«Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша «5В030100»- құқықтану мамандығына арналған ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені семей



бет3/11
Дата09.06.2016
өлшемі0.79 Mb.
#124824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

5 . Егер судья:

    1. қаралып жатқан істі мұның алдында қараған кезде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл, сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы ретінде қатысса;

    2. іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің туысы болса;

    3. істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не оның әділдігіне негізді күмән туғызатын өзге де мән – жайлар болса, ол істі қарауға қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс.

Істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды. Сондай-ақ бұл ереже прокурорға, срапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына да қолданылады. Сондай – ақ сарапшы немесе маман, егер:

    1. ол іске қатысушы адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет жағынан немесе өзгедей тәуелді болса;

    2. ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгінуге негіз болса не осы азаматтық істі қарағанда пайдаланылса, істі қарауға қатыса алмайды.

Осындай мән – жайлар болған кезде судья, прокурор, сарапшы, аудармашы, сот орындаушысы өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. Істі жеке дара қараушы судьяға мәлімделген қарсылық білдіруді сол соттың төрағасы немесе сол соттың басқа судьясы, олар болмаса –жоғары тұрған сот судьясы қарайды. Қарсылық білдіруді қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы ұйғарым шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды. Ал егер аудандық немесе оған теңестірілген сотта істі жеке дара қараушы судья қарсылық білдірген жағдайда бұл істі сол сотта басқа судья қарайды. Ал егер іс қаралатын сотта судьяны ауыстыру мүмкін болмаса, жоғары тұрған сот арқылы іс басқа аудандық немесе оған теңестірілген сотқа беріледі. Обылыстық немесе оған теңестірілген сотта, ҚР – ның Жоғарғы Сотында істі қарау кезінде судья өздігінен бас тарқан немесе қарсылық білдірген не соттың барлық құрамы қарсылық білдірген жағдайда, істі сол соттағы басқа судья немесе басқа құрамдағы судьялар қарайды. Егер облыстық немесе оған теңестірілген сотта өздігінен бас тарту немесе қарсылықтар білдіру қанағаттандырылғаннан кейін осы істі қарау үшін соттың жаңа құрамын құру мүмкін болмаса, ол қаралатын сот ұйғарымы үшін іс ҚР Жоғарғы Сотына берілуге тиіс.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Ведомствалық бағыныстылықтың түсінігі

  2. Ведомствалық бағыныстылықтың түсінігі

  3. Сотқа ведомствалық бағыныстылықтың басымдығы

  4. Соттылықтың түсінігі және түрлеріне сипаттама

  5. Топтық соттылық. Аумақтық соттылық және оның түрлері

  6. Істің соттылығы туралы ережені сақтамау салдары

Ұсынылатын әдебиет

1. Учебник гражданского процесса / Под ред. М.К. Треушникова. М.: Спарк, 1996.

2. Хрестоматия по гражданскому процессу: Учебное пособие / Под общей ред. М.К. Треушникова. М.: Городец, 1996.

3. Баймолдина, З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан: Учебник для вузов: В 2т. Т1. Общая часть(темы 1-15).-Алматы:КазГЮА,2001

4. Баймолдина, З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан :Учебник для вузов: В 2 т. Т.2. Особенная часть( темы 16-30).-Алматы:КазГЮА,2001
4 Тақырып. Дәлелдемелер мен дәлелдер. Талап


  1. Дәлелдемелер мен дәлелдер түсінігі.

  2. Делелдемелерді қамтамасыз ету және оның тәртібі. Дәлелдемелерді бағалау.

  3. Дәлелдемелерге сараптама тағайындау және сараптама түрлері.

  4. Сарапшының құқықтары мен міндеттері. Іс жүргізу әрекеттеріне маманды қатыстыру.

5. Талаптың түсінігі,элементті,түрлері. Талапқа қарсылық білдіру және талап арыз беру тәртібі.

6. Талап арызды қабылдаудан бас тарту. Талап арызды қайтару және қозғалыссыз қалдыру. Талапты қамтамасыз ету тәртібі.



1. Сот талқысының мақсаты- азаматтар мен мекемелердің құқықтары мен заңды мүддесін қорғау, істің ақиқатына жету болып табылады. Ақиқатты айқындау процесі –дәлелдемелерді зерттеу арқылы іске асырылады. Дәлелдемелердің пәнін айкындау арқылы дәлелдеуге тиісті фактілерді табуға болады. Осы фактілерді дәлелдей отырып сот өзінің негізгі мақсатына жетеді. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтінмән-жайлардың бар –жоғын сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Бұл нақты деректер тараптардың және III тұлғалардың түсініктемелеріннен, куәларлың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындылармен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен айқындалады. Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар береді.Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың тараптары мен қарсылықтарының негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолдануға тиіс нормаларын ескере отырып,сот анықтайды,сондай-ақ сот тарптарға және іске қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.Егер тараптар дәлелдемелерді сұратып алдыруға көмектеседі,яғни қажет болған жағдайда,сот оладың өтініші берген адамға дәлелдемені алу үшін сұрату береді. Соттың талап еткен дәлелдемесі бар тұлға оны тікелей сотқа жібереді немесе сотқа табыс ету үшін тиісті сұратуы бар адамның қолына береді.Егерде сот дәлелдеме талап еткен, оны сот белгіленген мерзімде беруге мүмкіндігі жоқ лауазымды немесе өзге тұлға соттың сұратуын алған күннен бастап 5 күн мерзім ішінде себебін көрсетіп, бұл туралы сотқа хабарлауға міндетті. Егерде хабарламаса , немесе соттың талабы сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаса, онда лауазымды тұлға немесе өзге адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңға сәйкес әкімшілік жазаға тартылады, ал қасақана орындалмаса онда қылмыстық жауапқа тартылады. Егерде дәлелдеме іс үшін маңызы мән-жайларды бар екендігі туралы расталса, онда дәлелдемені сот іске қатысты деп санайды. Нақты деректер, егер олар заң талаптарын бұза отырып,іске қатысушылардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе сотта қарағанда азаматтық процесттің өзге де ережелерін бұза отырып, оның ішінде:

  1. күш қолдану,қорқыту,алдау,сондай-ақ өзге де заңсыз іс әрекеттерді қолданса;

  2. іске қатысушы адамның өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты шаталасуын пайдаланса;

  3. азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның іс жүргізу іс-әрекетін жүргізсе;

  4. іс-жүргізу әрекетінің тәртібін бұзса; онда оларды сот дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайды деп тануға тиіс.Ал егер текскру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса,дәлелдеме рас деп есептелінеді.

Сот жалпыға белгілі деп таныған мән-жайларды дәлелдеуді қажет етпейді. Соттың бұрын қараған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайларды сот үшінт міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді. Сондай-ақ заңға сәйкес анықталадыднп ұйғарырған фактілер азаматтық істі талқылау кезінде дәлелденбейді. Мынадай мән-жайлар:

  1. осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде,кәсіпшілікте жалпы қабылданған зерттеу әдістерінің дұрыстығы;

  2. адамның заңды білуі;

  3. адамның өзінің кызметтік және кәсіби міндеттерін білуі, дәлелдемелерсіз анықталған мән-жайлар болып есептеледі

  4. өздері үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну соңынан мүмкін болмайды немесе қиындық келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы сұрай алады.

2. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету куәлардан жауап алу , сараптама жүргізу, оқиға болған жерді қарап шығу және басқа да әдістер арқылы жүргізіледі.Осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету жөніндегі іс жүргізу әрекеттері жасалуға тиісті аумақ бойынша беріледі. Бұл өтініште қамтамасыз етулуге қажетті дәлелдемелер растау үшін осы дәлелдемелер қажет мән-жайлар, өтініш берушіні қамтамасыз ету туралы өтініш жазуға итермелеген себептер, сондай-ақ қамтамасыз етілетін дәлелдемелер қажет болып отырған іс көрсетілуге тиіс. Бұл өтінішті қарау нәтижесі бойынша сот ұйғарым шығарады. Мұндай өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы судьяның ұйғарымна шағым берілуі мұмкін. Өтініш беруші және іске қатысушы басқа да тұлғалар дәлелдемелерді қамтамасыз ету уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі бұл өтінішті қарауға кедергі болып табылмайды. Әрбір дәлелдеме- қатыстылығы, растығы, ал барлық жиналған азаматтық істі шешу үшін жеткілікті тұрғысынан бағалануға тиісті. Дәлелдемелердің жиынтығы, егерде іске қатысты дәлелдеуге жататын сенімді дәлелдемелер жиналса, азаматтық істі шешу үшін жеткілікті болыр табылады.

3. Дәлелдеменің түрлеріне:

- тараптардың және III тұлғалардың түсініктемелері, яғни осы тұлғалардың іс үшін маңызы бар , өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері, іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тексеруге және бағалауға жатады. Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін.

-куәнің айғақтары.


  1. өкілдің немесе қорғаушының міндетін атқаруына байланысты өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы азаматтық іс бойынша өкілдер немесе қылмыстық іс бойынша қорғаушылар:

  2. діни қызметшілер

  3. судьялардан куәлар ретінде жауап алуға болмайды.

Куәні шақыру туралы өтініш жасаған адам оның тегін.атын,әкесінің атын, және тұрратын жерін хабарлауға тиіс Ал куә ретінде шақырылған адам сотқа тағайындалған уақытта келуін және шынайы айғақ беруге міндетті.Науқастығының, қарттығының, мүгедектігінің немесе басқа да дәлелді себептерінің салдарынан соттың шақыруы бойынша келуге жағдайы болмаса, сот куәдан, өзі барған жерінде жауап алуы мүмкін.

  • жазбаша дәлелдемелер ,яғни іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметті қамтитын актілер ,құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады. Егер құжаттарда ұйымдар, лауазымды адамдар баяндалғане немесе куәландырылған мәліметтер азаматтық іс үшін маңызы болса,дәлелдемелер болып табылады. Құжаттарға талап етілген немесе табыс етірген компьютерлік хабарламаны қамтитын материалдар, фото, кино түсімдер дыбыс және бейне жазбалар жатады.

4.Заңды тұлғалардың және азаматтардың конституциялық құқығын қорғау сотқа талап арыз беру арқылы іске асырылады.Заңда әр азаматтық істі қараудың процедуралық реті көрсетілген,яғни талап арыздан өрбитін өндірістерді талап өндірісі,әкімшілік құқық қатынастардан пайда болатын өндірістер және ерекше өндірістер болып бөлінеді.талап өндірісінің бірінші аталуының мәні азамттық істің басым көпшілігі құқық туралы даудан пайда болады.Талап арыз – дегеніміз талапкер мен жауапкер ортасында құқық пен заңды мүдделерін бұзылуына байланысты туған материалдық құқықтық дауды қарап шешу туралы сотқа өтініш жасауды айтамыз.Талаптың элеметтері болып талаптың мәні мен ерекшелігін танытатын бөлшектері болып танылады.Талаптың мәні ол материалдық құқықтық дау, ол даулардың түрлері:

1.талапкер мен жауапкер ортасында материалдық құқық қатынасының болуы немесе болмауы туралы дау;

2. талапкер мен жауапкер ортасында жауапкердің міндетінен туатын дау;

3. талапкер мен жауапкер ортасындағы құқық қатынасты өзгерту немесе жою туралы дау;



5.Талап арыз сотқа тек жазбаша нысанда беріледі.Ол талап арызда:

1. арыз берілетін соттың атауы;

2.Талап қоюшының атауы,оның тұрғылықты жері немесе егер талап қоюшы ұйым болса,оның тұрған жері мен банкттікреквизиттері;сондай-ақ арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен жайы;

3. жауапкердің атауы ,оның тұрғылықты жері,егер жауапкер ұйым болса, онда ол ұйымның тұрған жері талапкерге белгілі болса,онда тұрған жері мен банкттік реквизиттері;

4. Талапкердің құқықтарын бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;

5. Талапкер өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар;

6. егер талап қою балауға жатса, талап қоюдың бағасы;

7. арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс;

Ондай қоса тіркелетін құжаттарға мыналар жатады;


  • жауапкер мен III тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесі ;

  • мемлекеттік баж төлеуді растайтын құжат;

  • өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;

  • талапкер өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;

  • талап арызды дауға салған жағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні:

  • талапкердің мерзімді кейінге қалдлыру ұзарту,сот шығындарын төлеуден босату немесе олардың мөлшерін азайту туралы,талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтініш жатады.

Сондай-ақ арызда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі, және талапкердің өтініші баяндалуы мүмкін.Егер прокурор азаматтардың мүдделері үшін өтініш жасаған жағдайда талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігінің себептерін негіздеу болуға тиіс; арызға әрекет қабылетсіз адамның мүдделері үшін арыз беретін жағдайларды қоспағанда,азаматтың сотқа талап қоюмен жүгінуге келісімін растайтын құжат қоса тіркелуге тиіс. Арызға талапкер немесе талап арызға қол қоюға және оны көрсетуге өкілеттігі болған жағдйда оның өкілі қол қояды. Судья талап арыз түскен күннен бастап 5 күн мерзімде оны сот ісін жүргізу үшін қабылдау туралы мәселені шешуге құқылы. Талап арызды қабылдай отырып,судья азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады. Ал егер жауакер талапкердің талабынан қорғанғысы келсе, ол қарсылық жазу немесе қарсы талап беру арқылы іске асырылады. Қарсылық білдіру – жауапкер берілген талапты нақтылы негіздер келтіре отырып негізсіз деп тануға күш салады, яғни талапкердің талап беруге құқығы жоқ немесе талап беру барысында процесуалдық тәртібінің сақталмауының негізінде процестің болуының өзі қателік деп табуды айтамыз. Ал қарсы талап арыз талапкердің сотқа өз алдына жауапкердің арызымен бірге қарау үшін берген талабы.

6. Судья талап арызды қабылдаудан егер:

- арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаруға және шешуге жатпаса;

- сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талапкердің талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот істі жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарымы болса бас тартады.

Судья арызды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады, егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, талап қоюшының қандай органға жүгінуі керектігін көрсетеді. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді ұйғарым ол сотқа түскен кезден бастап 5 күн мерзімде шығарылады және ароыз берушіге қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге табыс етуге немесе жіберілуге тиіс. Бұл арызды қабылдаудан бас тарту туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.



  1. Судья талап арызды, егер;

  1. талап қоюшы істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешу заңмен белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса;

  2. іс осы соттың соттауына жатпаса;

  3. арызды әрекетке қабылетсіз адам берсе;

  4. арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса;

  5. осы немесе басқа бір соттың іс жүргізуінеде сол тараптар арасында, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде іс бар болса;

  6. коммуналдық мүлікті басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы затты қабылдаған күннен бастап 1 жыл өткенге дейін жылжымайтын затқа коммуналдық меншікті төлеу туралы өтінішпен сотқа жүгінсе;

  7. талап арызды қайтарыды талап қоюшы мәлімдесе қайтарып жібереді.

Судья арызды қайтару туралы дәлелді ұйғарым шығарады,онда арыз берушіге, егер іс осы соттың соттауына жатпайтын болса, қандай сотқа жүгіну не істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жою қажет екендігін көрсетеді. Талап арызды қайтару туралы ұйғарым ол сотқа түскен күннен бастап 5 күн мерзімде шығарылуға және аоызға қоса тіркелген барлық құжаттармен арыз берушіге тапсырылуға немесе жіберілуге тиіс. Осы аоызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін. Судья егер талап арызды жазған кезде талап арыздың нысаны мен мазмұнын, сондай-ақ қоса тіркелетін құжаттарын дұрыс жазбаған кезде арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарылып, бұл туралы арызды берген тұлғаға хабарлайды және оған кемшілікті түзету үшін мерзім беріледі. Егер талап қоюшы судьяның нұсқауына сәйкес және ол берілген мерзімде ұйғарымдыа аталған талаптарды орындаса, талап арыз оны сотқа алғашқы тапсырған күні берілген болып есептеледі. Ал егер сол берілген мерзімде қателер түзелмесе арыз берілмеген болып есептеледі және судьяның ұйғарымымен оған қоса барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады. Арызды қайтару туралы судьның ұйғарымы на жеке шағым немесе наразылық берілуі мүмкін. Жауапкер I сатыдағы сот шешімі шығарылғанға дейін алғашқы талап қоюмен бірлесіп қарау үшін талап қоюшыға қарсы талап қоюға құқылы. Қарсы талап қою талап қою туралы жалпы ережелер бойынша жүргізіледі. Судья қарсы талап қоюды, егер;

  • қарсы талап алғашқы талапты есепке алуға бағытталса;

  • қарсы талап қоюды қанағаттандыру алғашқы талап қоюдың толық немесе қанағаттандыру бөлігінде болдырмаса;

  • қарсы және алғашқы талап қоюлардың арасында өзара байланыс болса және оларды бірлесіп қарау дауларды неғұрлым жылдам және дұрыс қарауға әкелсе қабылдайды.

Іске қатысатын адамның арызы бойынша соттың талап қоюды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауы мүмкін. Талап қоюды қамтамасыз етуге ,егер бұндай шараларды қабылдамау сот шешімін орындауды қиындатса немесе оның орындалуын мүмкін етпесе, істің барлық жағдайларында жол беріледі. Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар:

  1. жауапкерге тиісті және онда немесе басқа адамдарда болатын мүлікке тыйым салу;

  2. жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу;

  3. басқа адамдардың мүлікті жауапкерге беруіне немесе оған қатысты өзге де міндеттемелерді орындауына тыйым салу;

  4. мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қойылған жағдайда мүлікті өткізуді тоқтата тұру;

  5. мемлекеттік органның ,ұйымның актісінің қолдануын тоқтата тұру;

  6. борышкер сот тәртібімен дауға салатын атқарушылық құжат бойынша өндіріп алуды тоқтата тұру болуы мүмкін.

Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья жауапкерге және іске қатысатын басқа адамға хабарламастан ол сотқа трүскен күні шешеді,және судья ұйғарым шығарады. Осы талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіпте дереу орындалады. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін сол сот тараптардың арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша жоюы мүмкін. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы мәселе сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады,бірақ олардың келмей қалуы талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы мәселені қарауға кедергі келтірмейді. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі барлық ұйғарымға жеке шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін. Егерде талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шағым берген адамға хабарламай шығарылса, шағым беру мерзімі оған бұл ұйғарым белгілі болған күннен бастап есептеледі.Егер жеке шағым берілсе де,бұл ұйғарымның орындалуын тоқтатпайды.Ал егер талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы немесе талап қоюды қамтамасыз етудің 1 түрін 2 түріне ауыстыру туралы ұйғарымға жеке шағым беру немесе наразылықкелтіру ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Сот дәлелдеуінің түсінігі және мақсаты.Сот дәлелдеуінің субъектілері

  2. Сот дәлелдемелерінің түсінігі және түрлеріне жалпы сипаттама

  3. Дәлелдемелерді бағалау және зерттеу

  4. Талап қою бойынша іс жүргізудің түсінігі және мәні

  5. Талап қою бойынша іс жүргізу ережелерінің маңызы

  6. Талаптың түсінігі,элементтері , түрлері.Талап қою құқығы

  7. Талапты қосу және бөлу

Ұсынылатын әдебиет

1. Баймолдина З.Х. Доказывание и доказательства в гражданском судопроизводстве: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.

2. Баймолдина З.Х. Исковой порядок защиты прав в суде: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.

3. Баймолдина З.Х. Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.

4. Викут М.А., Зайцев И.М. Гражданский процесс России: Учебник. М.: Юристъ, 1999.

5. Гражданский процесс: Учебник / Под ред. В.А. Мусина, Н.А. Чечиной, Д.М. Чечота. М.: ТОО “Фирма ГАРДАРИКА”, 1996.


5 Тақырып. Сотта азаматтық істі қозғау және істі сотта қарауға әзірлеу

  1. Талап арызды қабылдау және талап арызды қабылдаудан бас тартудың негіздері.

  2. Азаматтық істерді сотта қарауға дайындау: түсінігі, мақсаты, маңызы және судьяның алдында тұрған міндеттер.

  3. Істерді сотта қарауға әзірлеу. Істерді сотта қарауға дайындау бойынша судьяның іс-әрекеттері.

  4. Істі сотта қарауға дайындау кезінде іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, қысқарту және талап арызды қараусыз қалдыру.

  5. Істі сотта қарауға тағайындау. Сотқа шақыру, өзге де сот хабарламалары: сот шақыру қағазының мазмұны мен оны тапсырудың тәртібі.

1.Азаматтық істі қозғау біртұтас процессуалдық іс-әрекеттердің жиынтығындағы ең алғашқы және ең мағыналы дербес саты болып табылады. Сот бұл сатыдан жеке дара іс-әрекет жасай отырып және сол соттың жасаған әрекеттерінің шығарған шешімінің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі талапкер мен жауапкердің құқық қорғауы мен міндетін орындауға тікелей әсерін тигізеді. Талап арызды тапсыру талапкердің процессуалдық іс-әрекетінің жиынтығының негізінде сотқа арыз тапсыру болып есептелінеді. Талапты талапкер тікелей өкілі арқылы немесе почта арқылы тапсыруы мүмкін. Талап арызда талап арыздың нысаны мен мазмұны, барлық реквизиттердің болуы шарт. Талап арызда іс бойынша қысқаша мәләмдеме болуы керек. Сондай-ақ талап арыз 4 бөлімнен тұрады:

1) Кіріспе, бұл бөлімде талаптың пәні,құны параққа бағана ретінде оң жағына жазылады;

2) Сипаттама;

3) Дәлелдеме, бұл бөлімдерде талапкердің іс бойынша мәлімдемесі, талабы және дәлелдемелер келтіріледі.

4) Қорытынды, бұнда талапкердің талабы жазылады және дәлел ретінде тіркелетін құжаттардың тізімі көрсетіледі.

Мемлекеттік баж салығының төленбеуі немесе реквизиттердің толық жазылмауы талапты қабылдаудан бас тартуға негіз бола алмайды. Мұндай жағдайда талап арыз соттың өндірісінде қала тұра, іс қарауға тағайындалмайды. Жіберілген кемшіліктер сот белгілеген мерзімде түзетіле отврып, іс сот талқысына дайындала бастайды. Жіберілген кемшіліктерді толықтыру үшін сот белгілі мерзім тағайындай отырып ұйғарым шығару арқылы талап арызды уақытыша қозғалыссыз қалдырады. Егерде белгіленген мерзімде кемшіліктер түзетілмесе талап арыз қаралмайды. Азаматтық істі қозғау-сот өндірісінің бірінші сатысы болғандықтан, бұл сатысыз еш азаматтық іс ашылмайды.



2. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу- соттың аңықтама шығарған уақытынан басталады. Арыз қабылданғаннан және азаматтық істі қозғағаннан кейін судья оны уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатымен сотта іс қарауға істі әзірлейді.Істі сот талқысына дайындауды сот өз атынан жеке дара жүргізеді. Талап арызды қабылдау туралы шешімге келген судья ұйғарым шығара отырып істі сот талқысына дайындайды. Істі сот талқысына дайындау келесі бағыттарда жүргізіледі:

1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мәліметтерді анықтау;

2) іс бойынша қатысушылардың бір-біріне заң бойынша қатынастары және іс бойынша қолданылатын заңды анықтау;

3) іс бойынша қатысуы мүмкін тұлғалардың шеңберін анықтау мәселесін шешу;

4) іс бойынша қоғамдық мекемелердің, ұйымдар мен бірлестік өкілін қатыстыру туралы сұрақты шешу;

5) іс бойынша дәлел болатын затты және дәлелдеудің пәнін аңықтау және дәлелдемелерді уақытында тапсыруды анықтау.

Істі өндірісіне қабылдағаннан кейін судья талапкерден жауапкердің қандай қарсылық білдіруі мүмкін және оған қосымша дәлел болатын дәлелдемелерді тапсыруын ұсынады. Кей жағдайларда іс бойынша жауапкер қосымша дәлел алдыру туралы тілек білдіреді. Сот талқыс басталғаннан кейін оның мүлтіксіз аяқталуына кедергі болмауы үшін, сот әр уақытта жауапкерді де сот талқысына дейін талап арызбен таныстырып, оның қарсылық білдіру құқығын түсіндіруге міндетті. Істі сот талқысына дайындау, дәлелдемелер жинау және басқа да процессуалдық әрекеттер жасау барысында сот тек заңда көрсетілген негіздерге бағынады. Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу, арыз қабылданған күннен бастап 7 күн мерзімнен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Алимент өндіріп алу туралы, мертігуден немесе денсаулықтың өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы істерден басқа, айрықша күрделі істер бойынша ерекше жағдайларда, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты және еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша бұл мерзім судьяның дәлелді ұйғарымы бойынша 1 айға дейін ұзартылуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет