Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Әлсіз күшенулер мен толғақтар



бет78/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   115
акушерство китап

Әлсіз күшенулер мен толғақтар. Әлсіз күшенулер қысқа уақыттылықпен және жатыр бұлшық етінің жиырылуы белсенділігінің, ал әлсіз толғақтар құрсақ пресінің әлсіздігімен сипатталады.
Аномалияның түріне және пайда болу уақытына байланысты әдетте әлсіз күшенулер мен толғақтардың екі түрін ажыратады, бірінші әлсіз күшенулер жатыр мойыны ашылуынан басталып, әлсіз толғақтармен өтеді; екінші әлсіз күшенулер мен толғақтар қалыпты немесе көбіне күшті түрде жатыр және құрсақ пресінің жиырылуынан кейін туу кезінде пайда болады.
Бірінші әлсіз күшенулер мен толғақтар әдетте малды буаз кезінде ұстауында қате жіберушілігінен, атап айтқанда жалпы немесе сапалы жағынан ашығуынан, ұстау кезінде серуеннің болмауынан немесе жеткіліксіздігінен, көп төлділікте, ұрық қабықтарының шеменінде болады, кейде олар жатыр бұлшық етінің туа біткен аномалиялары салдарынан дамиды.
Бұл көрініс көбіне сиырларда, ешкілерде және мегежіндерде көктем - жаз мезгілдерінде байқалады.
Екінші әлсіз күшенулер мен толғақтардың біріншіден айырмасы ол күшейген нәтижесіз толғақтардан (туу жолдарының өтелмеуінде, тым үлкен төлде, төлдің дұрыс орналаспауында) кейін бұлшық еттер жабығуы салдарынан дамиды.
Клиникалық белгілері. Бірінші әлсіз күшенілер мен толғақтарда туу алдындағы белгілерінің байқалуына байланысты туу актісінің барлық фазалары созылады және клиникалық жағынан әлсіз өтеді. Екінші әлсіз күшенулер мен толғақтарда туу актісінің динамикасы төл шығу мезгілінде бұзылады.
Егер, дәрігерлік жәрдем болмаса, онда бірінші және әсіресе екінші әлсіз күшенулер мен толғақтар малдың тынышталуымен, жатыр және құрсақ пресі жиырылуының толық тоқталуымен аяқталады. Төл өледі, шіруге, мацерацияға, кейде мумификацияға ұшырайды.
Көмек. Ірі малдарда төлді шығып тұрған бөлшектерінен абайлап тартып шығару. Бірінші әлсіз күшенулер мен толғақтарда жатыр бұлшық етін жиыртуға тырысу қажет. Ол үшін туу жолдарына енгізген қолмен жатырға оның кілегей қабығын сипау арқылы массаж жеткілікті. Ұсақ малдарға жатыр қозуы үшін малдың құрсақ қабырғасынан массаж жасау жақсы нәтиже береді. Кейде жатыр ішіне әлсіз дезинфицирлейтін сұйықтарды құю жақсы нәтиже береді. Дәрілердің ішінен күре тамырға окситоцинді немесе питуитринді малдың 100 кг тірі салмағына шаққанда 8-10 ЕД енгізеді. 200-400 мл 20%-дық глюкоза ерітіндісін жіберу орынды.
Мегежіндерде 100 кг тірі салмағына шаққанда 0,8-1 мл эстрофанның, немесе 2,5-3 мл маммофизинның инъекциясын бұлшық етке егу жақсы нәтиже береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет