Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет11/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Тара – тауарларды (дәрілік зат, шикізат, жартылай өнім) сақтау, орамдау 
және тасымалдау үшін қажетті сыйымдылық. 
Күшті әсер ететін дәрілік құрал (Heroica) – мемлекеттік нормативті 
құжатпен бекітілген, белгіленуі, қолданылуы, дозалануы және сақталуы 
сақтықпен жүргізілетін күшті әсер ететін заттардың тізіміне кіретін дәрілік 
құрал. 
Улы дәрілік құрал (Venena) – мемлекеттік нормативті құжатпен 
бекітілген, жоғары улылық әсеріне байланысты, белгіленуі, қолданылуы, 
дозалануы және сақталуы ерекше сақтықпен жүргізілетін улы заттардың
тізіміне кіретін дәрілік құрал. 
Есірткі дәрілік құралдар – ҚР заңдарына түзетулер енгізілген (1972) 
есірткі заттар туралы Бірыңғай Конвенциясына (1961) сәйкес бақылауға 
алынатын, есірткі заттар, психотропты заттар және прекурсорлар тізіміне 
енгізілген синтетикалық немесе табиғи заттар. 
Психотропты заттарҚР заңдарына, ҚР халықаралық келісімдеріне
соның ішінде психотропты заттар туралы Конвенциясына (1971) сәйкес 
бақылауға алынатын есірткі заттар, психотропты заттар және прекурсорлар 
тізіміне енгізілген синтетикалық немесе табиғи заттар. 
Прекурсорлар – ҚР заңдарына, ҚР халықаралық келісімдеріне, соның 
ішінде есірткі және психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес 
туралы БҰҰ Конвенциясына (1988) сәйкес бақылауға алынатын, есірткі 
заттар, психотропты заттар және прекурсорлар тізіміне енгізілген, есірткі 
және психотропты заттарды өндіру, дайындау, қайта өңдеу үшін 
қолданылатын заттар. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Дәрілік түр технологиясының ғылым ретінде анықтамасы және оның 
алдына қойған негізгі міндеттері қандай? 
2. Дәрілік препараттардың дәріханалық және өнеркәсіптік өндірісі арасында 
қандай байланыс бар? 


13 
3. Дәрілік түр технологиясының негізгі терминдері қандай? Олардың 
арасындағы байланыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет