Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №156 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі



бет4/22
Дата12.06.2016
өлшемі10.35 Mb.
#129916
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Әуеайлақ оттары
      141. Барлық әуеайлақ оттары халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін изокандельдік сипаттамаларға ие болуы тиіс.
      142. Жер үсті типіндегі және әуеайлақтық оттар сынғыш болып келеді (92-95 тармақтарына қараңыз).
      143. ҰҚЖ-ның және жер үсті типтік КПТ мен БЖЖ-ның оттары, сондай-ақ жақындау оттары, жарық көкжиектерінің оттары қайсысы үлкенірек болуына байланысты, ҰҚЖ шетжақтарынан 300 м шектерінде немесе ҰЖ шегінен 150 м қашықтыққа дейін, сыңғақ болуы тиіс, ал олардың биіктігі орнатылған жеріндегі беттің деңгейінен 45 см-ден артық болмауы тиіс. Қарлы аудандарда, осы оттардың және осы әуеайлақта пайдаланылатын реактивтік әуе кемелерінің винттерінің және қозғалтқыштарының гондолаларының арасындағы қашықтық қоры кемінде 15 см-ді құрайтын болса, ҰҚЖ және КПТ оттарының биіктігі 75 см-ге дейін жеткізіле алады. Әуеайлақтық белгілердің шекті рұқсат етілетін биіктігі 1,1м, глиссадалық оттардың биіктігі - 0,9 м.
      144. ҰҚЖ, КПТ, БЖЖ мен перрондардың бетімен бірдей орналасатын тереңдетілген оттардың арматуралары, сынбай және әуе кемесінің қирауына әкелмейтіндей болып, әуе кемелерінің доңғалақтары тудыратын жүктемелерге төзімді болатындай етіп құрастырылады және орнатылады.
      145. Жарық-сигналдық жабдықтың барлық элементтері төмендемейтін апаттық қормен жарақтандырылуы тиіс.
      146. Осы құжатта жазылмаған оттардың кіші жүйелері, қажет болған жағдайларда халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес болуы және уәкілетті органмен келісуі тиіс.
      Глиссаданы визуалдық индикациялау жүйесіне, БЖЖ-дағы және перрондағы оттарға қойылатын талаптар тиісінше осы ҚР АА ӘПЖН 197-221 тармақтарында келтірілген.
      147. Жақындау оттарының қарапайым жүйесі ҰҚЖ-ның осьтік сызығын бойлай орналасқан бірқатар оттар қатарынан тұрады, ол әдетте ҰҚЖ табалдырығынан кем дегенде 420 м-ге және 900 м-ге созылады, сондай-ақ ҰҚЖ табалдырығынан 300 м қашықтықта ені 18 немесе 30 м жарық көкжиегін тудыратын бірқатар оттардан тұрады (28-қосымшаның суреті). Егерде оттар желісінің ұзындығы 300 м-ден кем болса, ұзақтығы аз жақындау оттарын орнатуға рұқсат беріледі, бұл учаскеде ені 3 м-ден кем емес желілік оттар қолданылуы тиіс.
      Оттардың орналасуы туралы ақпараттық материал 27-қосымшада көрсетілген.
      148. Жарық көкжиегін құрайтын оттар осьтік оттар сызығына оларды қақ ортасынан перпендикулярлы түрде бөлетін тік түзусызықтың бойымен мүмкіндігінше дәлірек орналасады. Жарық көкжиегінің оттары, жарық көкжиегінің ұзындығы 30 м кезінде ҰҚЖ-ның осьтік сызығының жалғасынан екі жағына қарай үзіктерге жол берілетін жағдайлардан басқа, бір-бірінен тұтас сызық әсерін қалдыратындай аралықтармен орнатылады. Бұл үзіктер, жергілікті талаптарды ескере отырып, ең төмен келтіріледі және әрқайсысы 6 м-ден аспайды (28-қосымшаның суреті).
      Жарық көкжиегі оттарының арасында 1-ден 4 м-ге дейін аралықтар қолданылады. ҰҚЖ-ның жалғастырылған осьтік сызығының әр жағына қарай орналасатын үзіктер қонуға бүйірлік ығысумен бет алған жағдайларда бағыт бойынша бағдар алуды жеңілдете алады және апаттық-құтқару және өртке қарсы көлік құралдарының қозғалысын жеңілдетеді.
      149. Орталық қатардың оттары ұзына бойында кем дегенде 60 м аралықпен орналасады. Бағдарды жақсарту мақсатында 30 ± 3 м аралыққа рұқсат беріледі.
      150. Оттар жүйесі, мүмкіндігінше ҰҚЖ табалдырығынан өтетін көлденең жазықтықтың бойында орналасады, бұл ретте мынадай шарт орындалуы қажет:
      1) ILS жүйесінен немесе микротолқындық қондыру жүйесінің (бұдан әрі – MLS) азимуттық антеннасынан басқа бірде бір объект жақындау оттарының жазықтығынан осьтік сызықтан 60 м шегінен артық аспауы тиіс; және
      2) жарық көкжиегінің орталық бөлігінің шектерінде орналасатын оттан басқа барлық оттар қонуға бет алған әуе кемесінің бортынан көрініп тұруы тиіс.
      Оттар жазықтығынан шығып тұрған кез келген ILS қондырғысы немесе MLS азимуттық антеннасы кедергі болып саналады және тиісті дәрежеде таңбаланып жарықтандырылады.
      151. Жақындау оттарының қарапайым жүйесіндегі оттар тұрақты сәулеленетін ақ түсті оттар болып табылады.
      152. ҰҚЖ-ның ығыстырылған табалдырығында ҰҚЖ шетжағы мен ығыстырылған табалдырық арасындағы учаскеде орталық қатардағы жақындау оттарының болмауына рұқсат беріледі. Табалдырықтың 312 м-ден артық ығысқан жағдайында жарық көкжиектері ҰҚЖ табалдырығынан 300 ± 12 м қашықтықта орнатылады. Мұңдай көкжиектердің ішкі оттары ҰҚЖ-ның қаптал оттары сызығының жалғасынада орналасады. Әрбір көкжиек бес оттан тұрады және 10 ± 1 м ұзындыққа ие (30-қосымшаның суреті).
      153. Жүйе оттарын, ҰҚЖ табалдырығына ең жақын орналасқан оттан басқа, орталық қатардың (дара немесе сызықтық) бір отының болмауына рұқсат етіледі.
      154. Бүйірлік оттар бүкіл ҰҚЖ-ның ұзындығын бойлай екі параллель қатармен ҰҚЖ-ның осьтік сызығынан бірдей ұзақтықта және оның белгіленген енінің шетінен 3 м-ден аспайтын қашықта орналасады (29, 30-қосымшалардың сур.).
      155. Бүйірлік оттар 60 метрден аспайтын бірдей аралықта орналасады. Қарсы жақтағы оттар ҰҚЖ өсіне перпендикулярлы сызыққа орналасуы қажет. ҰҚЖ қиылыстарында, ҰҚЖ мен БЖЖ және ҰҚЖ-дағы кері бұрылыс алаңшаларында оттар біркелкі орналаспауы мүмкін немесе егер көршілес бүйірлік оттардың арасындағы қашықтық 180 м-ден аспаса, орнатылмауы да мүмкін.
      156. Бүйірлік оттар қонуға бет алған немесе ұшып-көтерілу үстіндегі әуе кемелерінің бағытындағы тұрақты жарық шығаратын ақ түсті оттар болып табылады, бұған түсі ақ емес басқа оттар қосылмайды, олар:
      1) ұзақтығы 600 ± 60 м немесе ұзындығы ҰҚЖ-ның үштен бірін құрайтын учаскедегі ҰҚЖ соңындағы оттар, қайсысының аз болуына байланысты сары түсті оттар болуы тиіс;
      2) ҰҚЖ басталатын мен ығыстырылған табалдырық арасындағы оттар қызыл түсті болуы тиіс.
      157. ҰҚЖ-ның басталуы мен ығыстырылған табалдырығының арасындағы қону оттары қонуға беттеу бағытында қызыл жарықты сәулелеуі керек, ал ҰҚЖ-ның осы учаскені ұшып-көтерілу үшін пайдаланған жағдайда – кері бағытта сары түсті жарықты сәулелеуі тиіс. Қызыл түсті бірінші қону оты ҰҚЖ-ның соңында орнатылады. Бұл учаскеде жақындау оттары жоқ болған кезде әр қону отына қоса негізгі оттың қасына тек қана қонуға беттеу бағытында қызыл түсті жарықты сәулелейтін бір-бірден қосымша от орнату ұсынылады. Табалдырықтың 120 м-ге және одан кем ығыстырылған жағдайда ҰҚЖ соңы мен ығыстырылған табалдырық арасында қону оттары орнатылмайды.
      158. ҰҚЖ-дағы кері бұрылыс алаңшасының оттары түзусызықты учаскеде кеңеюінің шетінен 15 м-ден аспайтындай біркелкі бойлық аралықпен және қисықсызықты учаскеде 7,5 м-ден аспайтын біркелкі бойлық аралықпен орнатылады (29-қосымшаның суреті).
      159. ҰҚЖ-дағы кері бұрылыс алаңшасының оттары тұрақты сәулеленетін жасыл түсті оттар болып табылады, олардың сәулесінің өлшемдері, ҰҚЖ-дағы кері бұрылыс алаңшасындағы немесе оған жақындап келе жатқан ұшақтардың бортынан ғана көрінетіндей етіп сәулеленеді.
      ҰҚЖ-дағы кері бұрылыс алаңшасының сары түсті оттарын ҰҚЖ-ның қайта жаңартылуына дейін айдалануға рұқсат етіледі.
      160. Егер ҰҚЖ-ның табалдырығы оның шетжағымен сәйкес келсе, кіру оттары ҰҚЖ-ның табалдырығының сыртқы жағынан 3 метрден алшақ кетпейтіндей ҰҚЖ-ның осіне перпендикулярлы келетін түзусызықта орналасады. Шеткі кіру оттары ҰҚЖ-ның бүйірлік оттары желісінің жалғасуында орналасады (29-қосымшасының суреті).
      161. Кіру оттары кем дегенде алты оттан тұруы қажет және олар:
      1) немесе ҰҚЖ-ның қону оттары қатарларының арасында біркелкі аралықпен;
      2) немесе ҰҚЖ-ның осьтік сызығына симметриялы орналасқан екі топпен орналасуы тиіс, бұл ретте әр топтағы оттар бірдей аралықтармен орнатылады және осы топтардың арасындағы үзік қону аймағының таңбалау белгілерінің арасындағы көлденең қашықтыққа тең болуы керек, бірақ ҰҚЖ-ның қону оттарының қатарлары арасындағы қашықтықтың жартысынан аспауы тиіс.
      162. ҰҚЖ-ның ығыстырылған табалдырығы жағдайында ҰҚЖ-ның кіру оттары орнына ығыстырылған табалдырықты ұзына бойлай қапталдағы кіру оттары орнатылады. Қапталдағы кіру оттары екі топ болып, ҰҚЖ-ның осьтік сызығымен симметриялы түрде орналасады. Әрбір топ ең аз дегенде бес оттан құралады және 2 - 3,3 м аралықпен 10 м-ден кем емес ұзындықтағы ҰҚЖ-ның қаптал оттарының сызығына перпендикулярлы сызықта орналасады. ҰҚЖ-ға ең жақын жатқан әр қапталдың көкжиек оты ҰҚЖ-ның бүйірлік оттарымен бір сызық бойында жатады (30-қосымшаның суреті).
      163. ҰҚЖ-ның кіру оттары және қапталдық кіру оттары қонуға бет алған әуе кемесінің бағытындағы жасыл түсті тұрақты жарықты сәулелейтін оттар болып табылады.
      Егер табалдырық ҰҚЖ шетжағының қасында орналасса, ҰҚЖ-ның кіру оттары ретінде қызмет ететін жарық-сигналдық жабдық шектегіш оттар ретінде пайдаланыла алады.
      164. ҰҚЖ-ның шектеуші оттары ҰҚЖ-ның өсіне перпиндикулярлы сызықта, ҰҚЖ-ның шетжағынан және оның сыртқы жағынан 3 м-ден аспайтын қашықтықта орналастырылады. (29, 30-қосымшалардың суреттері).
      165. Шектеуші оттар кем дегенде алты оттан тұрады және бүйірлік оттар қатарының арасында бірдей аралықпен немесе ҰҚЖ-ның осьтік бойына симметриялы екі топпен орналастырылуы тиіс. Әрбір топтағы оттар бірдей аралықпен орнатылады. Бұл топтардың арасындағы үзілу ҰҚЖ-ның бүйірлік оттары қатарының арасындағы қашықтықтың жартысынан аспауы тиіс.
      166. ҰҚЖ-ның шектеуші оттары ҰҚЖ-ның бағытына қарай қызыл түсті тұрақты сәулелендіру оттары болып табылады.
      167. Ығыстырылған табалдырық жағдайында шектегіш оттар ҰҚЖ-ның соңында екі топпен, әр топта кемінде 3 және аралығы 3 ± 0,3 м оттардан орнатылуы тиіс.
      Глиссаданы визуалды индикациялау жүйесіне, БЖЖ-дағы және перрондағы оттарға қойылатын талаптар тиісінше осы ҚР АА ӘПЖН 197-221 тармақтарында келтірілген.
      168. І санат бойынша қонуға дәлме-дәл кіруге арналатын жақындау оттарының жүйесі ҰҚЖ-ның осьтік сызығының жалғасуында 900 м ұзындықта, бірақ та ҰҚЖ табалдырығынан 870 м-ден кем емес болып орнатылған, ҰҚЖ табалдырығынан 300 м қашықтықта ені 30 м жарық көкжиегін құрайтын оттар қатарынан (орталық қатардың оттары) тұрады (31-қосымшаның суреті).
      169. ІІ және ІІІ санаттар бойынша жақындау оттарының жүйесін ҰҚЖ-ның табалдырығынан 270 м ұзындықтағы екі бүйірлік оттар қатары және ҰҚЖ-ның табалдырығынан 150 м қашықтықтағы жарық көкжиегі толықтырады (32-қосымшаның суреті).
      170. ҰҚЖ-ның табалдырығынан 300 м қашықтықта көзделетін жарық көкжиегінің оттары жалғастырылған ҰҚЖ-ның осьтік желісінен 15 м қашықтықта орталық қатардың осьтік оттарынан екі жағына қарай орналасады. Жарық көкжиегі әр жағынан 5 оттан тұратын 10 оттан құрылуы тиіс. ҰҚЖ-ның осьтік желісінің жалғасуынан екі жағына қарай әрқайсысы 6 м-ден аспайтын үзілістерге жол беріледі.
      171. ҰҚЖ-ның табалдырығынан 150 м қашықтықта көзделетін жарық көкжиегі (тек ІІ және ІІІ санаттар үшін ғана) осьтік оттардың және бүйірлік қатардағы оттардың арасындағы үзіктерді толтырады және әр жағынан екі оттан тұратын төрт оттарды құрайды.
      172. Бүйірлік қатарларды құрайтын оттар (тек ІІ және ІІІ санаттар үшін ғана) әрқайсысында кем дегенде үш оттан тұратын қызыл түсті сәулелейтін желілік оттар болып табылады. Желілік оттардың арасындағы қашықтық қону оттарының арасындағыдай сияқты болуы тиіс. Бүйірлік қатарларды құрайтын оттар осьтік желінің екі жағынан осьтік оттар сияқты бойлық аралықпен орналасады, осындай ең жақын тұрған от ҰҚЖ табалдырығынан 30 м қашықтықта орналасады. Бүйірлік қатарлардың ішкі оттарының арасындағы көлденең аралық кем дегенде 18 м және одан астамы 22,5 м-ді, көбінесе 18 м-ді құрайды, бірақ қандай да болсын жағдайда көлденең аралық қону аймағындағы оттар қатарларының арасындағы қашықтыққа тең болады.
      173. Осьтік желіні құрайтын орталық қатардың оттары әрқайсысында кемінде 4 оттан тұратын ақ түсті сәулелейтін желілік оттар болып табылады. Желілік оттың ұзындығы 4 м-ден кем болмауы тиіс. Желілік оттардың шамдарының арасындағы қашықтық 1,5 м-ден аспауы керек. Желілік оттар 30 ± 3м бойлық аралықпен орналасады, бұл ретте ең жақын тұрған оттар ҰҚЖ табалдырығынан 30 м қашықтықта орналасады.
      Осьтік жақындаудың және жарық көкжиектері оттарының электрмен жабдықталуы, бір кабельдік сақинаның істен шығуы жарық бейнесі симметриясының бұзылуын тудырмайтындай етіп орындалады (31-қосымшаның суреті).
      174. Оттар жүйесі, мүмкіндігінше ҰҚЖ табалдырығынан өтетін көлденең жазықтықта орналасады, бұл ретте мынадай шарттар орындалуы тиіс:
      1) ILS немесе MLS азимуттық антеннасынан басқа бірде бір объект жақындау оттарының жазықтығынан осьтік желіден 60 м шегінен артық аспауы тиіс; және
      2) жарық көкжиегінің орталық бөлігінің шектерінде орналасатын оттан басқа барлық оттар қонуға бет алған әуе кемесінің бортынан көрініп тұруы тиіс.
      Оттар жазықтығынан шығып тұрған кез келген ILS қондырғысы немесе MLS азимуттық антеннасы кедергі болып саналады және тиісті дәрежеде таңбаланып жарықтандырылады.
      Оттардың көлденең жазықтыққа қатысты орналасуы бойынша ақпараттық материалдар 27-қосымшада келтірілген.
      175. ІІІ санаттағы ҰҚЖ табалдырығынан 300 м шегінен тыс әр желілік от ақ түсті сәулелейтін импульстік отпен толықтырылады.
      176. Әр импульстік от ең алыс орналасқан оттан жүйенің ҰҚЖ-ға ең жақын орналасқан отына қараған бағытта белгіленген дәйектілікпен секундына екі жарқыл жіберіп отырады. Бұл ретте, осы оттарды жақындау оттары жүйесінің басқа оттарына тәуелсіз басқаруға мүмкіндік беретін электрлік желінің сұлбасы пайдаланылады.
      177. Импульсті оттарды қоспағанда кіші жүйедегі оттар тұрақты сәуле беру оттары болып табылады. Кіші жүйенің барлық оттары ақ түсті болуы тиіс.
      178. Жылжыған табалдырығы бар ҰҚЖ-да жуықтау оттарының жүйесi табалдырық шетпен дәл келетiнi ҰҚЖ-да сияқты жарықтың терең түрi тиiстi күшiмен оттарды қолданылатын схемалар бойынша бекiтiледi (33, 34-қосымшалардың суреттері).
      179. Жақындау оттарының кіші жүйесінде ҰҚЖ-ның табалдырығына жақын жатқанын қоспағанда орталық қатардың бірден аспайтын отының немесе орталық қатардың басындағы отының болмауына жол беріледі.
      180. Бүйірлік оттар ҰҚЖ-ның осьтік желісінен бірдей алыстаумен екі параллельді қатармен ҰҚЖ-ның ұзына бойымен және оның жарияланған енінің шетінен бастап 3 м аспайтын қашықтықта орналастырылады (33, 34, 35-қосымшалардың суреттері).
      181. Бүйірлік оттар 60 м аспайтын бірдей аралықпен ҰҚЖ-ның екі жағынан орналасады. Қарама-қарсы оттар ҰҚЖ-ның осіне перпендикулярлы желілерінде орналасуы тиіс. ҰҚЖ-ның және ҰҚЖ мен БЖЖ-ның қиылысқан және жанасқан жерлерінде, сондай-ақ ҰҚЖ-ның кері бұрылыс алаңшаларындағы бүйірлік оттар, егер де ҰҚЖ-ның осьтік оттары бар болса немесе ҰҚЖ-ның көршілес бүйірлік оттарының арасындағы қашықтық 120 м-ден аспаса, бүйірлік оттар біркелкі орналаспауы немесе орнатылмауы мүмкін.
      182. Бүйірлік оттар қонуға келе жатқан немесе ҰҚЖ-дан ұшып-көтерілу үстіндегі әуе кемесінің бағытында тұрақты сәуле беру оттары болып табылады. Оттар ҰҚЖ-ның соңындағы 600 м немесе ҰҚЖ ұзындығының үштен бір бөлігін құрайтын ұзындықтағы учаскеде, қайсысының аз болуына қарай сары түсті оттарды сәулелейді. ҰҚЖ-ның басталуы мен ығыстырылған табалдырықтың арасындағы қону оттары қонуға беттеу бағытында қызыл түсті, ал қарама-қарсы бағытта сары түсті болады (35-қосымшаның суреті).
      183. ҰҚЖ-дағы кері бұрылыс алаңшасы оттарының орналастырылуы мен сипаттамалары 158, 159-т. талаптарына сәйкес болуы керек.
      184. Егер табалдырық ҰҚЖ-ның шетжағымен сәйкес келетін болса, кіру оттары ҰҚЖ-ның өсіне перпендикулярлы тіксызықта, табалдырығынан бастап оның сыртқы жағынан 3 м-ден аспайтын жерге орналастырылады. Шеткі кіру оттары ҰҚЖ-ның бүйірлік оттары желісінің жалғасына орнатылады (35-қосымшаның суреті). ҰҚЖ-ның ығыстырылған табалдырығы кезінде кіру оттары ҰҚЖ-ның өсіне перпендикулярлы түзусызықта, тура ҰҚЖ-ның жылжытылған табалдырығының қасына орналастырылады (33,  34-қосымшаның суреттері).
      185. Кіру оттары төмендегідей орналастырылуы тиіс:
      1) 3 м-ден аспайтын аралықпен бүйірлік оттар қатарларының арасына біркелкі орналастырылуы;
      2) немесе ҰҚЖ-ның осьтік желісіне симметриялы болатын екі топпен орналастырылуы тиіс (тек І санаты үшін ғана). Бұл ретте, оттар саны, олардың бүйірлік оттар қатарларының арасында 3 м-ден аспайтын аралықпен біркелкі орналасуына қажетті болатындай санымен орнатылуы тиіс. Әрбір топтағы оттар бірдей аралықпен орнатылады және осы топтардың арасындағы үзіліс қону аймағының таңбалау белгілерінің арасындағы көлденең қашықтыққа тең болуы тиіс.
      186. Қапталдық кіру оттарын, ҰҚЖ табалдырығының көрінімін жақсарту үшін ҰҚЖ-ның кіру оттарына қоса орнатады. Қапталдық кіру оттары ҰҚЖ-ның кіру оттары желісінің жалғасына ҰҚЖ-ның осьтік желісіне симметриялы екі топпен орналасады, әрбір топ кем дегенде оның сырт жағынан ҰҚЖ-ның бүйірлік оттарының желісіне перпендикулярлы, кем дегенде 10 м ұзындықтағы желісіне орнатылатын ең болмағанда бес оттан қалыптасады (33, 34-қосымшаның суреттері).
      187. ҰҚЖ-ның кіру оттары және қапталдық кіру оттары қонуға келе жатқан әуе кемесінің бағытындағы жасыл түсті тұрақты сәулелендіру оттар болып табылады.
      188. Шектеуші оттар ҰҚЖ-ның өсіне перпендикулярлы түзусызықта, ҰҚЖ-ның сыртқы жағынан оның шет жағынан 3 м-ден аспайтын қашықтықта орналасады (33, 34, 35-қосымшалардың суреттері).
      189. Шектегіш оттар бүйірлік оттар қатарының арасында бірдей аралықпен немесе ҰҚЖ-ның осьтік желісіне симметриялы екі топпен орналасқан кем дегенде алты оттан тұруы тиіс. Әрбір топтағы оттар бірдей аралықпен орнатылады және топтар арасындағы үзіліс ҰҚЖ-ның бүйірлік оттар қатарларының арасындағы қашықтықтың жартысынан аспауы керек.
      190. ҰҚЖ-ның шектегіш оттары ҰҚЖ-ның бағытына қарай қызыл түсті тұрақты сәулелендіру оттары болып табылады.
      191. Осьтік оттар ҰҚЖ-ның осьтік желісінде орналасуы тиіс (35-қосымшаның суреті). Осьтік оттарды орнату желісін ҰҚЖ-ның осьтік желісінен 0,6 м-ден аспайтын қашықтыққа ығыстыруға рұқсат етіледі.
      192. Осьтік оттар ҰҚЖ-ның бүйірлік оттарының арасындағы қашықтықтың І және ІІ санаттар үшін 30 м-ден аспайтын және ІІІ санат үшін 15 м-ден аспайтын бірдей бойлық аралықтармен ҰҚЖ-ның табалдырығынан соңына дейінгі шекте орналасады. ҰҚЖ-ның бүйірлік оттары мен тиісті осьтік оттар, бүйірлік оттардың ҰҚЖ-дағы қиылысу, жанасу және кері бұрылыс алаңшалары бар жерлеріне орналасу жағдайларын қоспағанда ҰҚЖ-ның өсіне перпендикулярлы бір тік желісіне тиісті әдіптер шектерінде орналасуы тиіс. Аталған түзусызықтан ± 1 м шегіндегі жасанды төсемнің жапсарларына байланысты осьтік оттардың ығысуына жол беріледі.
      193. Осьтік оттар қызыл және ақ түсті оттардың кезектесуімен ҰҚЖ-ның соңынан бастап 300 ± 15 м жерде немесе ҰҚЖ-ның соңынан бастап 300 ± 15 м-ден 900 ± 15 м-ге дейінгі жердегі қызыл және ақ от жұптары кезектесетін қызыл түсті және ҰҚЖ-ның қалған бөлігіндегі ақ түсті тұрақты сәулелендіру оттары болып табылады.
      Осьтік оттардың электрмен жабдықталуы, бір кабельдік сақинаның ҰҚЖ-ның қалған арақашықтығының дұрыс индикацияланбауына әкелмейтіндей етіп орындалады.
      194. Оттар 1800 м-ден аз ұзындықтағы ҰҚЖ-ын қоспағанда ҰҚЖ-ның табалдырығынан 900 ± 30 м ұзындықта орнатылады. Онда олардың ҰҚЖ-ның ортасына шығып кетуін болдырмау үшін жақындау аймағы оттарының ұзындығы аз болуы тиіс. Қону аймағының оттары ҰҚЖ-ның осьтік сызығына симметриялы желілік оттардан құралады. Желілік оттардың ішкі жарық көздерінің арасындағы көлденең қашықтық қону аймағының таңбалау белгілері үшін таңдап алынған көлденең қашықтыққа (белгілердің ішкі жақтарының арасындағы қашықтыққа) тең болады. Желілік оттардың арасындағы бойлық қашықтық 30 м-ден артық болмауы тиіс. ҰҚЖ-ның бүйірлік оттарына сәйкес келетін жақындау аймағының оттары бүйірлік оттардың қиылысу, жанасу және кері бұрылыс алаңшалары бар жерлерінде орналасу жағдайларын қоспағанда ҰҚЖ-ның бүйірлік оттарына арналған рұқсат етілген шекте ҰҚЖ-ның осьтік сызығына перпендикулярлы онымен бір тік сызықта орналасуы тиіс (35-қосымшаның суреті).
      195. Қону аймағының желілік оты 1,5 ± 0,15 м аралықпен орналасқан кем дегенде үш жарық көзінен тұруы және ұзындығы 3 ± 0,3 м-ден 4,5 м-ге дейін болуы тиіс.
      196. Қону аймағының оттары қонуға келе жатқан әуе кемесінің бағытындағы ақ түсті тұрақты сәулелендіру оттары болып табылады.
      197. Глиссаданың көрнекі индикациялау жүйесі (PАPI немесе АPАPI) турбореактивті ұшақтар қолданатын ҰҚЖ-да қарастырылуы тиіс. PАPI жүйесі А, Б, В, Г класстағы ҰҚЖ-ға, ал АPАPI жүйесі – Д, Е класстағы ҰҚЖ-ға орнатылады.
      Д, Е, класстағы ҰҚЖ-ға PАPI жүйесін орнату ҰҚЖ-ны Г класстағы ҰҚЖ-ның ұзындығына дейін немесе одан да көп ұзындыққа ұзартқан жағдайларда тиімді.
      198. PАPI (АPАPI) жүйесі ҰҚЖ-ның өсіне перпендикулярлы, сызықта, оның оң жағынан біркелкі аралықпен орнатылған төрт (екі) оттан тұруы тиіс (36-қосымшаның суреті). Егер сол жағынан орнату мүмкін болмаса жүйені ҰҚЖ-ның оң жағынан орналастыруға жол беріледі.
      "D" қашықтықты анықтау әдістемесі СБӘ-де берілген.
      199. PАPI жүйесінде оттардың арасындағы аралық 9 ± 1 м құрайды. Ішкі от ҰҚЖ-ның шетінен бастап 15 ± 1 м қашықтықта орнатылады. Д немесе Е класстағы ҰҚЖ-дағы PАPI жүйесінде оттар арасындағы аралық 6 ± 1 м бола алады, бұл ретте ішкі от ҰҚЖ-ның шетінен бастап 10 ± 1 м қашықтықта орналасады.
      200. АPАPI жүйесінде оттар арасындағы аралық 6 ± 1 м құрайды. Ішкі от ҰҚЖ-ның шетінен 10 ± 1 м қашықтықта орнатылады. Оттар арасындағы аралық егер жүйенің әрекет ету қашықтығын арттыру талап етілсе немесе егер PAPI жүйесіне ауысу жүзеге асырылатын болса 9 ± 1 м дейін арттырылуы мүмкін. Бұл жағдайда ішкі от ҰҚЖ-ның шетінен 15 ± 1 м қашықтықта орналасады.
      201. Жүйенің оттары бір деңгейде болуы тиіс. Егер жазық беттің көлденең еңісі бұл талапты орындауға мүмкіндік бермесе және көрші оттардың биіктігі бойынша 5 см аспайтын айырмашылықты қамтамасыз ету мүмкін болмаса, көбірек көлденең градиент арттырылуы мүмкін, бірақ барлық жағдайда 1,25 %-дан аспауы керек және барлық оттарға қатысты бірдей мөлшерде пайдаланылу шартымен рұқсат етіледі.
      202. Глиссадалық оттарды биіктету бұрыштары 37-қосымшаның суретіне сәйкес келуі тиіс, ал оттар арасындағы дифференциалдық орнату бұрыштары 38-қосымшаның кестесіне сәйкес келуі тиіс.
      203. PАPI (АPАPI) оттарының осьтері (жүйе осі) ҰҚЖ-ның осьтік желісіне параллельді болуы керек. Кедергілерден қорғау бетін тиісті бұрышқа жылжыту қажет болған кезде оттар осінің (жүйе осінің) ҰҚЖ осінің бағытынан 5Ү-ке дейінгі бұрышқа ауытқуына рұқсат етіледі.
      204. Дәлме-дәл қонуға кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ-дағы көзбен шолу глиссадасы радиотехникалық қону жүйесінің глиссадасымен барынша сәйкес келуі тиіс.
      205. Қандай да бір объектінің глиссаданы көзбен шолу индикациясы жүйесін кедергілерден қорғау бетінің үстіне шығып тұруына жол берілмейді (39-қосымшаның кесте және 40-қосымшаның суреті).
      206. Бүйірлік оттар түнгі уақытта немесе күрделі метеорологиялық жағдайларда қолданылатын барлық БЖЖ-ға орнатылуы тиіс.
      207. БЖЖ-ның тіксызықтық жерлеріндегі бүйір жақтағы оттар 60 м-ден аспайтын бірдей бойлық аралықпен орнатылады (41-қосымшаның суреті). БЖЖ-ның дөңгелектенген жерлеріндегі оттар азайтылған аралықпен орнатылуы тиіс. БЖЖ бұрылыстарындағы оттар төмендегі мәндерден аспайтын аралықтармен орнатылады:
      1) радиусы 400 м дейін – 7,5м;
      2) радиусы 401-899м – 15м;
      3) радиусы 900 м-ден астам – 30м.
      208. БЖЖ-ның бүйірлік оттары көк түсті тұрақты сәулелендіру оттары болып табылады.
      209. Осьтік оттар ІІІ санаттағы жағдайларда қолдануға арналған БЖЖ үшін міндетті болып табылады.
      210. Осьтік оттар БЖЖ-ның осьтік сызығы таңбасының бойымен, бірақ одан бір жағына қарай 0,3 м-ден аспайтын қашықтықта орналасуы тиіс.
      211. ІІІ санатты жағдайында пайдаланылатын БЖЖ-ның тіксызықтық учаскелерінде, жүрдек БЖЖ-ның тіксызықтық учаскелерінде, сондай-ақ ұзындығы 60 м және одан кем БЖЖ-да БЖЖ-ның осьтік оттары 15 ± 1,5 м немесе одан да аз бойлық аралықпен орнатылады (41-қосымшаның суреті). Өзге БЖЖ-ның тіксызықтық учаскелерінде аралықтары ұлғайтылуы мүмкін, бірақ барлық жағдайларда 30 м-ден аспауы тиіс.
      212. БЖЖ-ның дөңгелектенген тұстарындағы осьтік оттары БЖЖ-ның тіксызықтық жерлерінің осьтік оттарының жалғасы болуы керек және 15 м-ден аспайтын аралықпен, ал радиусы 400 м-ден кем бұрылыстарда – 7,5 м-ден аспайтын аралықпен орнатылуы тиіс.
      213. Жүрдек БЖЖ-ның осьтік оттары 15 ± 1,5 м аралықтармен БЖЖ-ға шыға берістің дөңгеленген жерінің басталуына дейін 60 м аспайтын ұзындықта ҰҚЖ-ның осьтік сызығының бойымен және ҰҚЖ-ның бүйірлік оттары желісінен бастап кем дегенде 30 м қашықтықтағы БЖЖ осьтік желісінің бойымен орналасуы тиіс.
      214. Жүрдек емес болып табылатын шығарғыш БЖЖ-ның дөңгеленуінің осьтік оттары ҰҚЖ-ның осьтік желісінен бастап осьтік сызық таңбаның иілісі басталатын нүктеден таңбаның ҰҚЖ-ның сыртына шығатын нүктесіне дейін БЖЖ-ның осьтік желісінің иілген таңбасына дейін баруы тиіс. Бірінші от ҰҚЖ-ның осьтік желісінен немесе ҰҚЖ-ның осьтік оттарының желісінен 0,6 ± 0,15 м-ден аспайтын қашықтықта болуы тиіс (ҰҚЖ-ның осьтік оттарымен бір жақтылы орналасқан жағдайда). Оттар 7,5 м-ден аспайтын бойлық аралықпен орналасуы тиіс.
      215. Шығарғыш БЖЖ-дағы БЖЖ-ның осьтік оттары тұрақты сәулелегіш оттар болып табылады. Түсі бойынша кезектесіп отыратын БЖЖ-ның осьтік оттары олар басталатын ҰҚЖ-ның осьтік желісінен ILS/MLS кризистік/сезгіш аймағының шегіне дейін немесе ішкі өтпелі беттің төменгі шетіне дейін олардың қайсысы ҰҚЖ-дан алыс орналасуына байланысты жасыл және сары түсті болады; одан әрі барлық оттар жасыл түсті болады. Шекке жақын от үнемі сары түсті болады. ӘК-і бір ғана БЖЖ-мен екі бағытқа да бара алатын жағдайларда ҰҚЖ-ғ жақындап келе жатқан әуе кемелері үшін БЖЖ-ның барлық осьтік оттары жасыл түсті болады.
      «Тоқта» желісі оттарының орнатылуы олардың әуе қозғалысы қызметтерінің тарапынан қолмен немесе автоматтық бақылауының қамтамасыз етілуін қажет етеді.
      216. «Тоқта» желісінің оттары ІІІ санаты жағдайында жүру үшін қолданылатын БЖЖ жанындағы ҰҚЖ-дағы күту орындарының таңбалауында және ІІІ санаты жағдайларында жүру үшін қолданылатын БЖЖ қиылыстарының аралық күту жерлеріне орнатылуы тиіс.
      Оттар «Тоқта» желісінің сондай-ақ қозғалыстың тоқтатылуын қажет ететін аралық күту орындарында да орнатылуы мүмкін.
      217. «Тоқта» желісінің оттары БЖЖ-ның осьтік желісіне перпендикулярлы желіде 3 ± 0,3 м аралықпен тиісті таңбалаудың қасында орналасады (41-қосымшаның суреті). «Тоқта» желісінің оттары осы желінің әрбір шетінде екіден қызыл түсті жер үсті оттарымен толықтырылуы мүмкін. Қосымша оттар БЖЖ-ның шетінен кем дегенде 3 м қашықтықта 1 м-ден аспайтын аралықпен орнатылуы және «тоқта» желісінің оттарын басқару жүйесіне қосылуы тиіс.
      218. ҰҚЖ-ның және БЖЖ-ның осьтік оттарының қасындағы күту орындарында ҰҚЖ мен «тоқта» желісі оттарының арасында орналасқан «тоқта» желісі оттарын қоректендірудің электрлік тізбегі «тоқта» оттарды қосқан (өшірген) кезде БЖЖ-ның аталған осьтік оттарының қосылуы (өшірілуі) қамтамасыз етілетіндей болып орындалуы тиіс.
      219. «Тоқта» желісінің оттары және қосымша жер үсті оттар қозғалыстың бағытына қарама-қарсы бағыттағы қызыл түсті тұрақты сәулелендіру оттары болып табылады.
      220. Аралық күту орындарының оттары тоқта-оттармен берілетін қозғалысты тоқтату немесе қайта бастау сигналдарына деген қажеттілік жоқ ІІІ санаты жағдайындағы жүру үшін қолданылатын БЖЖ-да тиісті таңбалаудың жанында орналасады.
      221. Аралық күту орындарының оттары БЖЖ-ның осьтік желісіне перпендикулярлы және оған қатысты симметриялы болып келетін желіде орналасқан 3 оттан тұрады. Оттардың арасындағы аралық 1,5 ± 0,15 м-ді құрайды (41-қосымшаның суреті). Аралық күту орындарының оттары қозғалыс бағытына қарама-қарсы бағыттағы сары түсті тұрақты сәулелендіру оттары болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет