Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



бет4/5
Дата09.06.2016
өлшемі0.71 Mb.
#125007
1   2   3   4   5

Параграф 1. Тігін бұйымдарын термоөңдеуші, 1-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

әр түрлі жабдықтарда ас үй және төсек орын жаймаларын, ойыншық өндірісіндегі жаймалардың барлық түрлерін, орамалдарды, тағы басқа осы сияқты бұйымдарды, бүкпе, жиырылыс, қыртыстарды тегістеу үшін бөліктердің материалдары мен пішімін ылғалды-жылумен өңдеу. Үтіктеу жабдығын қыздыру дәрежесін реттеу. Материалдың қасиетіне байланысты ылғалдандыру.

  1. Білуге тиіс:

көрсетілген түржиын бұйымдарын ылғалды-жылумен өңдеудің әдіс-тәсілдері, температуралық режим, температураны реттеу тәсілдері, көрсетілген түржиындағы тігін бұйымдарын ылғалды-жылумен өңдеуде қолданылатын жабдықтардың түрлері.

Параграф 2. Тігін бұйымдарын термоөңдеуші, 2-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

әр түрлі жабдықтарда фасонды төсек орын жаймаларын, дайын бас киімдерді, трикотаж және текстильді-галантереялық өндірісте әр түрлі жеке бұйымдарды, ойыншық өндірісіндегі бөліктер мен дайын бұйымдарды, жалғаулар қиыстыру жіктерін, жиегін түзетпей-ақ, бұйымның шағын бөліктерін, бұйымның сыртқы қабатымен қосылмаған астарын ылғалды-жылумен өңдеу. Материалдарды әшекейлеу. Үлбір және иық жапсырмаларын бекіте отырып, өңірдің астарын желіммен қосу. Барқыттан жасалған бас киімнің бөліктерін сөгу.

  1. Білуге тиіс:

көрсетілген түржиын бұйымдарын ылғалды-жылумен өңдеудің әдіс-тәсілдері, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, көрсетілген түржиындағы тігін бұйымдарын ылғалды-жылумен өңдеуде қолданылатын жабдықтардың түрлері мен қасиеттері.

Параграф 3. Тігін бұйымдарын термоөңдеуші, 3-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Әр түрлі жабдықтарда ішкиімнің, өндірістік киім бұйымдарының, трикотаждан жасалған сыртқы киімдердің дайын өнімдерін, галстуктерді, алжапқыштарды, бас киімдерді, корсет бұйымдарын, шалбардың алдыңғы бөлігін, бөліктер мен бұйымдардың жіктерін, жасанды үлбір астарды, ашық ойындыны, үстіңгі иық жапсырмаларын, астарды бұйымның сыртқы қабатымен, қосылатын жылы астармен қоса отырып, үлбір өндірісінде бұйымның тысын астармен қоса отырып ылғалды-жылумен өңдеу. Сыртқы тыстың бөліктерін желімделген төсемелерге, жиекке, аппликацияларды бөліктерге, бұйымдарға жабыстыру, көйлек түржиыны бұйымдарын булау. Әр түрлі материалдардан жасалған қалпақ-панамаларды, береттерді, жокейка, тақияларды, капорларды, пилоткаларды, шлемдерді, малақайларды (құлақшындардан басқа) булау, түзету, кептіру. Мауыты және былғары қалпақтарды, носки, унтыларды керіп түзету. Биялай, қолғаптарды түзету. Бас киім, погон өндірісінде жасанды былғарыдан жасалған бөліктерді престеу.

  1. Білуге тиіс:

көрсетілген түржиындағы бөліктер мен бұйымдарды ылғалды-жылумен өңдеудің, булаудың, түзетудің әдіс-тәсілдері, тігін бұйымдарын жасау технологиясы, көрсетілген түржиындағы бұйымдарды ылғалды-жылумен өңдеу үшін қолданылатын жабдықтардың түрлері, қолданылатын жабдықтар жұмысындағы шағын кемшіліктерді жою тәсілдері.

Параграф 4. Тігін бұйымдарын термоөңдеуші, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

әр түрлі жабдықтарда дайын бұйымдарды: бекеш, бушлат, жилет, комбинезон, қысқа комбинезон, форма көйлек, шалбар, көйлек түржиыны киімдерінің бұйымдары, трикотаж көйлек, пальто-костюм түржиыны сыртқы бұйымдарын және басқаларды, мойын, қарама-қарсы матадан жасалған жаға, қайырма, погон, пат, белдіктерді, өңірді, шлица, ойынды, жабық қайырма жеңді, бұйымның етегін, шалбардың артқы бөлігін ылғалды-жылумен өңдеу. Қарама-қарсы матадан жасалған жаға, қайырма, погон, пат, белдіктерді бұйымның жиегіне қосу. Үлбір, жүн, жібек, барқыт, табиғи және жасанды таспадан жасалған бас киімдерді булау, түзету, кептіру, пальто-костюм түржиынының дайын бұйымдарын және көйлек түржиынының барқыттан жасалған бұйымдарын булау.

  1. Білуге тиіс:

көрсетілген түржиындағы бұйымдарды ылғалды-жылумен өңдеудің, түзетудің, кептірудің әдіс-тәсілдері, тігін бұйымдарының түржиыны, операцияларды орындау жүйелілігі, көрсетілген түржиындағы тігін бұйымдарын ылғалды-жылумен өңдеу кезінде қолданылатын жабдықтардың түрлері.

Параграф 5. Тігін бұйымдарын термоөңдеуші, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

әр түрлі жабдықтарда дайын бұйымдарды: пальто, шинель, сыртқы үлбір киімдерді, плащтарды, куртка, пиджак, фрак, визитка, мундир, китель, астарлы және жылыланған жакеттерді ылғалды-жылумен өңдеу. Бюстгалтерлердің көкірекшелерін қалыптау. Қалпақ, фуражка, әр түрлі материалдардан жасалған малақайларды булау, түзету, кептіру.

  1. Білуге тиіс:

көрсетілген түржиындағы бұйымдарды ылғалды-жылумен өңдеудің, булаудың, түзетудің, кептірудің әдіс-тәсілдері, көрсетілген түржиындағы тігін бұйымдарын ылғалды-жылумен өңдеу кезінде қолданылатын жабдықтардың түрлері.

21. Бас киімдерді қалыптаушы


Параграф 1. Бас киімдерді қалыптаушы, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

әйелдерге арналған шляпалардың қаңқасын қалыптау. Қаңқасын желімдеу, кептіру. Қалыптарды кептіру шкафына салу және одан шығару.

  1. Білуге тиіс:

әйелдерге арналған шляпалардың қаңқасын қалыптаудың әдіс-тәсілдері, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, бұйымдардың түржиыны мен қалыптардың түрлері, кептіру режим, желімнің мөлшері, кептіру шкафының жұмыс қағидаты.

Параграф 2. Бас киімдерді қалыптаушы, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

фетр шляпаларды жүн және құс жүні қалпақтарынан қалыптау. Фетр шляпаларды желімдеу, ұзындығы мен еніне қарай керу, қалыпқа орналастыру, рельефін, бүкпелерін салу, түгін бағыттау, қалыпқа бекіту және кептіру. Қалыптарды кептіру шкафына салу және одан шығару.

  1. Білуге тиіс:

желімдеу, сөгу, керу, қалыпқа керу, рельефін, бүкпелерін салу, түгін бағыттау, қалыпқа бекіту әдістері мен тәсілдері, фетр шляпалардың түржиыны және фетрдің түрлері мен қасиеттері, кептіру режимі, ақаулықтардың пайда болу себептері және олардың алдын алу шаралары.

22. Фурнитурашы


Параграф 1. Фурнитурашы, 2-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

көкірекшелерді тарту және түймені, жіптерді әр түрлі материалдармен керу. Бөліктер мен бұйымдарды лактауға дайындау. Бөліктер мен бұйымдарды лактау және тегістеу. Әшекей баулар мен басқа да әшекейлерді әр түрлі материалдардан жасау. Кавалериялық жабдықтарға арналған саптарды және серуен әбзелдерін жасау, кавалериялық ер-тоқымның терлігіне үлкен сүре жасау.

  1. Білуге тиіс:

бөліктер мен бұйымдарды тарту, керу, лактау, тегістеу және өңдеу бөліктері мен декоративті әшекейледі жасаудың әдіс-тәсілдері, алғашқы бояу, бояу, лактау, кептіру режимі, лак сапасы, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, түстерін таңдау ережесі.

Параграф 2. Фурнитурашы, 3-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

иірілген жіпті және басқа да материалдарды түстері бойынша таңдау. Әр түрлі өңдеу бөліктерін (бау, кутас, помпон, шашақ, желбірек, вуалетка және тағыда басқа) қолмен немесе құрылғылардың көмегімен жасау. Әшекейлеу бөліктерін жасауға арналған құрылғыларды толтыру, тазалау, майлау, ұсақ жөндеу. Бұйымдардың сапасын бақылау.

  1. Білуге тиіс:

әшекейлеу бөліктерін жасаудың әдіс-тәсілдері, фурнитураны жасауға арналған құрылғыларды пайдалану тәсілдері, жасалатын бұйымдардың түржиыны, иірілген жіптің, материалдардың түрлері, ақаулықтардың пайда болу себептері, олардың алдын алу шаралары және жою тәсілдері, жасалатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 3. Фурнитурашы, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

әшекей түймелерді, жіптерді целлулоидтан, ағаштан және басқа да материалдардан жасау.

  1. Білуге тиіс:

әшекей түймелер мен жіптерді жасаудың әдіс-тәсілдері, түймелер мен жіптердің формасы, ақаулықтардың пайда болу себептері, олардың алдын алу шаралары және жою тәсілдері.

23. Киім-кешек суретшісі


Параграф 1. Киім-кешек суретшісі, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

сән үрдісін ескере отырып, күрделі емес киімдердің эскиздерін шығармашылық әзірлеу және материалда жекелеген бұйымдарды:

халат, пижама, жеңіл көйлектерді, өндірістік киімдерді жасау бұйым жасау үшін материалдардың үлгілерін таңдау. Күрделі технологиялық буындарды өз бетінше жасау.



  1. Білуге тиіс:

киімді мақсаты бойынша жіктеу, сурет, бейне, композиция, пластикалық анатомия негіздері, киімді құрастыру және үлгісін жасау тәсілдері, киім жасау және заманауи өңдеу технологиясы.

Параграф 2. Киім-кешек суретшісі, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

сән үрдісін ескере отырып, әр түрлі түржиынды маталар үшін киім бұйымдарының күрделі эскиздерін шығармашылық әзірлеу. Үлгі эскизіне сәйкес құрылымдар мен лекалолар жасау, бұйымдарды технологиялық өңдеу және оларды материалда: жейде, юбка, шалбар, жилет, балалар киімдерінде жасау.

  1. Білуге тиіс:

киімге қойылатын заманауи тұтынушылық талаптар, киімдегі «стиль» ұғымы, бұйымдарды түйіндер бойынша технологиялық өңдеу тәсілдері, киімді құрастыру әдістері мен жүйесі, киім-кешек тарихы.

Параграф 3. Киім-кешек суретшісі, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

әр түрлі мақсаттағы жеңіл және сыртқы түржиыны киімдерінің эскиздерін шығармашылық өңдеу және оларды: көйлек, куртка, жакет, плащ, пальто, қысқа пальто, фрак, әр түрлі матадан жасалған пиджактарды жасау.

  1. Білуге тиіс:

киім-кешек тарихы, киімді көркем құрастыру және үлгісін жасау, киімді әшекейлеу, киім бұйымдарын технологиялық өңдеудің барлық түрлері.

Параграф 4. Киім-кешек суретшісі, 6-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

эскиздерді шығармашылық жобалау, олар бойынша үлгілер жобалау және ұлттық дәстүрді ескере отырып, аксессуарлар мен көркем суреттелген маталарды пайдалана отырып, әр түрлі мақсаттағы киім-кешек жинақтары мен ансамбльдерін жасау.

  1. Білуге тиіс:

текстиль бұйымдарын ресімдеудің заманауи бағыттары, киім-кешек пен оюды дамытудағы ұлттық ерекшеліктер.

Параграф 5. Киім-кешек суретшісі, 7-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

эксклюзивті үлгілер топтамасын шығармашылық әзірлеу. Перспективті үлгілер топтамасын құрастыру және оларды жасау.

  1. Білуге тиіс:

әр түрлі кезеңдердегі қалып үлгілерінің дамуын зерттеу және талдау негізінде киім-кешек қалыптарын жобалау қағидаттары, эксклюзивті топтама жасаудың заңдылықтары.

24. Тігуші


Параграф 1. Тігуші, 2-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

әр түрлі материалдардан бұйымдар тігу жөніндегі дайындық және қарапайым жұмыстарды машинада немесе қолмен орындау. Пішім сапасын, фурнитураның бұйымның түсі мен мақсатына сәйкестігін бақылау. Жіптің үзілуін болдырмау, шөлмекті ауыстыру. Жіптің тартылуын және тігістің жиілігін реттеу.

  1. Білуге тиіс:

дайындық және қарапайым операцияларды орындаудың әдіс-тәсілдері, қызмет көрсетілетін машиналардың мақсаты және пайдалану ережесі, иненің нөмірі, жіпті, бекіту, шөлмекті ауыстыру, жіптің тартылуын және тігістің жиілігін реттеу ережесі.

  1. Жұмыс үлгілері:

тігін, үлбір, трикотаж, тоқыма-галантерея, бас киім, басқа бұйымдар, такелаждық және тоқыма өнеркәсібінің басқа да өндірістері.

Өткізу:


    1. ілмектерді реттеуіштерге,

    2. икемді лентаны иіргішке.

Айналдыру:

    1. бөлікті,

    2. жиегін, бұрыштарын түзете отырып бөліктерді, бұйымдарды,

    3. бұйымдарды.

Қию:

    1. өңдеу бөліктерін,

    2. өңірдің астарын жиегіне және ілмекке.

Дайындау:

    1. әр түрлі материалдардан сүйірлерді,

    2. жұмсақ тара,

    3. фирмалық лента (балқыту).

Кесу:

    1. тігістің артығын,

    2. сыртқы бетінің, астарының, ілкі қабатының артығын,

    3. тегістеу жіктерін.

Жасау:

    1. жіптен жасалған ілмектерді,

Бор жағу,

    1. бормен таңбалау.

Жағу:

    1. погондағы, орамадағы, маңдайшалардағы, лентадағы белгілер,

Өңдеу:

    1. ас үй және төсек орын жаймасы.

Қаптау:

    1. түйме.

Қолмен тігу:

    1. бөліктерді айналдыруға арналған саңылауларды, басқа осыған ұқсас жұмыстар.

Біріктіру:

    1. астар мен ішкі қабаттың тігісін сыртқы бетінің тігісімен.

Бүгу:

    1. біздің ілмегін.

Жабыстыру:

    1. бөліктерді.

Жару:

    1. бөліктердің жиегін,

    2. жіктерді.

Жарып кесу:

    1. жиектерін ілмектерге,

    2. бөліктерді ұзын бойына.

Тілу:

    1. бауларды, шілтерді, жапсырмаларды, ілмектерді, белдіктерді.

Қосу:

    1. ілмекті бөліктермен, бұйымдармен,

    2. резеңкенің ұштарын,

    3. резеңкенің, шілтердің, жиектің ұштарын бөліктермен, бұйымдармен,

    4. белдікті бұйыммен,

    5. этикеткаларды бұйыммен.

Бекіту:

    1. сыртқы қабаттың, астардың ішкі қабаттың бөліктерін кнопкаға түймеге, «найзағайға».

Тарту:

    1. тігістен кейін жинақтау үшін жіпті.

Орау:

    1. шалбардың таспасын арнайы құрылғыға,

    2. тегістелген белдікті кассетаға.

Ішіне салу:

    1. бөліктерді, түймелерді, кнопкаларды және басқа да қалтаға.

Жөндеу:

    1. жұмсақ тара.

Алып тастау:

    1. көктеу жіптерін.

Тазалау:

    1. бөліктер мен бұйымдарды, щеткамен, химиялық құраммен,

    2. бұйымдарды өндірістік қоқымнан қағу арқылы,

    3. бұйымдарды өндірістік қоқымнан (жіп, жапсырма, көктеу жіптерінен),

    4. ішінде жылылау қабаты бар бұйымдардың ілмектерін.

Трикотаж өндірісі.

Өңдеу:


46) носки-шұлық бұйымдарының сүйір басын тігу (мақта-мата бұйымдары),

47) дөңгелек шұлық автоматында жасалған носки-шұлық бұйымдары.

Еңбек бөлінісінсіз тігу:

Бас киім.

Біріктіру:


  1. носки-шұлық және қолғап бұйымдарын жұптау,

  2. жайманың бөліктерін ұзындығы бойынша,

  3. жайманың бөліктерін ені бойынша,

Торлау:

  1. шұлықтың шетін,

  2. ілмекті өңдей отырып шұлықтың үстін.

Тоқыма-галантереялық өндіріс.

Біріктіру:



  1. купондарды ұзындығы бойынша кестелеу үшін.

Бас киім өндірісі.

Кесу:


  1. құлақ ойындысы,

Шлемнің қарауға арналған рамалары.

Бүгу:


  1. белбеулерді.

Өлшеу:

  1. бөліктер мен бұйымдарды.

Өңдеу:

  1. өңдеу бөліктерін,

  2. маңдайшаларды.

Орау:

  1. үстіңгі және төменгі шапканың жиегін.

Қию:

  1. жасанды үлбірден жасалған бас киімдерді.

Тесу:

  1. саңылау,

Тарау:

  1. бас киім.

Жұқалау:

  1. қалың жерлерді.

  2. басқа бұйымдар өндірісі.

Дайындау:

  1. қақпақ, бау.

Керу:

  1. Ту.

Иіру:

  1. жіпті, арқанды жеке бөліктерге,

  2. арқанды.

Біріктіру:

  1. иірілген жіпті.

  2. киіз басу өндірісі.

Біріктіру:

  1. бөліктерді, техникалық киіз сүзгілерді, төсемелерді және тағыда басқа.

Тоқыма өнеркәсібінің басқа да өндірістері.

Тігу:


  1. автотөсемелер және басқа да бұйымдар,

  2. қаптар мен басқа да бұйымдар .

Бекіту:

  1. тамбурлық тігістер.

Қосып тігу:

  1. дайын маталардың бумасын.

Біріктіру:

  1. матаны.

  2. жүн өндірісі.

Өңдеу:

  1. орамалды.

Параграф 2. Тігуші, 3-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

әр түрлі материалдардан бұйымдар тігу жөніндегі қарапайым операцияларды машинада немесе қолмен орындау. Бөліктердің, бұйымның, қосымша материалдардың, жіптердің түсінің сәйкестігін бақылау.

  1. Білуге тиіс:

бұйымдарды тігу бойынша қарапайым операцияларды орындаудың әдіс-тәсілдері, тігістердің түрлері, материалдардың түрлері мен қасиеттері, қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысы.

  1. Жұмыс үлгілері:

тігін, үлбір, трикотаж, тоқыма-галантерея, бас киім, басқа бұйымдар, тоқыма өнеркәсібінің киіз басу, такелаждық және басқа да өндірістері.

Сырып тігу:



  1. жылы салмасы бар астарды.

Қайып тігу:

  1. погон мен қолғаптағы суреттерді.

Бекіту:

  1. блоктарды,

  2. кнопкаларды,

  3. шалбардағы ілмектерді,

  4. хольнитендерді,

  5. тігістерді.

Бор жағу:

  1. бөліктердегі сызықтар,

  2. кнопка, ілмек, түймелердің орналасқан орны.

Қолмен орау:

  1. үлбірден жасалған бөліктер,

  2. жылы астарды бұйымның сыртымен,

  3. өңір астарының қабаттарын.

Торлау:

  1. сақиналарды,

  2. көрпе мен пледтердің жиегі,

  3. кілем мен кілем бұйымдарының жиектерін,

  4. саңылауларды,

  5. ілмекті,

  6. бөліктер мен бұйымдардың кесілген жерін тігіспен,

  7. жиектерін бүге отырып, бөліктер мен бұйымдарды кесу,

  8. бөліктер мен бұйымдардың кесіндісі, тігістері.

Нөмірлеу:

  1. бөліктер.

Өңдеу:

  1. үстінің бөліктерін (клапан, қабаттарын, белдік, пат, шлица және тағыда басқа),

  2. бұйымның етегін (трикотаж жайма),

  3. астарды,

  4. қалтаның астарын,

  5. ішкі қабатты,

  6. таспа сала отырып бұйымның ілмектерін.

Тілу:

  1. үстінің бөліктерін.

Көмкеріп тігу:

  1. жеңнің астарын ойындыға.

Бекіту :

  1. жылы астардың жиегін өңірдің астарына,

  2. жіктерді,

  3. жіктерді астарға.

Біріктіру:

  1. бұйымның бөліктерін,

  2. үстінің бөліктерімен жиекті, астарды,

  3. астарды, өңірдің астарын жылы астарға,

  4. астардың, жылылау салмасының жеңін ашық ойындыға,

  5. «молния» ілгегін жасауға арналған арнайы машинада иректемені таспаға,

37) «молния» таспасын бөліктермен,

  1. қолмен фурнитураны, өңдеу фурнитурасын бұйымдармен, бөліктермен.

Жиектеу:

  1. жіктерді.

Тарау:

  1. жасанды үлбірден жасалған бұйымдардың жіктерін.

Бүктеу:

  1. жейдені.

  2. үлбір өндірісі

Сырып тігу:

  1. үлбір жиекті.

Бекіту:

  1. ашық төсеменің шетін үлбір сыртының тиісті жіктеріне төсемені ішке қарай бүге отырып.

Трикотаж өндірісі.

Орындау:


  1. арнайы машинада резина тарту жұмыстары.

Өңдеу:

  1. ерлердің ішкиімінің алдыңғы бөлігін планканың бөліктеріне,

  2. носки-шұлық бұйымдарының сүйір басын тігу (капрон, эластик),

  3. носки-шұлық бұйымдарының сүйір басын автоматтандырылған тігу үшін машинада.

Тоқыма-галантерея өндірісі.

Қаптау:


  1. көркем дара бұйымдарды.

Салу:

  1. фуражканың қаңқасын оның негізі мен тысына.

Такелаждық өндіріс.

Дайындау:



  1. жылытқышта,

  2. рамалардың тұғыры.

Сырып тігу:

  1. өңір таспасын плащ-палатканың жиегіне,

  2. плащ-палаткаға таспа сала отырып, иыққа орнататын салманы,

  3. планканы плащ-палатканың тілігіне.

Тілу:

  1. такелаждық бұйымдар.

  2. басқа бұйымдар өндірісі.

Өңдеу:

  1. заттық қаптар.

Тігу:

  1. желдеткіш келте құбырлар,

  2. локомотивтерге, жеңге суфлені,

  3. жылытуға арналған тыстар.

Параграф 3. Тігуші, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

машинада немесе қолмен әр түрлі материалдардан бұйымдарды тігу жұмысы бойынша күрделілігі орташа операцияларды орындау. Қызмет көрсетілетін машина жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою.

  1. Білуге тиіс:

күрделілігі орташа операцияларды орындаудың әдіс-тәсілдері, бұйымдардың түржиыны, авиацияда қолданылатын тігу материалдарының түрлері мен сапасы, қызмет көрсетілетін машина жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою тәсілдері.

  1. Жұмыс үлгілері:

тігін, үлбір, трикотаж, тоқыма-галантерея, бас киім, басқа бұйымдар, тоқыма өнеркәсібінің киіз басу, такелаждық және басқа да өндірістері.

Өңдеу:


    1. астарлы ішкі қалталарды,

    2. бұйымның етегін,

    3. жеңнің ұшын,

    4. ашық ойындыларды,

    5. бұйымдардың кесіндісін өңдей отырып, ілмекті немесе ілгекті таспаны жартылай автоматта жару,

    6. күрделілігі орташа қатпар, жиырылыс (трикотаж жайма).

Жиектеу:



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет