде тәуекелдерге ұшырауы көрсетілмесе, 42-параграф қосымша ақпаратты ашуды талап етеді. Осы талапты орындау үшін субъект кезең ішінде өзі ұшыраған тәуекелдің ең жоғары, төмен және орташа сомасы туралы ақпаратты ашып көрсетуі мүмкін. Мысалы, егер субъект, әдетте, елеулі деңгейде қандай да бір валютамен байланысты тәуекелге ұшыраса, бірақ жылдың аяғында өз позициясын азайтса, субъект есеп беру кезеңінің ішіндегі түрлі уақыттағы субъектінің тәуекелге ұшырау кестесін беруі немесе тәуекелге ұшыраудың ең жоғары, төмен және орташа деңгейі туралы ақпаратты ашып көрсетуі керек.

Несие тәуекелі (43–45, AG9 жәнеAG10-параграфтар)

IG23. 43-параграф субъектінің қаржылық құралы түрлері бойынша несие тәуекеліне ұшырауы туралы ақпаратты ашып көрсетуін талап етеді. Бір түрлі қаржылық құралдардың ақпараты ашып көрсетілетін тәуекелге (бұл жағдайда, несие тәуекелі) қатысты жалпы экономикалық сипаттамалары болады. Мысалы, субъект тұрғын үй ипотекасы, қамтамасыз етілмеген тұтынушылық несиелер және коммерциялық несиелердің түрлі экономикалық сипаттамалары болуын шешеді.


Ұсталынатын қамтамасыз ету және басқа да несиенің сапасын арттыру тетіктері (43(b)-параграф)

IG24. 43(b)-параграф субъектінің ұсталынатын активтерін қамтамасыз етуге қызмет ететін кепілзат және несие сапасын арттырудың басқа да алынған тетіктері туралы ақпаратты ашып көрсетуін талап етеді. Субъектілер келесі ақпаратты ашып көрсету жолымен осы талапты орындай алады:

(a) Кепілзаттарды және несие сапасын арттырудың басқа да алынған тетіктерін бағалау және оларды басқару саясаты және үдерістері;

(b) Кепілзаттың негізгі түрлерінің және басқа да несие сапасын арттыру тетіктерінің сипаттамасы (мұндай тетіктерге кепілдіктер, несиелік туынды құралдар және 28 ҚСҚЕХС талаптарына сәйкес келмейтін өзара есепке алу келісімдері мысал бола алады);

(c) Қамтамасыз ету және басқа да несие сапасын арттыру тетіктері бойынша контрагенттердің негізгі түрлері және олардың несиелік қабілеттігі; және

(d) Қамтамасыз ету және басқа да несие сапасын арттыру тетіктері шеңберінде тәуекелдің шоғырлануы туралы ақпарат.



Несие сапасы (43(c)-параграф)

IG25. 43(c)-параграфы несие тәуекелі бар, мерзімі кешіктірілген немесе құнсыздандырылған болып табылмайтын қаржылық активтердің несие сапасы туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді. Бұл ретте субъект келесі ақпаратты ашып көрсете алады:

(a) Несие рейтингін анықтаудың сыртқы немесе ішкі жүйесін пайдаланумен несие тәуекеліне ұшырауды талдау;

(b) Контрагент сипаты;

(c) Контрагенттің өткен кезеңде өз міндеттемелерін орындамағаны туралы тарихи ақпарат; және

(d) Несие сапасын бағалау кезінде пайдаланылатын кез келген басқа ақпарат.

IG26. Егер несие сапасын басқару және оны бақылау үдерісінде субъект сыртқы несие рейтингтерін пайдаланса, субъект келесі ақпаратты ашып көрсете алады:

(a) Несие рейтингінің әрбірсыныбы бойынша несие тәуекеліне ұшырау сомасы;

(b) Субъект бағалауын пайдаланып отырған рейтингтік агенттіктер;

(c) Рейтингі бар немесе рейтингі жоқ компаниялардың несие тәуекелінің сомасы; және

(d) Ішкі және сыртқы рейтинг арасындағы қатынас.

IG27. Егер несие сапасын басқару және оны бақылау үдерісінде субъект сыртқы несие рейтингтерін пайдаланса, субъект келесі ақпаратты ашып көрсете алады:

(a) Ішкі несие рейтингін беру үдерісі;

(b) Ішкі несие рейтингінің әрбір сыныбы бойынша несие тәуекеліне ұшырау сомасы; және

(c) Ішкі және сыртқы рейтинг арасындағы қатынас.

Мерзімі кешіктірілген немесе құнсыздандырылған қаржылық активтер (44- параграф)

IG28. Контрагент шартта белгіленген мерзімді төлемді жүзеге асырмаса, қаржылық активтің мерзімі кешіктірілген болып есептеледі. Мысалы, субъект несие шарт жасасады, оған сәйкес пайыз ай сайын төленіп отырады. Келесі айдың бірінші күні пайыз төленбеген болса, несие мерзімі кешіктірілген деп танылады. Мерзімнің кешіктірілуі контрагенттің несиені мүлде төлемейтінін білдірмейді, бірақ төлемеу несие шарттарын қайта қарау, ковенанттардың әрекетін енгізу сияқты түрлі әрекеттерді немесе процессуалдық іс-әрекеттерді туғызуы мүмкін.

IG29. Мерзімі кешіктірілген деп танылған қаржылық активтердің шарттарын қайта қарау кезінде қаржылық активтің мерзімінің кешіктірілуі жаңа шарт келісімінің талаптарымен анықталады.

IG30. 44(a)-параграф мерзімі кешіктірілген болып табылатын, бірақ құнсыздандырылмаған қаржылық активтердің мерзімі бойынша талдау жүргізуді талап етеді. Субъект мерзімдері бойынша қаржылық активтердің тиісті топтамасын өз бетінше анықтайды. Мысалы, субъект мерзімдері бойынша келесі қаржылық активтер топтамасын қабылдауы мүмкін:

(a) Үш айдан аспайтын;

(b) Үштен артық, бірақ алты айдан аспайтын;

(c) Алты айдан артық, бірақы бір жылдан аспайтын; және

(d) Бір жылдан артық.

IG31. 44(b)-параграф түрлері бойынша құнсыздандырылған қаржылық активтерге талдау жүргізуді талап етеді. Мұндай талдау келесілерді қамтуы мүмкін:

(a) Құнсызданудан зиянды шегергенге дейінгі теңгерімдік құн;

(b) Құнсызданудан кез келген тиісті зиян сомасы; және

(c) Қолдағы қамтамасыз етудің және несие сапасын арттырудың өзге де сатып алынған тетіктерінің сипаты және әділ құны.



Нарықтық тәуекел (47–49 және AG19–AG30-параграфтар)

IG32. 47(a)-параграф субъект ұшырайтын нарықтық тәуекелдің әр түріне сезімталдығына талдау жүргізуді талап етеді. Нарықтық тәуекелдің үш түрі бар: пайыздық мөлшерлемелер тәуекелі, валюта тәуекелі және басқа да баға тәуекелі. Басқа да баға тәуекеліне акция бағаларының, тауар бағаларының құлдырау тәуекелі, алдын ала төлем тәуекелі (яғни қаржылық активтің бір тарапы келесі тарап төлемді күтілетін мерзімнен бұрын немесе кеш жасауына байланысты қаржылық зиян шегуі) және қалдық құн тәуекелі (мысалы, қалдық құн кепілдігін есептен шығаратын автомобильді лизингке беруші қалдық құн тәуекеліне ұшырайды) кіреді. Нарықтық тәуекел туралы ақпаратты ашу кезінде пайдаланылатын, тәуекелдің деңгейіне ықпал етуі мүмкін ауыспалылар өзгелерін қоспағандаға, келесілерді қамтиды:

(a) Нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің кіріс қисығы. Кіріс қисығының паралелль, сондай-ақ параллель емес жылжуын есепке алу қажет болуы мүмкін.

(b) Шетелдік валюталарды айырбастау бағамы.

(c) Үлестік құралдардың бағалары.

(d) Нарықтық тауар бағалары.

IG33. 47(a)-параграф сезімталдықты талдау тәуекелдің деңгейі байланысты тиісті ауыспалының негізделген ықтимал өзгерістері субъектінің кірісіне немесе шығысына және таза активтеріне/капиталына қалай әсер ететіні талап етеді. Мысалы, тәуекел деңгейі байланысты тиісті ауыспалыларға келесілер кіруі мүмкін:

(a) Пайыздық мөлшерлеменің өзгерістеріне сезімтал қаржылық құралдардың, ауыспалы мөлшерлемелесі бар несиелердің басым нарықтық мөлшерлемелері; немесе

(b) Валюталарды айырбастау бағамы және шетелдік валютаға ірілендірілген қаржылық құралдардың, мысалы шетелдік валютадағы облигациялардың пайыздық мөлшерлемелері.

IG34. Субъектінің пайыздық мөлшерлемелердің өзгерістері тәуекеліне сезімталдығын талдау келесілерге нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің өзгерістері тигізетін әсерін жеке көрсетуі тиіс:

(a) Пайыздық пайда немесе зарар;

(b) Кіріс немесе шығыстың басқа да баптары (сауда кірісі мен шығысы сияқты); және

(c) Егер қолданылатын болса, таза активер/капитал.

Субъект пайыздық мөлшерлеме тәуекеліне біршама ұшарайтын әр валюта түрі бойынша пайыздық мөлшерлеме тәуекеліне сезімталдығын талдауды ашып көрсетуі тиіс.

IG35. Нарықтық тәуекелге ықпал ететін факторлар әр субъектінің нақты жағдайына қарай өзгеріп отыратындықтан, пайыздық мөлшерлемелер тәуекеліне сезімталдықты талдаудың тиісті аралығы да әр субъектіге және нарықтық тәуекелдің түріне байланысты өзгеріп отырады.

IG36. Келесі мысал 47(a)-параграфында белгіленген ақпаратты ашып көрсету талабының іс жүзінде қолдануын көрсетеді:



Пайыздық мөлшерлемелер тәуекелі
20X2 жылғы 31 желтоқсанда, егер осы күнгі пайыздық мөлшерлемелер 10 базистік параграфқа төмен болса, ал тәуекел деңгейі байланысты барлық басқа ауыспалылар өзгеріссіз қалса, онда бір жылғы зиян негізінен, ауыспалы пайыздық мөлшерлемелер бойынша қарыз алумен байланысты төмен пайыздық шығыстардың нәтижесінде 1.7 миллион АБ (20Х1жылы – 2.4 миллион АБ) жоғары болатын еді, ал басқа табыс, негізінен, сатуға арналған қолданыста бар санатында жіктелетін белгіленген пайыздық мөлшерлемесі бар қаржылық активтердің әділ құнын арттыру нәтижесінде 2.8 миллион АБ (20Х1 – 3.2 миллион) жоғары болатын еді. Егер пайыздық мөлшерлемелер 10 базистік параграфқа жоғары болса, ал тәуекел деңгейі байланысты барлық басқа ауыспалылар өзгеріссіз қалса, кіріс, негізінен ауыспалы пайыздық мөлшерлемелер бойынша қарыз алумен байланысты жоғары пайыздық шығыстардың нәтижесінде 1.5 миллион АБ (20Х1 – 2.1 миллион АБ) төмен болатын еді, ал басқа табыс, негізінен, сатуға арналған қолданыста бар санатында жіктелетін белгіленген пайыздық мөлшерлемесі бар қаржылық активтердің әділ құнын азайту нәтижесінде 3.0 миллион АБ (20Х1-3.4 миллион) төмен болатын еді. Кіріс пайыздық мөлшерлемелердің жоғары деңгейін шектеумен қарыз алуға байланысты пайыздық мөлшерлемелердің артуына қарағанда азаюына сезімтал. 20Х2 жылы субъектінің берешек мерзімінің өтуі нәтижесінде болған өтелмеген қарыз алу көлемінің азаюына байланысты 20Х1 жылға қарағанда сезімталдығы төмен (Х ескертуін қараңыз)(a).
Шетелдік валюталарды айырбастау бағамының тәуекелі
20X2 жылғы 31 желтоқсанда, егер АБ АҚШ долларына қарағанда 10 пайызға төмендесе, ал тәуекел деңгейі байланысты барлық басқа ауыспалылар өзгеріссіз қалса, онда бір жылғы кіріс 2.8 миллион АБ (20Х1 – 6.4 миллион) төмен, табыс 1,2 миллион АБ (20Х1 – 1,1 миллион АБ) жоғары болатын еді. Және керісінше, егер АБ АҚШ долларына қарағанда 10 пайызға нығайса, ал тәуекел деңгейі байланысты барлық басқа ауыспалылар өзгеріссіз қалса, кіріс 2.8 миллионға (20Х1 – 6.4 миллион) жоғары, табыс 1.2 миллионға (20Х1 – 6.4 миллион) төмен болатын еді. 20Х2 жылы 20Х1 жылмен салыстырғанда шетелдік валютаның айырбастау бағамына кірістің төмен сезімталдығы шетелдік валютадағы берешектің азаюымен байланысты. 20X1 жылға қарағанда шетелдік валютадағы берешектің азаюымен өтелетін шетелдік валютадағы сатып алуды хеджирлеу құралдарын пайдаланудың артуына байланысты 20X2 табыс жылы айырбастау бағамдары тәуекеліне сезімтал.


(a) 38(a)-параграф өтеу мерзімдері бойынша міндеттемелерді талдау нәтижелерін ашып көрсетуді талап етеді.

Нарықтық тәуекелдер туралы ақпаратты ашып көрсету (49-параграф)

IG37. 49-параграф ашып көрсетілген сезімталдықты талдау қаржылық құралға тән тәуекел туралы дұрыс түсінік бермеген кезде, қосымша ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді. Мысалы, бұл келесі жағдайларда болуы мүмкін:

(a) Қаржылық құралда тәуекел деңгейіне ықпалы сезімталдық талдауымен анықталмайтын шарттар бар (мысалы, тәуекел деңгейі байланысты ауыспалыларды берілген өзгерту кезінде ақшадан тыс қаладан (немесе ақшалай) опциондар);

(b) Қаржылық активтер өтімсіз болып табылады (мысалы, ұқсас активтермен мәмілелер көлемі төмен және субъектінің контрагентті табуы қиындық туғызған кезде); немесе

(c) Субъектіде толығымен тек жеңілдікпен немесе одан кіші портфельге нарықтық бағаға үстеме бағамен сатылуы мүмкін үлкен қаржылық актив портфелі бар.

IG38. IG37(a)-параграфта сипатталған жағдайда қосымша ақпаратты ашып көрсету келесілерді қамтуы мүмкін:

(a) Қаржылық құрал талаптары (мысалы, опциондар);

(b) Қаржылық құрал талаптары орындалуының кіріске немесе шығысқа ықпалы (мысалы, опциондарды орындау); және

(c) Тәуекелді хеджирлеу тәсілдерінің сипаттамасы.

Мысалы, субъект нөлдік сыйақыға «коллар» пайыздық опционын (яғни, «Кэп» опционының комбинациясы (белгіленген ең жоғарғы пайыздық мөлшерлемемен) және «Флор» опционын (белгіленген ең төмен пайыздық мөлшерлемемен) сатып алады, оның құрамына ұтылыс жағдайында рычагы бар сатылатын «Флор» опционы кіреді (мысалы, субъект «Флор» белгіленген ең төмен пайыздық мөлшерлеме мен он есе мөлшерде ағымдағы нарықтық пайыздық мөлшерлеме арасындағы айырмашылықты төлейді). Субъект мұндай «Коллар» опционын пайыздық мөлшерлеменің ықтимал артуына қарсы арзан экономикалық хеджирлеу тәсілі ретінде қарастыруы мүмкін. Алайда, пайыздық мөлшерлемелердің күтілетін елеулі төмендеуі «Флор» сатылған опционы бойынша төлемдерге әкеп соғуы мүмкін, ол рычагтың күшімен пайыздық мөлшерлемені азайтудан түскен ұтыстан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Мұндай «Коллар» опционының әділ құны да, нарықтық ауыспалылардың ықтимал өзгерістеріне сезімталдықты талдау да осы тәуекелдің мөлшерін көрсете алмайды. Бұл жағдайда субъект жоғарыда көрсетілген қосымша ақпаратты ұсына алады.

IG39. IG38(b)-параграфта сипатталған жағдайда қосымша ашып көрсету өтімділіктің жетіспеушілік себептері туралы және субъектінің өз тәуекелін қалай хеджирлеуі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

IG40. IG38(c)-параграфта сипатталған жағдайда қосымша ашып көрсетуге келесілер туралы ақпарат кіруі мүмкін:

(a) Бағалы қағаз сипаты (мысалы, субъектінің атауы);

(b) Бағалы қағаз портфелінің мөлшері (мысалы, шығарылған акцияның 15 пайызы);

(c) Кіріске немесе шығысқа ықпалы; және

(d) Субъект тәуекелді қалай хеджирлейді.



7 ҚЕХС салыстыру
«Қаржыл құралдары: ақпаратты ашып көрсету» 30 ҚСҚЕХС «Қаржылық құралдар: ақпаратты ашып көрсету» 7 ҚЕХС (2005 жылы алғаш рет жарияланды, 2009 жылғы сәуірде жарияланған өзгерістерді қоса алғанда) негізінде әзірленген. 30 ҚСҚЕХС бен 7 ҚЕХС арасындағы айырмашылық келесілер болып табылады:

  • 30 ҚСҚЕХС жеңілдік займдарға қатысты талаптар бар. 7 ҚЕХС жеңілдік займдар туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етпейді.

  • Кей жағдайларда 30 ҚСҚЕХС және 7 ҚЕХС түрлі терминология пайдаланылады. Ең маңызды мысал 30 ҚСҚЕХС «Қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп» және «Таза активтер/капитал» терминдерін пайдалану болып табылады. 7 ҚЕХС балама терминдер «Кіріс және шығыстар туралы есеп» және «Жеке капитал» болып табылады.



МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР – 31 ҚСҚЕХС
Баспагерлерден
Осы Қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандартын қаржылық есептіліктің халықаралық стандартының негізінде «Материалдық емес активтер» (ҚЕХС) 38 қаржылық есептіліктің Халықаралық стандарттарының Кеңесі (ҚЕХСК) шығарған және «Материалдық емес активтер – веб-сайтқа кететін шығындар» түсініктемесі бойынша Тұрақты комитеттің түсініктемесіне 32 (ТКТ 32) сәйкес әзірленген. 38 ҚЕХС үзінділері және 32 ТКТ Қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша кеңестің берілген жарияланымында Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша кеңес комитеті қорының рұқсатымен (ҚЕХСКҚ) берілген.
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының (ҚЕХС) бекітілген мәтіні ҚЕХСК ағылшын тілінде жариялаған стандарты болып табылады, ал көшірмелерін ҚЕХСК жарияланымдар департаментінен келесі мекенжайға хабарласып, тікелей алуға болады: First Floor, 30 Cannon Street, London EC4M 6XH, United Kingdom.
E-mail: publications@ ifrs.org
Internet: http://www. ifrs.org
ҚЕХСКҚ ҚЕХС, ХЕС, стандарт жобаларының және басқа да ҚЕСХК басылымдарының авторлық құқығына ие.
IFRS», «IAS», «IASB», «IFRS Foundation», «International Accounting Standards» және «International Financial Reporting Standards» ҚЕХСКҚ сауда маркасы болып табылады және ҚЕХСКҚ мақұлдауынсыз қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет