Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Малға акушерлік көмек көрсетуге дайындық



бет76/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   115
акушерство китап

Малға акушерлік көмек көрсетуге дайындық. Туудан кейінгі ауыр өтетін аурулар жиі сырттан анасы организміне микробтардың енуі салдарынан болады. Бұл жағдайда дәрігердің қолдары және өнделмеген аспаптар өте қауіпті деп саналады. Бір жағынан ауру, малдәрігердің өміріне зиян келтіретінін естен шығармаған жөн. Акушерлік көмек көрсеткен кезде, мал маманы жыныс жолдарына барлық қолын амалсыз енгізуіне және онымен кейде бірнеше сағат манипуляция жасауына тиісті. Ылғалдылықтың және жоғарғы температураның әсерінен сыртқы қол терісінің қабаты мацерацияға ұшырап қорғаныс қабілетін жоғалтады.
Бұл жағдайларда қол терісінің туу жолдарына қажалуы микроорганизмдердің тканьдерге енулеріне қолайлы жағдайлар туғызады. Акушерлік көмек көрсету кезінде қолды өндеу үшін, әдісті таңдаудың қандай маңызы бар екенін осыдан білуге болады.
Акушерге хирургия тәжирибесінде қолданылатын өндеу әдістерінің біреуін қолдануға болады. Бірақ хирургтің басты мақсаты пациенттің организіміне ауру қоздырғыштарын енуінен қорғау болса, акушер сонымен бірге өзіне ауруды жұқтырып алмаудан кепіл болуға тиісті. Көмек көрсету кезінде арнайы акушерлік гинекологиялық немесе хирургиялық ұзын қолғаптарды қолданған дұрыс.
Қол терісінде бар жарақаттарды йод ерітіндісімен өндейді, содан кейін коллоидпен жапсырып тастайды.
Қолды өндеу үшін А.П. Студенцов және басқа ғалымдар ұсынған ерітінділер пайдаланылады.

  1. йод – бензин- парафин (1:750:250) қоспаларында суланған мақта шариктармен қолды 3-5 минут сүртеді.

  2. қолды ыстық суда сабындап жуу, спиртпен сүрту содан кейін қолды құрғатып оған қайнатылған вазелинді немесе ланолинді ысқылау.

  3. 0,5 %-ды мүсәтір спирті ерітіндісімен 5 минут жуу, орамалмен құрғатып сүрту, 70-90%-дық спирпен сүрту, содан кейін теріге майлы заттардың біреуын ысқалау

  4. қолды 1% -дық хлорамин Б ерітіндісімен 2-3 минут жуу, сосын қолға майлы зат жағу.

Төлдейтін малдарға дәрігерлік жәрдем берген кезде, асептика және антисептика ережелерін қатаң сақтау қажет. Әрбір операция алдында барлық құралдарды қайнатады. Содан кейін оларды ыстық лизол, креолин немесе карбол қышқылы ерітінділері бар шелекте ұстайды. Ерітінді суып қалғанда және ластанғанда оны ауыстырады.
Оператордың киіміне ерекше назар бөлінеді, ол: 1) жеңсіз көйлек 2) халат, 3) кленкалы жеңқап немесе резеңке қолғаптар, 4) кленкалы алжапқыш, 5) кленкалы шалбарлар, 6) резеңке етіктерден тұрады. Осы киімдердің және оның бөлшектерін басқа жұмыстарға қолданбайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет