Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»



бет1/45
Дата08.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#122403
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45


ЖОБА


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Қоса беріліп отырған:

  1. «Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  2. «Валюталық операция және шетелдік банктегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  3. «Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  4. «Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  5. «Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  6. «Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  7. «Тіркеушінің қағидалар жинағын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  8. «Қаржылық құралдармен мәміле бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  9. «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  10. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басқарушы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  11. «Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  12. «Банктің ірі немесе банк холдингінің қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  13. «Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  14. «Инвестициялық портфельді басқарушының iрi қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  15. «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  16. «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  17. «Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  18. «Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  19. «Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  20. «Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  21. «Кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін енгізу актісін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  22. «Инвестициялық пай қорларының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  23. «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына рұқсат алған, бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігінің аудитіне шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  24. «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  25. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға виза беру туралы қолдаухат» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  26. «Мемлекеттік органдарға беру үшін Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын ағылшын тілінен қазақ және орыс тілдеріне аудару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  27. «Банк операцияларының жекелеген түрлерін, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  28. «Уәкiлетті ұйымдарға шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  29. «Банкті ашуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  30. «Банк операцияларының жекелеген түрлерін, банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  31. «Ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  32. «Банктерге Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында көзделген банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  33. «Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  34. «Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  35. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  36. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  37. «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  38. «Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  39. «Сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  40. «Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  41. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  42. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  43. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  44. «Ұйымдардың капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің елеулі түрде қатысуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  45. «Қоғамды жария компания деп тану немесе қоғамның мәлімдемесі негізінде ол белгілеген тәртіпте оның жария компания мәртебесін кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  46. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  47. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  48. «Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  49. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымын құруына немесе сатып алуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  50. «Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  51. «Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  52. «Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  53. «Арнайы ислам қаржы компаниясын ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  54. «Ұйымның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің елеулі түрде қатысуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  55. «Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  56. «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  57. «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов
 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
 


1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).



2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.


  

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі:



1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - айырбастау пунктінің қағаз жеткізгіштегі тіркеу куәлігі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушіде жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) еркін нысандағы өтінішті;

2) көрсетілетін қызметті алушының талаптарға, оның ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:

кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша арнайы даярлықтан өткендігін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасында көзделген және қызметкердің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша кассир ретінде кемінде 6 (алты) ай еңбек қызметін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;

ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдардың сипаттамасын айқындайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

3) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік (заңды тұлғалаp үшiн);

Қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын, айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін алуға өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кейін берілген және жарғылық капиталдың қосымша айырбастау пункттерін (қосымша айырбастау пункттерін) тіркеу кезінде ақшалай жарналар есебінен ұлғаюын ескере отырып біліктілік талаптарына сәйкес келетін мөлшерге дейін растайтын екінші деңгейдегі банктің құжаты ұсынылады.

Егер қосымша айырбастау пункттерін тіркеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің ашылатын айырбастау пункттерін ескергенде уәкілетті ұйымның біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттары болса, осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші абзацында көзделген құжат ұсынылмайды.

Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның филиалы өзінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және


3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды береді:

1) филиалды есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі (уәкілетті банктер үшін);

2) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі лицензиясының көшірмесі (уәкілетті ұйымдар үшін);

3) есептік тіркеу және (немесе) қайта тіркеу туралы әділет органдарының белгісі бар не филиал туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы әділет органдарын хабардар ету фактісін растайтын құжат қоса берілген филиал туралы ереженің көшірмесі.

Шет тілінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.

Уәкілетті органдардың айырбастау пункттерін олардың үй-жайларының техникалық жарақтандырылуына қойылатын талаптарға сәйкес келуін қарап тексеруді қызметті беруші айырбастау пункті тіркелгенге дейін жүргізеді.

Айырбастау пунктін қайта тіркеу үшін талап етілетін құжаттар:

1) еркін нысандағы өтінішті;

2) қайта тіркеу үшін негіздемелердің (айырбастау пунктін нақты көшіруге әкеп соқпайтын көше атауларының, ғимараттар нөмірлерінің және тіркеу куәлігінде көрсетілген басқа да деректердің өзгеруі) туындауын растайтын құжаттар.

Айырбастау пунктін қайта тіркеу істегі бар құжаттарды қайтадан ұсынбай жүзеге асырылады.

Айырбастау пунктін қайта тіркеу кезінде жаңа тіркеу куәлігінің нақты берілген күні көрсетілген тіркеу куәлігі беріледі.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оны алмастыратын адамның атына: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

 

 



4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

 

12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz


интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режімінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.».
________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген



«Валюталық операция және шетелдік банктегі

шот туралы хабарламаны растау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты


1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Валюталық операция және шетелдік банктегі шот туралы хабарламаны растау» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелері және аумақтық филиалдары
(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге валюталық шарт туралы ақпарат ұсынған күннен бастап – жеті жұмыс күні өткенге дейін;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – валюталық операция туралы немесе шетел банкіндегі шот жөніндегі қағаз жеткізгіштегі хабарлама туралы куәлік.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжат:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша валюталық операция туралы немесе шетел банкінде шот ашу туралы толтырылған хабарлама.

Валюталық операцияларды жасау мән-жайларын нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсетілетін қызметті алушының валюталық операцияларды жүзеге асыруына негіз болатын валюталық шартты көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге құқылы. Валюталық операция туралы хабарламаны растау көрсетілетін қызметті алушы талап етілетін құжаттарды ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.

Берілетін деректердің құпиялылығы мен түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдарымен бірге ақпаратты кепілдікпен жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратына валюталық операция туралы электрондық түрде хабарлайды.

Заңды (банктерден басқа) және жеке тұлғалар валюталық операция туралы толтырылған хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің


хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімшесіне/жауапты адамына тапсырады.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оны алмастыратын адамның атына: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының өтініш жасаған кезде электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы талап етілмейді.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
________________

«Валюталық операция және шетелдік банктегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет