Атмосфералық ауаны қорғаудағы стандарттар жүйесі. Атмосфералық ауаны қорғау



бет2/3
Дата29.03.2024
өлшемі19 Kb.
#496963
1   2   3
атмосфералық ауа

Құрғақ шаң аулағыштар (циклондарды, шаң басатын камераларды тазалайды) - бұл құралдар үлкен және ауыр көлемдегі шаңнан механикалық тазарту үшін қолданылады. Жұмыс реті - орталық күштің және тартылыс күшінің әсерімен бөлшектерді шөктіреді. Шаңданған газ түтікше арқылы циклонға келеді (20.2. сурет), одан кейін ол қорап айналасында айналып – түсу қозғалысын жасайды. Шаң бөлектері циклон қабырғасына соқтығысып, кейін төменге шаң жинағышқа (бункерге) түседі. Осы жерде автоматты түрде жойылады. Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында топтық (бактериялы) циклондаар қолданылады.
Дымқыл шаң аулағыштар су құюды қажет етіп, жұмыс реті бойынша тартылыс күші және броун қозғалысының әсерімен шаң бөлшектерін тамшы жоғарысына шөктіреді. Тәжірибеде ең көп қолданылатыны Вентури скрубберлері (20.3.сурет). Ол 2мкм көлемдегі бөлшектерді 99% дейін тазалап, барлық дымқыл шаң аулағыштар секілді тазалау кезінде жарылғыш заттар мен жанғыш газдармен ауыспайды.
Фильтрлер  (талшықты, қиыршықты) 0,05 мкм-ге дейінгі аздисперлі шаң бөлшектерін ұстап қала алады. Әсіресе «Сульфон -Т» түріндегі фильтр өте тиімді. Ол синтетикалық мақта талшығынан 250-3000С жоғары термобағанда жасалады. Металь талшықты фильтрлер (8000С дейін), және де ФПП және ФПА талшық түріндегі фильтрлер жоғары тазалау дәрежесін береді.
Электрофильтрлер – 0,01 мкм дейінгі өлшенген газдарды шаң бөлшектерінен тазалауда ең тиімді әдіс. Оның газды тазалаудағы жоғарғы тиімділігі 99,0-99,5% құрайды.Барлық түрдегі электрофильтрлердің жұмыс реті - электродтардың жоғарғы жағындағы шаң-газдар тобының ионизациясына негізделген. Шаңдар теріс зариядты қабылдай сала тұндырғыш электронда қозғала бастайды. Тартылыс күшінің әсерімен сілкіну кезінде электродтарды қоршаған шаң бөлшектері шаң жинағышқа түседі. (10,11 сурет).
Электродтардың кемшілігі – үлкен көлемді электрэнергияны шығынға ұшыратады. Шаңдарды тазалаудың ең тиімді әдісі біріктіру әдіс. Мысалы: батареялы циклонда агломерациялық газдарды вентури скубберіне дейін тазарту өте жақсы нәтиже береді. (Қоршаған ортаны қорғау...1993) Қалдықтарды улы газдар мен бутәрізді қосылыстардан (NO, NO2, SO3 және т.б.) тазалау әдістерін үш негізгі топқа бөлуге болады.

  1. Каталитикалық айналдыру жолын қолданып қосылыстарды сіңіру.

  2. Қалдық қосылыстарын еріткішпен жуу (абсорбциялық әдіс)

  3. Ультракіші кеуекті құрлыммен қатты денелердегі газ тәрізді қосылыстарды сіңіру (адсорбциялық әдіс)

Каталитикалық әдіс көмегімен өндіріс қалдықтарындағы улағыш қосылыстар қоршаған ортадағы жүйеге қосымша 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет