Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №156 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі


Әуеайлақтардың радиотехникалық жабдығы



бет6/22
Дата12.06.2016
өлшемі10.35 Mb.
#129916
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

4. Әуеайлақтардың радиотехникалық жабдығы
ILS метрлік аралық толқындарда істейтін қондыру жүйесі
      305. І, ІІ, ІІІ санаттағы қонуға нақты кірудің ҰҚЖ-ы 50-қосымшаға сәйкес радиотехникалық жабдықпен жабдықталуы тиіс.
      306. Жер үсті жабдығының құрамына:
      1) бағыттық радиомаяк (БРМ);
      2) глиссадалық радиомаяк (ГРМ);
      3) маркерлік радиомаяктар, жақын маркерлік радиомаяк, жақын және алыс маркерлік радиомаяк;
      4) қашықтан басқару, бақылау және сигнал беру жабдығы кіруі тиіс.
      Жақын және/немесе алыс маркерлік радиомаяктардың орнына алыс өлшегіш жабдықты DME/N пайдалануға болады, бұл ретте DME/N қонуға кіру траекториясымен және қашықтық туралы ақпараттар қажет етілетін нүктелердегі DME/N бағытымен қалыптасатын, 200-тен аспайтын бұрышта орнатылуы тиіс.
      ІІ және ІІІ санаттағы қонуға нақты кіру ҰҚЖ-ын қамтитын және ҰҚЖ табалдырығының алдында жергілікті жердің күрделі рельефі бар әуеайлақтарда қону жүйесінің құрамына қосымша ішкі маркерлік радиомаяк кіргізіледі.
      Жақын (алыс) маркерлік радиомаяк мақсаты бойынша ХААҰ терминологиясында қабылданған орташа (сыртқы) үлгісіне ұқсас келеді.
      307. КРМ антеннасы ҰҚЖ осьтік желісінің жалғасына орнатылуы тиіс, ҰҚЖ осьтік желісінің жалғасынан КРМ антеннасының бүйірлік ығысуына жол берілмейді.
      308. ГРМ антеннасынан ҰҚЖ табалдырығына дейінгі қашықтық тірек нүктесінің талап етілетін биіктігі қамтамасыз етілетіндей болуы керек.
      309. Жақын маркерлік радиомаяк нашар көріну жағдайында ӘК экипажын қонуға кіру үшін сырттай көру құралдарын пайдалану жақындығы туралы ақпаратпен қамтамасыз ететін болып орналасуы керек.
      Жақын маркерлік радиомаяктың антеннасы ҰҚЖ-ның табалдырығынан 850 – 1200 м қашықтықта ҰҚЖ-ның осьтік желісінің жалғасына орнатылады. Антеннаның ҰҚЖ-ның осьтік желісінің жалғасынан ауытқуы ± 75 м-ден аспауы тиіс.
      310. Алыс маркерлік радиомаяк ӘК экипажына ұшу биіктігін тексеру мүмкіндігін, ҰҚЖ-нан алыстау және қонуға кірудің соңғы сатысында жабдықтың қызмет етуін қамтамасыз ететіндей болып орналасуы керек.
      Алыс маркерлік радиомаяктың антеннасы ҰҚЖ-ның табалдырығынан 3800 – 7000 м ҰҚЖ осьтік желісінің жалғасында орнатылады. Антеннаның ҰҚЖ-ның осьтік желісінің жалғасынан ауытқуы ± 75 м-ден аспауы тиіс.
      311. Ішкі маркерлік радиомаяк нашар көрінген жағдайда ӘК экипажын ҰҚЖ табалдырығының жақындығы туралы ақпаратпен қамтамасыз ететіндей болып орналастыру керек.
      Ішкі маркерлік радиомаяк ҰҚЖ табалдырығынан 75 – 450 м ҰҚЖ осьтік желісінің жалғасында ӘК-нің қонуға беттейтін жағынан ҰҚЖ-ның осьтік желісінің жалғасында орнатылады. Антеннаның ҰҚЖ-ның осьтік желісінің жалғасынан ауытқуы ± 30 м-ден аспауы тиіс.
      312. Глиссаданың иілуінің номиналды бұрышы 2,5 – 40 шегінде орнатылады. Қоршаған орта жағдайлары 30-ке тең бұрышты орнатуды болдырмайтын жағдайда ғана 30 -тен үлкен бұрыш орнатылады.
      Осы ҚР АА ӘПЖН қолданылатын q әрпі глиссаданың еңкею бұрышын көрсетеді.
      313. І, ІІ және ІІІ санаттағы қону жүйесінің ILS тіректік нүктесінің ҰҚЖ табалдырығының үстіндегі биіктігі (15+ 3/–0) м болуы тиіс.
      314. КРМ дағдарыс аймағының ені ҰҚЖ осьтік сызығынан екі жаққа да 120 м және КРМ антенналық жүйесінен аталған қону бағытының ҰҚЖ табалдырығына дейінгі қашықтыққа тең ұзындығы болуы керек.
      Антенналық жүйенің артқы жарты сферасындағы дағдарыс аймағының ұзындығы жабдықтың нақты түріне пайдалану құжаттамасына сәйкес анықталады.
      315. ІІІВ санаттағы қонуға нақты кіру ҰҚЖ (бағыттарында) ILS курстық маягінің алыс алаңын бақылау жабдығы орнатылуы керек.
      316. Алыс алаңды бақылау аппаратурасы, әдетте, әуеайлақ аумағында орналасуы және бақылаудың біріктірілген құралдарына және жақын алаңды бақылау аппаратурасына қарамастан тәуелсіз қызмет етуі тиіс.
      317. Алыс алаңды бақылау аппаратурасы бағыттық радиомаяктың сигналын бұрмалау туралы бақылау пунктіндегі сигнал беруді және модуляция тереңдігінің және модуляцияның жиынтық тереңдігінің әр түрлі болуының өлшемдері және модуляцияның жиынтық тереңдігі, радиожиілік сигналының деңгейі туралы ақпаратты беру туралы басқару пунктіндегі сигнал беруді қамтамасыз етуі тиіс.
      Басқару пункті ретінде ӘҚҚК диспетчерінің немесе КДП техникалық қызметкерлерінің тиісті жұмыс орны, ал сигналды бұрмалау ретінде – КРМ курсының сызығы орналасуының өзгеруі түсіндіріледі.
      318. ГРМ ILS үшін сыни және сезгіш аймағының өлшемдері анықталуы тиіс. ГРМ –нің дағдарыс аймағы әуеайлақтың ұшу алаңының аумағын қамтуы тиіс:
      1) көлденең бағытта – ҰҚЖ алыс жиегінен бастап ГРМ антенналық жүйесінен 60 м-де ҰҚЖ-на параллельді шартты түрде жүргізілген сызыққа дейін;
      2) бойлық бағытта - ҰҚЖ бүйіржағынан бастап қонудың осы бағытының ЖҚРМ жағына қарай 100 м жүргізілген ҰҚЖ осіне перпендикулярлы шартты сызықтан ГРМ антенналық жүйесінің сырт жағында 120 м қашықтықтағы оған параллельді сызыққа дейін.
      ILS нақты жабдығын әзірлеушінің талалаптарына сәйкес ГРМ-нің қауіпті аймағының конфигурациясы мен өлшемдерін өзгертуге жол беріледі.
      319. Әуеайлақтағы жергілікті жағдайларға байланысты, егер аэронавигациялық тексеру бұл радиомаяктардың кіру параметрлеріне (КРМ және ГРМ) әсер конфигурациялық өзгерістердің әсер етпейтінін растайтын болса, конфигурацияның өзгертілуіне және қону жүйесінің қауіпті аймағы өлшемдерінің азайтылуына рұқсат етіледі.
      Қону жүйесінің қауіпті (немесе жабдықты әзірлеушінің талабы бойынша сезгіш) аймақтарының қондыру жүйелерінің БЖЖ-мен қиылысуы ӘК күту орындарын таңбалау кезінде ескерілуі тиіс.
      Қону жүйесінің қауіпті аймағының әуежай ішілік жолдарымен қиылысатын орындарға «Аялдамай кетуге тыйым салынады» деген жол белгілері мен «РМЖ аймағы. Диспетчердің рұқсатынсыз жүруге тыйым салынады» деген жазуы бар қалқандар орнатылуы тиіс.
      320. ILS қағидаты бойынша жұмыс істейтін КРМ және ГРМ, сондай-ақ МРМ немесе DME/N жүйелері 52-қосымшада айтылған талаптарды параметрлеріне қанағаттандыруы тиіс.
      ГРМ-ді пайдалану мүмкін болмаған жағдайда КРМ бойынша кірудің дәл емес мүмкіндігіне рұқсат беріледі.
Қондыру радиолокаторы және әуеайлақтық шолушы радиолокатор (ШРЛ-А)
       321. Әуеайлақта болған жағдайда қондыру радиолокаторы (ҚРЛ) ӘҚҚК диспетчерлік пункттеріне бағыт сызығына және глиссадаға қатысты ӘК ораналасқан жері туралы радиолакациялық ақпаратты беріп отыруды қамтамасыз етуі тиіс.
      322. ҚРЛ қону нүктесінен қону бағытына қарай 150 м қашықтықта орналасқан нүктеде басталатын секторда шолуды қамтамасыз ететіндей келтірілуі тиіс. Бұл сектордың азимут бойынша бұрышы ҰҚЖ осьтік сызығына қатысты ± 50 құрауы, ал орынның бұрышы 10 тан + 60 қа дейін болуы тиіс.
      323. Қонудың сол бір бағытында ҚРЛ және ILS болған кезде курстың сызығы мен ҚРЛ және ILS глиссадасы глиссадаға кіру нүктесінен бастап ЖЖРМ дейінгі жерде немесе ҰҚЖ табалдырығынан 1000 м-де сәйкес келуі тиіс.
      324. ҚРЛ индикаторының экранында мынадай ақпарат көрініс табуы тиіс:
      1) координаталық ақпарат;
      2) алыстық белгілері;
      3) курс және глиссада бойынша қонудың электрондық сызықтары;
      4) тең немесе шекті ауытқулардың сызықтары.
      325. Қондыру радиолокаторының параметрлері 52-қосымшада айтылған талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
      326. ШРЛ-А әуеайлақ аумағындағы бақыланатын ұшу бағыттарында ӘК-сін анықтауды және ӘҚҚК диспетчерлік пунктеріне (диспетчерлердің жұмыс орындары) ақпарат беруді қамтамасыз етуі тиіс.
      327. Кері бұрылу маневрін жасаушы немесе қонуға кірудің стандартты маршруты бойынша ұшуды орындау кезінде жылдамдықтың тангенциальды бағытымен учаскеде болатын ӘК бір уақытта үш-бес шолуда радиолокациялық ақпараттың болмауына жол беріледі.
      328. ШРЛ-А радиолокатордың әрекет ету аймағы шегінде қайта шағылысқан сигналдарды және сұрау мен жауап қайтару бойынша бүйірлік қабықшаларды басып отыруы тиіс.
      329. ӘҚҚК диспетчерлік пункттерінде орнатылған индикаторлардың экрандарында мыналар көрсетілуі тиіс:
      1) азимут пен алыстық белгісі;
      2) бастапқы канал бойынша радиолокациялық координаталық ақпарат;
      3) екінші канал бойынша радиолокациялық координаталық және қосымша ақпарат.
      1-2 шолу ішінде және/немесе 2-3 шолу ішінде (бүйірлік қабықшалардың әсерінен) ӘК-тің нүктелік жалған белгілерінің пайда болуына рұқсат етіледі.
      330. ШРЛ-А параметрлері 52-қосымшада айтылған талаптарды қанағаттандырды.
Жетектік радиостанция, әуеайлақтық қосымша
маркерлік радиомаяк
      331. Жетектік радиостанция (ЖРС):
      1) ӘК бортында радиостанцияның курстық бұрыштарының (РКБ) мәнін алу үшін сигналдардың;
      2) тану сигналының сәулеленуін қаматамыз етуі тиіс.
      332. ЖРС ҰҚЖ табалдырығынан 10 км-ге дейінгі алшақтықта ҰҚЖ осінің жалғасына орнатылуы тиіс. ЖРС-ны ҰҚЖ осінің жалғасатын жағына немесе ҰҚЖ-дан бүйір жаққа қарай орналастыруға болады. Бұл ретте қону алдындағы түзусызық пен ҰҚЖ-ның осьтік сызығы жалғасының арасындағы бұрыш 10 градустан аспауы тиіс, ал олардың қиылысу нүктесі ҰҚЖ табалдырығынан кемінде 2000 м алшақтықта болуы тиіс.
      333. ЖРС параметрлері 52-қосымшада айтылған талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
      334. Қосымша маркерлік радиомаяктың әсер ету аймағы кемінде 600 м құрауы тиіс, бұл ретте қосымша МРМ және алыс МРМ әсер ету аймақтары оларды пайдалану биіктіктерінде жабылып қалмауы керек.
      335. Қосымша МРМ тану сигналдары ILS немесе ҚБЖЖ құрамына кіретін МРМ тану сигналынан басқа болуы тиіс және минутына 6 – 10 жұп импульстармен берілетін нүкте мен сызықшаның үйлесуін білдіреді.
      336. 334 және 335 тармақтарда көрсетілгендерден басқа МРМ техникалық параметрлері 52-қосымшада айтылған талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
ҚБЖЖ қондыру жүйесі, барлық жаққа бағытталған азимуттық ЕЖЖ VOR радиомаягі
      337. ҚБЖЖ құрамына ЖЖРМ мен АЖРМ кіруі тиіс, олардың әрқайсысы ЖРС пен МРМ-ді қамтиды.
      МРМ-ді ILS құрамынан пайдалануға болады.
      338. ILS жабдықталған ҰҚЖ бағыттарындағы АЖРМ және ЖЖРМ ILS маркерлік радиомаяктары орнатылатын учаскелерде орналастырылу тиіс. ILS-пен жабдықталмаған ҰҚЖ бағытында АЖРМ және ЖМРМ ILS маркерлік радиомаяктарының орналастырылуына сәйкес алшақтықтарда орнатылуы тиіс, бұл ретте ЖЖРМ антеннасы ҰҚЖ-ның осьтік сызығынан бір жағына қарай ± 15 м-ден аспайтын қашықтыққа орналастырылу тиіс.
      339. ҚБЖЖ жүйелері бір ҰҚЖ-ның қарама-қарсы бағыттарына орнатылғанда және бірдей берілген жиілікке ие болған жағдайларда екі жүйенің де бір уақытта немесе екі ЖРС-тың бір жиілікте жұмыс істеу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қабылдануы тиіс.
      340. ЖЖРМ және АЖРМ құрамына кіретін ЖРС 52-қосымшаның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      341. МРМ параметрлері 52-қосымшада айтылған талаптарға жауап беруі тиіс.
      342. VOR радиомаяғы талап етілетін жұмыс аймағында мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
      1) ӘК бортында оның магниттік азимутын өлшеу үшін навигациялық сигналдардың сәулеленуін;
      2) тану сигналының сәулеленуін;
      3) қаже болған кезде ӘК бортына радиотелефон сигналдарының жіберілу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      343. DME азимуттық радиомаягінің параметрлері 52-қосымшада айтылған талаптарға сай болуы тиіс.
      344. VOR әуеайлақта орнатылған жағдайда VOR борттық жабдығын тексеру пункті (пункттері) белгіленуі тиіс.
DME (DME/N) алысты өлшегіш жабдығы, автоматтық радипеленгатор, ұшу алаңын шолудың радиолокациялық станциясы,
жер үсті қозғалысын басқарудың жетілдірілген жүйесі
      345. DME жүйесінің жер үстіндегі жабдығы ӘК бортында DME жабдығын орнатудың бақылау нүктесінен бастап ӘК-ге дейінгі көлбеу алыстықты анықтау үшін сигналдардың қабылдауын және сәулелеуін қамтамасыз етуі тиіс.
      346. DME тану сигналдарын таратуы тиіс – халықаралық Морзе кодымен кодталған тану импульстерін мынадай әдістердің бірімен жіберуі тиіс:
      1) «тәуелсіз» тану;
      2) «өзара әрекеттесуші» тану, оны VOR немесе ILS радиомаягімен өзара әрекеттесетін DME пайдалануы тиіс.
      347. DME VOR-мен өзара әрекеттесуі кезінде DME антеннасы не VOR антеннасымен бір тікелей осьте немесе VOR антеннасынан 600 м-ден аспайтын қашықтықта орналасуы тиіс.
      DME және VOR жабдықтарын қондыру мақсаттары үшін пайдалану кезінде олардың антенналарының алшақтығы 30 м-ден аспауы тиіс.
      DME/N ILS пен өзара әрекеттесуі кезінде DME/N қонуға кіру траекториясымен және алыстық туралы ақпарат қажет етілетін нүктелердегі DME/N-ге бағытталып құралатын 200-тен аспайтын бұрышқа орнатылады.
      348. DME (DME/N) қабылдағыш-жауап бергішінің параметрлері 52-қосымшада айтылған талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
      349. Автоматтық радиопеленгатор (бұдан әрі - АРП) ӘК-тің әуеайлақ аймағындағы бақыланатын ұшу бағдарларының өту секторларында сенімді пеленгациялауды қамтамасыз етуі тиіс.
      350. Автоматтық радиопеленгатордың параметрлері 52-қосымшада айтылған талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
      351. ҰАШ РЛС-ы ұшу алаңындағы ӘК, көлік және техника құралдарының анықталуын қамтамасыз етуі тиіс.
      352. ҰАШ РЛС-ының экранында мынадай ақпарат көрінуі тиіс:
      1) ҰҚЖ, БЖЖ, әуеайлақ перроны контурларының кескіні;
      2) ӘК мен көлік құралдарынан алынатын координаталық ақпарат.
      353. ҰАШ РЛС параметрлері 52-қосымшада айтылған талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
      Осы ҚР АА ӘПЖН келтірілген талаптарды орныдау арқылы ІІІВ санаты жағдайында әуеайлақты пайдалануды бастағанға дейін ЖҚБЖЖ-ға өту қамтамасыз етілген деп болжанады. Бұл ретте әрекеттегі жер үсті қозғалысын басқарудың жүйесіне оны одан әрі толықтыру мүмкіндігін шектеп қалмайтын мынадай компоненттер қосылады:
      1) жетілдірілген (жетілдірілген) ҰАШ РЛС және/немесе қозғалыс қатысушыларының орналасқан жері туралы басқа да ақпарат көздері (спутниктік жүйелер, мультилатеральды жүйелер, сенсорлық жүйелер және т.б.);
      2) ақпаратты өңдеу жүйесі;
      3) ұшқыштарға және көлік құралдарының жүргізушілеріне деректерді басқару мен бақылау үшін стандарттық форматта ақпарат беруге арналған деректерді беру желісі (ҰҚЖ-дағы 75 м-ден төмен көріну жағдайлары үшін);
      4) ӘҚБ-ның ШРЛ-А/АРЛК/АЖ-і және жарық сигнал беру жабдығын басқару мен бақылау жүйесімен интерфейстері (әуеайлақтың басқа да қолда бар жабдықтарымен және жүйелерімен интерфейстері болуы мүмкін). (АРЛК – әуеайлақтық радиолокациялық кешен; ӘҚБ-ның АЖ-і - әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі).
      354. Әуеайлақта бақылауды, бағдарлауды, басқару мен бақылауды қамтамасыз ететінЖҚБАЖболуы тиіс.
      Бағдарлау және жермен жүру жарық-сигналдық жүйесін басқаруды диспетчер ЖҚБАЖ-бен өзара іс-қимыл жасауы кезінде автоматты түрде және қолмен жүзеге асырылуы мүмкін (53-қосымшаның 5-7 тармағын қараңыз).
      355. ЖҚБАЖ 53-қосымшада айтылған талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
Электр байланыс құралдары
      356. Әуеайлақта ӘҚҚК қамтамасыз ету үшін электр байланысының мынадай қызметтік желілері ұйымдастырылуы тиіс:
      1) ӘҚҚК пункттері мен ӘК арасында радио байланысты қамтамасыз ету үшін әуе электр байланысы;
      2) жер үсті электр байланысы:
      1) ӘҚҚК пункттері мен азаматтық авиация ұйымдары қызметтерінің жедел өзара іс-қимыл жасауына арналған сымды байланыс;
      2) ӘҚҚК диспетчерлік пункттері мен жылжымалы объектілердің (арнайы автокөлік) өзара іс-қимыл жасауы үшін әуеайлақішілік радио байланысы.
      357. Әуе электр байланысының құралдары «қанағаттанарлықтан» төмен немесе байланыс сапасын бағалай отырып, әуеайлақ ауданында ӘҚҚК диспетчерлік пункттері мен ӘК экипажының арасында жедел екі жақты іздестірілмейтін радио байланысын қамтамасыз етуі тіис.
      358. Әуе электр байланысының әрбір каналының антенналы-фидерлік жүйемен қабылдау және ақпаратты беретін қондырғылардың (немесе қабылдау-тарату қондырғысының) негізгі және резервтік жиынтықтары болуы тиіс. Метеохабарлау каналының антенналы-фидерлік жүйемен ақпаратты беру қондырғысының негізгі және резервтік жиынтықтары болуы керек.
      359. «Шеңбер», «старт», «қонудың» диспетчерлік пункттері үшін әуе электр байланысы жиынтықтарының бірі ұзақтықпен кемінде 2 сағат электр қорегінің химиялық көздерінен авариялық электрмен көректенуі қамтамасыз етілуі тиіс.
      360. ЕЖЖ диапазонындағы әуе электр байланысы құралдарының параметрлері 52-қосымшада айтылған талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
      361. Сымдық байланыс құралдары ӘҚҚК диспетчерлік пункттері мен азаматтық авиация ұйымдары қызметтерінің арасында жедел екі жақты электр байланысын «қанағаттанарлықтан» төмен емес бағамен қамтамасыз етуі тиіс.
      362. Сымдық байланыс аппаратурасы каналдар бойынша байланысты дуплекстік және (немесе) симплекстік режимде қамтамасыз етуі тиіс.
      363. Әуеайлақішілік радио байланыс құралдары ӘҚҚК диспетчерлік пункттерінің жылжымалы объектілермен іздестірілмейтін, қолма-қол байланысты қамтамасыз етуі тиіс.
Объективті бақылау құралдары және жергілікті бақылау-түзету станциясы (ЖБТС/GBAS)
      364. Дыбыс жазу құралдары тәулігіне 30 с мәнінен нашар болмайтын нақтылықпен ағымдағы уақыттың сигналдарын дыбыс жазғышқа тіркеуді қамтамасыз етуі тиіс.
      365. Объективтік бақылау құралдарында жазылған ақпаратты алынбалы нұсқада сақтау мүмкіндігі көзделуі тиіс.
      366. «Жазу» режимінде жазбаны тоқтатпастан дыбыс каналдарының бірі арқылы жазбаны тікелей аудиобақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
      367. Сөйлесулерді дыбыстық жазу және оларды қосу «қанағаттанарлықтан» төмен емес бағамен жүргізілуі тиіс.
      368. Объективті бақылау құралдарының параметрлері 52-қосымшада айтылған талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
      369. Жергілікті бақылау-түзету станциясы (бұдан әрі - ЖБТС (GBAS) (GNSS) ғаламдық навигациялық спутниқалық жүйелерінің сигналдары бойынша жұмысты қамтамасыз етуі тиіс.
      370. ЖБТС (GBAS) тірек нүктесінің геодезиялық байланыстыруының қателігі тігінен 0,25 м-ден аспауы және көлденеңінен 1 м болуы тиіс.
      Тірек нүктесі ретінде ЖБТС (GBAS) тірек қабылдағыштары антенналарының фазалық орталығы координаталарымен бірдей нүктені түсінеміз.
      371. Тірек қабылдағыштары антенналарының фазалық орталықтарының геодезиялық байланыстыруының нақтылығы ЖБТС (GBAS) тіркеу нүктесіне қатысты 8 см-ден нашар болмауы тиіс.
      372. Глиссаданың номиналды иілу бұрышы 2,50 - 40 шегінде және І санаттағы қонуға дәлме-дәл кіру ҰҚЖ-да (бағыттарында) 3,50-тен аспауы тиіс.
      30-тен асатын бұрыш қоршаған орта жағдайы 3Ү-ке тең бұрышты орнатуға мүмкіндік бермейтін жағдайда ғана орнатылады.
      373. ЖБТС (GBAS) курсының номиналды сызығы ҰҚЖ өсінің жалғасымен, ал LTP/FTP нүктесі – ҰҚЖ табалдырығының орташа нүктесімен сәйкес келуі тиіс.
      Осы жерде және одан әрі LTP/FTP – ҰҚЖ-ның қонатын/жалған табалдырығының нүктесі.
      374. Қонуға кірудің соңғы кезеңінде ҰҚЖ-ның табалдырығынан АЖРМ алыстауына бақылау нүктесі орнатылуы мүмкін, бірақ ол оның үстінен 300 м-ден төмен биіктікте болмауы керек.
      Аталған бақылау нүктесін қамтамасыз ету үшін ЖБТС (GBAS) та, маркерлік радиомаяктар да немесе тиісті дәрежеде орналасқан DМЕ пайдаланылуы мүмкін.
      375. ҰҚЖ-ның LTP/FTP нүктесіндегі табалдырықтың үстіндегі тірек нүктесінің биіктігі (15 + 3/–0) м болуы тиіс.
      376. ЖБТС (GBAS) дағдарыс аймағы, орталығы спутниктік қабылдағыш антеннасы орналасқан жерде және жабдықтың нақты типіне сәйкес келетін, бірақ 50 м-ден кем емес радиусы бар шеңбер болып табылады.
      377. ЖБТС (GBAS) параметрлері 52-қосымшада айтылған талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
5. Әуеайлақтардың метеорологиялық жабдығы
Әуеайлақтардың метеожабдығының
құрамы және орналасуы
      378. Метеорологиялық жабдық – ол, әуе кемелерінің ұшып-көтерілуінің және қонуының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті метеомәндерді өлшеуге арналған техникалық құралдар.
      379. І санатты қонуға дәлме-дәл беттеудің және құрал-аспап бойынша қонуға кіру ҰҚЖ-ының (бағыттары), А, Б, В, Г, Д және Е класты жабдықталмаған ҰҚЖ-ының метеорологиялық жабдығының ең төменгі құрамы 54-қосымшаға сәйкес, ал II және IIIA санатты қонуға дәлме-дәл беттеудің ҰҚЖ-ы (бағыты) бойынша 55-қосымшаға сәйкес болуы тиіс.
      380. Аспаптар бойынша қонуға кіру ҰҚЖ-ына (бағыттарына) және жабдықталмаған ҰҚЖ-ға арналған метеожабдықтың құрамына мыналар кіруі қажет:
      1) көріну дәрежесін өлшеу құралдары (бағыт-қалқандар мен/немесе өзге де көріну бағыттарын қолдануға болады);
      2) құрал-аспап бойынша қонуға кіру бағыттарына арналған бұлттардың төменгі шекарасының биіктігін қашықтан өлшегіштер және бұлттардың төменгі шекарасының биіктігін (тігінен көріну) өлшегіштер.
      Жабдықталмаған ҰҚЖ-да (бағыттарында) қонуға кіруді бағыттаудың метеожабдығының құрамына кіретіндер:
      1) жел параметрлерін өлшегіштер;
      2) атмосфералық қысымды өлшегіштер;
      3) температура өлшегіш;
      4) ауаның ылғалдылығын өлшегіштер;
      5) метеоақпаратты көрсету құралдары болуы тиіс.
      Д, Е класты ҰҚЖ-ы үшін дыбыс зорайтқыш және телефон байланыстарын, берілетін метеоақпаратты тіркеудің техникалық құралдарын қолдануға болады.
      381. І санаттағы қонуға нақты кірудің ҰҚЖ (бағыттарына) арналған метеожабдықтың құрамына көріну дәрежесін өлшегіштер, бұлттардың төменгі шекарасының биіктігін қашықтан өлшегіштер (тігінен көріну), желдің параметрлерін, атмосфералық қысымды, температура мен ауаның ылғалдылығын өлшегіштер, берілетін метеоақпаратты көрсету және тіркеудің техникалық құралдары кіргізілуі тиіс.
      382. ІІ және ІІІ санаттағы қонуға нақты кірудің ҰҚЖ (бағыты) автоматтандырылған метеорологиялық өлшеу жүйелерімен (АМӨЖ) жабдықталуы тиіс. Олардың құрамына екі арнайы мамандандырылған ЭЕМ/ДЭЕМ (негізгі және резервтік), көріну дәрежесінің, жел параметрлерінің, атмосфералық қысымның, температура мен ауа ылғалдылығының датчиктері, берілетін метеоақпаратты көрсету мен тіркеудің техникалық құралдары кіруі тиіс.
      1.Көріну датчиктері ретінде трансмиссометрлер және тікелей шашырау көрінімінің өлшегіштері қолданылады.
      2. Берілетін метеоақпаратты тіркеу құралдары жоқ кезінде немесе олар істен шыққанда АМӨЖ құрамындағы ДЭЕМ пайдаланылады.
      3. АМӨЖ құрамына сертификатталған жабдықтың өзге түрлері де енуі мүмкін (аяның жарықтылығын өлшегіштер, дауыл пеленгаторлары және т.б.).
      383. Әр метеорологиялық жабдықтың пайдалану құжаттамасы болуы тиіс, соған сәйкес белгіленген қызмет мерзімінің шегінде оның пайдаланылуы жүзеге асырылады.
      384. Көріну дәрежесін өлшегіштер орнатылатын жерлер:
      1) көріну дәрежесінің датчиктері – ҰҚЖ-ның аяғынан ортасына дейінгі (300 ± 200) алшақтықта және ҰҚЖ ортасында (траверз ортасыннан ± 100 м), ҰҚЖ-дан 1,5 - 5 метр биіктікте ҰҚЖ-ның осьтік сызығынан (әрекеттегі және әрі қарай пайдалануға жарамды – 180 м аспайтын) 120 м аспайтын қашықтықтағы негізгі блок және 5 ± 1 биіктіктегі – қосалқы блоктардың ӘК ұшу және қону аймағында;
      2) көрсеткіштер (басқару пульттері), тіркегіштер – метеобақылаушылардың жұмыс бөлмелерінде орнатылуы тиіс.
      ҰҚЖ-ға (бағыттар) В және Г сыныпты аспаптар бойынша қонуға бет алу кезінде КМҚ датчиктері (жолақтардың ұзындығы 2000 м және одан аз кезде) ҰҚЖ аяғының аудандарында орналасуы тиіс.
      385. Жабдықталған ҰҚЖ-да көрінудің қалқан-бағдарлары ҰҚЖ-ның бойымен ҰҚА шет жағынан учаскеде СДП-тен (ол болмаған жағдайда – бақылау жүргізу үшін арнайы белгіленген орыннан) ҰҚЖ-ның ортасына дейінгі бөлікке 400, 800, 1 000, 1 500 және 2 000 метр қашықтықта және/немесе Ұшуларды жүргізу жөнніндегі нұсқаулықта немесе әуеайлақтың Аэронавигациялық паспортында көрсетілген ӘК ұшу мен қонуына арналған минимумдарға сәйкес келетін, бірақ 2 000 метрден аспайтын басқа да қашықтықта орнатылуы тиіс. 2 000 м асатын қашықтық үшін көрінудің өзге бағдарлары белгіленуі тиіс. Жабдықталмаған ҰҚЖ-да көрінуді бақылау үшін арнайы орындар белгіленуі тиіс. Бақылау жұмыс старты жағына қарай жүргізіледі.
      386. Бұлттардың төменгі шекарасының биіктігін өлшегіштер (егер олар болса), олар:
      1) датчиктер – метеобақылаушылардың жұмыстық бөлмелерінен 50 метр қашықтықта;
      2) көрсеткіштер (басқару пульттері) – метеобақылаушылардың жұмыс бөлмелерінде орнатылуы тиіс.
      387. Бұлттардың төменгі шекарасының биіктігін қашықтан өлшегіштер:
      1) ВНГО (ВВ) датчиктері – қонуға кіру аймағында (ЖЖРМ немесе ҚРМ) ҰҚЖ-ның табалдырығынан 900 – 1200 м қашықтықта және ҰҚЖ өсінің жалғасына жақын жерге, бірақ одан 180 м-ден аспайтын қашықтыққа;
      2) көрсеткіштер (басқару пульттері) – метеобақылаушылардың жұмыс жайларында орнатылуы тиіс.
      388. Желдің параметрлерін өлшегіштер:
      1) жел параметрлерінің датчиктері – қону аймағы және ӘК-нің көтерілуі үшін репрезентативті орындарында, ҰҚЖ-ың осьтік сызығынан ҰЖ-ның жоспарланған бөлігінен тысқары 200 м-ден аспайтын қашықтықта ҰҚЖ-ның осьтік сызығының ең жақын нүктесіне қатысты 8 – 10 м биіктікте;
      2) көрсеткіштер (басқару пульттері) – метеобақылаушылардың жұмыс жайларында орнатылуы тиіс.
      389. Атмосфералық қысымды өлшегіштер метеобақылаушылардың жұмыс жайларында орнатылуы тиіс.
      390. Температура мен ауа ылғалдылығын өлшегіштер метеоалаңшада орнатылуы тиіс. Қашықтан өлшейтін датчиктер бар болғанда, олар метеобақылаушылардың жұмыс жайларына қашықтықтан шығарылып отыруы тиіс.
      391. Автоматтандырылған метеорологиялық өлшегіштер жүйелері:
      1) арнайы мамандандырылған ЭЕМ/(ДЭЕМ) – метеобақылаушылардың жұмыс жайларында;
      2) көрінім датчиктері – 384-тармақ бойынша, бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі – 387-тармақ бойынша, жел параметрлері – 388-тармақ бойынша, атмосфералық қысым – 389-тармақ бойынша, температура мен ауа ылғалдылығы – 390-тармақ бойынша орнатылуы тиіс.
      392. ӘҚҚК диспетчерлері мен синоптиктерге жіберілетін метеоақпаратты тіркеудің техникалық құралдары метеобақылаушылардың жұмыс жайларында орнатылуы тиіс.
      393. Метеоақпаратты көрсету құралдары ӘҚҚК диспетчерлік пункттерінде, синоптиктер мен метеобақылаушылардың (бақылау) жұмыс үй-жайларында орнатылуы тиіс.
      394. Метеоақпаратты тарату үшін бақылау пункттерінде, синоптиктердің жұмыс үй-жайларында және старт, қону мен айналудың диспетчерлік пункттерінде дыбысты үдету және телефон байланыстары болуы тиіс.
      Метеоақпаратты беру үшін дауысты зорайту және телефон байланыстарын орнатуға қатысты 407-тармақты қараңыз.
      395. Метеорологиялық радиолокаторлар (олар болған жағдайда) әуеайлақ ауданында орнатылуға тиіс. 50 км дейінгі радиусы бар аймақта екі немесе бірнеше әуеайлақ орналасқан жағдайда осы әуеайлақтардың біреуіне МРЛ орнатуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет