Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет51/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   401
treatise187525

АПРОБАТИВТІК ЭТИКА (лат. ар-probatio мақұлдау, құптау) – мораль теориясы, мұнда ізгілік атаулы − беделдің мақұлдауымен немесе бұйыруымен болады деп түсіндіріледі. Мұндай беделге (құдай, адамның немесе қоғамның моральдық сезімі) кімді, не болмаса нені жатқызуына байланысты А.э. теологиялық, психологиялық және әлеуметтік-апробативті теорияларға бөлінеді. Моральдың ең басты заңын құдайдың абсолютті еркі деп ұғынатын жаңа протестантшылдықтың этикалық ілімін теологиялық теорияға мысал ретінде келтіруге болады.
Әлеуметтік-апробативтік этиканың негізін қалаушы француз әлеу- меттанушылары К. Дюркгейм мен Леви-Брюль болып саналады. Бұл ғалымдардың теориялары бойынша «ұжымдық түсініктер», моральдық құндылықтар мен ережелердің қандай да бір объективті және танымдық мән-мазмұны жоқ, олар тек қоғамның билігіне негізделіп, қабылданған. Сондықтан да олардың ақиқаттылығын ғылыми тұрғыда дәлелдеу нәти- жесіз болмақ. Мораль ұғымын бұлайша психологиялық және әлеуметтік- апробативтік тұрғыда айқындаудың салдары мораль құбылысын скептика- лық және нигилистік тұрғыда талдаған түсіндірмелерді туғызды (мәселен: логикалық позитивизм, эмотивизм). Жалпы алғанда, А.э-ның моральды бағалаудағы нақты объективті өлшемдер барлығын теріске шығаруы, адамның өз бойындағы немесе қоғамда қалыптасқан адамгершілік түсі- ніктерін соқыр сенім немесе субъективті бейімділік деп қана қабылдап, оған қатысты рационалды-сыни көзқарасынан бас тартуына әкеледі.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.


68


АР – адам бойындағы адамгершілік қасиеттің өлшемі, тұлғаның өз әрекеті мен ниеті үшін жауаптылығын сезінуі және адамның өзіне-өзі ұждан тұрғысынан баға бере білуін бейнелейтін әдептанулық категория. Этикалық әдебиетте А. туралы көптеген анықтамалар мен түсіндірмелер кездеседі. Сенека А. деп адамгершілік өлшемдеріне байланысты біздің мінез-құлықтарымызды құптайтын немесе айыптайтын ішкі дауысы- мызды айтады. Стоиктер яғни ежелгі Стоя қаласының ойшылдары бұл ұғымды адамды қорғап тұратын күшпен теңейді. Діни танымда оны адам бойындағы имандылық деп қарастырады. Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерінде «кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ» деген пікір бар. Қазіргі батыстық этикада А-дың беделшілдік және гуманистік түсініктері айқындалған (Э. Фромм). Біріншісі сырттан танылған құнды- лықтарға икемделумен байланысты болса, екіншісі адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне қатысты. Қазақ халқының дәстүрлі әдеп жүйесінде А. ұғымы жоғары бағаланады. Кісіліктің негізгі қасиеттерінің бірі – арға кір түсірмеу. «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» дейді халық мақалы. Қазақта «Ұят кімде болса, иман сонда» деген мақал бар. Абай арды надандық ұят және шын ұят деп екіге бөледі. Надандық ұяты дегеніміз – жас баланың сөз айтудан ұялғаны сияқты ақылы қысқа, өрісі тар, ойы таяз жанның ұялмайтын нәрсеге ұялуы. Ал шын ұят – шариғатқа, абыройға теріс, ақылға сыйымсыз, сөкет қылықтан ұялу. Бұл – тек есті адамға ғана тән қасиет. Ал екіншісі – өзің істеген қатеден, нәпсіге еріп қылған қылықтан ұялу. Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өзің сөгіп, қылған қысымның аты екенін айтады. Абай, Шәкәрім барлық әдептілік түсініктерін «А. ілімі» маңайына топтастырған. Ары бар кісі ғана иманды, ізгі, парасатты болып келеді. Шәкәрім айтқан
«арлы азамат» – жақсы мен жаманның айырмашылығын терең түсінетін, сөз бен істе түзу, әділ, намысшыл адам. Оның пікірінше руханилыққа жеткізетін 4 жол бар: 1) еңбек; 2) өнер; 3) жалпы білім; 3) А. ілімі. Соңғысы кісіліктің түп қазығы болып табылады. А. – адам болмысының моральдық мазмұнын анықтайтын жинақтық (кумулятивті) түсінікті білдіретін ұғым. А. ұғымы адамның өз іс-әрекеті үшін өзінің алдындағы моральдық жауапкершілікті түсінуін және оны сезінуін, сонымен қатар, әділетті де пәк болуға деген ішкі ниетін, ішкі интенциясын білдіреді. Сондықтан А. индивидтің адалдық, шыншылдық, әділдік, кеңпейілділік, кісілік, ұждан сияқты сапалық белгілерін бағалаумен байланысты болатын моральдық- этикалық және әлеуметтік кешенді құбылыс. А. адамдардың табиғи болмысынан өрбіп отыратын жалпы рухани-әдептік кеңістікті қамтитын жалпы категория. А. – адамға қатысты сезім, оның тұлғалық құрылымы- ның құрамдас бөлігі болып табылатын болмыстық қасиет. «А-сыз адамның қоры» (Ж. Баласағұн), «Ары жоқтың ақылы жоқ» (мақал), «А. жазасы –


69

бар жазадан ауыр жаза» (М. Әуезов) дегендер жоғарыда айтылғандардың дәлелі. Сонымен бірге, А. қандайда бір мәдени немесе әлеуметтік дәстүрдің, материалдық немесе жеке адам амбициясының ықпалымен өмірге келген салыстырмалы ұғым ретінде де қабылдануы мүмкін. Қоғамның моральдық өмірінде А. адамның мінез-құлықтарын реттеуші қызметін атқарады. Бір жағынан ол адамның іс-әркетін бағалайтын болса, екінші жағынан, адамды кейбір маңызды, әлеумет үшін құнды істерге итермелейді, үшіншіден, ол теріс істерден сақтандырушы қорғанысы болады. Мұны «Арға мінәжат етілсе, барға қанағат етілсе, әуелінде ынтымақ, ортасында береке, артында шүкірлік тұрмас па» (Қазыбек би) деп айтқаны айғақтап тұр. Шәкәрімнің


«ар ілімі» бойынша, А. – адамның Алла аманатын сақтаушы және жауап беруші рухани субстанциясы, А. – жанның болмысы. А. – адам болмысын- дағы түйінді моральдық құндылық. А. мен зұлымдық егіз ұғым ретінде анықталады. Шәкәрім: «Дәлелім – ұждан, зұлым бар тетелес» –дейді. Ардың атрибуты ретіндегі адам әділ болуы керек деп есептейді. А. – адамның адами болмыс кеңістігі, өрістік шегі. А. адамның моральдық санасының негізгі ұстындық категориясы. А. – тұтастай бір концепт, ілім. Сондықтан А. – адамзатына тән моральдық жүйе. Қазақта «малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» – дейтін ұстаным бар.
«Арыңды сатпа, малыңды сат» (Бапан би) – дейтін қағида бар. А. ілімі әлеуметтік реттеушілік, ұйымдастырушылық қызмет атқаратын қағидалар, ұғымдар жүйесі болып табылады. А. концептіне арқау болатын моральдық жүйе негізінен әділеттілік ұғымы төңірегіне тоғысады. Әділдік ардың ішкі мәні мен мазмұнын білдіретін алтын діңгек қызметін атқаратын ұғым, ол – адамның арлы санасын өлшеу таразысы. Әділдік теңдік пен шынайылыққа негізделеді. Арлылық мінездің шолғыншы-өлшеуіші ретінде «ұят» ұғымын алуға болады. Ұят – А-дың нақты жағдайда көрініс табу формасын білдіреді. Мысалы, қорқақтық жасау – ұят, әдепсіздік көрсету – ұят, үлкенді сыйламау
– ұят, қонақты күтпеу – ұят және т. б. Сондықтан «ар-ұят – адамның жан азығы» болып табылады. А. түсінігіне тиімділік және эмоционалдық компоненттер біріктірілген. Ол ұжданды пайымдауда көрінетін іс-әрекеті үшін өзінің жауапкершілігін түсінуді және қуаныш пен мақтаныш немесе ұялу мен өкініш сезімдерінен көрінетін моральдық қанағаттануды немесе жәбірленуді қамтиды. Қазақы дүниетанымда адамдағы ішкі рухани ардың шектеулілік мүмкіндігін бұзатын, яғни жоққа шығаратын құбылыстар қатарына адамның биологиялық тіршілігі үшін маңызды рөл атқаратын тамақ, ұйқы, күлкі сияқты іс-әрекеттер жатқызылады..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет