Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар



Pdf көрінісі
бет29/55
Дата10.01.2022
өлшемі0.63 Mb.
#454511
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55
мегалиттер  дейді.  Оған  Орталық  Қазақстан,  Тарбағатай,  Жетісуда 

кездесетін  тас  қала,  минареттер  (мұнаралар)  жатады.  Тас  минареттер 

ертедегі  тайпа,  ру  кӛсемдерінің  құрметіне  салынған.  Оларды  архитектура 

үлгісіне  жатқызамыз.  Тастан  қиып  жасалған  апандар  (дольмендер), 

қораптар  да  сол  дәуірден  жетуі  мүмкін.  Қашалған  тас  (плита),  аса  үлкен 

апандар  (дольмендер)  Орталық  Қазақстаннан  кӛп  табылған.  Оларды  ерте 




 

44 


 

дәуірлерде  жасалған  тас  бейіт  дейміз.  Бұлар  да  тайпа  кӛсемдерінің 

құрметіне соғылған болуға тиіс. 

Тас  қорғандардың  үшінші  түріне  кромлендер  жатады.  Олар 

қазақтың  киіз  үйіне  ұқсас,  бірақ  кӛлемі  одан  1,5  есе  үлкен,  тӛбесі  сүйір, 

сопақ  тас.  Архитектурасы  әсем,  келісті.  Кромлендер  Қарағанды, 

Жезқазған,  Павлодар,  Семей,  Талдықорған  жерінен  табылған.  Оны 

кейбіреулер  қазылған  рудник  орны  (такми)  деп  те  атайды.  Дұрысында 

мола болса керек. Мегалиттер бейіті ӛте тереңде (тӛрт мыңыншы жылдар 

қатпарында) болған. Ондай молалар Сарысу, Нұра бойынан табылған. 

Мегалит  түріндегі  тас  қорғандардың  тағы  бір  түріне  Беғазы,  Ақсу, 

Аюлы,  Бұғылыдан  табылған  тас  қоралар  жатады.  Францияда  мұндай 

тастарды  циклоп  (жалғыз  кӛзді  дәу)  тұрған  үйлер  деп  атайды  екен.  Осы 

тектес қорғандар Ақтоғай, Шет ауданы, Жезқазған, Жаңаарқа, Іле, Жоңғар 

Алатауынан кӛптеп табылған. Циклоп типтес қалалар Қазақстанның түстік 

бетінде  жоқ.  Беғазы  қорғанының  (№  1)  ені  16х16,  қалыңдығы  3  метр. 

Граниттен соғылған қамал, сыртында бедерлері бар. 

Қазақстан  жерін  мекендеген  кӛшпенді  тайпалардың  бірі  –  сақтар. 

Сақтар  мал  бағумен,  аң  аулаумен  шұғылданып,  жазда  әсем  безендірілген 

киіз үйлерде тұрды, ал қыста айналасы дуалмен қоршалған шикі кірпіштен 

салынған  үйлерде  тұрды.  Сақтардың  сәулет  ӛнерінен  дерек  беретін 

заттарға  обалар  және  қазба  кезінде  табылған  ескерткіштер  қалдығы 

жатады. 

Сақтар  кӛсемдері  мен  атақты  адамдарын  жерлеген  бейіт  обалар 

орнатқан.  Обалар  кӛлемі  жағынан  (диаметрі  150  метрдей,  биіктігі  20 

метрдей)  ӛте  үлкен  болған.  Обалардың  астында  қабырғалары  ағаштан 

ӛрілген немесе тастан қаланған ӛлген адамды жерлейтін арнайы бӛлмелері 

болған. Ол бӛлмеге адам мәйітімен бірге қару-жарағы, ыдыстары, әшекейлі 

заттар  қоса  қойылған.  Обалардың  сыртынан  шеңберлей  орналастырып, 

тігінен  жартылай  жерге  кӛмілген  тас  бағаналардын  орнатқан  қорғаны 

болған. 

Мысалы:  Мұндай  қорғандарға  Алматы  облысындағы  «Бесшатыр», 

Қарағанды  облысындағы  «Отыз  жеті  жауынгер»  обаларының  сәулеттік 

құрылысын айтуға болады. 

Мыс  дәуірінде  адам  баласы  тас  қашап,  мыс  қорыта  білген.  Сол 

негізде  қолӛнері,  мал  бағу,  егіншілік  кәсібі  туып,  еңбек  бӛлінеді.  Соқа, 

балта, мыстан жасалған ӛзге де құралдар кӛбейеді. 

Бұдан соң темір дәуірі келеді. Енді құралдар сол темірден жасалатын 

болады  (найза,  қылыш,  семсер,  соқа  тісі,  т.  б.).  Мұндай  құралдар  қазақ 

жеріндегі  обалардан  кӛбірек  табылған.  Ә.Марғұланның  айтуынша,  скиф, 

сақ, ғұн, үйсін, оғыз, қыпшақ, қаңлы тайпаларының мәдениеті осы заманда 

туған.  Есік  маңынан  алтыннан  құйылған  адам  суреті  табылып  отырса, 

ғалымдар  оны  сақ  дәуірінің  ескерткіші  ретінде  бағалауда.  Әйелдің 

алтынмен күптелген сәукелесін А.Козарев 1905 жылы Қарағанды (Қарағаш 

сайы)  жерінен  тапқан.  Ол  да  скиф-сақ  дәуірінен  қалған  ескерткіш  болуға 

тиіс. 



 

45 


 

Сақтардың мәдениеті, тұрмыс-салты, дүниетанымы туралы мағлұмат 

беретін  материалдар  –  қазбадан  табылған  қолӛнер  бұйымдары  мен 

әшекейлі  заттар.  Үй  мүлкінің  кӛбін  ыңғайлы,  сынбайтын  материалдардан 

жұқа  теріден,  киізден,  ағаштан  жасаған,  кейбір  ыдыстарды  күйдірілген 

балшықтан жасаған. Қару-жарақтарын,  ат әбзелдерін, киіз үй  жиһаздарын 

үй  жануарлары  мен  жабайы  аңдардың  бейнесімен  әшекейлеген.  Оған 

дәлел:  1970  ж.  Есік  қаласы  жанынан  табылған  «Алтын  адам»  олжасы. 

«Алтын  адамның»  киімі,  белдігі  аңдар  суретімен,  оюлармен  бедерленген. 

4000-ға жуық алтын жапсырмалармен кӛмкерілген. «Алтын адам» жанына 

оның  қылышы,  ӛте  шеберлікпен  жасалған  қанжары,  әр  түрлі  оюлармен 

әшекейленген қыш ыдыстар, шебер зергенрдің қолынан шыққан күміс кесе 

қойылған. Күміс кесенің түбінде әдемі ойылып жазылған жұмбақ жазу бар. 

«Алтын адам» киімі мен басқа бұйымдарын әшекейлеуде құю, соғу, 

оймалау,  қалыпқа  салып  соғу  алтын,  күміс  жалату  сияқты,  қазіргі  қазақ 

шеберлерінің  қолданатын  зергерлік  ӛнердің  барлық  әдістерін  кӛруге 

болады. 

Осындай  бұйымдар  Қарғалы,  Бурабай,  Есік,  Қанаттас,  алтыннан 

жасалған  арыстан  басы  Тақырауын,  Әлек,  Май  қайың,  Тасмола,  Шілікті, 

Бестӛбе,  Тасқұдық,  Ақсу,  Жолымбет,  Жосалы  маңынан  табылған.  Алтын, 

күміс,  жез  қазақ  жерінде  аз  емес.  Бұлар  соның  кӛнеден  жеткен  кӛркем 

үлгілері. 

Үйсін,  қаңлы  тайпаларының  жартылай  отырықшылық  ӛміріне 

байланысты сәулет ӛнері дамыды. 

Б.д.д.  ІІІ  ғасыр  мен  б.д.  І  ғасыр  аралығындағы  үйсіндер  мен 

қаңлылар  темір  ӛндіру  кәсібін  дамытқан,  ағаш,  тері,  металл  ӛңдеу  ісі кең 

ӛріс алып, қолӛнер дамыды. Қарапайым ӛрмек тоқу құралы пайда болды. 

 Үйсіндер  мен  қаңлылардың  зергерлік  бейнелеу  ӛнерінде,  сақтар 

ӛнерінде  кездеспеген,  ӛсімдік  тектес  және  геометриялық  үлгідегі  ою-

ӛрнектермен  әшекейлеу  әдістері,  зергерлік  бұйымдарды  түрлі  асыл 

тастармен кӛркемдеу кең тараған. 

Қазақстан  жерінен  табылған  кӛшпенділер  дәуірінің  мәдени-ӛнер 

ескерткіштерін  ӛзара  салыстыра  отырып,  қазақ  халқының  кӛне  дәуірдегі 

кӛшпенді 

ата-бабаларының 

жасаған 


сәндік-қолданбалы 

ӛнерінің 

классикалық үлгісіне жататынын ғалымдар дәлелдеген. 

Моңғол шапқыншылығына дейінгі сәулет өнерінің және қолөнердің 

өркен жаюы (VI-ХІІ ғ.ғ.) 

Біздің дәуіріміздің VІ ғасырынан бастап Қазақстан жерінде алғашқы 

феодалдық  мемлекет  Түрік  қағанаты  құрылды.  Олар  ӛмір  сүрген  VI-VIІІ 

ғ.ғ. – темір, алтын, күміс ӛндіру және ӛңдеу кәсібі, ісі дамыды. Кен ӛндіру, 

металл  ӛңдеу  кәсібі  –  қолӛнершілік  еңбек  түрлерінің,  сауданың 

ӛркендеуіне және елдің отырықшылыққа айналып, елді-мекендер, қалалар 

салуда сәулет ӛнерінің дамуына ықпалын тигізді.  

Археологиялық  қазбалардың  мағлұматтары  бойынша  Оңтүстік 

Қазақстан  жерін  мекендеген  тайпалар  ІV-VI  ғ.ғ.  шикі  кірпіш  кесек 

дайындай білген. 




 

46 


 

Түрік қағанаты дәуірінде тас және сүйек ӛңдеу ӛнері де дамыды. Тас 

ӛңдеу  ӛнері:  тас  мүсіндер,  құпытастар  жасау  арқылы  сәулет  ӛнерінде 

кеңінен пайдаланылды.  

Тас  ӛңдеу  ӛнерінің  ескерткіштерінен  біздерге  жеткені  тас  мүсіндер 

мен құлпытастар. Тас мүсіндер жасау VI-VIІІ ғ.ғ. – ХІІІ ғасырлар аралығын 

қамтиды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет