Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн бекiту туралы


Ақпараттық технологияларды пайдалануды бағалау бойынша



бет4/6
Дата30.06.2016
өлшемі413.5 Kb.
#167280
1   2   3   4   5   6

9. Ақпараттық технологияларды пайдалануды бағалау бойынша
мемлекеттiк органмен есептiлiктi толтыру нысаны 

      128. Әдiстемедегi 1 Қосымшаға сәйкес мемлекеттiк органмен ұсынылатын есептiлiк, келесi әдiс бойынша толтырылады:


      1) «Мемлекеттiк органда ақпараттық технологияларды қолдану бойынша жоспарланған iс–шаралар сапасы» критериясы бойынша 1 жолындағы 3 бағанда мемлекеттiк органда ақпараттық технологияны тиiмдi пайдалануға бағытталған, министiрмен, жауапты хатшымен, вице-министiрмен, әкiммен, аппарат басшысымен және iс-шаралар аппаратының басшысының орынбасарымен бекiтiлген стратегиялық, және операциондық жоспарда, шекараны дамыту бағдарламалары мен басқа жоспарларда жоспарланған iс–шаралар саны мен атаулары көрсетiледi.
      2) «Ақпараттық технологияларды енгiзу бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiн институционалды нығайту дәрежесi» критериясы бойынша:
      2.1, 2.2, 2.3 жолдарындағы 3 бағанада осы Әдiстеменiң 19-тармағына сәйкес ақпарат көрсетiледi;
      3) «электрондық құжат айналымы жүйелерiн пайдалану» кiшi критериясы бойынша:
      3.1.1 жолындағы 3 бағанада электрондық түрде ғана ведомствоаралық электрондық құжат айналымының үлесi көрсетiледi;
      3.1.2 жолындағы 3 бағанада электрондық түрде ғана iшкi электрондық құжат айналымының үлесi көрсетiледi;
      3.1.3 жолындағы 3 бағанада уақытылы тiркелген электрондық құжаттардың үлесi көрсетiледi;
      3.1.4 жолындағы 3 бағанада «Электрондық үкiмет» порталынан түскен жеке және заңды тұлғалардың тiркелген электрондық өтiнiштерiнiң үлесi көрсетiледi;
      3.1.5 жолындағы 3 бағанада Келiсiлген ведомствоаралық электрондық құжат айналымының үлесi көрсетiледi;
      3.1.6 жолындағы 3 бағанада мұрағатқа электрондық құжаттарды шығынға жазудың үлесi көрсетiледi.
      4) «Электрондық құжаттар мұрағаттарын қолдану» кiшi критериясы бойынша:
      3.2 жолындағы 3 бағанада тұрақты сақталудағы құжаттардан iстердiң электрондық тiзбегi, жеке құрам бойынша құжаттардан iстердiң электрондық тiзбегi, уақытша сақталудағы құжаттардан iстердiң электрондық тiзбегi, құжаттарды жоюға бөлу туралы электрондық актiлер туралы ақпарат берiледi.
      5) «Е-лицензиялау» мемлекеттiк мәлiметтер базасы ақпараттық жүйесiн және «Электрондық мемлекеттiк сатып алулар» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн пайдалану» кiшi критериясы бойынша:
      3.3.1 жолындағы 3 бағанада есептiк мерзiм iшiнде берiлген лицензиялар саны көрсетiледi. Егер «е-лицензиялау» мемлекеттiк мәлiметтер базасы ақпараттық жүйесi есептiк мерзiм басталғаннан кейiн енгiзiлген болса, онда енгiзiлген кезеңiнен бастап есептiк мерзiмнiң аяқталғанына дейiнгi уақыт аралығында берiлген лицензиялар саны көрсетiледi.
      3.3.2 жолындағы 3 бағанада есептiк мерзiмде электрондық мемлекеттiк сатып алулар шеңберiнде қолданылатын қаражаттар көлемi және есептiк кезеңде мемлекеттiк сатып алулар шеңберiнде қолданылатын жалпы қаражаттар көлемi көрсетiледi.
      6) «Ақпараттық жүйелердi енгiзу сапасы» критериясы бойынша:
      4.1 жолындағы 3 бағанада бизнес – үрдiстердi оңтайландыру бойынша аналитикалық мәлiметтерсiз есептiк кезеңде,өнеркәсiптiк және тәжiрибелiк пайдалануға әзiрленетiн және енгiзiлген ақпараттық жүйе атаулары;
      4.2 жолындағы 3 бағанада есептiк кезеңде өнеркәсiптiк және тәжiрибелiк пайдалануға мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесiнiң уақытылы енгiзiлмеген атаулары;
      4.3 жолындағы 3 бағанада нормативтiк–техникалық құжаттаманы бекiтусiз есептiк кезеңде тәжiрибелiк және өнеркәсiптiк пайдалануға енгiзiлген ақпараттық жүйе атаулары;
      4.4 жолындағы 3 бағанада нормативтiк–техникалық құжаттаманы ақпараттандыру аясында уәкiлеттi органмен келiспей ақпараттық жүйенi есептiк кезеңде тәжiрибелiк және өнеркәсiптiк пайдалануға енгiзген өңделген атаулар;
      4.5 жолындағы 3 бағанада Өнеркәсiптiк пайдалануға жататын және ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкес аттестаты жоқ ақпараттық жүйе атаулары;
      4.6 жолындағы 3 бағанада Тiркелмеген және электронды ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйенiң Мемлекеттiк регистiрiнде депонирленбеген немесе ақпараттық жүйенiң, бағдарламалық азық-түлiктiң, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттамалардың Депозитарияларында ақпараттық жүйе атаулары;
      4.7 жолындағы 3 бағанада Мемлекеттiк тiлде интерфейссiз өнеркәсiптiк пайдалануда жатқан ақпараттық жүйе атаулары;
      4.8 жолындағы 3 бағанада Электронды үкiметтiң» компоненттерiмен ықпалдастырылмаған ақпараттық жүйе атаулары.
      129. Әдiстемедегi 2 Қосымшаға сәйкес мемлекеттiк органмен ұсынылатын электрондық құжат айналым жүйесiн пайдалану бойынша есептiлiк келесi әдiспен толтырылады:
      1) 1 бағанада құжаттар саны көрсетiледi (мемлекеттiк басқарудың әртүрлi салаларындағы ЭҚЖ қатысушыларының арасындағы 5 жылға дейiн сақтау мерзiмiмен мемлекеттiк органмен бекiтiлген құжаттар мен iстердiң номенклатурасы тiзбесiнiң құрамына кiретiн электрондық құжаттар алмасуы), электрондық құжат форматында электрондық құжат айналымы жүйесiнiң (ЭҚЖ) қатысушысында – мемлекеттiк орган қызметiне бағытталады;
      2) 2 бағанада жалпы құжаттар саны көрсетiледi мемлекеттiк басқарудың әртүрлi салаларындағы ЭҚЖ қатысушыларының арасындағы 5 жылға дейiн сақтау мерзiмiмен мемлекеттiк органмен бекiтiлген құжаттар мен iстердiң номенклатурасы тiзбесiнiң құрамына кiретiн электрондық құжаттар алмасуы), электрондық құжат форматында электрондық құжат айналымы жүйесiнiң (ЭҚЖ) қатысушысында – мемлекеттiк орган қызметiне бағытталады;
      3) 3 бағанада атап айтқанда iшкi құжаттардың жалпы санына қатысты, оның iшiнде нормативтiк актiлер мен ұйымдастыру-өкiмдiк құжаттамалардың (құпиялық сипаттағы және қызмет бабында пайдалану үшiн құжаттамалардан басқа), мемлекеттiк басқарудың әртүрлi салаларындағы ЭҚЖ қатысушыларының арасындағы 5 жылға дейiн сақтау мерзiмiмен мемлекеттiк органмен бекiтiлген құжаттар мен iстердiң номенклатурасы тiзбесiнiң құрамына кiретiн электрондық құжаттар алмасуы), қағаз тасығыштарда көшiрусiз мемлекеттiк басқаруға қатысты ЭҚЖ қатысушы – мемлекеттiк органдардың iшiнде құрылымдық бөлiмшелерге бағытталған;
      4) 4 бағанада атап айтқанда iшкi құжаттардың жалпы санына қатысты, оның iшiнде нормативтiк актiлер мен ұйымдастыру-өкiмдiк құжаттамалардың (құпиялық сипаттағы және қызмет бабында пайдалану үшiн құжаттамалардан басқа), мемлекеттiк басқарудың әртүрлi салаларындағы ЭҚЖ қатысушыларының арасындағы 5 жылға дейiн сақтау мерзiмiмен мемлекеттiк органмен бекiтiлген құжаттар мен iстердiң номенклатурасы тiзбесiнiң құрамына кiретiн электрондық құжаттар алмасуы), қағаз тасығыштарда көшiрусiз мемлекеттiк басқаруға қатысты ЭҚЖ қатысушы – мемлекеттiк органдардың iшiнде құрылымдық бөлiмшелерге бағытталған;
      5) 5 бағанада СЭД (ЭҚЖ) қатысушысында – мемлекеттiк органға келiп түскен сыртқы/iшкi кiрiс құжаттардың жалпы саны көрсетiледi;
      6) 6 бағанада уақытында тiркелген электрондық сыртқы/iшкi кiрiс құжаттардың жалпы саны көрсетiледi;
      7) 7 бағанада «электрондық үкiметтiң» порталынан ЭҚЖ қатысушысына – мемлекеттiк органға келiп түскен, тiркелген электрондық сүйенудiң жалпы саны көрсетiледi;
      8) 8 бағанада «электрондық үкiметтiң» порталынан ЭҚЖ қатысушысына – мемлекеттiк органға келiп түскен, тiркелген электрондық сүйенудiң саны көрсетiледi;
      9) 9 бағанада электронды түрде келiсiлген және сыртқы тiлшiлерге жолданған электронды құжаттардың қол қойылған жобаларының саны көрсетiледi;
      10) 10 бағанада сыртқы тiлшiлерге жолданған электронды құжаттардың қол қойылған жобаларының саны көрсетiледi;
      11) 11 бағанада электрондық құжаттардың ЭҚАБЖ/ЭҚЖ орындалған саны көрсетiледi;
      12) 12 бағанада электрондық құжаттардың мұрағаттарды және құжаттамаларды басқарудың уәкiлеттi органның нормативтiк-құқықтық актiлермен анықталған жедел сақтау мерзiмi аяқталуы бойынша құжаттарды мұрағатқа тапсыруға ЭҚАБЖ/ЭҚЖ дайындалған және орындалған құжаттар саны көрсетiледi. 

10. Бағалау нәтижелерiн қайта тексеру

      130. Мемлекеттiк органдардың Министрлiкке бағалауды өткiзу үшiн ұсынатын ақпараттың дәйектiлiгiн тiкелей сол органдармен қамтамасыз етiледi.


      Бағалау көрсеткiштерi бойынша деректердi қайта тексеру үшiн Министрлiктiң қабылдайтын ұйымдастыру шараларының кешенi өзгеден басқасынан мыналарды қамтиды:
      1) Министрлiкпен ұсынылған деректердiң нақты деректерге сәйкестiгiн анықтау бойынша осы Әдiстемеде қаралған iс шараларды жүргiзу;
      2) бағаланатын және өзге де мемлекеттiк органдарға қосымша мәлiметтердi ұсыну туралы осы Әдiстемеде ескерiлгенге сәйкес орнату жөнiндегi сұрауларды бағыттау.
      131. Министрлiкпен мемлекеттiк органдарда қайта тексеру шаралары өткiзу 134-шы тармақта көрcетiлген тәртiпте реттегi мемлекеттiк органның шағымын қарастыруынан кейiн үш апта iшiнде iске асырылады.
      132. Баға критерийiнiң нақты көрсеткiшi бойынша мемлекеттiк орган ұсынған мәлiметтердiң шын еместiгi айқындалған кезде мемлекеттiк органның жалпы бағасы жаңа деректермен сәйкес келтiрiледi.
      133. Қайта тексеру шаралары бағаланатын мемлекеттiк органдардың растаушы құжаттармен шағымдар түскен кезде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiнiң тапсырмасы бойынша асырылады.
      134. Бағалаудың объективтiлiгiн және тазалығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк органның бағалау нәтижелерiн қайта тексеру үшiн Министрлiкте арнайы комиссия қалыптастырылады, оның құрамына мемлекеттiк органды бағалауда қатысқан қызметкерлер кiре алмайды. 

11. Мемлекеттiк органдарды бағалау нәтижелерi бойынша
Сараптамалық комиссия ұсынымдарын iске асыру жөнiндегi
iс-шаралар пост-аудитi

      135. Пост-аудит - мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдануды тиiмдiлiгiн алдыңғы бағалау нәтижелерi бойынша берiлген тапсырмалар мен ұсынымдарды толық iске асырылуын анықтау бойынша кешен шаралар (бұдан әрi - Ұсынымдар).


      136. Ұсынымның негiзiнде әрбiр мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау көрсеткiштерiн жақсарту жөнiндегi iс-шаралар Жоспары әзiрленедi (бұдан әрi - Жоспар).
      137. Жоспар жауапты орындаушылар және оларды iске асыру мерзiмдерiн көрсете отырып, анықталған проблемаларды жою жөнiндегi мемлекеттiк органның нақты әрекетiн қамтиды.
      138. Министрлiк қайта тексеру жөнiндегi iс-шаралар шеңберiнде Жоспарды iске асырудың тексерiлуiн жүргiзедi, оның нәтижесiнде тексеру есебi дайындалады.
      139. Министрлiктiң өкiлiмен қол қойылған және пост-аудит объектiсi өкiлiмен қол қойылған есеп, Жұмыс iшкi тобы басшысымен қарауға ұсынылады.
      140. Пост-аудиттiң нәтижелерi «Пост-аудиттiң нәтижелерi» бөлiмiнде басшылық ететiн бағытта/салада/аймақта ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерi туралы қорытындыда көрсетедi.

Ақпараттық технологияларды


қолдану тиiмдiлiгiн  
бағалау Әдiстемесiне 
1 қосымша      

Нысан 


Ақпараттық технологияларды пайдалануды бағалау жөнiндегi есеп
________________________________________________________
(мемлекеттiк органның атауы)


р/c

Көрсеткiш

Көрсеткiштiң мағынасы
(мемлекеттiк органмен толтырылады)

1

2

3

1

«Мемлекеттiк органда ақпараттық технологияларды қолдану жөнiндегi жоспарланған iс-шаралардың сапасы» критериясы




2

«Ақпараттық технологияларды енгiзу жөнiндегi мемлекеттiк орган қызметiн институциялық нығайту дәрежесi» критериясы

2.1

Ақпараттық технологиялар жөнiндегi мамандандырылған құрылымдық бөлiмшелердiң бар болуы




2.2

Ақпараттық технологиялар жөнiндегi құрылымдық бөлiмшелердiң жиынтықталуы




2.3

Ақпараттық технологиялар жөнiндегi бөлiмшелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiк деңгейi




3

«Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердi пайдалану» критериясы

3.1

«Iс жүргiзуде электрондық құжат айналымы жүйесiн пайдалану» iшкi критериясы

3.1.1

Электрондық түрде ғана ведомствоаралық электрондық құжат айналымының үлесi




3.1.2

Электрондық түрде ғана iшкi электрондық құжат айналымының үлесi




3.1.3

Уақтылы тiркелген электрондық құжаттардың үлесi




3.1.4

«Электрондық үкiмет» порталынан түскен жеке және заңды тұлғалардың тiркелген электрондық өтiнiштерiнiң үлесi




3.1.5

Мемлекеттiк органның iшiнде ведомствоаралық құжаттарды келiсу үлесi




3.1.6

Мұрағатқа даярланған электрондық құжаттардың үлесi




3.2

«Электрондық құжаттардың мұрағаттарын қолдану» iшкi критериясы




3.3 «Е-лицензиялау» Мемлекеттiк деректер қоры» Ақпараттық жүйесiн және «Электрондық мемлекеттiк сатып алу» ақпараттық жүйесiн толтыру» iшкi критериясы

3.3.1

Мемлекеттiк органның «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер қоры» ақпараттық жүйесiн толтыру үлесi




3.3.2

Мемлекеттiк органның «Электрондық мемлекеттiк сатып алулар» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн толтыру үлесi




4

«Ақпараттық жүйелердi енгiзу сапасы» критериясы

4.1

Бизнес-үрдiстердi оңтайландыру жөнiндегi аналитикалық деректерсiз есептi мерзiмде өнеркәсiптiк және тәжiрибелiк пайдалануға құрылған және енгiзiлген ақпараттық жүйелердiң үлесi




4.2

Есептi мерзiмде өнеркәсiптiк және тәжiрибелiк пайдалануға мемлекеттiк органның мезгiлсiз тапсырылған ақпараттық жүйелерiнiң үлесi




4.3

Нормативтiк-техникалық құжаттаманы бекiтусiз есептi мерзiмде өнеркәсiптiк және тәжiрибелiк пайдалануға тапсырылған ақпараттық жүйелердiң үлесi




4.4

Нормативтiк-техникалық құжаттаманы Министрлiкпен келiсiлмеген ақпараттық жүйелердiң есептi мерзiмiнде өнеркәсiптiк және тәжiрибелiк пайдалануға әзiрленудегi, енгiзiлгеннiң үлесi




4.5

Ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiкке аттестаты жоқ және өнеркәсiптiк пайдалануда тұрған ақпараттық жүйелердiң үлесi




4.6

Тiркелмеген немесе электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйенiң Мемлекеттiк тiркелiмiнде депозитке салынбаған және ақпараттық жүйенiң, бағдарламалық өнiмнiң, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк техникалық құжаттамалардың Депозитарияларында ақпараттық жүйесiнiң үлесi




4.7

Мемлекеттiк тiлде интерфейссiз өнеркәсiптiк пайдалануда тұрған ақпараттық жүйелердiң үлесi




4.8

«Электрондық үкiмет» құрауыштарымен ықпалдастырылмаған ақпараттық жүйелердiң үлесi




Ақпараттық технологияларды
қолдану тиiмдiлiгiн  
бағалау Әдiстемесiне 
2 қосымша      

Нысан  


Ақпараттық технологияларды пайдалануды бағалау жөнiндегi есеп
________________________________________________________
(мемлекеттiк органның атауы)

Электрондық түрде ғана ведомствоаралық электрондық құжат айналымының үлесi

Электрондық түрде ғана iшкi электрондық құжат айналымының үлесi

Уақтылы тiркелген электрондық құжаттардың үлесi

«Электрондық үкiмет» порталынан түскен жеке және заңды тұлғалардың тiркелген электрондық өтiнiштерiнiң үлесi

Мемлекеттiк органның iшiнде ведомствоаралық құжаттарды келiсу үлесi

Мұрағатқа даярланған электрондық құжаттардың үлесi

Электрондық түрде ғана ЭҚАБЖ Орталығы арқылы ЭҚЖ қатысушыларына – басқадай МО бағытталған құжаттардың саны

Электрондық түрде ғана ЭҚАБЖ Орталығы арқылы ЭҚЖ қатысушыларына – басқадай МО бағытталуға жататын құжаттардың саны

Электрондық түрде ғана бағытталған iшкi шығыстардың саны

Электрондық түрде ғана бағыттауға жататын iшкi шығыс құжаттардың саны

Iшкi/сыртқы кiрiс құжаттарының жалпы саны

Уақытылы тiркелген электрондық iшкi/сыртқы кiрiс құжаттарының жалпы саны

Электрондық өтiнiштердiң жалпы саны

Тiркелген электрондық өтiнiштердiң жалпы саны

Сыртқы электрондық құжаттардың барлық қол қойылған жобалары

Сыртқы электрондық құжаттардың барлық қол қойылған және келiсiлген жобалары

Барлық орындалған құжаттар

Мұрағатқа барлық даярланған электрондық құжаттар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Ақпараттық технологияларды
қолдану тиiмдiлiгiн  
бағалау Әдiстемесiне 
3 қосымша      

      Нысан   



Ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау нәтижелерi туралы қорытынды
___________________________________________________________________
(орталық мемлекеттiк/жергiлiктi атқарушы органның атауы)

________________


(есептi мерзiм)


р/с

Бағалаудың критериясы/iшкi критериясы

Әрбiр критерияны/iшкi критерияны бағалау баллдары

1

Мемлекеттiк органда ақпараттық технологияларды қолдану жөнiндегi жоспарланған iс-шаралардың саны




2

Ақпараттық технологияларды енгiзу жөнiндегi мемлекеттiк орган қызметiн институциялық нығайту дәрежесi




3

Интернет-ресурстың тиiмдiлiгi




4

Iс жүргiзуде электрондық құжат айналымы жүйесiн пайдалану




5

Мемлекеттiк органдардың Интранет-порталын пайдалану




6

Электрондық құжаттардың мұрағаттарын қолдану




7

Е-лицензиялау» Мемлекеттiк деректер қоры» Ақпараттық жүйесiн және «Электрондық мемлекеттiк сатып алу» ақпараттық жүйесiн толтыру




8

Мемлекеттiк орган функцияларын автоматтандыру




9

Ақпараттық жүйелердi енгiзудiң сапасы




10

Ведомстволық ақпараттық жүйелердiң нәтижелiлiгi




Жалпы бағалау




Бағалау критериялары бойынша орталық мемлекеттiк/жергiлiктi атқарушы органның қызметi тиiмдiлiгiн талдау:

1. «Мемлекеттiк органда ақпараттық технологияларды қолдану жөнiндегi iс-шаралар» критериясы бойынша:


____________________________________________________________________
2. «Ақпараттық технологияларды енгiзу жөнiндегi мемлекеттiң орган қызметiн институциялық нығайту дәрежесi» критериясы бойынша:
____________________________________________________________________
3. «Интернет-ресурстың тиiмдiлiгi» критериясы бойынша:
____________________________________________________________________

4. «Iс жүргiзуде электрондық құжат айналымы жүйесiн пайдалану» критериясы бойынша:


______________________________________________________________
5. «Мемлекеттiк органдардың Интранет-порталын пайдалану» критериясы бойынша:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет