Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. Қазақ философиясының


*  Бұл параграфты жазғанда профессор Ақселеу Сейдімбековтың кейбір пікірлері пайдаланылады



Pdf көрінісі
бет9/57
Дата28.03.2024
өлшемі2.98 Mb.
#496759
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
annotation23044

*
 Бұл параграфты жазғанда профессор Ақселеу Сейдімбековтың кейбір пікірлері пайдаланылады. 


82 
Осылай деп болашақ ұрпағына айтар аманатын бір түйіндеп алады да, қара 
қобызын қолына алып ерлік жырын толғайды ол. Түркі жұртының елдігін 
нығайтқан Баяндур, Қазан сынды билеушілердің парасатын дәріптейді, Бұқаш, 
Ораз, Бисат, Бәмсі-Байрақ сынды ел қорғаған елдердің батырлығын үлгі етеді 
келешекке. Намыс пен ар, ел мен жер, қарыз бен парыз туралы түркілік 
түсініктердің арғы тегін тексергіңіз келсе, Қорқыт жырларын оқыңыз. Осыдан 
он үш ғасыр бұрын емес, күні бүгін жазылғандай отаншылдық рухымен баурап 
алады жаныңды. Әсіресе, «Қорқыт Ата кітабының» он екі жырдың ішіндегі 
соңғысы – Бәмсі-Байрақтың қазасы туралы толғаныс тұтасқан ел іргесінің 
байқаусыз түскен іріткі алауыздықтан ыдырайтыны туралы ауыр ойларға 
жетелейді. 
Сірә, бұл жыр бүгінгі түркі халықтарының, ол замандағы жеке-жеке тай-
палардың арасына алауыздық кіріп, бірі Ұрымға, бірі Қырымға ыдырай бастар 
тұста туса керек. Барша ғұмыры мен ақыл-парасатын түркі елінің бірлігін 
сақтауға жұмсаған Қорқыт Ата мұндай алауыздықтан қатты шошыса керек. 
Сөйтіп, өзінің соңғы жыры «Бәмсі-Байрақты» толғайды. Ал бұл жыр кейін 
халық жадында шыңдала келе «Алпамыс батыр» эпосына айналған. Мына 
қызықты қараңыз: бүкіл түркі халықтарының ата мекенінде қалған қазақтың ең 
танымал екі ерлік эпосы бар. Бірі – «Алпамыс батыр», екіншісі «Қобыланды 
батыр». Ғалымдардың айтуынша, «Қарақыпшақ Қобыланды» жырының 
негізінде ХІV ғасынрдағы ноғай-қазақ арасының ажырауы, яғни, «ел 
айырылған» күйігінің сарыны жатыр. 
Ал VІІ ғасырдан жеткен Қорқыт Ата жырының дерегіне сүйенсек, «Алпа-
мыс» жырының негізіне де біртұтас түркі ұлысының ыдырау оқиғасы арқау 
болған екен. Демек, халық жады туған бауырынан айырылған оқиғаны мәңгі-
бақи ұмытпай, жүрегіндегі жарасын Қорқыт Ата сынды кемеңгерлерінің ау-
зымен болашаққа жеткізіпті. 
Бұл құбылыс бүгінгі күні қайта табысқан барша түркі халықтарының ын-
тымағы мен бауырластығын сөздің қарашығындай сақтау қажеттігін тағы да 
ұғындыра түседі. Қорқыт Ата өсиетінен алар бірінші тағылым – осы. 
Екіншіден, Қорқыт – ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер ғана емес, 
түркілік дүниетанымның мәйегін жасап кеткен ғүлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой 
мәдениетінде өз орны бар философ-гуманист. Зерттеушілер өлімнен қашқан 
Қорқыт философиясын әйгілі шумар эпосы «Гилгамеш туралы жырдағы» 
Гилгамеш әрекетімен салыстырады. Ал, ұлы Мұхаң – Мұхтар Әуезов Қорқыт 
аңызын гректің адамзатқа от ұрлап әкеліп сыйлайтын Прометей туралы 
аңызымен теңестіреді. Қалай болғанда да, мәңгілік өмір жолында күресу, күй 
тілімен ажалды жеңу философиясы әлемдік философиядағы оқшау ой. Алайда 
өмір мен ажал, жан пен тән, пәнилік пен бақилық ұғымдары – түркі 
дүниетанымындағы ең ежелгі де етене ұғымдар. Ежелден табиғатпен етене 
араласып, дүниенің өтпелілігіне, байлық пен бақыттың баянсыздығына күн 
сайын көзі жетіп, осынау әлем жаратылысын оймен саралап үйренген халық 
мәңгілік өмір туралы армандамай тұра алар ма, сірә?! 
Талай дүбірлі оқиғаның қайнаған ортасында болған, еуразия құрлығының 
жартысына жуығын билеген түркі жұртын жырымен де, күйімен де аузына 


83 
қаратқанг, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған туған жұртының 
алауыздығына күйінген Қорқыт Ата ажалдан қашып, мәңгілік өмір іздеп 
дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып 
жатқан адамдарды жолықтырады. Халық аузында тағдырға налығанда, 
күйінгенде, торыққанда айтылатын «Қайда барсаң да Қорқыттың көрі деген сөз 
осыдан қалған. 
Алайда түркі жұртының өршіл рухының символы сынды Қорқыт Ата бұған 
налымайды. Дүниенің кіндігі – өз ата мекені Сырдың жағасына келіп, 
Желмаясының жабуын жарияның бетіне төсеп, үстіне өзі отырып, қара қобы-
зын қолына алады жабу суға батпайды, қобыздан төгілген мәңгілік өмір сарыны 
бір сембейді, жан-жануар біткеннің бәрі дария жағасына жиналып, күй үніне 
елти құлақ түреді. Қорқыт Ата осылайшы жүз жыл бойы Жаналғышты күй 
сазымен маңына жуытпай, Сырдария үстінде өмір жырын толғайды. Тек әл 
жинап алу үшін бір сәт қалғып кеткен кезінде ғана ажал астыртын жылан боп 
кеп, шағып алады. 
Бұл – аңыз. Аңыз болса да, философиялық мазмұны терең, өмірсүйгіштік 
рухы өшпес аңыз. Мұны бүкіл ғұламалары мойындайды. Тек мойындап қоймай, 
түркі жұртының өмір мен өлім туралы түсінігінің әдемігіне, өмірге құштар 
рухының асқақтығына тамсана таң қалады. Мәңгілік нәрсе – өнер, 
шығармашылық, адамның артында қалатын өшпес ізгі ісі. 
Бұл – аңыз. Аңыз болса да, бүкіл түркі жұртының арманы мен мұратын 
бейнелейтін әпсана. Халық көзі тірісінде кемеңгер көшбасшысы болған, көзі 
жұмылған соң да пайғамбар сынды сиынатын піріне айналған киелі бабамызға 
ажалды да жеңгізіп отыр. Дүниедегі қашып құтыла алмас құдірет – ажалдың өзі 
Қорқыт Ата өнерінің алдына кеп тайсақтаған. Міне, Қорқыт туралы аңыздың 
әлем халқын таңдандыратын мәйегі осы. 
Ал, өмір мен өлім туралы Қорқыт Атаның өзі не дейді? Оқып көрелік: 
«Тәңір пендесінің маңдайына не жазса, сол болады. оның жазуынсыз адам 
жамандық көрмейді, ажал келіп өлмейді. Өлген тірілмейді, кеудеңнен жаның 
кетсе, ол қайтіп келмейді. ...Қар қаншама қалың жауғанымен – жазға бармас. 
Гүлденіп өскен бәйшешек – күзге бармас...» 
Кемеңгер бабаның өмір туралы толғамдары осылвй жалғасып кете береді. 
Ойыңа еріксіз түркі жұртының кейінгі даналары Жүсіп Баласағұнның «Құтты 
білігіндегі» 
Кісі мәңгі болмас, мәңгі аты, 
Арыға мәңгі қалар шапағаты - 
деген жолдар, немесе Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түркіндегі» 
Қураған ағаш иілмес 
Қураған шыбық түйілмес - 
деген жолдар, немесе Әбу Насыр әл-Фарабидің мәңгілік парасат туралы ілімі, 
ең соңында, ұлы Абайдың 
Алды үміт, арты өкініш алдамшы өмір, 
Желігін жерге тықпас кісің бар ма?! - 
деген өлең жолдары оралады. Байқап қарасаң, Қорқыт, Баласағұн, Қашқари, әл-
Фараби, Науаи, Низами, Ұлықбек, Иасауи, Абай боп жалғасып кете беретін 


84 
түркі ғұламаларының бәрінің өлім мен өмір, жан мен тән туралы түсініктері 
бірін-бірі толықтырып, тұтас бір түркілік дүниетаным әлемін құрайды. 
Тіпті, Қожа Ахмет Иасауи әулие қанымызға сіңірген ислам философия-
сындағы сопылық ағымның біздің түркілік дүниетанымымызбен ете бауыр-
ласып кетуіне де осы ұғымның жақындығы, түсінік ұқсастығы себеп болған. 
Өмір мен өлім туралы, жер бетіндегі тіршіліктің мәні жайындағы Қорқыт 
Ата философиясының мәйегін ұғынбаған жан ғұмыр бойы адамзатты толған-
дырған осы сауалдардың ақиқатын іздеп, көзі тірісінде хақтың өзімен дидар-
ласуын мұрат тұтқан, сөйтіп, «жер бетінде өлмес бұрын тірі өліп», алпыс үш 
жасында өз еркімен қылуетке түскен, сол жер астында тағы да алпыс үш жыл 
ғұмыр кешіп, қазір бәрімізді таңдандыратын ақыл кітабы «Диуани хикметті» 
жазған Қожа Ахмет Иасауи тағылымын да, оны айтасыз, бүкіл түркі жұртының 
басқалардан өзгешелеу мұсылмандық иманын да түсінбеуі кәдік. 
Расында да, бірі құдіретті күйімен жұз жыл бойы ажалды маңына жолат-
паған, екіншісі көзі тірісінде сол ажалға өз еркімен мойын ұсынып, алпыс үш 
жыл бойы жер астында тіршілік иеткен түркі даласының қос ғұлама ойшы-
лының мұраты да, арманы да түркілік дүниетанымның екі кезеңі, өмір мен өлім 
туралы ұғымның айқын айғағы екені даусыз. Ол мұрат, ол арман – адамзатқа 
жер бетіндегі өмірдің мәнін ұғындыру, адамдар жүрегіне қайсар рух пен кемел 
ізгіліктің дәнін себу, яғни Иасауиша айтсақ, «жүз жыл өмір сүрсе қарымас, жер 
астына кірсе шірімес» асыл қасиеттер датыру. Демек, Қорқыт Атаның өмір 
философиясы Жүсіп Баласағұннан бастап, Қожа Ахмет Иасауиге дейінгі, 
Науаидан бастап Абай Құнанбайұлына дейінгі түркі ғұламаларының 
дүниетанымын түсінудің кілті екен.
Үшіншіден, Қорқыт Ата – қара қобызды түркі жұртының аруақты аспабына 
айналдырған ұлы күйші, бүгінгі тілмен басқашалау айтқанда, түркі саз өнерінің 
негізін қалаушы. «Күй атасы – Қорқыт» дейді қазақ халқы. «Қорқыт Шығыстың 
ең алғашқы бақсы» дейді Шоқан Уәлиханов. Қай пікірде де шындық бар. Күй 
өнері, қобыз тарту үрдісі Қорқыттан басталғаны тарихи шындық болу керек, 
сірә?! Бұл пікірімізге, он үш ғасыр бойы жоғалмай, сиқыры мен сазыне сақтап 
бізге жеткен Қорқыт Атамыздың өз күйлері айғақ. Бұл пікірімізге Қорқыт Ата 
қалыптастырған өзгеше күй мектебінің Кетбұға, Асан Қайғы, Қожеке, Ықылас 
дәстүрлері түрінде жеткені айғақ. Оны айтасыз, әлемдік өркениет тарихында 
тұңғыш музыка энциклопедиясын жазып шыққан Әбу Наср әл-Фараби 
бабамыздың өзі шебер сазгер болған. Бізге жеткен деректер музыка аспабын да 
оның өзі жасап алатынын жазады. Демек, ежелгі оғыз-қыпшақ отанында 
дүниеге кеп, әмбебап білімімен әлемді тамсандырған, батыс-шығыс 
ғұламаларының бәріне Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған әл-
Фараби «Үлкен музыка кітабын» жазарда, сөз жоқ, ата жұртындағы Қорқыт 
қалыптастырған саз өнерінің дәстүрін есіне алды, тіпті, өзі жасаған аспапта 
ойнап та байқаған шығар-ау. Бұл – болжам, бірақ негізсіз емес. 
Төртіншіден, Қорқыт Ата – бүкіл түркі жқртына ортақ имандылық пен 
сыйластық, әдептілік пен ізеттілік өлшемдерін кейінгі ұрпағына өсиет етіп 
кеткен данагөй бабамыз. Қорқыттың бір күйінің шығу төртініне байланысты 
айтылатын «башпай» туралы аңызды есімізге алайықшы. 


85 
...Жүз жыл бойы дария үстінде күйін сызылтып отырған Қорқытқа Ақтамақ 
аталатын қарындасы тамақ әкеп беріп тұрмаушы ма еді? Сол сәтте дария 
үстінде дауыл тұрып, алай-түлей толқын тұрып, су бетіндегі екеудің берекесін 
алмаушы ма еді? Аласапыран шақта Қорқыттың башпайы байқамай қа-
рындасына тиіп кетеді. Осынай әбес оқиғаға қамыққан Қорқыт қапалана 
отырып, «Башпай» күйін тартады. Кейін ұрланып кеп шағып алған ажал-жы-
ланның уынан өлетінін білген сәтте, әлгі арам башпайын қабірінен сыртқа 
шығарып жірлеуді аманат етеді... 
Дүниеде аңыз-әңгіме көп, бірақ дәл осындай биік этикалық талапты ешбір 
елдің аңызынан таппайсың. Түркі жұртының дәстүрлі әдеп-ғұрып өлшемдерінің 
түп негізін, мәні мен қасиетін ұғынғысы келген әрбір адам «Қорқыт Ата 
кітабын» қайта парақтап шықса игі еді. 
VІІ ғасырдан жеткен Қорқыт Ата жырларында әке мен бала, аға мен іні, 
қалыңдық пен күйеу, ер мен әйел арасындағы сүйіспеншілік, бірі үшін бірі жан 
беруге әзірлік қалай жеріне жеткізе суреттелген десеңізші. 
Тіпті, «жауыңның өзін сыйла, опасыздық жасама, намысына тиме» деп 
өсиет айтады Қорқыт баба. 
Жалпы, түркі жұртына ортақ қонақжайлық пен меймандостықтың, иман-
дылық пен адалдықтың түп негізі қайда жатқанын да «Қорқыт Ата кітабынан» 
іздеп табу қиын емес. 
Барша түркі жұртының кемеңгер ойшылы мен гуманисі Қорқыт Ата – 
әлемдік ақыл-ой тарихындағы да оқшау тұлғалардың бірі. Оның философиясы 
өмір философиясы, жер бетіндегі адамзат тіршілігінің мәні, өтпелігі мен 
мәңгілігі туралы ойға батыратын даналық бесігі. «Қорқыт Ата кітабында», 
тіпті, біздің ғасырымыздан бұрынғы «адамзат дүниетанымының елесі бар» 
дейді ғалымдар. Мысалы, Төбекөз дәу туралы аңыз. Біздің заманымыздан 
бұрынғы VІІ-V ғасырларда қазіргі түркі даласына келген гректер бұл аңызды 
кейін өздерінің «Одиссея» жырына қосқан. 
Қорқыт Ата философиясының бүкіл адамзаттық ақыл-ой қазынасымен 
байланысы тек мұнымен ғана шектелмейді. Егер зерделей қарасақ, соңғы екі 
ғасыр бойы әлемдік сананы әжептәуір дүрліктірген батыс философиясындағы 
экзистенциализм ағымының да мәйегінде өлім мен өмір туралы, адам өмірінің 
мәні жайындағы Қорқыт Ата ойларының ұшқыны сияқты. Сондықтан Қорқыт 
Ата мұрасын тереңірек зерттеу, әлемдік философия бастауында тұрған данагөй 
баба есіміне қатысты орындарды қастерлеу тек қазақ халқы немесе түркі жұрты 
үшін ғана емес, барша әлем өркениетінің толыққанды тарихын түзу үшін де 
маңызды. 
Сырбаз сәулетші Бек Ыбыраевтің авторлығымен орнатылған үш қобыз 
бейнелі бұл ескерткіш басында болған жанның Қазақстандағы Сырдариядан 
соққан самалдың ызылы ма, жоқ әлде ғасырлар қойнауынан жеткен күйдің 
ызыңы ма, әйтеуір бір мәңгілік сарынды құлағы шалары хақ. 
Не айтады бұл сарын бізге? Зерделей құлақ түрсек, бұл сарыннан төмен-
дегідей ой түйер едік: егер бүгінгі таңда дербес мемлекеттер шоғырын түзе 
бастаған тұтас түркі жұртының әр өкілі өз елінде ізгілікті қоғам орнату мен 


86 
қарыштап ілгері дамытудың іргетасын іздесе, сол берік іргетас Қорқыт Ата 
мұрасынан бастау алар табиғи етене дүниетаным жүйесі болары сөзсіз. 
Егер біз замандастарымыздың ғана емес, болашақ ұрпақтарымыздың да бір-
біріне арқа сүйер мәңгілік бауыр болып, ынтымақтаса тіршілік етуіне тұғыр 
іздесек, сол мықты тұғыр да Қорқыт Ата аманатына адалдық болмақ. 
Қорқыт жырларындағы отаншылық пен ерлік, ізгілік пен әдептілік, са-
бырлылық пен төзімділік – біздің бәріміздің ата-бабаларымызды қандай қиын 
сыннан да алып шыққан түркілік қанымызда бар асыл қасиеттер. Осы 
болмысымыз бен дүниетанымызды келер ұрпақтарымыз да мәңгілікке жалға-
стырып, адамзат өркениетінің тарихында лайықты орнымызды иелену үшін біз 
Қорқыт Ата мұрасын асқан ұқыптылықпен жинап, жан-жақты зерделеп, 
өскелең буынға үнемі үлгі-өнеге етуіміз қажет. Бүкіладамзаттық ақыл-ой қа-
зынасының шынайы тарихын жасауды мақсат еткен әлем зиялылары да 
дүниежүзілік философия ілімінің атасы сынды Қорқыт баба мұрасын жүйелі 
зерделеуге ат салысады деп сенеміз. 
Сонымен, түркі тайпаларының тарих қойнауындағы ірі тұлғаларының бірі 
Қорқыт Ата біздің халқымыздың рухани мәдениетінің ділдік дәстүрінің белгілі 
бір бағытта өрбуіне үлкен ықпал еткен ғұлама. Оның көтерген рухани 
мәселелері, жеке басының өмір салты талай ұрпаққа өнеге болар деңгейде. Өмір 
мен өлім, тән мен рух, адам мен өнер арасындағы қатынастарды анықтау 
филосо-фияның мәңгі зерттеуге тиісті проблемалары болып табылады. Демек, 
Адам мен Әлемнің ара қатынасының ең күрделі теориялық мәселелері қазақтың 
ежелгі даласында да күн тәртібіне қойылып өз шешімін іздеген. Ғұламалар 
кейде бір тылсым көрегендікпен келесі ұрпағына рухани мұрасын «Ақиқат 
сыйы» ретінде қалдырып отырған. Бұл кереметтің тек терең астарын түсінген 
адам ғана сол бұлақтан сусындап, ақиқаттың нәрлі дәмін тата алады. Ал, енді 
көкейіне тереңдеп бойламаған пенде үшін ол мұраның құндылығы да шамалы, 
рухани әсері де болмайды. 
Әрбір ойшылдың жинақтаған рухани байлығының іргетасын қалайтын 
құндылықтар жүйесі болады. Ол өмірге деген қатынасының өзекжарды бей-
несіне айналады. Міне, сол тұрғыдан алғанда Қорқыт үшін Адам әлеміне ең 
қажетті дүние – Өмір болып табылады. Бұл жерде Өмірді Жер бетінде жәй ғана 
тіршілік етумен шатастыруға болмайды. Әрине, адам өмір сүру үшін алдымен 
тіршілік Иесі болу керек екені белгілі. Бірақ, тіршіліктің де тіршілігі бар. 
Хайуан да, өсімдік те тіршілік етеді. Ал, олардан адами тіршіліктің 
айырмашылығы – оның Өмір деңгейінде өтуінде, яғни қасиетті рухтың берген 
қасиетін әлемге паш етуінде. 
Табиғаттың өз заңдылығымен уақыты болғанда. Тіршілік иесі үшін келетін 
құбылыстың қатарына – Өлімді жатқызу қай халықтың болса да дәстүрлі 
ділінде, мәдениетінде тереңнен орын алған түсінік. Болмыста пайда болған 
нәрсенің үнемі өзгеріске ұшырап, бір күйден екінші күйге ауысып жа-
татындығы – мәңгілік пен уақыт-шалықтың, шектілік пен шексіздіктің ара-
сындағы бай-ланысытың үзілмейтіндігінің белгісі. 
Міне, тіршіліктегі қандай сәтті болса да, тіптен өлімді де мо-йынсұнушы-
лықпен қабылдауға тиістіліктің орнына (мұсылман дінінде бұдан басқаша 


87 
көзқарас күнә болып есептеледі), оның белгілі бір тұрақтылығы тәртібін 
мойындамау және бұл күрделі мәселесінің жаңа шешімін іздеу сияқты тал-
пыныстарды Қорқыт Атаның әрекетінен байқаймыз. Бір қарағанда, қарапайым 
сана тұрғысынан алғанда «Қорқыттың әрекеті» босқа әурешілік сияқты, 
психология тілімен айтқанда «танатафобия» (яғни «өлімнен қорқу» ғана). 
Сондай ұлылық деңгейіне жеткен адам, болмыстың терең жатқан қыр-сырын 
түсінуге тырысқан жан «кезіндегі Сократтың өлімді у ішу арқылы қа-
былдағанын үлгі ете алмағаны ма?» – деген сұрақтың туындауы ғажап емес.
Мәселенің төркіні тереңде жатыр. Бұл Ғаламға кімдер келіп, кімдер кетпей 
жатыр. Гректің ұлы ойшылының іс-әрекеті «мен барда өлім жоқ, өлім бар 
жерде мен жоқпын» деген принциптен туындаса, екінші жағынан бұл өмір үшін 
күрестен бас тарту және сол арқылы әлеуметтік текетірес алдындағы өз беделін 
нығайта түсу әрекеті. 
Әрине, бұл жерде біз ешқандай сынау немесе ұлы философты жазғырудан 
аулақпыз. Ол тіршіліктегі өзінің адамдық еркін таңдау құқығын өз түсінігінше 
пайдаланды. Бұл таңдау – адамның тағдырын қалыптастыратын күш. 
Ал енді Қорқыттың өмір филсофиясы сол қор-қынышқа негізделген жоқ, 
сол өмірді барынша лайықты сүруге оны адам деген атқа сай келетін тұрғыда 
ғана түсінуге, өткізуге шақырады. Қорқыттың өмір сүру тәжірибесі – Жоғарғы 
Рухтың жалпы адамзатқа берген адамша өмір сүрудің рухани үлгісі сияқты. 
Шын тереңдеп түсінген адамға Қорқыттың өмірі арқылы адамның тіршілігі тек 
қана 
шығармашылық 
арқылы 
өмірге 
айналатындығын 
байқатады. 
Шығармашылықтың ең бір жоғарғы көрінісі өнерде. 
Қоқыттың қобызды тартуы – жәй ғана музыкалық дарындылықты таныту 
емес, бұл адамның көп жақты болмысының бір қырын көрсету, сөйтіп, сол 
арқылы Ғаламдағы – Өмір деген суперқұндылыққа жол ашу болып табылады. 
Кімге болсын өмір патшалығында барынша ұзақ қалу үшін. Оған берілген 
рухты шыңдау үшін. Адамдық екі міндетті атқаруы тиіс: біріншісі – Махаббат, 
екіншісі – Шығармашылық. 
Қорқыт Атаның түсіне кіріп, аян берген періштелер оны Шығармашылыққа 
шақырады, бойындағы дарынын әлемге паш етуге жетеледі. Оны тіршіліктегі 
әр түрлі құндылықтырды теріп алуға емес, бойындағы дарынын беруге 
ұмтылдырды. Сондықтан оның күнделікті қара-пайым тіршілігі – нағыз өмірге 
айналды. Соның арқасында Қорқытты қалың түркі елі пір тұтады. 
Қорқыттың әрбір шығармасы жәй ғана орындалған күй емес еді, оның 
әрқайсысы әлемге, өмірге деген махаббаттан туындаған жүрек лебізі (интен-
циясы) болатын. 
Шығармашылықтың болмыстағы көрінісі тек дәстүрлі түсініктегі өнер са-
лаларымен шектелмейді, ол адам болмы-сының, оның әлеуметтік әлемнің 
барлық саласын қамтиды. Тіршілік етуді өнер деңгейіне көтерген адам ғана оны 
Өмір сүру дәрежесіне дейін жеткізе алады. Ал, тіршілікті тек инстинктік 
шамада өрбіту оны өмірде пендешілік ауқымынан шығара алмайды. Өмірдің 
алдымен құндылық екендігін мойындатпайды. Пенде күйкі тірліктің құрбаны, 
құлы болып, қала береді. 


88 
Шын мәнінде өмірдің кез келген сәті. Әрбір адам үшін берілген керемет 
мүмкіндіктерді пайдалана бастауы. Оған немқұрайдылық немесе оны пен-
дешілікке бағындыру адамды «өлім» деген құтқарушысына қарай жетелетеді. 
Бұл Жоғарғы Рухтың заңы. Өйткені жан барынша кірлемеу үшін, пенде түнекке 
қарай құлдырамау үшін тағдыр «өлім» деген көпірдің есігін ашады. Тек біздер 
оған «Ажал» деп ат қойып, көз көріп, үйреніскен жандарымызды қимаймыз. 
Негізінен алғанда жан мен тәннің арасындағы айырмашылық та, бірлік те осы 
болмыстың екі қырының – өлім мен өмірдің байланысын танытады. Тәннің 
уақытша болмысы жалпы табиғаттың ырғаққа толы заңды-лығына бағынады. 
Ал, жанның мәңгілігі оның кіршіксіз таза болуы. Оның рух арқылы дамуы – 
адамға берілген орасан зор жауапкершілік пен сынақ іспетті. Жоғары Рухтың 
Зерде Иесіне сенімінен туындаған баға жетпес сыйы деп бағалауымыз керек. 
Қорқыт көтерген мәңгілік мәселесі – өмірсүйгіштікке шақыру өмірді сүйген 
адам ғана өз ұрпағын адамгершілік негізінде тәрбиелейді, сол арқылы жалпы 
халықтың болашағы алдында өзінің жауапкершілігін түсінеді және перзенттік 
борышын барынша парасаттылықпен, ыждағатты түрде орын-дауға тырысады. 
Адамның тектілігі де, намысының негізгі кейпі де осында жатыр. Тектілікке 
атаққа іліну немесе байлық пен мансап құру жатпайды, керісінше дүниенің 
сырын, оның терең мәнін жүрегіңмен түсініп, ақылыңмен екшеп, айналаңа 
жылуыңды шаша жарқын өмір сүруді жатқызуға болады. Адам жақсы істің 
жалғасын біліп, дүниені көркейтуге өз үлесін қосуы, дарынын шабытпен 
шалқытып, адамдарды біріктіре білсе тектіліктік танытқаны. Бұл болмыста өмір 
сүре білу дегеніміз әлеуметтік шындықтағы қиындықтарды белсенді түрде 
жеңе білу, мүмкіндігінше тіршілікпен үйлесімділікті орнатуға ат салысуы. Бұл 
іс-әрекеттегі ұқыптылық- адамның үлкен Өмірдің алдындағы жауапкершілігі. 
Қорқыттың қалғып кеткен кезінде жыланның шағып өлтіруі кездейсоқ оқиға 
ғана емес. Бұл адамдарға берілген Жоғарғы Рухтың ескертуі «Ешқашанда 
пендешіліктің қызығына түсіп, нәпсінің құлы болмау» қажет-тігіне меңзеген 
дерек деп түсінуіміз керек сияқты. Яғни бұл өмірде кездейсоқ ешнәрсе 
болмайды. Бәрінің ішкі себептері мен мәні бар құбылыстар. 
Ал өмірдің сан түрлі қырын көре білудің өзі тұлғаның жетілгендігінен ақпар 
береді. «Қорқыт жырларында, – деп жазылады «Философия тарихы» деген 
еңбекте, – батырлық пен әсемдік, нәзіктік пен сұлулық қобыз сарынымен 
үндесіп, үлкен бір философиялық ой-арнаға алып келді. Таби-ғаттың тылсым 
күштерін, адам жанының көңіл-күйлерін, сезімін ұлы бабамыздың қобыз 
ішегімен аса бір нәзіктікпен жеткізе білгендігіне қайран қалып отырмыз» /1/. 
Сөйтіп, Қорқыттың өмірдің құндылығын өнерден іздеуі келесі ғасырларда 
Әл-Фарабидің оны ғылым мен білімнен іздеуі мен жалғасады. Бұл түркі 
мәдениетінің жаңа қырын танытады, яғни ол дәстүрлер сабақтастығында 
өзіндік өрнегін тапқан шығыстық өркениеттің бір көрінісі болатын «Шығыстық 
ұстаздың терең ойлы» еңбектері – өмір сүрген кезеңде шығар-машылық арқылы 
үлкен жетістіктерге жетуге болатындығын дәлелдегендей. Бұл Қорқыт 
идеясының жасампаздығының белгісі.
Қорқыттың рухани мұрагерлері өмір құндылығын нағыз Мәндік деңгейге 
дейін көтерді. Әсіресе шығыстық рухани ділімізде, Қожа Ахмет Иасауидың 


89 
орны бөлек. Оның барлық сопылық өмірі Аллаға деген, адамға деген, Ақиқатқа 
деген махаббатты жырлауға арналған. Міне, сөйтіп түркі даласында рухани 
құндылықтардың негізгі жүйесі сонау ерте заманнан-ақ аңғарыла бастаған. 
Ғұламалар өз ұрпағына дұрыс жолды меңзеп, көрсете білген. Сондықтан бұл 
рухани мұралар әлі де терең философиялық зерттеулерді қажет ететін дүниелер. 
Әдебиеттер 
1. Философия тарихы: Оқулық /Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамбетәли – Ал-
маты: Жеті жарғы. 1999 – 288 б (77) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет