Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздерін меңгеру пәнінен модульді бағдарламаның ОҚУ-Әдістемелік кешені //І курс// //48 сағат// Дайындаған: Құнапия Н.Қ 2021-2022 оқу жылы «келісілді»



бет21/106
Дата15.01.2022
өлшемі1.47 Mb.
#454595
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   106
УМК Кәсіби АКТ1

Word-та суреттерді даярлау

Қарапайым графикалық элементтерді (түзу сызық, қисық, сызық, дөңгелектер, іші боялған, боялмаған көпбұрыштар, мәтінмен толтырылған тіктөртбұрыштар) Word құрамындағы графикалық редактордың көмегімен даярлауға болады. Салынған сурет элементтерімен жұмыс істеу тек редактордың парақ беттерін белгілеуді қарап шығу режимінде ғана болады. Word программасы осы режимде сурет салуға талаптану кезінде автоматты түрде ауысуға тырысады.


Графикалық редактордың аспаптары

Сызық – Word графикалық редакторының ең қарапайым геометриялық элементі сызық. Сызу үшін экранның төменгі жағындағы Сурет салу аспаптар тақтасындағы түзу сызық кескіні тұрған батырманы шерту жеткілікті.

Тышқан курсорын түзудің бастапқы нүктесіне орналастырып, сол жақ батырманы баса отырып, сызықтың соңғы нүктесіне дейін түзу сызық сыз. Осылайша түзу сызық жеткілікті күрделі. Егерде оны горизонтпен 00, 300, 450, 600 немесе 900 бұрыш жасайтын етіп орналастыру керек болса, сызықты сызу процесінде Shift пернесін жібермей ұстап тұру қажет.

Сызықты даярлап алған соң, оның төңірегінде тышқанды екі рет шертсеңіз, экранда «Салынған объект» («Рисованный объект») деген сұқбат терезесі шығады. Енді сызық параметрлерін, яғни оның сызылу стилін (тұтас немесе пунктирлі), үсін, қалыңдығын және т.б. таңдап алуға болады.

Бұл сұқбат терезесін «Сурет салу» аспаптар тақтасындағы сызықтың бірнеше түрі бейнеленген батырмалар көмегімен де шақыруға болады.

Дөңгелектер мен эллипистерді де осы аспаптар тақтасының көмегімен даярлауға болады. Ол үшін эллипс бейнесі тұрған батырманы шертіп, сосын курсорды бастапқы нүктеге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тұрып, эллипсті қажетті мөлшерге дейін үлкейту керек. Осы әрекетті орындау кезінде эллипс центрі де ауысып отырады, оны бір нүктеге ауыстыру үшін Ctrl пернесін басып ұстап тұрса болғаны. Шеңбер суретін салу үшін, сурет салу барысында Shift перенсін жібермей ұстап тұру керек, оның да центрін ауыстырмау үшін Ctrl және Shift пернелерінің екеуін де жібермей ұстап тұруға болады.

Тіктөртбұрышты тұрғызу үшін алдымен оның бейнесі тұрған батырманы шертіп, содан кейін курсорды тіктөртбұрыш төбелерінің біріне сәйкес келетін нүктеге апарып тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны жібермей ұстап тұрып тіктөртбұрышты толық етіп салу керек. Ctrl пернесін басып тұрып тіктөртбұрыштың центрін белгілі бір орынға бекітуге болады. Ал квадрат суретін салу үшін , оны салу барысында Shift пернесін басулы күйде ұстап тұру қажет. Алдыңғы жолдардағыдай Ctrl және Shift пернелерін де бірдей пайдалануға болады.

Доға. Бұл батырманың көмегімен шеңберлер мен эллипстер дғаларының суретін саламыз. Сурет салу барысында Shift пернесін жібермей ұстап тұрсақ, 450-ті шеңбер секторын тұрғызуға болады. Сондай-ақ Ctrl пернесін басып, шеңбер немесе эллипс центрін бір орынға бекітіп те алу мүмкіндігі бар.

Кез келген көпбұрыш оның бейнесі салынған батырма көмегімен салынады. Курсорды көпбұрыштың бір төбесіне орналастырып алып, сол жақ батырманы жібермей ұстап тұру арқылы көпбұрыштың бір қабырғасын саламыз. Көпбұрыштың келесі төбесін анықтау үшін тышқанды шертіп, одан ары келесі қабырғаны салуға болады. Shift пернесі көпбұрыш қабырғасының горизонтпен жасайтын бұрышын тұрақты етіп ұстап тұруға мүмкіндік береді. Соңғы қабырғаны жойып қайта сызу үшін Backspace пернесін пайдалануға болады. Соңғы төбені алғашқы төбемен дәл түсіру үшін Esc пернесін басу керек, сонда олар автоматты түрде бір нүктеге түседі.
5 сабақ

Обьектілерді қосады және тексеріп шығады

Кез келген бір суретті салып алған соң, тағы да мынадай мүмкіндіктерді қолдануға болады:


  • Сурет салу тақтасындағы Сызықтың түсі (Цвет заполнения) батырмасы көмегімен контурлық сызықтың тұтастығы мен түсін өзгерту керек;

  • Тұйық сызықпен қоршалған фигураның ішкі аумағын бояу үшін Толтыру түсі (Цвет заполнения) батырмасын пайдалануға болады. Осы батырманы тышқанмен шерту түстерді таңдауға мүмкіндік беретін сұқбат терезесін ашып береді;

  • Ұсынылған нұсқалар арқылы тұйық аймақты белгілі бір өрнекпен толтыру мүмкіндігі де бар. Ол үшін контекстік менюді ашып, Объектіні форматтау (Форматирование объектов) командасын, содан кейін экранға шығатын Толтыру (Заполнение) парағын пайдалану керек.

Әр түрлі сызықтармен сызылған, іштері түрлі бояулармен және өрнектермен толтырылған дөңгелектер мысал ретінде 19.3-суретте көрсетілген.

Салынған объектілерді ары қарай өңдеуге болады. Ол үшін алдымен өзгертілетін объект ерекшеленуі тиіс. Ерекшелеу – сол элементті курсормен көрсетіп тұрып, тышқанды шерту арқылы іске асады (элементті құрайтын сызықты көрсетіп тұрып «шерту» дұрысырақ болып саналады), ерекшеленген объект шекаралары бойынша кішкене квадраттар пайда болады. Шекарадағы осы квадраттарды курсормен іліп алып, созу арқылы графикалық элементтердің бейнелеу масштабын өзгертуге болады. Фигураларды құрайтын элементтер үшін объектіні бөліп ерекшеленгеннен кейін пайда болатын түйінді нүктелерді жылжыта отырып, объект пішінін жөндеп түзетуге болады. Ол үшін Сурет салу тақтасындағы Пішінін өзгерту (Изменить форму) пернесін басса болғаны.

Ерекшеленген элемент үшін сызық қалыңдығын және бояу түсін басқа етіп тағайындауға болады. Сызықтарды тілсызықпен бағытталып тұрған түрде бейнелеуге, ал тіктөртбұрыштардың – олардың төбелерін жұмырлауға болады. Бұл операциялар меню командалары арқылы да орындалады. Мысалы, сызықтың түсін өзгерту үшін сол элементті ерекшелеп алып, Сызық түсі батырмасын басып, қажетті параметрлерді тағайындау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет