Байланысты кестелер жөнінде. Кілттік өріс
Деректер қорында құрылған кестелердің бірдей атаулы өрістері болып және олардың типтері бірдей болса, мұндай кестелерді байланыстыруға болады және оларды пайдаланып басқа кесте құру да мүмкін (белгілі жағдайларда Access байланыстыруды автоматты түрде жүргізе алады).
Мәндері бірегей болатын өрісті бірегей өріс деп атайды. Мысалы, жазбалар нөмірлері енгізілген өріс – бірегей. Егер кестенің бірде-бір өрісі бірегей болмаса, қажет кезінде қосымша етіп, ондай өрісті қолдан құру қиын емес.
Кестелерді байланыстыру үшін тағайындалған өрістерді кілттік өрістер деп атайды. Олардың кемінде біреуінің кілттік өрісі бірегей, екіншісінің өрісі осы типті болуы тиіс. Басқа нұсқау берілмесе, Access автоматты түрде есептегіш өріс құрып, оны кілттік етіп қояды. Қолдан бірнеше өрістерді кілттік етіп қою да қиын емес
Достарыңызбен бөлісу: |