Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнi


Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бюджеттік субсидияларды беруге үміткер ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер мен талаптар



бет2/19
Дата22.06.2016
өлшемі0.68 Mb.
#153705
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бюджеттік субсидияларды
беруге үміткер ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерге қойылатын
өлшемдер мен талаптар


Р/с №

Субсидиялау бағыты

Өлшемдер мен талаптар

1

2

3

1.

Ірі қара малдың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу

1. Барлық малдарда бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және олардың АЖС-да тіркелуі.
2. Ірі қара малдың барлық мал басының АТЖ-да тіркелуінің болуы.
3. Өсімін молайту үшін пайдаланылатын тұқымдық бұқаларға асыл тұқымды куәліктерінің болуы.
4. Тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малды өсірумен айналысатын тауар өндірушілер үшін қосымша:
1) зоотехникалық нормативтерге сәйкес етті бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды шағылыстыру кезеңі бойында және ротациялауда өсімін молайтуға пайдалану және бұрын өсімін молайту үшін пайдаланылмаған етті бағыттағы бірінші және екінші санаттағы тұқымдық бұқаларға алмастыру (отыз бас шағылыстыру контингентіне бір бұқадан кем емес, бұқаны қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау);
2) АЖС үзіндісіндегі ақпаратпен расталатын өсімін молайту үшін пайдалануға жол бермеу мақсатында осы тауарлы табынның барлық тұқымсыз бұқаларын піштіру;
3) алынған бұқашықтардың жартысынан кем емесін бірінші және екінші деңгейлі өндірістегі бордақылау алаңдарына және/немесе дайындау ұйымдарына өткізу (буферлық аймақтарда орналасқан аудандардан басқа).
5. Етті және сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал басын өсірумен айналысатын тауар өндірушілер үшін қосымша:
1) мал басын тиісті тұқым бойынша Республикалық палатада тіркеу;
2) тиісті тұқым бойынша Республикалық палатаның немесе тиісті тұқым бойынша Республикалық палата ұсынған жеке және заңды тұлғалардың консалтингтік сүйемелдеуі;
3) етті мал шаруашылығында:
бірінші санаттағы асыл тұқымды мал табыны үшін - шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған бірінші санаттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен қолдан ұрықтандыруда пайдалану және/немесе өсімін молайтуда тиісті тұқым бойынша Республикалық палата ұсынған, ұрпағының сапасы бойынша бағаланған бірінші санаттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану;
екінші санаттағы асыл тұқымды мал табыны үшін - шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған бірінші санаттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен қолдан ұрықтандыруда пайдалану және/немесе өсімін молайтуда тиісті тұқым бойынша Республикалық палата ұсынған, ұрпағының сапасы бойынша бағаланған бірінші санаттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану;
4) сүтті мал шаруашылығында – шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған және тиісті тұқым бойынша Республикалық палата ұсынған бірінші санаттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100 % қолдан ұрықтандыруда пайдалану.

2.

Қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу

1. Барлық малдарда бірдейлендіру нөмірлерінің және олардың АЖС-да тіркелуінің болуы.
2. Қойдың барлық мал басының АТЖ-да тіркелуінің болуы.
3. Қойдың 300 бастан кем емес аналық мал басының болуы.
4. Тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойды өсірумен айналысатын тауар өндірушілер үшін қосымша:
1) асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды шағылыстыру кезеңі бойында зоотехникалық нормативтерге сәйкес және өсімін молайту үшін пайдалану және бұрын өсімін молайтуға пайдаланылмаған асыл тұқымды қошқарларды алмастыру (шағылыстыру контингентінің отыз басына бір қошқардан кем емес, тұқымдық қошқарды қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау) немесе аналық мал басын өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық қошқарлардың ұрығымен қолдан ұрықтандыруды пайдалану;
2) АЖС үзіндісіндегі ақпаратпен расталатын өсімін молайту үшін пайдалануға жол бермеу мақсатында осы тауарлы табынның барлық тұқымсыз бұқаларын піштіру;
3) қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін технологиялық жабдықтың болуы немесе дистрибьютерлік орталықпен бірлесе отырып қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды пайдалану (қолдан ұрықтандыруды пайдаланған кезде).
5. Асыл тұқымды қойларды өсірумен айналысатын тауар өндірушілер үшін қосымша:
1) шаруашылық өсіретін қой тұқымы бойынша маманданған бейінді ғылыми ұйымның немесе ғалымның консалтингтік сүйемелдеуі;
2) аналық мал басын өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық қошқарлардың ұрығымен қолдан ұрықтандыруды пайдалану және/немесе өсімін молайтуда өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды пайдалану;
3) қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін технологиялық жабдықтың болуы немесе дистрибьютерлік орталықпен бірлесе отырып қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды жүргізу (қолдан ұрықтандыруды пайдаланған кезде).

3.

Маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу

1. Есептік жылдың 1 қаңтарында маралдардың (бұғылардың) мал басының 300-ден кем емес болуы.
2. Асыл тұқымды тұқымдық аталықтарды шағылыстыру кезеңі бойында және ротациялауда зоотехникалық нормативтерге сәйкес өсімін молайтуда пайдалану (шағылыстыру контингентінің отыз басына бір аталықтан кем емес, тұқымдық аталықты қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау).
3. Бейіндік ғылыми мекеменің немесе марал (бұғы) өсіруде маманданған ғалымның ғылыми-консалтингтік сүйемелдеуінің болуы.

4.

Бал ара ұясымен  селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу

1. Есептік жылдың 1 қаңтарында бал ара ұяларының 100-ден кем емес болуы.
2. Бейіндік ғылыми ұйымның немесе бал араларын өсірумен айналысатын ғалымның ғылыми-консалтингтік сүйемелдеуінің болуы.

5.

Тауар өндірушілердің асыл тұқымды және селекциялық  ірі қара малды сатып алуы

1. Сатып алатын ірі қара малдың жасы оларды тауар өндірушіде карантинге қойған сәтте: қашарлар – 18 айдан, құнажындар және бұқалар – 26 айдан аспайды.
2. Зоотехникалық қырылу нормасының шегінде өсімін молайту мақсатында сатып алынған асыл тұқымды аналық мал басын кемінде екі жыл, асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды – кемінде екі шағылыстыру маусымында пайдалану (жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өсімін молайту үшін сатып алынған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды есепке алмағанда).
3. Табынды өсімін молайту үшін сатып алынған ірі қара малды тек Қазақстан Республикасының аумағында үш жыл ішінде пайдалану.
4. Асыл тұқымды ірі қара малды өсірумен айналысатын тауар өндірушілер үшін қосымша:
1) тиісті тұқым бойынша Республикалық палатаны немесе тиісті тұқым бойынша Республикалық палата ұсынған жеке және заңды тұлғаларды консалтингтік сүйемелдеу;
2) етті мал шаруашылығында:
бірінші санаттағы асыл тұқымды мал табыны үшін - шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған бірінші санаттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен қолдан ұрықтандыруда пайдалану және/немесе өсімін молайтуда тиісті тұқым бойынша Республикалық палата ұсынған, ұрпағының сапасы бойынша бағаланған бірінші санаттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану;
екінші санаттағы асыл тұқымды мал табыны үшін - шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған бірінші санаттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен қолдан ұрықтандыруда пайдалану және/немесе өсімін молайтуда тиісті тұқым бойынша Республикалық палата ұсынған, ұрпағының сапасы бойынша бағаланған бірінші санаттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану;
3) сүтті мал шаруашылығында – шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған және тиісті тұқым бойынша Республикалық палата ұсынған бірінші санаттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100 % қолдан ұрықтандыруда пайдалану.

6.

Тауар өндірушілердің асыл тұқымды қойларды, жылқыларды, түйелерді, шошқаларды және маралдарды сатып алуы

1. Сатып алынатын асыл тұқымды малдың жасы сатып-алу/лизингілеу шартты жасасқан сәтте мынадай жастан аспайды:
қойлар: тұсақтар – 18 айға дейін; қошқарлар – 18 айға дейін; жылқылар: байталдар – 3 жасқа дейін; сәуріктер – 5 жасқа дейін; түйелер: аналықтар – 3 жасқа дейін; аталықтар – 5 жасқа дейін; шошқалар: аналықтар – 12 айға дейін; аталықтар – 14 айға дейін; маралдар аналықтар – 18 айға дейін, аталықтар (алғаш төлдегендер) – 24 айға дейін.
2. Асыл тұқымды малды отандық және шетелдік асыл тұқымды зауыттардан және шаруашылықтардан сатып алу.
3. Зоотехникалық қырылу нормалары шегінде сатып алынған асыл тұқымды аналық мал басын өсімін молайту мақсатында кемінде екі жыл, асыл тұқымды тұқымдық аталықтарды – кемінде екі шағылыстыру маусымында пайдалану.

7.

Тауар өндірушілердің ата-енелік нысандағы отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан тәуліктік балапандар мен етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқаны сатып алуы

1. Ата-тектік, ата-енелік нысандары бар отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан асыл тұқымды тәуліктік балапандарды және ата-енелік нысандағы етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқаны сатып алу.
2. Торда немесе еденде күтіп-бағу үшін технологиялық жабдықтың болуы.

8.

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды етті, сүтті және қос бағыттағы тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуы

1. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған жалпы табында осы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану жөніндегі елді мекен тұрғындары жиынын өткізу.
2. Асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды зоотехникалық нормативтерге сәйкес табында өсімін молайтуда пайдалану (қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық емес).
3. Оларды өсімін молайту үшін пайдалануға жол бермеу мақсатында осы жалпы табынның барлық тұқымсыз бұқаларын піштіру.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын 
дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнi
өнiмдiлiгi мен өнім сапасын  
арттыруды жергілікті бюджеттерден
субсидиялау қағидаларына   
3-қосымша          


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет