Қарағанды 2010 Әож 616. 31-089. 5 Қбж 56 +54. 5 я7 ж 3-16 Пікір берушілер: А. Ж. Жумадилова



бет3/4
Дата11.07.2016
өлшемі1.76 Mb.
#190608
1   2   3   4

Берше әдісі бойынша, шайнау нервісінің жансыздан­дыру үшін, инені бет сүйегі доғасының төменгі қыры астынан және құлақ қалқаны иінінің алдынан 2см алшақ тері жамылғысына перпендикуляр етіліп шаншылады. Инені ортаңғы сызыққа қарай горизонтальды төменгі жақ ойығынан (вырезка) 2-2,5 см тереңдікке жылжытып, анестетиктің 3-5 мл енгізгеннен кейін, жансыздану нәтижесі 5-10 мин. кейін басталады. Басты белгі ретінде төменгі жақты көтеретін бұлшық еттердің босаңсу болып табылады. Төменгі жақтың қабыну салдарынан контрактурасы болған жағдайда осы анестезияны қолданады (контрактураның дамуының 10 күнге дейін мерзімде). Бұлшық еттерде органикалық өзгерістер кезінде нервті блокада жасап, ауыз куысының ашылуы мүмкін емес.

П.М. Егоров әдісі бойынша, анестезия кезінде шайнау нервісін ғана емес, сонымен қатар төменгі жақ нервісінің басқа да қозғалтқыш талшықтары жансызданады. Анестетик ерітіндісінен буын төмпешігінің алдыңғы үстіртінің (скат) негізгі деңгейінде депо жасайды, анестетик ерітіндісі сол жерде қанат тәрізді-самай, қанат тәрізді- төменгі жақ кеңістіктің және самай асты шұңқыры шел қа­баттары арқылы сіңіріледі. Тура сол жерде қозғалтқышты бұтактар орналасқан.

Дәрігер науқастың оң жағынан орналасып, сол колының 1 саусағының тырнақты фалангасын төменгі жақ басының сыртқы беткейінде және буын төмпешігінде орналастырып, науқастан аузын ашуын сұрап, төменгі жағын бір жаққа қарай ығыстырып. Дәрігер иненін шаншылу орнын анықтайды, ол бет сүйегінің төменгі қыры астында буын төмпешігінің алдынан 0,5-1 см жерде жасалуы қажет. Теріні спирт не­месе йодтың спиртті ерітіндісімен өңдеп, анықталған нүктеге инені шаншады. Инені бет сүйегі доғасының астынан шамалы жоғары қарай (терге 60-75° бұрышпен) самай сүйегінің сыртқы беткейіне дейін жылжытады. Осы ара қашықтықты оң қолдың II саусағымен басып, инені артқа қарай 0,5-1 см, тартады. Кейін тері бетіне тік бұрышпен инені II саусақпен белгіленген тереңдікке жұмсақ тінге жылжытып және 2 мл анестетик ерітндісін жібереді.
Жоғарғы жақ және төменгі жақ нервтерін жансыздандыру

(бағаналы анестезия)
Жарақатты операциялар кезінде жоғарғы немесе тө­менгі жақ тіндерін толығымен жансыздандыру қажет еткен жағдайында, жоғарғы жақ нервісін қанат тәрізді - таңдай шұңқырындағы дөңгелек тесігі арқылы және төменгі жақ нервісін - сопақша тесік арқылы жансыздандыруға болады.

С.Н.Вайсблаттың зерттеулерінің көрсетуі бойынша, үшкіл нервтің II және III тармақтарына блокада жасау кезінде қарапайым және оңай ориентир ретінде сына сүйегінің қанат тәрізді өсіндісінің сыртқы табақшасы болып табылады. Қанат тәрізді - жоғарғы жақ саңылауы қанат тәрізді - таңдай шүңқырында сыртқа қарай ашылады және сопақша тесік қанат тәрізді өсіндісінің сыртқы табақшасымен бір жазықтықта орналасады. Қанат тәрізді- таңдай шұңқырына ену жолы алдыңғы жағынан, ал сопақша тесікке -одан артқа қарай орналасады. Қанат тәрізді- таңдай шұңқырының көлемін есте сақтай отырып, бұл жердегі тамырлар, нервтер және шел қабаты болуына байланысты анестетик ерітіндісін жібергенде ол әрі қарай еніп, дөңгелек тесікке дейін және жоғарғы жақ нервісіне сіңуін қамтамасыз етеді. Инені дөңгелек тесікке дейін апару қажет емес. Бағаналы анестезия үшін, иненің ұзындығы 7-8 см қолданған жөн.

Жоғарғы жақ нервісін жансыздандыру. С. Н. Вайсблат бойынша қанат тәрізді - таңдай шұңқырындағы бет сүйегі асты - қанат тәрізді жолы арқылы жансыздандыру. С. Н. Вайсблат дәлдегендей, қанат тәрізді өсіндісінің сырт­қы табақшасының проекциясы траго-орбитальды сызықтың ортасында орналасқан, құлақ қалқаны иінінің және көз ұясының сыртқы қырынан жүргізген сызықтың қыйылысқан жері яғни бет сүйегі алдыңғы бөлігінің төменгі қыры.

Инені траго-орбиталды сызығының ортасынан бет сүйегінің төменгі қырынан шаншады. Инені горизонтальды жазықтықта теріге перпендикуляр етіп ішке қарай жылжытып, қанат тәрізді өсіндісінің сыртқы табақшасына тірелгенге дейін енгіземіз. Иненің тереңдікке енуін алдын ала инеге кигізілген таза резенке арқылы белгілеп (қалыпты жағдайда ол 4-6 см тең), инені кейін қарай жартысынан көп бөлігін шығарып, оны алға қарай бұрып, бұрышы 15-20° етіп және қайтадан белгіленген тереңдікке енгізеді. Осы кезде ине қанат-тандай шұңқырына жетеді, сол жерде анестетиктің 2-4 мл жіберген соң, 15 мин. кейін жансыздану басталады (сурет 10).

Бет сүйегі жолы. Инені бет сүйегінің төменгі қырынан көздің сыртқы қырына өткізілген вертикальды сызықтың төменгі нүктесіне, яғни бет сүйегінің төменгі қырына шаншиды. Инені ішке және шамалы жоғары, жоғарғы жақ төмпешігімең жаңасқанша дейін жылжытады. Кейін инені сүйек бетінде сырғытып (шприцті сыртқа қарай бұрып) оны 4-5 см терендікке артқа және ішке қарай жылжыта­ды, осы кезде ине қанат - таңдай шұнкырының ортасынан жоғары тап болады. Анестетиктің 2-4 мл жіберген соң жансыздану басталады.

Орбитальды жол. Инені көз ұясының сыртқы бұрышынан төмен жоғарғы шекарасында шаншады, яғни бет сүйегінің жоғарғы қырына сәйкес. Инені көз ұясының сыртқы қабырғасының артынан қатаң, горизонтальды жазыктықта 4-5 см терендікке жылжытады. Иненің үнемі сүйекпеп жанасуын үзбеу және жоғары көтерілмеуі қадағалау керек. Осы тереңдікте ине дөңгелек тесік аймағына тап болады, анестетиктің 5 мл жібереді (В.Ф.Войно-Ясенецкий). Егерде инені төменгі көз ұясының қабырғасымен төменгі көз ұясының саңылауына дейін өткізген жағдайда, ол арқылы анестетик қанат-таңдай шұңкырына еніп, жоғарғы жақ нервісін жансыздандырады (С.Н.Вайсблат).

Таңдай арқылы жол (ауыз қуысы арқылы). Инені үлкен таңдай тесігі және үлкен таңдай каналы арқылы қанат-тандай шұңқырына енгізеді. Үлкен таңдай тесігіне енгеннен кейін, инені жоғары және артқа қарай 3-3,5см тереңдікке жылжытады, қанат - таңдай шұңқырына тап болады. Анестетиктің 1,5-2мл жіберген соң жансыздану басталады. Инені үлкен таңдай тесігіне енгізуді атас анестезияда то­лық жазылған.

Жансыздандыру аймағы: үшкіл нервтің II бұтағынан иннервация алатын барлық тіндер және мүшелер.


Тригемино-симпатикалық блокада
А.В. Вишневскидің блокада үшін шығарылған негізгі талаптары: біраз жүйке талшықтарын қамти отырып, қабыну ошағынан алшақтап, әлсіз тітіргендіргіштермен әсер (0,25% - новакаин ертіндісі) етуі.

А.В Вишневский әлсіз новакаинді ертіндімен тіндердің ауқымды инфильтрациясына әкелетін тәсілі «жылжымалы инфильтрант» атына ие болған. Осы тәсел негізінде беттік «тригемино - симпатикалық» новакаинді блокада ойлап табылған.Хирургиялық стоматологияда Жаковтың «тригемино - симпатикалық» блокадасы деп аталады. Новакаиннің әлсіз ертіндісі самайасты айығына енгізіліп, қанат таңдай ойысында жұмсақ тіндерге сіңдіріліп,сол аймақтағы көптеген жүйке өткізгіштеріне әсер етеді.

Блокаданы жедел, жеделдеу лимфадениттерді, жарақатты қабынудың асқынуларын, стомотиттерді және беттің басқа да қабыну ауруларын емдеу үшін қолданады.Жаков блокадасының жүргізілу техникасы Берше әдісіне ұқсас,айырмашылығы 0,25% - новакаин ертіндісінің 15-20мл тері асты май қабатынан бастап сіңдіре енгізеді.



С. Н. Вайсблат бойынша сопақша тесік арқылы төменгі жақ нервісін жансыздандыру
Инені траго-орбитальды сызықтың ортасынан шаншып қанат тәрізді өсіндінің сыртқы табақшасына дейін тереңдетіп, жоғарғы жақ нервісін блокада жасаған кезіндегі жолына сәйкес келеді. Кейін инені кері қарай тері асты шел қабатына дейін: тартып, оны 1 см артқа қарай бұрып, бастапқы тереңдікке енгізеді. Сол жерде ине сопақша тесіктің деңгейіне жетеді, анестетиктің 2-3 мл ерітіндісін жібергеннен кейін, жансыздану 10-15 мин. басталады.

Жансызданатын аймақтар: үшкіл нервтің III бұтағынан алатын барлық тіндер және мүшелер.

Бағаналы анестезияның асқынулары: Бағаналы анесте­зия кезінде инемен мұрын қуысын немесе есту тітігін тесіп алуға болады, осының салдарынан бас сүйегінің негізіне инфекция түседі. Көзді қозғалатын және әкелетін нервтері механикалық зақымдану салдарынан, диплопия дамуы мүмкін. Көру нервісі новокаинді адреналинмен қосып жасағанда сорылып сіңгенде уақытша көздің көруі жоғалады, ішкі жақ және негізгі таңдай артериясын, ми қабатының ортаңғы артериясын, қанат тәрізді көк тамыр өрімін зақымдап алуы мүмкіндігі жоғары. Асқынулардың алдын алу шаралары - бұл анестезия жүргізу техникасын мұқият сақтаған жағдайда болдырмауға болады.
Жергілікті анестезияның жалпы асқынулары
Анестетик ерітіндісін жіберген кезінде ауыршаңдык жә­не күйдіретіндей сезімдер болмауы қажет. Егерде инъекция жасап жатқан кезінде күрт ауыршандық сезім пайда бо­латын болса, онда- бұл қателесіп анестетик орнына баска ерітінділерді енгізудің қауіпті белгісі (формалин, кальций хло­риді, этил спирті және т.б.), болып табылады, егерде аталған заттардың біреуі тінге енгізілген жағдайда, онда оны новокаиннің 0,25-0,5% ерітіндісімен инфильтрация жасап, оны тіледі. Бұл қателесіп енгізілген заттың тіндегі концентрациясын азайтып қабыну процесінің алдын алады. Сонымен қа­тар антигистаминді препараттар және анальгетиктерді, антибиотиктердің кең спектрлі әсері бар түрін тағайындау қажет.

Жергілікті сипатты асқынулар инфильтрациялық және өткізгіштік анестезия кезінде болуы мүмкіи. Жансызданды­ру кезінде және кейін пайда болатын жалпы аскынуларға жатады: анестетик ерітіндісімен улану (интоксикация), талма, коллапс, анафилактикалық талықсу, жергілікті анестетиктерге идиосинкразия.

Талма. Бұл жиі кездесетін жергілікті анестезияның қай сатысында болмасын дамуы мүмкін. Оның пайда болу себебі бас миының жедел аноксиясының салдарынан бола­ды. Талма әсіресе әйел адамдарда, ауасы тар бөлмеде. шаршағанда, қорқыныш сезімі болғанда, қан көрген кезде пайда болуы мүмкін. Талманың басты белгілері басының айналуы, құлағында шуылдың болуы, жүрегінің айнуы сипатымен айқындалады. Тері жамылғысы бозарып, ылғалды болады, көздің қарашығы кеңейеді. Тамырдың соғуы әлсіз, жиі, артериялық қысым төмендейді. Тыныс алуы беткейлік, сирек. Есінен тануы бұлшық еттің тонусының жоғалуынан басталады.

Көрсетілетін көмек. Науқасты жатқызып, таза ауа келетіндей етіп, мүсәтір (нашатыр) спиртін иіскетіп, беттің және мойынның терісін суық суға малынған орамалмен сүртеді. Осы карапайым шаралар әсері - нәтижелі болады. Сирек тамырға әсер ететін және тыныс аналептиктерін бұлшық етке терапиялық дозасында енгізу жағдайы (кордимаин, кофеин, эфедрин) тура келеді.

Талманың алдын алу шаралары психоэмоциялы қобалжуды бәсеңдету (седативті препараттармен премедикация жасау). Науқастың қысатын киім жағаларын ағытып, ол каротидті синусты тітіркендірмес үшін, басымен күрт қимыл жасауды болдырмау қажет. Инені тыныс алудың биіктігінде шаншады, яғни бұл науқастың назарын аударатын әрекет.

Улану (интоксикация). Новокаиннің улы әсері өте төмен, бірақ мынандай аурулар кезінде, қан сары суының холинэстералық белсенділігі темендеген жағдайда (гипептиреоз, аллергиялық реакцияның ауыр түрі, алиментарлы дистрофия), гепатит, бауырдың циррозы кезінде новокаин, лидокаин және тримекаиндердің улы әсері бірақатар жоғарлайды. Жергілікті анестетиктің қан арнасына түскен жағдайында жедел жоғарлайды. Сонымен қатар жергілікті анестетиктің улы әсері, оның концентрациясының квадратына пропорциональды.

Новокаин және тримекаин дозасын шамадан тыс көбейтіп енгізген жағдайда, науқастың шағымы басының айна­луы, әдісіздік, жүрегінің айнуы (лоқсуы), қорқынышты сезім пайда болуына шағымданады. Тері жамылғысының және кілегей қабатының бозаруы, суық тердің бөлінуіне, жиі беткеплік тыныс алу баиқалады, кейде сіңірлерінің тартылуы мүмкін. Артериялық қысым едәуір төмендеген, тамырдың соғу жиілігі жиі және әлсіз. Бульбарлы орталықтын қызметінің, тежелу салдарынан брадикардия дамуы мүмкін және оның ақыры жүректің тоқтап қалуымен аяқталуы мүмкін. Жалпы қобалжу әкеліп орталық нерв жүйесін тежеп және тыныс алудың тоқталуы ықтимал.

Анестетиктің енгізу дозасынан көп болғанда пайда бол­ған бір белгі көрініс берген сәтте әрі қарай енгізуді тоқтату қажет. Уланудың жеңіл дәрежесінде науқасты горизонтальды жатқызып, мүсәпір спиртін иіскетіп, көк тамырға глюкозаның 40% ерітіндісінің 20 мл қоса тыныс алу аналептиктерін (кордиамин 1-2 мл) аскорбин қышқылының 5% ерітіндісі (2-5 мл), жүрек гликозидтері –

коргликон ері тіндісінің 0,06% (1-0,5 мл), строфантин - (05% ерітінді-сі (0,5 мл) біріктіріп енгізеді.

Уланудың ауыр дәрежесінде қобалжуды басу үшін, көк тамырға тиопентал-натрий 1% ерітіндісін 1-2 мл енгізеді (көрсеткіштер бойынша - дозасын қосуға болады), портативті респиратордың көмегімен жасанды тыныс алуды жасайда. Көрсеткіштер бойынша тыныс алу аналептиктерін, тамырға әсер ететін препараттар және жүрек гликозидтерін аталған дозалар түрінде, натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін (500-1000 мл), қанның орынбасарларын (рео-полиглюкин 500-1000 мл.) енгізілуі қажет. Сонымен қатар диурезді тұрақтандыру бұлшық етке немесе көк тамырға лазикстің 2-4. (адреналинмен де улану дәрежесі жоғары). Улану кезіндегі басты белгілері қорқынышты сезім, тремор, тері жамылғысының суы, ентігу, басының ауруы, жүрегінің кағуы, артериялық қысымның жоғарлауы, жүрек аймағында ауыршандык, сезімнің болуы, мазасыздық. Жүректің ырғағының бұзылуы, қарыншалардың фибрилляциясы, есінен тануы, миға қан құйылуы, өкпенің ісінуі дамуы мүмкін.

Көрсетілетін көмек. Көк тамырға атропин сульфатының 0,1% ерітіндісін 0,6-1мл., кордиамин 2 мл., строфантиннің физиологиялық ерітіндісіндегі 0,05% ерітіндісі 0,5 мл. Амилнитритті иіскету және оксигенотерапия жүргізілуі қажет. Артериялык, қысым шамадан тыс жоғары болған жағдайда, онда көк тамырға дибазол ерітіндісінің 0,5% - 6-8 мл, эуфиллин ерітіндісінің 2,4% 5- 10 мл, магний сульфатының 25% ерітіндісі 5-10 мл. Нитроглицериннің 1-2 таблеткасын тіл астына тағайындайды.

Коллапс - тамырлық жетіспеушіліктің көрінісі. Клиникалык, жағынан кардиогенді талықсуға ұқсас болып келеді, бірақ коллапс кезінде жүрек қызметінің жетіспеушілігі бол­майды, науқас есін сақтаған, басының айналуы, апатия, әлсіздік байқалады. Тері жомылғысы бозарып, суық тер бөлінеді, сипап сезгенде ылғалды. Тамырдың соғуы әлсіз, аз деңгейде толымды, артериялық қысым төмендеген, тыныс алу беткейлік көрінісінде байқалады.

Көрсетілетін көмек. Науқасты жатқызып немесе Тренделенбург жағдайын беріп ұстау қажет. Көк тамырға глюкозаның 40% ерітіндісінде аскорбин қышқылы ерітіндісінің 5% - 2-5 мл. 2-3 мл кордиамин, кофеин 10% ерітіндісін 1-2мл қосып 20-60мл енгізіледі. Бұлшық етке баяу түрде стрихин 0,1% ерітіндісі 1 мл енгізіледі. Көрсеткіштер бойынша кальции хлоридінің 10% ерітіндісі енгізіледі. Осы көрсетілген терапия нәтижесіз болған жағдайда, онда эфедриннің 57о ерітіндісі 0,3-0,5 мл немесе глюкозаның 40% еріндісіндегі мезатон 1% ерітіндісін енгізеді. Глюкозаның 1г кұрғақ затына инсулиннің 5 бірлігін қосуды естен шығармаған жөн. Терапияны оттекпен ингаляция жасау арқы­лы жүргізіледі.

Жергілікті анестетиктерге идиосинкразиясы. Науқасқа енгізілген анестетиктерге жоғарғы сезімталдықтың болуынан пайда болады. Идиосинкразияның көрінісі уртикальды бөртпелер түрінде, терісі қышып, бетінде және денесінде қызарған дақтардың пайда болуымен сипатталады.

Анестетикті енгізгеннен кейін идиосинкразия белгілері байқалған жағдайда, анестетикті енгізуді тоқтату қажет. Науқасты жатқызып антигистаминді препараттарды енгізу қажет (пипольфеннің 1% ерітіндісін 1-2мл тері астына, көк тамырға кальций хлоридінің 10% ерітіндісін 10 мл және корти-костироидттарды). Емдеуді өткізгеннен кейін науқаска белгілі бір анестетикке жоғарғы сезімталдығы бар екенің түсіндіріп айту қажет. Ауру тарихында бірінші бетінде осы жағдайды белгілеу қажет. Осы өткізілген шаралардан кейін наукастың жағдайы жақсарғаннан кейін, жедел жәрдем көмегін шақырып, науқасты стационарға жаткызады.

Анафилактикалық талықсу (шок). Анафилаксия- аллергиялық реакцияның баяу түріне жатады, антиген реакциясы салдарынан аллергиялық реакцияның қабыну медиаторлары бөлініп шығады (гистамин, сиротанин және т.б.). Олар тегіс мускулатураның және тамырлардың эндотелиіне әсер етіп аллергиялық талықсудың клиникалық симптоматикасын береді. Анафилактикалық талықсудың дамуына дәрілік заттың дозасы және енгізу әдісіне тікелей байланысты. Дәрілік заттың аз дозасыда да талықсудың да­муына әсерін тигізеді, мысалы: дәріні мұрынға, коньюктивальды қабына тамызғанда, аэрозольтерапия бөлмесінде ауада дәрілік заттардың, буының болуында байқалады. Дәрілік заттарға жоғары сезімталдығы бар науқастарға терілік сынамаларды өткізу өте қауіпті.

Бастапқы симптомдары дәрілік заттарды енгізіп инені суыра бергенде немесе 10-20 мин. кейін пайда болуы мүмкін. Бастапқы реакциясы беттің, қолдың, бастың терісінің және тілдің шаншып, қыши бастағанынан білуге болады кейін дене ысып, қол-аяғы жансызданып, үдемелі әлсіздік қосылады. Науқастар өзінің тұншығып, ентіге бастағанын және кеудесінің ауыра бастауын, басының айналғанын сезінеді. Суық тер бөлініп, ауызы құрғап, беттің қызаруы бозғылт түске ауысады. Тыныс алуы жиіленіп, шуыл бола­ды. Жүрек-қан тамыр жүйесінің жетіспеушілігі пайда болады. Кейбір жағдайда теріде бөртпелер, беттің, кабақтың, көмекейдің және дененің басқа бөліктерінде ангио-невротикалық ісінуі пайда болады. Абдоминальды криз және жүрегінің айнуы, лоқсу пайда болады. Ауыр түрінде науқастың есінен тануы; терминальды сатысында жүректің және тыныс алудың тоқталуы мүмкін.

Емдеу. Жедел түрде бұлшық етке немесе тері астына адреналин ерітіндісінің 0,1% бастапқы дозасы 0,5 мл енгізу қажет. Адреналин ерітіндісін физиологиялық ерітіндісінде препаратты енгізген жерден салған жөн. Бақылауға алынатын көрсеткіштер тамырдың соғуы, тыныс алу, артериялық қысым. Аллергиялық реакцияның әсерін бәсендету үшін, антигнстаминді препараттарды енгізіледі: супрастиннің 1% ерітіндісі 1- 2мл немесе пипольфеннің 2,5% ерітіндісіне 2-3 мл, димедролдың 1% ерітіндісін 2-3 мл бұлшық етке енгізіледі (талықсудың ауыр түрінде көк тамырға енгізіледі): кальций хлоридінің 10% ерітіндісін 10-20 мл немесе кальций глюконатын көк тамырға, сонымен қатар стеройдты гормондарды қолданады: преднизалонның 60 - 90 мг немесе дексаметазонның 4-8 мг көк тамырға енгізіледі. Көмекейдің ісінуі салдарынан тыныс алу жолдарының өтімділігі төмендегенде немесе қажет болғанда жиналған секреттерді сорып алу немесе қажет болғанда жиналған секреттерді сорып алу немесе трахеостомия жасайды. Ауыр дәрежедегі жағдайды бәсеңдету, алдымен оттекті терапия жүргізген тиімді. Көрсеткіштер бойынша өкпенің жасанды вентиляциясын тыныс алу аппараттармен жүргізеді. Бронхоспазмның айқындалған дәрежеде болған кезінде көк тамырға эуфиллиннің 2-4% ерітіндісін 10 мл енгізеді, ал тері ас­тына эфердриннің 5% ерітіндісін 1 мл салынады. Артерия­лық қысымды бір калыпты ұстап тұру үшін, қан тамыр тарылтатын ерітінділерді қолданаду: бұлшык етке мезатонның 1% ерітіндісін 1 мл көк тамырға 20 мг допаминнің тамшысын глюкозаның 5% ерітіндісіндегі түрін. Егерде анафилактикалық талқысу пеницилиннен болған жағдайда, онда бірінші терапиялық шаралар: бұлшық етке натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіндегі - 2 мл пенициллиназаның 1 млн. бірлігі салынады.

Анафилактикалық талықсудың бәсендеген кезіндегі жедел түрде стационарға түсіріледі. Анафилактикалық талықсудың алдын алу шаралары. Дәрілік аллергиялық реакцияның алдын алу болып, негізгі орын алатын наукастың жанұялық және өзіндік анамнезін дұрыс жене мұқият жинау. Дәрігер кез келген дәрілік пре­паратты тағайындар алдында, науқастан бұрын емделгенде және кандай асқынулар байқалды (анафилактикалык талықсу,крапивница, дерматиттер).

1. Аллергиялық анамнезі бар науқастарда ауру тарихында белгі парағында «аллергия» деген штамп қойылады және аллергиялық, реакция шақыратын дәрілік заттың аттары жазылады. Бөлім меңгерушісі үнемі белгі парағының жазылып отыруын тексеріп кадағалап отырады

2.Анамнезінде жоғары сезімталдылығы бар науқастарда аллергия шақыратын дәрілік затты қолдануға тырыспау кажет.

3. Емдеу курсін жасаған кезінде бірнеше дәрілік заттар­ды бір мезгілде тағайындауға болмайды.

4. Дәрілік заттарға жоғары сезімталдылығы бар нақастарға тері ішілік сынамаларды өткізу өте қауіпті,сондықтан лико-лизис тапсырған жөн болады.

5. Дәрілік заттарға жоғары сезімталдылығы бар науқастарға дәрілік препараттарды тағайындар бұрын дәрігер аллергологпен кеңес ала отырып қолдану қажет.

6. Инъекция жасағаннан кейін науқасты 10-20 мин. бақылауда болады.



7. Анафилактикалық талықсу кезінде жедел көмек көрсету үшін, дәрігерлер арнайы дайындыктаң өтіп, көмек көрсете білуі қажет.

8. Барлық өткізілетің хирургиялық және басқа да бөлмесінде анафилактикалық, талықсу кезінде көрсетілетін көмекке керекті дәрі-дәрмектер жиынтығы болу қажет, әр бөлмеде жеке.



Тақырыпқа байланысты тест сұрақтары


  1. Дәрігер, науқастың 36-шы тісін жұлуға мандибулярлы жансыздандыруды ауыз қуысы сыртынан жүргізген. Ине шаншатын нысана нүктені көрсетіңіз.

  1. жоғарғы жақсүйегінің төмпешігінен

  2. Егоров әдісімен

  3. төменгі жақсүйек бұрышы астынан

  4. төменгі жақтың төмпешігінен

  5. траго- орбитальды сызық бойымен




  1. Үштармақты нервтің үшінші бұтағын жансыздандыру орны.

  1. ұйқы тесігінен

  2. дөңгелек тесіктен

  3. менталды тесіктен

  4. сопақ тесіктен

  5. көз асты тесігінен




  1. Төменгі жақ нервісінің қозғалтқыш талшығынан блокада жасау.

  1. тыртықты контрактурада

  2. бетсүйек сынығын орына келтіруде

  3. қабыну контрактурасында

  4. жақсүйегінің сынуында

  5. төменгі жақсүйегінің орнынан тайуында




  1. Науқастың 36-шы тісін жергілікті жансыздандырумен жұлғаннан кейін ауызын ашуы шектелген. Себебін түсіндіріңіз.

  1. альвеолярлы нерв зақымданған.

  2. тіл нервісі зақымданған

  3. сүйек қабығы зақымданған

  4. медиалды қанат-жақ бұлшық еті зақымданған

  5. латералды қанат- жақ бұлшық еті зақымданған




  1. Науқастың 16-шы тісін жұлу үшін, тубералды анастезия жүргізіледі. Қандай асқынулар болуы мүмкін.

  1. қан тамыр зақымдануы

  2. тіл нервісі зақымдануы

  3. сүйек қабығы зақымдануы

  4. медиалды қанат-жақ бұлшық еті зақымдануы

  5. латералды қанат- жақ бұлшық еті зақымдануы




  1. Жоғарғы жақтың ортаңғы альвеолярлы нервісін жансыздандыруда жүргізілетін анастезия әдісін атаңыз. Қандай жергілікті асқынулар дамуы мүмкін.

  1. ит ойығы тіндерінің зақымдануы

  2. ымдау бұлшық етінің зақымдануы

  3. көз асты аймағы қантамырының зақымдануы

  4. науқастын есінен тануы

  5. анафилактикалық шоктың дамуы




  1. Науқасқа мандибулярлы анастезия жүргізгеннен кейін ауызының ашылуы шектелген. Себебін түсіндіріңіз.

  1. медиалды қанат-жақ бұлшық еті зақымдануы

  2. латералды қанат- жақ бұлшық еті зақымдануы

  3. көз асты нервісі зақымданған

  4. ымдау бұлшық еті зақымданған

  5. сүйек қабығы зақымдануы




  1. Инфраорбиталды анестезияда қандай нерв бұтақтары зақымданады.

  1. алдынғы жоғарғы альвеолярлы нерв

  2. жоғарғы артқы альвеолярлы нерв

  3. жоғарғы алдынғы және ортанғы альвеолярлы нервтері

  4. таңдай -мұрын нервісі

  5. бет-құлақ нервісі




  1. Мандибулярлы анестезияны аподактильды әдіс бойынша жүргізуіндегі ине

  1. қанатша жақ қатпары

  2. күрек тістік бүртік

  3. кіші азу тістері деңгейінде

  4. үлкен азу тістері деңгейінде

  5. төменгі жақсүйегінің төмпешігінде




  1. Төменгі жақ нервісінің қозғалтқыш талшығын П.М.Егоров әдісімен жансыздандырғанда тінге ине қадау бұрышы қанша

  1. 50-60 бұрыш жасап

  2. 60-75 бұрыш жасап

  3. 10-20 бұрыш жасап

  4. 30-40 бұрыш жасап

  5. 100-120 бұрыш жасап




  1. Жоғарғы жақ нервісін С.Н.Вайсблат тәсілімен бетсүйегі-қанатша жолымен жансыздандыруда ине қанша тереңдікке енгізіледі

  1. 5-8 см

  2. 1-2 см

  3. 4-6 см

  4. 7-10 см

  5. 10-12 см




  1. Жоғарғы жақ нервісін С.Н.Вайсблат әдісімен бет сүйегі асты арқылы жансыздандырғандағы иненің бағыты

  1. төменнен жоғары қарай

  2. арттан алға қарай

  3. артқа және ішке қарай

  4. оңнан солға қарай

  5. солдан оңға қарай

  1. Төменгі жақ нервісінің қозғалтқыш талшығын Берше әдісімен жан­сыздандырғандағы иненің тінге ену тереңдігі

  1. 1-1,5см

  2. 2- 2,5 см

  3. 7-8 см

  4. 3-3,5 см

  5. 6-6,5 см




  1. Төменгі жақ нервісін С.Н.Вайсблат әдісімен жансыздандырғанда анестетиктің шоғырланатын орны

  1. дөңгелек тесік деңгейінде

  2. сопақ тесік деңгейінде

  3. үлкен таңдай тесігі деңгейінде

  4. көз асты тесігі деңгейінде

  5. төменгі жақ тесігі деңгейінде




  1. Үшкіл нервтің екінші бұтағын қай аймақта жансыздандырамыз

  1. дөңгелек тесік деңгейінде

  2. сопақ тесік деңгейінде

  3. мандибулярлы тесік деңгейінде

  4. самай шұңқырында

  5. самай асшы шұңқырында




  1. Үшкіл нервтің үшінші бұтағы қай аймақта жансыздандырылады

  1. сопақ тесік деңгейінде

  2. дөңгелек тесік деңгейінде

  3. самай шұңқырында

  4. самай асты шұңқырында

  5. менталды тесік деңгейінде

  1. Вайсблат әдісімен үшкіл нервтің екінші бұтағын жансыздандыру­дағы

  1. траго-орбиталды сызықты тең бөлген нүкте

  2. құлақ түймешігінен алға 1,5 см

  3. бет сүйегінен 2,5 см төмен

  4. төменгі жақсүйегі қырынан 0,5 см төмен

  5. қанатша жақ қанаттарының латералды қырынан 0,5 см артқа




  1. Мандибулярлы аподокстилді анестезияда ине шаншатын нысана нүкте

  1. үшінші азу тісінің шайнау бетінен 0,75см жоғары қанат жақ қатпарына

  2. үшінші азу тісінің шайнау беті деңгейінде

  3. жоғарғы үшінші азу тісінен 0,5см төмен қанат-жақ қатпары

  4. қанат-жақ қатпарын теңге бөлген нүктесіне

  5. ұрт кілегей қабығына перпендикуляр




  1. Тубералды анестезиясын ауыз қуысы ішілік тәсілмен жасағандағы ине шаншитын нысана нүкте

  1. жоғарғы жақтың өтпелі қатпарынан 0,5см төмен 2 жөне 3 моляр аралығынан кілегей қабыққа

  2. жоғарғы жақтың өтпелі қатпарынан 0,5см төмен 1 жөне 2 моляр аралығынан кілегей қабыққа

  3. жоғарғы жақтың өтпелі қатпарына 1 моляр деңгейінде

  4. төменгі жақтың өтпелі қатпарынан 0,25см төмен 2 жөне 3 мо­ляр аралығынан кілегей қабыққа

  5. төменгі жақтың өтпелі қатпарына 1 жөне 2 моляр аралығынан




  1. Инфраорбиталды анестезияда ине шаншитын нысана нүкте /ауыз ішілік

  1. жоғарғы жақтың өтпелі қатпарына ортаңғы күрек тіс деңгейінде

  2. жоғарғы жақтың өтпелі қатпарына ортаңғы күрек тістері ара­лығынан

  3. жоғарғы жақтың өтпелі қатпарына бүйірлік күрек тісі деңгейінде

  4. таңдай тесігі деңгейінен 0,5 см алға

  5. жоғарғы жақтың өтпелі қатпарынан 0,5 см жоғары орталық және бүйір күрек тістері аралығынан




  1. Таңдай анестезиясында ине шаншатын нысана нүкте

  1. қатты таңдайдың кілегей қабығына екінші моляр деңгейінде

  2. таңдай тесігі проекциясынан 1см артқа және сыртқа

  3. таңдай тесігі проекциясынан 1см артқа және сыртқа

  4. таңдай тесігі проекциясынан 0,5см артқа және ішке

  5. таңдай тесігі проекциясынан 0,5см артқа және ішке




  1. Интралигаментарлы жансыздандырудың көрсеткіштері

  1. төменгі және жоғаргы жақ тістерінің пульпиттерін емдеуде

  2. тек төменгі жақ тістерін жұлуда

  3. төменгі және жоғаргы жақ тістерін жұлуда

  4. төменгі және жоғаргы жақ тістерінің тіс жегілерін емдеуде

  5. тек жоғарғы жақ тістерін жұлуда




  1. Мандибулярлы анестезия саусақ арқылы жасағанда /ауыз қуысы ішілік/ ине шаншатын нысана нүкте

  1. үшінші молярдың шайнау бетінен 0,75-1,0см жоғары самай ай­даршығынан ішке

  2. үшінші молярдың шайнау бетінен 1,5см жоғары самай айдар­шығынан алға және сыртқа

  3. үшінші молярддың шайнау бетінен 2,0см жоғары самай айдар­шығынан алға

  4. үшінші молярдың шайнау беті деңгейінде самай айдаршығынан ішке

  5. үшінші молярдың шайнау беті деңгейінде самай айдаршығынан сыртқа




  1. Жоғарғы жақтың 1-ші үлкен азу тісін жұлу кезіндегі жансыздан­дыру

  1. тубералды

  2. тубералды және таңдай

  3. тубералды және күрек тісті

  4. күрек тісті және көз асты

  5. көз асты және таңдай




  1. Төменгі жақтың 1-ші үлкен азу тісін жұлу кезінде қолданатын жансыздандыру

  1. мандибулярлы

  2. тубералды

  3. менталды

  4. мандибулярлы және инфильрациялы

  5. таңдай




  1. Өткізгіштік анестезия жасағанда қанша уақыттан кейін жансызда­ну басталады

  1. 1 мин

  2. 25 мин

  3. 10-15 мин

  4. 30 мин

  5. 60 мин

  1. Инфраорбиталды анестезияда қандай нерв жансызданады

  1. мұрын-таңдай

  2. үлкен таңдай

  3. жоғарғы артқы альвеолалы бұтақтары

  4. жоғарғы алдыңғы альвеолалы бұтақтары

  5. жоғарғы алдыңғы альвеолалы бұтақтары және жоғарғы ортаңғы альвеолалы бұтақ




  1. Күрек тісті анестезияда қандай нерв жансызданады

  1. мұрын-таңдай

  2. мұрын-таңдай және көз асты

  3. үлкен таңдай

  4. жоғарғы алдыңғы альвеолалы бұтақ

  5. жоғарғы артқы альвеолалы бұтақтары




  1. Мандибулярла анестезияда қандай нерв жансызданады

  1. төменгі альвеолалы

  2. төменгі альвеолалы, тіл және ұрт

  3. төменгі альвеолалы жөне тіл

  4. иек асты

  5. шайнау




  1. Торусалды анестезияда қандай нерв жансызданады

  1. төменгі альвеолалы

  2. төменгі альвеолалы жөне тіл

  3. төменгі альвеолалы, тіл жөне ұрт

  4. иек асты

  5. шайна




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет