«Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша «5В030100»- құқықтану мамандығына арналған ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені семей



жүктеу 1.64 Mb.
бет1/11
Дата09.06.2016
өлшемі1.64 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ОӘК 042-18-20.1.14/03-2015

№1 басылым


бет. - - -еттің -ші




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ОӘК 042-18-20.1.14/03-2015

«Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым




«Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша

«5В030100»- құқықтану мамандығына арналған


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

СЕМЕЙ

2015
Мазмұны

  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттердің өздік жұмысы


1. Глоссарий




Терминдік ұғым сөз

Ұғымдық мазмұны

1

Азаматтық іс жүргізу құқығы


соттардың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, азаматтық істер бойынша сот әділдігін, сот қаулыларын мәжбүрлеп орындау тәртібін реттейтін мемлекет белгілеген құқықтық нормалардың жиынтығы немесе жүйесі болып табылады.

2

Азаматтық іс жүргізу құқығының субьектілері

талапкер мен жауапкер құқық қатынасының немесе сот шешетін заңмен қорғалатын мүдденің субъектілері болып табылады.

3

Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясы

1948ж10желт.БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған , преамбула мен 30баптан тұратын бұл декларация мемлекеттерге «нәсілге,жынысқа,тіл мен дінге ажыратпай, адамның құқы мен баршаға арналған негізгі бостандықтарға құрметпен қарауды орнықтыру және дамыту жолында»ынтымақтасуды міндеттеген БҰҰ Жарғысын өрбітіп, нақтылай түскен құжат болып табылады.Халықаралық қарым-қатынастар тарихында тұңғыш рет адамның жалпыға бірдей сақталатын құқылары мен бостандықтарының шеңбері айқындалады

4

Азаматтық іс жүргізу заңнамасы

Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарын реттейтін заңнамалар

5

Даудың пәніне өз алдына талап – тілегі бар үшінші жақтар


олар бір немесе екі тарапқа талап қою арқылы бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін процеске қатыса алады. Олар талап қоюшының барлық құқықтарын пайдаланады және оның барлық міндеттерін жүзеге атқарады.

6

Даудың пәніне өз алдына талап – тілегі жоқ үшінші жақтар


олар егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша біріші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талапкер немесе жауапкер жағында іске қатысады.

7

Жауапкер

талапкердің берген талабы бойынша сот жауапқа тартатын тұлғаны айтамыз. Азаматтық құқық қабілеттілік

8

Тараптар

құқық пен заңды мүддесі туралы даулар жөніндегі азаматтық істерге қатысушылардың негізгі тобы болып табылады.

9

Талапкер

субъективті құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін азаматтық іс қозғайтын тұлға.

10

Сотта іс қарау

азаматтық істі қарап және сол азаматтық іс бойынша шешім қабылданатын азаматтық іс жүргізу процесінің сатысы.

11

Соттылық

бір жеке саладағы азаматтық істерді қарау және шешу кезіндегі судьялардың өкілеттіктері, яғни белгілі бір азаматтық істі қарау және шешу кезіндегі ортақ юрисдикциялық өкілеттілік.

12

Сот өкілдері

өзіне жүктелген өкілеттігінің негізінде өкілденушіге ұтымды шешім шығаруына күшін сала отырып, өзінің азаматтық және процесуалдық құқықтарын дұрыс пайдалана білуіне көмектесуші.

13

Мемлекеттік баж

уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

14

Қарсылық білдіру.

жауапкер берілген талапты нақтылы негіздер келтіре отырып негізсіз деп тануға күш салады, яғни талапкердің талап беруге құқығы жоқ немесе талап беру барысында процесуалдық тәртібінің сақталмауының негізінде процестің болуының өзі қателік деп табуды айтамыз

15

Қарсы талап арыз

талапкердің сотқа өз алдына жауапкердің арызымен бірге қарау үшін берген талабы.


2. Дәрістер

Дәріс сабағының құрылымы

1Тақырып. Азаматтық іс жүргізу құқығының ғылымы. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар және олардың субъектілері.

1.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, жүйесі, сатылары.

2.Азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуі.

3.Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары мен қайнар көздері.

4. Азаматтық іс жүргізу қатынасының түсінігі, пайда болуы.

5.Азаматтық іс жүргізу қатынасының субъектілері және оларды топтастыру.

6.Талапкер мен жауапкерге ортақ процесуалдық белгілер.

7. Азаматтық процестегі үшінші жақтар туралы түсінік. Прокурордың сот ісіне қатысуы. Басқа да қоғамдық ұйымдардың іске қатысуы.



1. ҚР Конституциясына сәйкес біздің мемлекетімізде сот билігінің міндетін тек сот органдары ғана орындайды. Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер болып табылады. Олар – азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы және ведомствалық бағыныстағы соттардың қарамағына жататын басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар. Азаматтық істерді қарау және шешу тәртібі азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңмен, азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен белгіленеді. Азаматтық іс жүргізу құқығы – соттардың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, азаматтық істер бойынша сот әділдігін, сот қаулыларын мәжбүрлеп орындау тәртібін реттейтін мемлекет белгілеген құқықтық нормалардың жиынтығы немесе жүйесі болып табылады. Азаматтық іс жүргізу құқығын реттеу әдісі императивтік және диспозитивтік сипатта болады. Соттың іс жүргізу әрекеттері, яғни соттың шешімдері , ұйғарымдары , нұсқаулары билік сипатында жасалады, олар өздері арнап шығарған тұлғалар үшін міндетті, себебі: оларды мемлекеттік билік органы шығарады және мәжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген. Азаматтық іс жүргізу құқығы жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімге мыналар жатады:

- Сот әділдігі қағидалары;

- Азаматтық істердің сотқа қарастылығы;

- Сот құрамы;

- Қарсылық білдіру;

- Іске қатысушы тұлғалардың құрамын, олардың іс жүргізу құқығы мен міндеттерін дәлелдеу;

- Талап қою нормалары кіреді.

Ерекше бөлімге құқықтың осы саласының жекелеген институттарын, сатыларын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы (1 – ші сатыдағы, апелляциялық бақылау сатысындағы) жатады.Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері – азаматтық, мемлекеттің және ұйымның бұзылған немесе даулы құқытарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқықбұзушылықтың алдын – алу болып табылады.Азаматтық процесс жеке сатылардан тұратын қозғалыс болып табылады. Ол процесс мынандай сатыларға бөлінеді:

- Сотта азаматтық істің қозғалуы;

- Істі сотта қарауға әзірлеу;

- Істі 1 – ші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау;

- Апелляциялық тәртіппен қарау;

- Заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарау;

- Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдарды, қаулыларды жаңадан ашылған мән – жәйлар бойынша қайта қарау;

- Атқару ісін жүргізу (орындау өндірісі).

Осы азаматтық процестің сатыларының өзі үлкен 3 бөлімнен тұрады:



  1. Азаматтық істі қозғау;

  2. Азаматтық істі сот талқылауына дайындау;

  3. Азаматтық істі мәні бойынша талқылап, сот шешімін немесе анықтамасын қабылдау.

Азаматтық процесте материалдық құқықтың ерекшелігіне қарай сот өндірісі 3 топқа бөлінеді:

  1. Талап өндірісі, ол азамат, еңбек, жанұя құқықтарының бұзылуынан пайда болады, яғни сотқа талапкердің талап арыз беруінің нәтижесінде пайда болады.

  2. Әкімшілік құқықтық қаржылық және мемлекеттік құқықтық қатынасынан пайда болған өндірістер, яғни талап – арыз арқылы емес өтініш, арыз арқылы пайда болатын істер.

  3. Ерекше өндіріс, бұл заңдық маңызы бар фактілерді анықтау өндірісі.

Ерекше өндірісте қаралатын істер қатарына:

  1. Азаматты хабар – ошарсыз кетті деп тану және азаматты өлді деп жариялау;

  2. Азаматты әрекет қабілеттігі шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану;

  3. Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкердің банкроттығы туралы істерді қарау;

  4. Жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану және жылжымалы мүлікті иесіз деп тану;

  5. Ұл (қыз) асырап алу туралы өтініштер бойынша іс жүргізу;

  6. Азаматтық хал актілері жазбаларының қателерін анықтау;

  7. Нотариаттық іс - әрекетерге немесе оларды жасаудан бас тартуға жасалатын шағымдар жатады.Бұл өндіріс өтініш беру арқылы қозғалады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздерін азаматтық процессуалдық іс - әрекетті реттеп отыратын жалпы және нақты ережелері көрсетілген нормативті актілер құрайды. Атап айтқанда:

  • ҚР Конституциясы

  • Азаматтық істер жүргізу кодексі

  • Азаматтық кодекс

  • ҚР Прокуратурасы туралы Жарлық

  • ҚҰ сот және сот мәртебесі туралы Заң

2. Азаматтық іс жүргізу нормалары уақыт жағынан кеңістікте және азаматтарға қолданылады. ҚР АІЖ кодексінің 3 бабына сәйкес жүзеге асырылады (кодекстен қарау).Азаматтық іс жүргізу нормаларын түсіндірудің – түпнұсқалық /аутентикалық/ және доктриналдық түсіндіру болып табылады.Түпнұсқалық түсіндіру жағдайында заң нормаларының түсіндірмесін оларды қабылдаған немесе шығарған орган береді. Құқыққорғаушылық нормативтік түсіндірме жағдайында түсіндіруді Жоғарғы Соттың Пленумы жүзеге асырады.Доктриналдық түсіндіру процесуалдық нормалар тақырыбына жазылған монографияларда, мақалаларда және заңдар мен кодификацияланған заң актілерінде, ғылыми – тәжірибиелік түсіндірмелерде жасалады. Сондай – ақ заң нормаларын түсіндіру тәсілдері бойынша грамматикалық, логикалық, жүйелі, тарихи түсіндірулерге бөлінеді:

  • грамматикалық түсіндіру процесуалдық нормалары өздері баяндалған тіл грамматикалалардың емлелеріне қатаң қарап, заң мәтінінің сөз және стилистикалық құрылымына талдау жасауды көздейді.

  • логикалық түсіндіру заң мәтінінің шеңберінен шықпай, ұқсастықты, ұсыныстарын өзгертуді пайдаланатын логика ережелеріне негізделген.

3. Әр құқық саласының негізін оның қағидалары қалайды. Азаматтық процесуалдық құқықтың барлық қағидалары азаматтық істердегі сот талқылауы қандай болу керектігінің тиісті заңға сәйкес болуын анықтайды.Азаматтық процесуалдық құқықтың құқықтық қағидаларының мәні мынада:

  • азаматтық процесуалдық құқықтың бастауы бола отырып осы құқық саласының нормаларын талқылаудың негізін қалайды;

  • пәнге, мақсатына, тәсіліне қосымша бола отырып осы саланы ерекшелендіретін белгісі болып табылады.

Азаматтық процесуалдық құқықтың қағидалары – осы пәннің табиғатын, процестің мақсатына жету тәсілін және қалыптасу процесін белгілейді. Ғылым саласында құқық қағидалары 3 үлкен топқа бөлінеді:

  • жалпы, яғни барлық құқық саласына ортақ қағидалар;

  • салааралық, яғни кейбір құқық саласына ортақ қағидалар;

  • салалық, яғни бір ғана құқық саласына тиісті қағидалар.

Ал азаматтық процесуалдық құқық қағидаларын саралауда Конституциялық қағидалар мен азаматтық процесс құқығында көрсетілген қағидалар болып бөлінеді. Конституциялық қағидаларға:

  • заңдылық қағидасы;

  • сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы;

  • судьялардың тәуелсіздігі;

  • барлық азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі;

  • сотта істі қараудың жариялылығы;

  • сот ісін жүргізу тілі;

Ал азаматтық процесуалдық құқығында көрсетілген қағидаларға:

- диспозитивтік қағидасы /қарсылық білдіру қағидасы – яғни әрбір жақ немесе тарап өз құқықтарын қолдана білуі (талап қою, талаптан бас тарту, т.б.с.с.)/;



  • тараптардың айтысуы мен теңқұқықтылығы;

  • меншікке қол сұғылмаушылық;

  • жеке адамдардың ар – намысы мен қадір – қасиетін құрметтеу;

  • адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін сотта қорғау;

  • дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау ;

  • сот актілерінің міндеттілігі;

  • іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы.

4. Соттың азаматтық істерді қарауы және шешуі кезінде сот және әртүрлі субъектілер арасында көптеген құқық қатынастары пайда болады. Бұл қатынастар әділеттілікті іске асыру барысында қалыптасатын азаматтық процесуалдық құқықтық қатынастар болып табылады. Азаматтық процесуалдық құқық қатынасы – азаматтардың сот өндірісіне қатысушы жақтармен соттар арасында пайда болатын , әрі азаматтық процесуалдық құқық нормаларымен реттелетін қатынастар. Азаматтық процесуалдық құқыққатынасының пайда болуына мынандай 3 алғышарт қажет:

- Азаматтық іс жүргізу құқықығының нормалары, яғни азаматтық істерді қарау және шешу мақсатындағы жалпыға міндетті ережелер. Олар заңда бекітілген мінез – құлық ережелерінен тұрады, яғни олар құқық қатынасына түсетін тұлғалардың міндеттерін анықтайды.

- Заңды айғақтар, яғни заңмен көрсетілген заңды айғақтар болып табылады. Оларға азаматтық процесуалдық құқықтық нормалармен реттелетін, іске қатысушылар мен соттың іс - әрекеттері жатады.

- Азаматтық құқыққатынасының қатысушыларының құқықсубъектілігі. Құқықсубъектілік дегеніміз – қатынасқа түсіп отырған тұлғалардың құқыққабілеттігі мен әрекетқабілеттігі. Яғни құқыққабілеттілік –міндеттері мен құқықтарға ие болу қабілеттігі, ал әрекетқабілеттілік – жақтардың өз құқықтарын сотта өздерінің пайдалана білуін айтамыз. Сондай – ақ заңды тұлғалар да құқыққабілеттілік пен әрекетқабілеттілікке ие бола алады. Заңды тұлғаның құқықтық жағдайы оның жарғысы немесе ережесімен белгілене отырып заңды тұлға болып тиісті мемлекеттік органдарда тіркелген күннен басталады. Азаматтардың процесуалдық әрекетқабілеттілігі – 15 жасқа толмаған жасөспірімдерде және ақыл есі кем деп танылған адамдарда болмайды. Олар өздерінің әрекетқабілеттігін заңды өкілдері арқылы жүзеге асырады. Толық процесуалдық әркетқабілеттілік – дені сау 18 жасқа толған азаматтарда болады.Қандайда болмасын азаматтық процесуалдық қатынас соттың қатысуынсыз жүзеге асырылмайды, себебі: сот – азаматтық процесуалдық құқыққатынасының міндетті субъектісі болып табылады.



5. Азаматтық процесуалдық құқық қатынастары ең бірінші азаматтық процесуалдық құқықтық субъектілердің шеңберін анықтайды. Азаматтық процесуалдық құқық қатынасының қоғамдық қатынастың түрі ретінде өзіне тән ерекшелігі бар. Ол ерекшеліктің бірі – азаматтық процесуалдық қатынастың субъектісі болып сот және басқа да процеске қатысушылыр болып табылады. Іске қатысушы тұлғалар өздерінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес 2 топқа бөлінеді:

- Іске қатысушы тұлғалар;

- Сот ісіне ықпалын тигізетін тұлғалар.



Іске қатысушы тұлғаларды келесі белгілері біріктіреді:

  • процесуалдық әрекетті өз атынан жасау құқығы;

  • өзінің еркін білдіру құқығы;

  • сот шешімінде өзіндік заңды мүддесінің болуы;

  • сот шешімінің заңды күшінің белгілі бір мөлшерде әсер етуі.

Ал сот ісіне ықралын тигізетіндер қатарына - өкілдер, қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдары, аудармашы, куә және эксперттер жатады. Олар азаматтық істерді қарау барынсында өздерінің әрекеттерімен оны шешуге көмектесіп, сот қызметінің дамуына себебін тигізеді. Сонымен қатар азаматтық процесуалдық қатынастың ерекшелігі – процеске соттың қатысуының міндеттілігі. Сот азаматтық процесуалдық қатынастың қатысушысы бола тұра сот талқысына қатысуға жаңа субъектілерді іске тартады және олармен құқық қатынасына түседі. Соттың процесуалдық құқы оның атқаратын қызметі және өкілеттілігімен байланысты, сол арқылы соттар мемлекет пен қоғам алдында жауапты болып есептелінеді. Азаматтық процесуалдық құқық қатынасының субъектісі ретінде соттар: соттың жеке дара немесе алқалық құрамдағы соттары қарайды, Яғни соттың бірінші сатысындағы азаматтық істерді соттың атынан әрекет ететін судья жеке дара қарайды, ал істерді аппелляциялық сотта немесе қадағалау сатысындағы соттарда қарауды соттың алқалы құрамы жүзеге асырады. Іс алқалы түрде қаралған кезде соттың құрамына саны тақ (кем дегенде үш) судья кіруге тиіс, олардың біреуі төрағалық етуші болып табылады.

6. Тараптар - құқық пен заңды мүддесі туралы даулар жөніндегі азаматтық істерге қатысушылардың негізгі тобы болып табылады. Заңға сәйкес процестегі тараптар талапкер мен жауапкер болып табылады. Талапкер дегеніміз субъективті құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін азаматтық іс қозғайтын тұлға. Ал жауапкер дегеніміз талапкердің берген талабы бойынша сот жауапқа тартатын тұлғаны айтамыз. Талапкер мен жауапкер құқық қатынасының немесе сот шешетін заңмен қорғалатын мүдденің субъектілері болып табылады. Алайда дау тудыратындай құқық бұзылды ма, оған жауапкер дәл осы тұлға ма оны сот шешеді. Соттар қарайтын азаматтық істердің басым көпшілігі азаматтар, мекемелер ортасындағы құқық пен міндет туралы даулар болып есептелінеді. Осы даудың қатысушылары бір – біріне қарама – қайшы талабы бар азаматтық процестің жақтары деп есептелінеді, ол жақтар әрқашанда талапкер мен жауапкер болып табылады. Тиісті емес жақтар талапкер болсын, жауапкер болсын тек талапкердің келісімімен ауыстырылады. Егер талапкер келісім бермеген жағдайда сот келесі жауапкерді істен шығармай отырып іске қосады, бұл алмастыру сот шешімі шыққанға дейін жүзеге асырылады. Процесуалдық құқыққабылдаушы бір тұлғаның барлық азаматтық және материалдық құқығы мен міндеттері екінші тұлғаға көшкен жағдайда орын алады. Осы іске қатысушы тұлғалардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға, іске қатысушы басқа адамдарға, яғни куәларға, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға, өтініш жасауға, сотқа ауызша немесе жазбаша түсініктемелер беруге, іске қатысушы өзге тұлғалардың өтініштері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге, сот жарыссөздеріне қатысуға, сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге, соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға құқылы. Талапкер талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға, сондай – ақ талап қоюдан бас тартуға құқылы. Бірақ бұндай жағдайда талапкер жазбаша өтініш беру керек, әрі ол өтінішке бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін жол беріледі. Егер сот істі дайындау үстінде немесе бірінші сатыдағы сотта оны қарау кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай талап қоюшының өтініші бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады, бұндай жағдайда істі қарау басынын бастап жүргізіледі.

7. Сот ісіне қатысушылар қатарына заң үшінші жақтарды да жатқызады. Үшінші жақтардың ерекшелігі - олар әрқашан басталып кеткен процеске қатысады. Іске қатысуының негізіне және іске қатыстылығы бойынша үшінші жақтар 2 топқа бөлінеді:

  1. Даудың пәніне өз алдына талап – тілегі бар үшінші жақтар, олар бір немесе екі тарапқа талап қою арқылы бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін процеске қатыса алады. Олар талап қоюшының барлық құқықтарын пайдаланады және оның барлық міндеттерін жүзеге атқарады.

  2. Даудың пәніне өз алдына талап – тілегі жоқ үшінші жақтар, олар егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша біріші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талапкер немесе жауапкер жағында іске қатысады.

Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарының құқықтық жағдайы ҚР Конституциясында және “ ҚР Прокуратурасы туралы ” заң күші бар Жарлығымен (1995 жыл 21 желтоқсан) реттеледі. ҚР Прокуратурасы республика аумағында заңдардың, ҚР Президентінің Жарлықтарының және өзге номативтік – құқықтық актілерінің дәл және біріңғай қолданылуына, жедел – іздестіру қызметінің, анықтама және тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, ҚР Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады. ҚР Прокуратурасы республика аумағында жалпы қадағалауды іске асыратын біріңғай жүйелі мемлекеттік орган бола тұра, өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады. Прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары мынандай:

  • Конституцияның, заң актілердің, республика Президентінің актілерінің бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолдану;

  • Жедел – іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына қадағалау жүргізу;

  • Сотта мемлекет мүддесін білдіру немесе қорғау;

  • Заңмен көрсетілген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Прокуратура органдары қылмыстық, азаматтық сот ісін жүргізу барысында сот шығарған шешім, өзге де қаулы заңға сай болмаса немесе негізсіз болуына келіспеген болса прокурор істі қайта қарау немесе құқықтық актінің күшін жою немесе өзгерту туралы жоғары тұрған сотқа наразылық білдіруге құқылы. Сондай – ақ заңды күшіне енген шешімдерді және өзге де қаулыларды соттан талап етіп алуына құқылы. Ал егер заңды күшіне енген шешім немесе өзге де қаулы заңға сәйкес келмесе, әрі негізсіз болса, онда қадағалау тәртібімен наразылық жасайды. Ал азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәлме – дәл және бір үлгіде қолданылуына жоғары қадағалау жүргізу ісін мемлекет атынан ҚР Бас Проркуроры тікелей өзі және өзіне бағынатын прокурорлар арқылы жүзеге асырады. Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы мұның өзі заңмен көзделген немесе осы іске прокурордың қатысу қажеттігін сот таныған жағдайда міндетті. Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатсыуға құқылы. Прокурор азаматтардың құқытарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға, өтініш жасауға құқылы. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы, егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор талап қоя алады. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қоя алады. Талап қойған прокурор, бітімгершілік келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады, сондай – ақ барлық іс жүргізу міндеттерін мойнына алады. Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан бас тартуы ол тұлғаны істің мәнісі бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды.

Заңмен көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар және жергілікті өзін - өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жекелеген азаматтар олардың өтінуімен басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, сол сияқты қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып сотқа жүгіне алады. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қойылуы мүмкін. Бөгде мүдделерді қорғау үшін талап қойған адамдар, бітімгершілік келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады жәнебарлық іс жүргізу міндеттерін мойнына алады. Бұл органдар іс бойынша қорытынды беру үшін бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін өз бастамашылығы бойынша, іске қатысушы тұлғалардың бастамашылығы бойынша, сондай – ақ соттың бастамашылығы бойынша процеске қатыса алады.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет