«Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет: «Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он төрт күн ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілгені туралы көрсетілетін қызметті алушының атына жазылған хат және облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы (көрсетілетін қызметті берушінің оны бекіткендігі туралы белгісімен) қағаз жеткізгіштегі есептің бір данасы (бұдан әрі – есептің данасы) не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жазбаша жауап.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі бар еркін нысанда жасалған, облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау туралы өтініш;
2) есепті айдың аяғындағы немесе облигацияларды орналастыру аяқталған күнгі жағдай бойынша қаржылық есептілікті;
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған және ресімделген облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті.
Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп қағаз жеткізгіште екi данада және Acrobat Reader форматында электрондық жеткізгіште ұсынылады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы қазақ тіліндегі және орыс тiлiндегі есеп болады.
Эмитент мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген ипотекалық және басқа да облигацияларды шығарған жағдайда, эмитент Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тіркелген кепіл шартының болуын растайтын құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар көшірмелері бірінші басшының (не оның орнын ауыстыратын тұлғаның) қолы қойылып және көрсетілетін қызметті алушының мөр таңбасымен расталады.
Құжаттың парақтары көп болған жағдайда әр парағы расталады не құжат тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбасымен бекітіледі. Мөрдің таңбасы және бірінші басшысының (немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның) қолы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына түсуі тиіс.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға:
құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілерінің анықталуы негіз болып табылады.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
________________
«Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
_______ бастап _________ дейінгі кезеңде
облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы
есеп
1. Эмитенттің атауы.
2. Эмитенттің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер.
Осы тармақта эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің күнін және нөмірін, сондай-ақ оны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауын көрсету қажет.
3. Эмитенттің орналасқан жері.
4. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі.
5. Облигациялар туралы мәліметтер:
шығаруға жарияланған облигациялардың жалпы саны және түрі, номиналдық құны, купонның және (немесе) дисконттың мөлшері, облигацияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталған күніне орналастырылған, сатып алынған және орналастырылмаған облигациялардың саны.
6. Меншік иелерінің санаттары бойынша облигацияларды иеленушілердің саны туралы мәліметтер:
резиденттер мен резидент еместер; жеке және заңды тұлғалар;
төменде көрсетілген әр тұлғалар санаттарының меншік иелеріне тиесілі облигациялар санын көрсете отырып, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, екінші деңгейдегі банктер, банктік емес ұйымдар, брокер-дилерлер және басқалар.
7. Облигацияларды орналастыру туралы мәліметтер:
1) орналастыру кезеңінің басталу күнін және аяқталу күнін, орналастырылған облигациялар санын және әрбір алдыңғы облигацияларды орналастырудың есепті кезеңіне жеке-жеке тартылған ақша сомасын, сондай-ақ облигацияларды орналастырмау туралы ақпараттың мәлімет үшін қабылданған күнін көрсете отырып, алдыңғы есепті (есептерді) бекіту күні;
2) есепті кезеңде ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жазылу және аукцион арқылы орналастырылған облигациялардың саны және тартылған ақша сомасы, оның ішінде есепті кезеңде орналастырылған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірін, осы облиациялардың түрі мен санын көрсете отырып, төлемі эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен жасалған облигациялар туралы ақпарат. Облигацияларды аукцион өткізу жолымен орналастырған жағдайда оларды жүргізген күні және аукциондағы ең жоғарғы сату бағасы көрсетіледі;
3) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында есепті кезеңде облигацияларды орналастыру туралы ақпарат (сауда-саттықты ұйымдастырушы тізімінің санаты, облигацияларды орналастыру аяқталған күніне облигациялардың нарықтық құны, сауда-саттықтағы ең жоғарғы баға және бірінші және соңғы сауда-саттықтың күні, орналастырылған акциялардың саны және тартылған ақша сомасы), оның ішінде облигацияларды шет мемлекеттің аумағында орналастыруға уәкілетті органның рұқсатын алу күнін көрсете отырып, шет мемлекеттің аумағында есепті кезеңде орналастырылған облигациялардың саны;
4) есепті кезеңде орналастырылған облигациялардың жалпы саны;
5) есепті кезең аяқталған күніне сатып алынған облигациялардың саны, сатып алу туралы шешім қабылданған күн, сондай-ақ сатып алу себебеін, оның ішінде проспектіде және (немесе) Заңда көзделген ковенанттарды бұзған кездегі сатып алу себебін көрсете отырып, эмитент оларды сатып алған кезде жұмсаған шығыстар сомасы;
6) эмитент бұрын сатып алған және есепті кезеңде қайта сатылған облигациялардың саны;
7) үлестес тұлғаларға орналастырылған, осы үлестес тұлғалардың деректері көрсетілген, облигациялар саны.
8. Облигациялар шығарылымының андеррайтерлері (эмиссиялық консорциумдар) туралы ақпарат. Осы тармақта мынадай ақпарат:
бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атауы, эмитентпен жасалған андеррайтер қызметін көрсетуге шарттың күні мен нөмірі, сондай-ақ эмиссиялық консорциумның қатысушылары туралы;
орналастырудың жалпы көлемінен пайыздық көрсеткіште андеррайтерлерге немесе орналастырудың басқа қатысушыларына, өкілдерге төленген (төленуі тиіс) дисконт пен комиссиялық ақылар туралы, әрбір орналастырылған облигацияға дисконттың және комиссиялық ақының көлемі және шығыстар туралы басқа да мәліметтер;
андеррайтерлерді тартпастан орналастырылған облигациялардың саны және орналастырудың болашақ жоспарлары туралы көрсетіледі.
9. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде қосымша мынадай ақпарат ұсынылады:
1) тиісті шарттардың нөмірі мен жасалу күндерін көрсете отырып, оригинатордың, кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
2) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары, тәртібі мен мерзімі және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;
3) арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылымы проспектісіне сәйкес арнайы қаржы компаниясы облигацияларының қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтердің сомасы;
4) есепті кезеңнің аяқталу күніне арнайы қаржы компаниясы облигацияларының қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтердің сомасы;
5) есепті кезеңнің аяқталу күніне арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша алған ақша сомасы;
6) есепті кезеңде секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметті төлеумен байланысты шығыстар сомасы;
7) бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша міндеттемелерді уақтылы орындамау немесе орындамау фактілерінің болуы туралы мәліметтер.
10. Тіркеуші туралы мәліметтер.
Тіркеушінің атауы мен орналасқан жері, шарттың нөмірі мен жасалған күні.
11. облигациялар шығарылымы туралы ақпараттық хабар жарияланған баспасөз басылымының атауы және жарияланған күні.
12. Шығарылым проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенанттарды) бұзу жағдайлары туралы ақпарат.
13. Облигациялардың орналастыруы (қаржы ұйымдары левередж мөлшерін көрсетпейді) аяқталған күніне левередж мөлшері, бұрын шығарылған облигациялар бойынша дефолт жағдайларының болуы, облигацияларды одан әрі орналастыруға байланысты бар проблемалар.
14. Облигациялар бойынша сыйақы төлеу туралы мәліметтер:
1) облигациялар бойынша сыйақы төлеу кезеңділігі мен мерзімдері;
2) облигациялар бойынша сыйақының мөлшері және мөлшерін белгілеу тәртібі. Есепті кезең ішінде осы шығарылымның облигациялары бойынша төленген жалпы сыйақы сомасы;
3) облигациялар бойынша сыйақы төлеу кезіндегі есеп айырысу тәртібі (есеп айырысу нысаны: қолма-қол, қолма-қол емес);
4) кезекті сыйақы төлеуге байланысты және (немесе) осы шығарылымның облигацияларын өтеуге байланысты ықтимал проблемалардың және осы жағдайдан шығу үшін эмитент қолданатын іс-шаралардың сипаттамасы. Облигациялар бойынша сыйақының уақтылы төленбеу жағдайлары болса, себептері мен эмитенттің қандай шаралар қабылдағанын көрсету керек.
Есепке бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олардың орнындағы адамдар қол қояды және эмитенттің мөр бедерімен куәландырылады. Есептің әрбір данасы есепті айдың соңындағы жағдай бойынша немесе облигацияларды орналастыру аяқталған күніндегі қаржылық есептілігімен және облигацияларды орналастыру кезеңі аяқталған күнінен кейінгі күнге тіркеуші берген облигациялар ұстаушылар тізілімінің көшірмесімен бірге тігіледі, тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбасымен бекітіледі. Мөрдің таңбасы жартылай қағаз пломбасына, жартылай құжаттың парағына басылуы және бірінші басшысының немесе оның орнындағы адамның қолымен тасталуы тиіс.
Осы қосымшаның 7-тармағының 2), 3), 4) тармақшалары есепті кезеңде облигациялар орналастырылмаған жағдайда толтырылмайды.
________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті беруші біліктілік емтиханын өткізу күні туралы жазбаша түрде – күнтізбелік отыз күн ішінде хабарлайды;
2) біліктілік емтиханы 60 (алпыс) минут ішінде тестілеу түрінде жүзеге асырылады;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық
(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің біліктілік емтиханның нәтижесі көрсетілген хаты.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш жасағандағы қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік емтиханын тапсыруға арналған өтінішті;
2) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның көшірмесін;
3) алдыңғы біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы мәліметтерді;
4) барлық растайтын құжаттармен қоса (қызмет көрсету туралы шарттардың көшірмелері, актуарлық қорытындылардың көшірмелері) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі ақпаратты;
5) біліктілік емтиханын тапсыру туралы өтінішті беру сәтіне актуарийлердің тиісті қауымдастығында (қоғамында немесе өзге де бірлестікте) оның мүшелігін (толық мүшелігін) растайтын құжаттар;
6) резидент емес көрсетілетін қызметті алушы мүше (толық мүше) болып табылатын актуарийлердің тиісті қауымдастығының (қоғамының немесе өзге де бірлестіктің) не мемлекеттік қадағалау органының, резидент емес көрсетілетін қызметті алушы өз қызметін жүзеге асыратын елдердің актуарийде соңғы екі жыл ішінде заңнаманы бұзудың және санкциялардың (резидент емес көрсетілетін қызметті алушы өз қызметін жүзеге асыратын елдердің) болмағандығы туралы хатты ұсынуға тиісті.
Осы тармақтың 5) және 6) тармақшаларының талаптары тек актуарий мәртебесі бар және Халықаралық актуарийлер қауымдастығының толық мүшесі деген мәртебеге ие актуарийлер қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшелері (толық мүшелері) болып табылатын актуарийлерге ғана қолданылады.
Порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға тіркеледі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе
1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |