Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



бет1/5
Дата09.06.2016
өлшемі0.71 Mb.
#125007
  1   2   3   4   5




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2012 жылғы «__» желтоқсандағы



№ ___-ө-м бұйрығымен бекітілген


Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік - біліктілік анықтамалығы (46-шығарылым)




1-бөлім. Жалпы ережелер


  1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (46-шығарылым) «Тігін өндірісі» бөлімінен тұрады.

  2. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбек күрделілігіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талапты күшейтетін экстремалды жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне қарай белгіленді.

  3. Бұл тарауға осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген.

  4. Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасының екі бөлімі бар.

  5. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай алуға тиіс жұмыстар сипаттамасынан тұрады.

  6. «Білуге тиіс» бөлімінде жұмысшының арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс нұсқаулықтар, басқа да нұсқау материалдары, әдістер мен құралдар ережелерін білуге қатысты қойылатын негізгі талаптарды қамтиды.

  7. Тарифтік-біліктілік сипаттамада жұмысшы кәсібінің осы разряды үшін үлгі болатын жұмыстар тізбесі беріледі. Бұл тізбеде жұмысшы істей алатын және істеуге тиіс барлық жұмыстар көрсетілмейді. Қажет болған жағдайда жұмыс беруші оларды орындау күрделілігі бойынша тиісті разрядтағы жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасындағы тізбеге сәйкес келетін ерекшелігін ескеріп, жұмыстардың қосымша тізбесін жасай алады.

  8. Сонымен қатар, «Жұмыс сипаттамасы» деген бөлімде көзделген жұмыстардан басқа жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, аспаптар мен құралдарды тазалау, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттама жүргізу бойынша жұмыстарды атқаруға тиіс.

  9. «Білуге тиіс» деген бөлімде жазылған теориялық және практикалық біліміне қойылатын талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін, орындалатын жұмыс (қызметтер) сапасына, жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, ақаулық түрлері мен оның алдын алу және жою тәсілдерін, өндірістік сигнализацияны білуге тиіс.

  10. Неғұрлым жоғары біліктілігі бар жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстардан басқа, анағұрлым төмен біліктілігі бар жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстарды орындай білуге тиіс, сондай-ақ осы кәсіптің анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшылары басқара білуге тиіс. Осыған орай, әдетте, анағұрлым төмен разрядтағы кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстар неғұрлым жоғары разрядтар сипаттамасында көрсетілмейді.

  11. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құықтық нысалыла қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.

  12. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары жеті разрядты тарифтік кестеге лайықталып әзірленді.

  13. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерткен кезде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

  14. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш (1-қосымша) көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

  15. «Тігін өндірісі» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2004 жылғы редакциясында берілген.



2-бөлім. Тігін өндірісі
1. Кестеші
Параграф 1. Кестеші, 1-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

материалды кергішке тарту. жіптің ұшын түю. кестеленген жаймадағы аралық жіптерді кесу. Маржан, жіп таңдау. Есептеу, кесу және шоқ, щетка, шашақ жасау үшін бөліктің, бұйымның шетіндегі жіптерді тарту. Бұйымның бұрыштарын өңдеу.

  1. Білуге тиіс:

материалды кергішке тарту, жіптің ұшын түю, аралық жіптерді кесу, жіптері әртүрлі өрілген матаның шетіндегі жіптерді тарту тәсілдері, жіпті есептеу ережесі, жіптердің, маржандардың түрлері мен түстері, ине мен жіптердің нөмірі.

Параграф 2. Кестеші 2-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі материалға (капрон, шифон, жоржет, тюль, барқыт, крепдешиннен басқа) машинамен немесе қолмен кесте тігу, қарапайым немесе фасонды айшықпен сызықты мережкамен, суреттің бойымен қайып тігу, мата қиындыларындағы деректемелерді, операциялық кестелерді салу. Бұйымның шетіне шашақ тігу. Аппликация салып тігу. Кестеленген жеке бұйымдарды, фестондар мен шілтерді және кестелегіш машинамен жасалған тігіндерді арнайы қайшымен кесу. Тік мережка, тік сызықты нысандағы қарапайым мотивтер жасау үшін жіпті есептеу, кесу және тарту. Қарапайым немесе фасонды айшықпен көмкерлеу.

  1. Білуге тиіс:

сызықты мережканы, деректемелерді қарапайым немесе фасонды айшықпен кестелеудің, суреттің жиегін қайып тігудің, аппликация жабыстырудың, кесіп алмай және жеке тігілген бұйымдардың суретін, фестондар мен шілтерді, тігіндерді бұзып алмай арнайы қайшымен қиюдың, тік мережка, тік сызықты нысандағы қарапайым мотивтер жасау үшін жіптерді тартудың, жиектерін көмкерудің әдіс-тәсілдері, жіпті есептеу ережесі, қолданылатын машиналардың мақсаты, жіпті керуді, тігіс жиілігін, жіпті сабақтауды, ине мен кергішті орнатуды, шөлмекті ауыстыруды, қолданылатын машинаны іске қосу және орнатуды реттеу ережесі.

Параграф 3. Кестеші, 3-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі материалға (капрон, шифон, жоржет, тюль, барқыт, крепдешиннен басқа) машинамен немесе қолмен қарапайым және күрделілігі орташа айшықтар мен суреттерді: аппликациямен, біртегіспен, әр түрлі креспен, сатылы формалы мережкамен, мотивпен, бридпен, әр түрлі сеппемен, біртегіс білікшемен, төсемемен, бридтегі ілмекпен және суреттің жиегімен, бекіткішпен, ришельемен, канительмен, мишурамен, стекляруспен тігу. Суреті жоқ жерлерін, аппликацияларды, мотивтерді, суреттерді, ришельені, айшықтау машинасында жасалған айшықтарды арнайы қайшымен кесу. Суреті жоқ жерлерін, аппликацияларды, мотивтерді, суреттерді, ришельені, айшықтау машинасында жасалған айшықтарды машинамен кесу. Сынық, зигзаг тәрізді, фигуралық мережка, ромб, үшбұрыш, бұрыш түріндегі фигуралық мотивтер жасау үшін жіптерді есептеу, кесу және тарту.

  1. Білуге тиіс:

қарапайым және күрделігі орташа айшықтар мен суреттерді кестелеудің, сынық, зигзаг тәрізді, фигуралық мережка, ромб, үшбұрыш, бұрыш түріндегі фигуралық мотивтер жасау үшін жіптерді есептеу, кесу және тартудың әдіс-тәсілдері, қолданылатын машиналардың жұмыс қағидаты, айшықтар мен суреттердің орналасуын есептеу және орналастыру ережесі.

Параграф 4. Кестеші, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі материалға (капрон, шифон, жоржет, шілтер, барқыт, жұқа жібек матадан басқа) машинамен немесе қолмен күрделі айшықтар мен суреттерді (сызықтар мен геометриялық фигуралардың параллельдігін сақтауды талап ететін айшықтар мен суреттер, шағын пішінді суреттер, сондай-ақ кестелеу кезінде жіпті жиі үзуді талап ететін суреттер): аппликациямен, біртегіспен, әр түрлі креспен, сатылы формалы мережкамен, себеппен, бридпен, әр түрлі сеппемен, біртегіс білікшемен, төсемемен, бридтегі ілмекпен және суреттің жиегімен, бекіткішпен, ришельеме тартпамен кестелеп тігу: «әйел», «кепе», «қаз», «себетше», «қаракүл», «айналдыра орау» тігістерімен, канительмен, әсемдікпен, стекляруспен тігу. Картон сала отырып немесе тордың бұралған жібімен, жылтырақпен, ілмекпен бекіту.

  1. Білуге тиіс:

күрделі айшықтар мен суреттерді кестелеп тігудің әдіс-тәсілдері, қолданылатын машинаның құрылысы, жұмыс қағидаты және пайдалану ережесі.

Параграф 5. Кестеші, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі материалға машинамен немесе қолмен аса күрделі көркем, стильді, түрлі түсті және кестелі айшықтарды «гипюр», «вологод шынысы», «венециандық тігіс», «қапталған тігіс» техникасымен, «жіп», «иірмелі», «кілем тәрізді» тігістерімен кестелеп тігу, капрон, шифон, жоржет, шілтер, барқыт, жұқа жібек матаға салатын айшықтар мен суреттердің барлық түрлерін кестелеу. Кісінің суреті, сурет, эмблемаларды кестелеу. Күрделендірілген көп түсті кесте, жаймалардың әр түрлі және түрлі түсті түрлеріне бағдарламамен басқарылатын жабдықтарда, бағдарламаны дискетке жаза отырып және перфокартаға баса отырып, аппликация орнату.

  1. Білуге тиіс:

айшықтар мен суреттердің барлық түрлерін әр түрлі тігістермен және техника түрлерімен кестелеудің әдіс-тәсілдері, қолданылатын машиналардың құрылымдық ерекшеліктері мен пайдалану ережесі.

Параграф 6. Кестеші, 6-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

әр түрлі материалға машинамен немесе қолмен әртүрлі геометриялық немесе өсімдік оюларынан алынған аса күрделі көркем, стильді айшықтарды, басқа да элементтер мен мотивтерді, көркем материалды алдын ала зерттеуді, қосымша суреттемелерді және күрделі есептерді қажет ететін әр түрлі күрделі әшекейлерді және техника түрлерін қоса отырып көркем кестелеу.

  1. Білуге тиіс:

күрделі есептер мен айшықтардың барлық түрлерін көркем кестелеу техникасының әр түрлі түрлерімен орындаудың әдіс-тәсілдері, ұлттық киімдерді тігу элементтері.

2. Тігіп пішуші


Параграф 1. Тігіп пішуші, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

материалды тігу кезінде пішу, ішкиім мен төсек орын жабдықтарын, корсет бұйымдарын, үлгісін жасаушы ұйымнан алынған лекалоның силуэттық негізі бойынша өлшемін ала отырып, жөндеу кезінде қайта пішу,

бұйымның фасонын таңдау, бұйымды тапсырыс берушінің дене бітіміне өлшеу, өлшеуден кейін бормен белгілеу және бөліктерді кесу, дайын бұйымдарды тапсырыс берушіге тапсыру. Ішкиімді, корсет бұйымдарын жөндеу сипатын тапсырыс берушімен келісу.

Жөндеуге әкелінген материалдың немесе корсет бұйымдарының ақаулығын біліктілігі анағұрлым жоғары пішушінің басшылығымен анықтау.


  1. Білуге тиіс:

құрастыру және пішу негіздері, ішкиім мен төсек орын жабдықтарын, корсет бұйымдарын пішу, тігу және жөндеу технологиясы, үлгі жасаудың заманауи бағыттары, қолданылатын материалдардың мақсаты мен қасиеттері.

Параграф 2. Тігіп пішуші, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

пальто-костюм, көйлек киімдерінің ассортименттері, өндірістік киімдердің бұйымдарын, үлгісін жасаушы ұйымнан алынған лекалоның силуэттық негізі бойынша өлшемін ала отырып, тігу, жөндеу кезінде қайта пішу, жаңарту, қайта тігу кезінде материалдарды пішу,

бұйымның фасонын таңдау, бұйымды тапсырыс берушінің дене бітіміне өлшеу, өлшеуден кейін бормен белгілеу және бөліктерді кесу, дайын бұйымдарды тапсырыс берушіге тапсыру, пальто-костюм, көйлек түржиыны киімдерінің, өндірістік киімдердің бұйымдарына тапсырыс берушімен келісу, Жөндеуге әкелінген материалдың немесе корсет бұйымдарының ақаулығын біліктілігі анағұрлым жоғары пішушінің басшылығымен анықтау.

Материалды тігу кезінде пішу және ішкиім мен төсек орын жабдықтарын, корсет бұйымдарын жөндеу кезінде лекалалар бойынша немесе бөліктердің сызбасын тікелей материалдың өзінде салу арқылы қайта пішу,

фасонды тапсырыс паспортында суретін сала отырып таңдау, тапсырыс берушінің дене бітімінің өлшемдерін алу, таңдалған фасонды бұйымдарды пішу үшін лекало жасау,

жасау процессі кезінде бұйымды тапсырыс берушінің дене бітімі бойынша өлшеу, бормен белгілеу және өлшеуден кейін бөліктерді кесу, дайын бұйымдардың сапасын эстетикалық және құрылымдық-эргономикалық көрсеткіштері бойынша тексеру, дайын өнімдерді тапсырыс берушілерге тапсыру,

ішкиімді және төсек-орын жабдықтарын, корсет бұйымдарын жөндеу сипатын тапсырыс берушімен келісу, жөндеуге әкелінген материалдың немесе корсет бұйымдарының ақаулығын өздігінен анықтау.



  1. Білуге тиіс:

пальто-костюм, көйлек түржиыны киімдерінің, өндірістік киімдердің бұйымдарын құрастыру және пішу негіздері, пішу, тігу, жөндеу кезінде қайта пішу, жаңарту технологиясы, үлгі жасаудың заманауи бағыттары, қолданылатын материалдардың қасиеттері, ішкиімді және төсек-орын жабдықтарын, корсет бұйымдарын құрастыру және пішудің прогрессивті әдістері, пішу, тігу және жөндеу технологиясы, ақаулықтарын жою және бұйымды дене бітіміне келтіру тәсілдері, материалдарды оңтайлы пайдалану тәсілдері және бұйымға материалды жұмсау нормасы, фасонның суретін салу техникасы, киімді тігу және жөндеу кезінде материалды пішу бойынша қолданыстағы техникалық құжаттама, еңбек бөлінісімен және еңбек бөлінісі болмаған жағдайда тігуді ұйымдастыру әдістері.

Параграф 3. Тігіп пішуші, 6-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

пальто-костюм, көйлек түржиыны киімдерінің, өндірістік киімдердің бұйымдарын лекало бойынша немесе бұйымдардың сызбасын тікелей материалдың өзінде салу арқылы тігу кезінде, жөндеу кезінде қайта пішу, жаңарту және қайта тігу кезінде материалдарды пішу,

фасонды паспортында суретін сала отырып, таңдау, тапсырыс берушілердің дене бітімінен өлшем алу,

таңдалған фасонды бұйымдарды пішу үшін лекало жасау,

бұйымдарды жасау кезінде бұйымдарды тапсырыс берушінің дене бітімімен өлшеу, бормен белгілеу және бөліктерін өлшеуден кейін қию,

дайын бұйымдардың сапасын эстетикалық және құрылымдық-эргономикалық көрсеткіштері бойынша тексеру,

дайын өнімдерді тапсырыс берушілерге тапсыру,

кімді жөндеу сипатын тапсырыс берушімен келісу, жөндеуге әкелінген материалдың немесе бұйымдардың ақаулығын өздігінен анықтау.


  1. Білуге тиіс:

құрастыру және пішудің прогрессивті әдістері, пальто-костюм, көйлек түржиыны киімдерінің, өндірістік киімдердің бұйымдарын пішу, тігу және жөндеу технологиясы, фасон, материал таңдаудың, киім бұйымдарын құрастыру және үлгісін жасаудың ерекшеліктері, киімнің ақаулықтарын жою тәсілдері және бұйымдарын дене бітімі бойынша келтіру тәсілдері, материалдарды оңтайлы пайдалану тәсілдері және бұйымға материалды жұмсау нормасы, фасонның суретін салу техникасы, киімді тігу және жөндеу кезінде материалды пішу бойынша қолданыстағы техникалық құжаттама, еңбек бөлінісімен және еңбек бөлінісі болмаған жағдайда тігуді ұйымдастыру әдістері.

Параграф 4. Тігіп пішуші, 7-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

жеке үлгісін жасауды талап ететін киімнің, аса күрделі, көркемділігі жоғары бұйымдарын тігу бойынша жұмыстар кешенін орындау. Суретші-модельердің немесе тапсырыс берушінің эскизі бойынша жаңа үлгі жасауға қатысу. Аса күрделі, көркемділігі жоғары бұйымдарын тігу кезінде біліктілігі анағұрлым төмен пішушілерге басшылық жасау.

  1. Білуге тиіс:

киімді құрастыру мен материалды пішудің технологиясы, прогрессивті әдістері, киімнің үлгісін жасаудың отандық және шетелдік тәжірибесі, киімнің фасонын таңдаудың және пішілетін материалдың ерекшеліктері, киімнің ерекше оригиналды бұйымдарын құрастыру және үлгісін жасау әдістері, киімді құрастыру және үлгісін жасау жөніндегі қолданыстағы техникалық құжаттама.

Ескерту:

Киім бұйымдарының үлгісін жасаумен айналысатын пішуші «Пішуші-модельер» деп аталуы мүмкін.

3. Лекало жасаушы


Параграф 1. Лекало жасаушы, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

бүкпе, бүрме, соңғы кертпені белгілеу үшін лекалоға тілік жасау, жіптің үлестік бағыты және үлестік бағыттан шекті ауытқулар, минималды және максималды көлем бойынша шекті жалғау арқылы, деректемелерін көрсете отырып, таңбалап, жиектеп, байлауға арналған саңылау тесе отырып, дайын лекало бойынша киімнің барлық бұйымдарына арналған әртүрлі материалдардан жасалған жұмыс және қосалқы лекало жасау. Киім бұйымдарының бауларына сызбаларға сәйкес қарапайым және күрделілігі орташа лекало жасау, барлық өлшемді киімдер бұйымдарының лекалоларын көбейту, киімнің сериялық бұйымдарына соңғы, жұмыс және қосалқы лекалоларды эталон мен шаблон бойынша жасау, лекалоның паспорттық деректерін толтыру (парашют өндірісінде).

  1. Білуге тиіс:

әр түрлі материалдардан жасалған жұмыс және қосалқы лекалоларды кесу, жиектеу және таңбалаудың әдіс-тәсілдері, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, материалдарды пішуге қойылатын техникалық талаптар, лекало жасау кезінде қисық сызықтарды салу үшін есептеу тәсілдері, киім бұйымдарының сызбаларын оқу ережесі, лекалоларды жасауға қойылатын техникалық шарттар, қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесі.

Параграф 2. Лекало жасаушы, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

бүкпе, бүрме, соңғы кертпені белгілеу үшін лекалоны тіле отырып, тіліктің көмегімен көшіру және кейіннен кесу арқылы жасау, жіптің үлестік бағыты және үлестік бағыттан шекті ауытқулар, минималды және максималды көлем бойынша шекті жалғау арқылы, деректемелерін көрсете отырып, таңбалап, жиектеп, байлауға арналған саңылау тесе отырып, дайын лекало бойынша киімнің барлық бұйымдарына арналған әртүрлі материалдардан жасалған барлық өлшемді соңғы, жұмыс және қосалқы лекало жасау. Сызбаларға сәйкес парашюттің күмбезіне, ранеціне, камерасына, тысына лекало жасау, парашюттердің сынақ партиясына және парашют жүйелеріне (парашют өндірісінде) лекало жасау.

  1. Білуге тиіс:

лекалоны көшірудің әдіс-тәсілдері, киім бұйымдарының түржиыны және олардың бөліктерінің атаулары, киім бұйымындағы бөліктердің саны, киім бұйымдарының күрделі бауларын пішу технологиясының ерекшеліктері, есептерді орындау және лекало жасау әдістері, лекало жасаудың техникалық шарттары және оларды келтіру тәсілдері, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы және жасалатын лекалоларды таңбалау кезінде оны пайдалану ережесі.

Параграф 3. Лекало жасаушы, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

бүкпе, бүрме, соңғы кертпені белгілеу үшін лекалоны тіле отырып, электронды жабдықта көшіру және кейіннен лазерлік машинада кесу арқылы жасау, жіптің үлестік бағыты және үлестік бағыттан шекті ауытқулар, минималды және максималды көлем бойынша шекті жалғау арқылы, деректемелерін көрсете отырып, таңбалап, жиектеп, байлауға арналған саңылау тесе отырып, дайын лекало бойынша киімнің барлық бұйымдарына арналған әртүрлі материалдардан жасалған барлық өлшемді соңғы, жұмыс және қосалқы лекало жасау. Лекалоны графикалық экранда суретін салмай-ақ, белгіленген техникалық шарттарға, шектеулер мен материалды жұмсау нормасына сәйкес орнату. Лекалоның көлемін өлшеу және өлшем деректерін электронды жабдықтың жады блогында сақтау.

  1. Білуге тиіс:

лекало жасау кезінде қолданылатын электронды жабдықтың құрылысы мен техникалық-пайдаланушылық сипаттамасы, лекало жасаудың технологиялық бірізділігі, лекало көшірудің әдіс-тәсілдері, лекалоны тиімді орналастыру ережесі, киім бұйымдарының түржиыны және олардың бөліктерінің атаулары, киім бұйымдарындағы бөліктердің саны, лекалоны жасаудың техникалық шарттар және материалдарды жұмсау нормасы.

4. Желімдеуші


Параграф 1. Желімдеуші, 1-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

желімдеуге, жабыстыруға арналған тігін бұйымдарының бөліктері мен жіктерін бензинмен жуу жұмыстарын орындау, желімдегеннен кейін арнайы мата мен тігін бұйымдарының жіктерін пудралау.

  1. Білуге тиіс:

желімдеуге, жабыстыруға арналған тігін бұйымдарының бөліктері мен жіктерін бензинмен жуу жұмыстарын орындаудың әдіс-тәсілдері, желімдегеннен кейін арнайы мата мен тігін бұйымдарының жіктерін пудралау тәсілдері.

Параграф 2. Желімдеуші, 2-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

материалға астарды суреттер бойынша жабыстыру, тігін бұйымдарының бөліктерін желімдеу жұмыстарын, машинада немесе қолмен орындау. Тігін бұйымдарының жабыстырылған бөліктеріне жұмсақ пресс салу. Желімдеуден және жабыстырудан кейін тігін бұйымдарының бөліктері мен жіктерін кептіру және орау. Полиэтилен пленкадан жасалған пакеттерді полимер пленкаларды пісіруге арналған машинада жабыстыру.

  1. Білуге тиіс:

астарлық бөліктерді материалға жабыстырудың, оларды желімдеу және ораудың әдіс-тәсілдері, орындалатын жұмыстарға арналған машиналар мен құрылғылардың мақсаты мен қолдану ережесі.

Параграф 3. Желімдеуші, 3-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

негізгі бөліктерді тігін бұйымдарына, тігін бұйымдарының жіктеріне теріс жағынан жабыстыру, оларды саңылауды, жіктің ортасына жабыстыру жұмыстарын машинамен немесе қолмен орындау. Жабыстырылатын бөліктерге желімдеу қоспасын жағу.

  1. Білуге тиіс:

желімдеудің негізгі бөліктерін жабыстырудың, желімдеу қоспасын жағудың әдіс-тәсілдері, тігін бұйымдарының мақсаты, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, қолданылатын машиналардың жұмыс қағидаты.

Параграф 4. Желімдеуші, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

негізгі бөліктерді тігін бұйымдарына, тігін бұйымдарының жіктеріне оң жағынан жабыстыру, бөліктерді жабыстыру, қолғаптың жіктерін желімдеу жұмыстарын машинамен немесе қолмен орындау.

  1. Білуге тиіс:

бөліктерді жабыстыру, қолғаптың жіктерін желімдеудің әдіс-тәсілдері, қолданылатын машиналардың құрылысы.

5. Материалдарды, пішім мен бұйымдарды жинақтаушы


Параграф 1. Материалдарды, пішім мен бұйымдарды

жинақтаушы, 1-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

тігін өндірісінің қалдықтарын материал түрі мен талшық құрамына қарай жинақтау.

  1. Білуге тиіс:

тігін өндірісі қалдықтарын жинақтауға қойылатын талаптар.

Параграф 2. Материалдарды, пішім мен бұйымдарды

жинақтаушы, 2-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

тігін бұйымдарының, пішімнің жартылай дайын өнімдерін, әр түрлі материалдардың қалдықтарын, фурнитураларды артикулы, сорты, түсі, ені мен түрі бойынша буда-буда етіп жинақтау. Ілеспе құжаттар бойынша киім бұйымдарының, тігін бұйымдарының жартылай дайын өнімдерінің үстінің, астары мен қосымшаларының мақсатына сәйкес келуін тексеру. Дара бөліктерді жаю және сурет түрінде бағытталған түгі бар бөліктерді қайта жаю. Тігін бұйымдарының жекелеген өңделген бауларын дайын өнімдерді жасаудың технологиялық жүйелілігіне сәйкес жинақтау. Баулар мен таспаны артикулы мен түсі бойынша олардың қолданылуын алдын ала есептеусіз жинақтау, парашют өндірісіндегі пішім картасын толтыру. Шұлықтарды түсі, сапасы, өкшесінің биіктігі, қонышының ұзындығы бойынша жұптау, жарғақ таңдау және кесу, ізі бар рейтуздың жекелеген бөліктерін өңдейтін жерлерін белгілеу. Пішім картасының деректеріне сәйкес бағдар парақтарын дайын тігін бұйымының бағасын анықтамай толтыру.

  1. Білуге тиіс:

тігін бұйымдарының, пішімнің жартылай дайын өнімдерін, әр түрлі материалдардың қалдықтарын, буданың, партияның фурнитуралары мен бауларын, жинақтарды артикулы, сорты, түсі, ені мен түрі бойынша жинақтау ережесі, тігін бұйымдарының жартылай дайын өнімдерінің, материалдардың, баулар мен таспаның түржиыны және олардың мақсаты, жинақталатын бұйымдағы бөліктердің саны, бағдар парақтарын толтыру ережесі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет