WORD редакторын тағайындау, іске қосу және
онымен жұмыс істеуді аяқтау
WORD - пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.
Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жузеге асырылады:
1. Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.
2. Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.
3. Windows жүйесінін Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.
4. WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б.
Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:
- Файл =>Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;
- WORDнегізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
- тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдін Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
- редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (X) басу;
- Тікелей АІ1+Ғ4 пернелерін басу.
Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да) керектігін, ал жазбасаңыз (Жоұ-Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді. Қалауыңыз бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау-Отмена) болады.
Достарыңызбен бөлісу: |