Windows 2000-ның пайдаланушы интерфейсі Internet Explorer 5 ықпалдасқан қосымшасы бар Windows 98 интерфейсін еске салады. Интерфейстің негізі – Жұмыс үстелінің тұжырымдамасы. Мұндай жүйелердегі объектінің әрбір түріне өзінің белгішесін және осы объектіні пайдалану әдісін анықтайтын кейбір қесиеттер тобын береді.
Қапшықтар қоймалар болып табылады, оларда таңбашалар, файлдар, басқа да қапшықтар және әр түрлі құрылымдағы пиктограммалар бар. Белгішелер әр түрлі объектілеріне тез шығуды қамтамасыз етеді және әдетте жұмыс үстелінің сол жақ жоғарғы таңбашалар ярлық деп аталады. Белгішелер мен таңбашаларды жұмыс үстелінің кез келген жеріне орналастыру үшін оларды осы жерге апару керек. Оны апару тышқанның сол жақ батырмасын басу кезінде жүзеге асырылады. Белгішелерге, таңбашаларға және қапшықтарға шерту көмегімен мүмкіндік береді.
МS Offiсе барлық қосымшаларының күмәнсіз қолайлылығы қолданылатын интерфейсті біркелкі көрсетуінде, сондықтан Роwer Рoint интерфейсі осы операциялық жүйе үшін үлгі(стандарт) болып табылады. Роwer Рoint мына әдістердің бірімен іске қосуға болады:
Меню арқылы Пуск – Программа - Місrosoft Роwer Рoint .
Қолданушы тышқанның оң батырмасын басып, Создать – Презентация
Місrosoft Роwer Рoint-ты таңдайды.
Қосу барысында диалогты терезесі бар Роwer Рoint терезесі шығады, ол түрлі әдіспен презентацияны дайындауды ұсынады. Стандартты баптау кезінде Місrosoft Роwer Рoint терезесі келесі элементтерден тұрады:
терезе тақырыбы (Заголовок окна) – Windows терезесі үшін – стандартты.
Меню жолы тақырып жолының астында орналасқан.
Құралдар панелі (Панели инструментов) – үнсіз келісім бойынша Стандартная және Форматирование панелдері көрсетіледі.
Жұмыс аумағы (Рабочая область) – құжат бейнеленетін және редакцияланатын өріс. Оң жақтан жұмыс аумағы айналдыру жолымен шектелген. Word немесе ЕхсеІ салыстырғандағы үлкен айырмашылық, жүгірткі мәтін бойынша бір слайдтың ішінде емес, слайдтан слайдқа өту мүмкіндігін береді. Жұмыс аумағының нақты түрі редактор жұмысының режиміне тәуелді.
Жағдай долы (Строка состояния) – көру режимі және презентация жайлы әр түрлі ақпарат : слайдтар саны, тіл, слайдты көркемдеу параметрлері және т.с.с. көрсетілетін ақпараттық жол.
Роwer Рoint интерфейсінің Місrosoft Offiсе құрамына кіретін программалардан негізгі айырмашылығы, құжаттың жұмыс үстеліндегі арнайы бейнелену режимдері. Төрт негізгі бейнелену режимі қарастырылған:
1.Әдеттегі.
2.Құрылымдық.
3.Слайдтар.
4.Слайдтарды сорттаушы.
Слайдтарды сорттаушы режимінде кадрлар бүкіл жұмыс үстелін алатын эскиз түрінде көрінеді, олардың әрқайсысының астында слайдтарды, анимацияларды ауыстыру параметрін, кадр экспозиция уақытын көрсететін бағдаршалар орналасқан. Әрине қажет басқару элементтері пайда болатын құралдар панелі де, слайд эскизінде тышқанның оң жақ батырмасын басқанда ашылатын контесттік меню де өзгереді. Слайдты көрсету режиміне ауысқан кезде слайдтарды сорттаушы режимінде орналасқан параметрлерімен толық-экранды демонстрация қосылады. Демонстрация таңдалған слайдтан басталады. Оны Еsс батырмасын басып әр уақытта аяқтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |