Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық



бет3/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Орталық қызметінің принциптері:
Ұлттық мәдениет, құндылықтар мен дәстүрлердің сабақтастығы;
● Үдерістің гуманистік бағыттылығы;
● Ата-аналарға дифференциалды және жекелей қолдау көрсету;
● Заманауи ғылым мен тәжірибенің озық үлгілерін пайдалану;
● Әлеуметтік серіктестікке басымдық беру, ресурстық ұйымдар мен білікті сарапшыларды тарту;
Орталықтың қызметі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналардың және балалардың басқа да заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.
Бүгінгі таңда әр отбасына өз әлеуетін ашуға көмектесу, ата-аналардың алдында тұрған мәселелерді шешуге жәрдем беру маңызды. Бұл жағдайда келесі факторларды ескеру қажет:
1. Әр отбасының мықты жақтары мен маңызды практикалық дағдылары бар.
2. Ауызбіршілігі күшті отбасы кез келген қиындыққа төзімді болады.
3. Тіпті қиын кезде де ата-аналардың көпшілігі балаларын жақсы көреді және оларға қамқорлық жасайды.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау Орталығының бағдарламалары балаларды тәрбиелеу және дамыту бойынша ата-аналық міндеттерді орындауды жеңілдетуге, ата-аналар мен балалардың нақты өмірде кездесетін мәселелерін шешуге ықпал етуге арналған. Тыңдаушыларына отбасының әлеуетін ашуға арналған идеялар мен құралдар, сондай-ақ балалармен табысты қарым-қатынас жасау, жеке тұлғаны дамыту үшін қолайлы орта құру тәсілдері ұсынылады.
Қатысушы ата-аналар балалардың мінез-құлқының қалай өзгертетінін біледі, баланың мінез-құлқындағы қажетті өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін әдістерді үйренеді. Ата-аналар балаларымен қарым-қатынастың экологиялық таза тәсілдерін меңгереді, бір-бірін тыңдау және есту қабілетін дамытады, балалардың өздерін қауіпсіз сезінуіне көмектесетін шектеулерді қалай қою керектігін түсінеді, отбасындағы қарым-қатынасқа жаңа көзқараспен қарайды.
Орталықтың тақырыптарымен танысу бойынша болатын кездесулер және ата-аналардан алынатын сауалнама осы жылдың 15 қыркүйегіне дейінгі кезеңде әр түрлі жастағы: 1-4 сынып; 5-9 сынып; 10-11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін жүргізіледі.
Әр бағдарлама жылына сегіз сабақты қамтиды, олардың екеуі үшеуі мектептің өзіне қатысты мәселелер мен тақырыптар бойынша өткізілуі мүмкін.
Орталықтың сабақтары кестеге сәйкес, әр түрлі формаларды қолдана отырып, жеке өткізіледі.
Орталықтың қызметіне белсенді ата-аналарды, аға буын өкілдерін тарту көзделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет