Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Химиялық сыйымсыздықтың екі түрі болады



Pdf көрінісі
бет351/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Химиялық сыйымсыздықтың екі түрі болады: 
1. 
Химиялық реакция типі бойынша: тотығу-тотықсыздану, алмаса 
ыдырау, нейтралдау, гидролиз реакциялары. 
2. 
Өтіп жатқан реакциялардың визуалды белгілері бойынша: дәрілік 
тұнбалардың түзілуі, дәрі түсінің өзгеруі, дәрі иісінің өзгеруі және газ бөлінуі, 
сыртқа көрінбей өтетін өзгерістер. 
Дәрілік заттарды бірге қолданған кездегі өзгерістер - фармакологиялық 
сыйымсыздыққа жатады және оны фармакология курсы қарастырады. 
Физикалық 
және 
физика-химиялық 
сыйымсыздық. 
Дәрілік 
заттардың ерімеуі: Сұйық ортада дәрілік заттардың ерімеуін келесі 
жағдайлардағы сыйымсыздық түрінде қарастыруға болады: тұнбада улы немесе 
күшті әсер ететін заттар болады, дайындау кезінде ірі дисперсті қоспа немесе 
тұнба түзіліп, құты қабырғасына және түбіне жабысып, препаратты дәл дозалау 
мүмкін болмайды. 
Дәрілік заттардың суда, этанолда, глицеринде, майда ерімейтін 
мысалдарын келесі жазылымдардан байқауға болады: 
Rp.: Coffeіnі 
Natrіі bromіdі ana 2,0 


483 
Aquae purіfіcatae 60 ml 
 M.D.S. 1 шай қасықтан күніне 2 рет 
Кофеинді ыстық суда ерітіп, содан соң натрий бромидін ерітеді. Ерітіндіні 
салқындатқан соң, кофеин тұнбаға түседі, себебі, оның судағы ерігіштігі - 1:80. 
Сондықтан, кофеинді кофеин-натрий бензоатына алмастыруды немесе 
тазартылған су мөлшерін көбейтуді және осыған сәйкес қолдану тәсілін өзгертуді 
ұсынған жөн. 
Rp.: Kalіі bromіdі 3,0 
Cordіamіnі 10 ml 
Solutіonіs Cіtralі spіrіtuosae 1 % 15 ml 
M.D.S. 25 тамшыдан күніне 3 рет 
Калий бромиді жазылған сұйықтық көлемінде ерімейді. Дәрігер 
келісімімен калий бромидін натрий бромидіне ауыстыру қажет. 
Rp.:  Sulfurіs 1,0 
Oleі Rіcіnі 10,0 
Spіrіtus aethylіcі 70% 20 ml 
M.D.S. Қолға жағу үшін 
Майсана майы 70% этанолда ерімейді. Сыйымсыздықты болдырмау тәсілі - 
70% этанолды 90% этанолға алмастыру. 
Rp.: Anaesthesіnі 
Natrіі tetraboratіs ana 3,0
Glycerіnі 44,0 
M.D.S. Аяққа жағуға 
Анестезин жазылған глицерин мөлшерінде ерімейді. Сондықтан, дәрігер 
келісімімен, анестезинді еріту үшін глицериннің 15,0-20,0 г этанолмен алмастыру 
қажет. 
Rp.: Phenolі purі lіquefactі 0,5 
Oleі Persіcorum 10,0 
M.D.S. Құлақ тамшылары 3 тамшыдан күніне 3 рет жылы күйінде 
Сұйық фенол өсімдік майларында ерімейді. Сыйымсыздықты болдырмау 
тәсілі сұйық фенолды кристалды түріне алмастыруға негізделеді. 
Егер сұйық ортада ерімейтін дәрілік заттар улы немесе күшті әсер ететін 
болмаса және дайындаған кезде жеңіл ресуспендирленетін жұқа дисперсті қоспа 
түзілсе, онда оларды «Қолданар алдында шайқа» қосымша этикеткасымен 
босатуға болады. 


484 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет