7-дәрісбаян
Тақырыбы: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МУЗЫКА ӚНЕРІ
Музыкалық шығармашылық қазақ отбасында тәрбие мақсатында
кеңінен пайдаланылған. Олар балалар мен жастардың ақыл-ойына, зерде-
сезіміне әсер етіп, музыкалық-эстетикалық тұрғыдан дамытқан. Қазақ
халқының ән шығармашылығының жанры сан алуан.
1) Отбасылық-тҧрмыстық әндер: шілдехана, туған күн, бесік
жыры, тұсау кесу сияқты елеулі сәттерге арналған әндер жатады. Бұндай
ӛлеңдерде ата-аналардың балаға деген сүйіспеншілігі, оның тағдырына
деген жауапкершілігі, бала туралы терең ой толғаныстары ашып
кӛрсетіліп, мейірімді, ақылды азамат болуға, ӛз халқының лайықты
қорғаны, батыры, ең бастысы – бала кім болмасын, адам болуды қалаған
үміті, тілегі айтылады.
Мысалы: «Бесік жыры»
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап
Сӛйлегенде сӛз бермей,
Шешен болар ма екенсің?
«Тұсау кесу» - тұсау кесуші әйел жүре бастаған баланың аяғына ала
жеппен тұсау салып жатып:
Қаз, қаз, балам, қаз, балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін, -
деп, әндете отырып, тұсау жіпті қайшымен қияды.
Достарыңызбен бөлісу: |