Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар



Pdf көрінісі
бет18/55
Дата10.01.2022
өлшемі0.63 Mb.
#454511
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55
Санамақтардың тәрбиелік мәні 

Санамақтарды  халық,  негізінен,  жас  балаға  сан  үйрету  мақсатымен 

шығарған.  Санамақтар  әрі  дүние  танытады,  әрі  баланың  қисынды  ойлауы 

мен  математикалық  ойлау  қабілетін  дамытады.  Санамақтардың  түрлері 

кӛп, оның үстіне жаңадан қосыла береді. 

1. Атау ұйқастырып санау арқылы бала әрі сан үйренеді, оның үстіне 

санға аты ұйқасқан заттарды танып біледі. 

2.  Саусақ  санау  ойыны  баланы  сан  үйренуге  ынталандырады, 

кӛңілдендіреді. 

3.  Санамақ  айтыста  бала  санға  ұйқас  сӛз  табу  арқылы,  ақындық 

қабілетін  байқайды.  Егер  ол  ұйқас  таба  алмаса,  айтыста  жеңілген  болып 

табылады. 

4.  Жаңылтпаш,  жұмбақ  санамақты  айту  арқылы  бала  әрі  сан 

үйренеді, әрі жұмбақтың шешуін тауып, ойын дамытады, тілін ширатады. 

5.  Ойын  санамақтарын  балалар  «Тоқтышақ»,  «Жасырынбақ» 

ойындары  үшін  пайдаланылып,  сан  жобасын,  тақ  пен  жұп  белгілерін 

ажыратуды үйренеді. 

Отбасында  санамақтың  әрбір  түрін  балаға  жаттатып,  олармен  бірге 

ойнай  отырып,  ойын  дамыту  –  ата-ананың  борышы.  Ересек  балаларға 

неғұрлым  күрделі  санамақтарды  айтқызып,  ол  санамақтардың  шешімін 

мүмкіндігінше, ӛлең ұйқастарымен айтуды талап ету керек. 

Балалар  бақшасында  балдырғандарға  санамақтардың  сан  алуан 

түрлерін үйретіп, оны айтқызу, санамақ шешімдерін дұрыс шешкендердің 

білімін  бағалап,  оларды  мадақтай  білу  керек.  Кейбір  санамақтарды  және 

олардың ұйқасты шешімдерін әнге қосып айтуға болады. 

Мектептерге  (әсіресе  бастауыш  сыныпта)  күрделі  санамақтарды 

айтып, олардың шешімдерін тез тапқан оқушыларға ұпай қою, баға беру ісі 

ұйымдастырылады.  Күрделі  санамақтарды  «Ӛнерпаздар  мен  тапқыштар» 

клубының  жарысына  қатысушылар  да  ӛнер  сайысының  бір  кезеңінде 

орынды пайдалана білуі тиіс. 



Жұмбақтың дүниетанымдық, тәрбиелік мәні 

Нақты  бір  зат  туралы  тұспалдап,  ұқсатып,  бейнелеп  айту  арқылы 

баланы  ойлату,  танымдық,  білімдік  ұғымдар  мен  түсініктерді  ой-қиял 

елегінен  ӛткізіп,  тұжырым  жасап,  шешімге  келуде  тапқырлық  пен 

дүниетанымдық  дәрежесін  байқау  үшін,  халық  ертеден-ақ  жұмбақтардың 

алуан 


түрлерін 

шығарған. 

Ертедегі 

жұмбақтар 

кӛбінесе 

мал 


шаруашылығына  байланысты  және  қару-жарақ,  құрал-саймандар  туралы 

болған. 


Заман  ӛзгерген  сайын  халық  педагогикасы  жаңа  мазмұнды 

жұмбақтармен  толыса  берді.  19-20  ғасырларда  бу  машиналары, 

электротехника,  радио,  телеграф,  самолет,  ракета,  космос  кемелері  т.б. 

техникалық, мәдени прогрестерге байланысты жұмбақтар туды. 




 

31 


 

Жұмбақтарды Аристотель «Жан-жақты жымдасқан метафора» дейді. 

Яғни  затты  бейнелеп,  баламалап  сипаттау  арқылы  ұқсас  заттардың 

қасиеттері  мен  түріне,  аумағына,  кӛлеміне  зер  салып,  жұмбақты  шешуші 

жұмбақты  шешеді,  әрі  заттарды  салыстыра  кӛз  алдына  елестетіп, 

дүниетанымдық қабілетін дамытады. 

Жұмбақтар,  кӛбінесе  үйлесімді  ұйқасы  әсем  де  ырғақты  ӛлеңмен 

құрылады.  Қара  сӛзбен  жасалған  жұмбақтар  да  бар.  «Отқа  жанбас,  суға 

батпас»  (мұз)  айтыс  түрінде  құрылған,  яғни жұмбақ  айтыстарын  екі  ақын 

шығарып  бірі  ӛлеңмен  жұмбақ  айтса,  екіншісі  сол  жұмбақтың  шешуін 

ӛлеңмен  айтады.  Авторы  белгісіз  ел  аузында  жатталып  қалған  жұмбақ-

айтыстар да кездеседі. 

Жұмбақтарды  жаттап  айтумен  қатар,  кез-келген  айтушы  ӛз  ойнына 

құрастырып  та  айта  береді,  тек  жұмбақтың  сӛздік  қисыны,  ӛлеңдік 

үйлесімі болуға тиіс. 

Жұмбақ  айтушы  неғұрлым  кӛбірек,  күрделірек  жұмбақтарды  тауып 

айтып,  шешушіні  жеңуге  тырысады.  Егер  жұмбақ  шешуші  мүдірмей, 

айтылған жұмбақтарды дұрыс және толық шеше алса, оның ӛзі де жұмбақ 

айтып,  жұмбақ  айтыс  жалғасып,  айтушы  мен  шешуші  ӛз  білімдерін 

сараптайды. Кім кӛбірек жұмбақ айтып (кӛбінесе санап отырады), кӛбірек 

жұмбақ шешсе, сол жұмбақ айтысуда жеңп шығып, білімділігін кӛрсетеді. 

Жұмбақ  айтысу  мен  жұмбақ  айтысты  ажырата  білу  керек.  Жұмбақ 

айтыста  жеңіп  шығу  ақындық  дарынның,  білімнің  басымдылығына 

байланысты. 

Отбасында  балаларға  жаңа  жұмбақтар  үйретіп,  жұмбақ  айтысуды 

ұйымдастырып,  олардың  тапқырлығын  сынау,  жұмбақ  айтысуда  жеңіп 

шыққан  балаларды  мадақтап  отыру  –  бұрыннан  қалыптасқан  дәстүр 

болатын.  Отбасында  ӛтетін  «Туған  күн»  ,  «Ұлыстың  Ұлы  күні»,  «Мереке 

күні»,  «Думанды  кеш»  сияқты  рәсімдік  той-томалақ,  тамашаларда 

ұйымдастырылатын түрлі ойындардың бір түрі – жұмбақ айтысу. Ондайда 

жұмбақ айтысудан үздік шыққандарға сыйлық беріледі.  

Балалар  бақшасында  «Қызықты  кеш»,  «Ӛнерпаздар  мен  білгіштер 

жарысы»  сияқты  думандарда  жоспарлы  түрде  ұйымдастыра  білген 

тәрбиеші,  жұмбақ  айту,  жұмбақ  айтысу,  жұмбақ  айтыс  дәстүрлерін 

қызықты  ӛткізеді.  Әрине,  жұмбақ  айтуды  кӛбінесе  тәрбиешінің  ӛзі 

бастайды  да,  бұрыннан  үйретілген  жұмбақтар  бойынша  жұмбақ  айтысу 

одан  әрі  жалғасады.  Жұмбақты  кӛп  білген  балдырғанға  «білімпаз»  деген 

атақ беріледі (оның 3-2-1 дәрежесі болу керек). Білімпаз балдырған жұмбақ 

айтысуды басқаруға да ерікті болады. 

Балалар  бақшасында  ӛтетін  тақырыптық  және  мерекелік,  той-

думандық  кештердің  бір  кезеңінде  жұмбақ  айту  мен  жұмбақ  айтысуды 

ұйымдастыра білу керек. 

Мектеп  бағдарламасында  ауыз  әдебиетінің  бір  бӛлімі  ретінде 

жұмбақтар  бірінші  сыныптан  бастап  оқулықтарға  ендірілген.  Әдеби 

кештерде,  мерекелік  кештерде,  ӛнерпаздар  мен  ой  тапқыштар  жарысында 

жұмбақ  айту,  жұмбақ  айтысу,  жұмбақ  айтыс  ерекше  орын  алады.  Пәндік 




 

32 


 

кештерде  сол  пәндік  кештердің  тақырыптарына  байланысты  жаңа 

жұмбақтарды,  кӛбінесе,  оқушылардың  ӛздері  ойлап  шығарады,  әділ 

қазылар  алқасы  жаңадан  шығарылған  жұмбақтардың  мәнін,  маңызын, 

кӛркемдік сапасын жан-жақты бағалай білуге тиіс. 

Пәндік 


сабақ 

ӛтерде 


(әсіресе 

биология 

сабақтарында) 

тақырыптарына  сәйкес,  сабақты  жұмбақ  айтудан  бастау  керек  болады. 

Жоғары  сыныптарда  «жұмбақ  айтысу»  кешін  ұйымдастырып,  оны 

ӛнерпаздар думанымен жалғастыру қажет. 

Жұмбақтардың  дүниетанымдық,  ой  дамытарлық  мәнімен  қатар, 

тәрбиелік  мәні  де  ерекше.  Ӛйткені  жұмбақ  айтысу,  жұмбақтарды  жаттау 

кезінде тәрбиеленуші ӛзінің білім дәрежесін байқап, кӛп білуге талпынады, 

ынта-жігері  артады,  жауапкершілікке  бейімделіп,  ӛнерге  талпынушылығы 

артады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет