Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі


-бап. Қалдыққа меншік құқығының ауысуы



бет29/32
Дата09.07.2016
өлшемі1.63 Mb.
#186525
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
285-бап. Қалдыққа меншік құқығының ауысуы

1. Қалдықтар орналастырылған жер учаскелерінде жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы өзгерген кезде қалдыққа меншік құқығы туралы мәселе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес шешіледі.

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік меншік объектілері жекешелендірілген кезде, егер «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы кәсіпорындарды жекешелендіру шарттарында өзгеше көзделмесе, қалдықтарға меншік құқығы, сондай-ақ қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу және оларды жою, жерлерді рекультивациялау мен қалпына келтіру жөніндегі міндеттемелер жаңа меншік иесіне ауысады.

 

 

42-тарау. Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар



 

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 286-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 286-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



286-бап. Өндіріс пен тұтыну қалдықтары және олардың түрлері

1. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтары қауiптiлiк дәрежесі бойынша қауiптi және қауiпсіз болып бөлiнедi.

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)



2. Осы тараудың күші:

1) пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде түзілген, олармен жұмыс істеу Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасымен реттелетін техногендік минералдық түзілімдерге;

2) радиоактивті қалдықтарға;

3) беткі қабаты эффузивті және интрузивті әртүрлі жастағы шөгінді жыныстарға (аршынды жыныстарға) қолданылмайды.

 

287-бап. Қауіпті қалдықтарды сыныптау



1. Мына заттардың:

1) жарылғыш заттардың;

2) жеңіл тұтанатын сұйықтардың;

3) жеңіл тұтанатын қатты заттардың;

4) өздігінен жанатын заттар мен қалдықтардың;

5) қышқылданатын заттардың;

6) органикалық пероксидтердің;

7) улы заттардың;

8) созылмалы және тұрақты ауру туғызатын уытты заттардың;

9) жұқтырушы заттардың;

10) коррозиялаушы заттардың;

11) экоуытты заттардың;

12) сумен әрекеттесу кезінде тұтану қаупі бар газдар бөле алатын заттардың немесе қалдықтардың;

13) ауамен немесе сумен әрекеттесу кезінде уытты газдар бөле алатын заттардың немесе қалдықтардың;

14) жоғарыда аталған қасиеттердің бірін иеленетін басқа материалдарды құрауға қабілетті заттар мен материалдардың біреуін немесе бірнешеуін қамтитын қалдықтар қауіпті қалдықтарға жатқызылады.

2. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес қалдықтарды тасымалдау, кәдеге жарату, сақтау және көму мақсатында олардың қауіптілігінің 3 деңгейі белгіленеді:



1) Жасыл - G индексі;

2) Янтарь түсті - А индексі;

3) Қызыл - R индексі.

3. Қалдықтарға код белгілегенде қалдықтар пайда болатын сала, жинау (көму) тәсілі, кәдеге жарату немесе регенерация тәсілі, ықтимал қауіпті құрамдас элементтері, қауіптілік түрі, объектілерінде қалдықтар пайда болатын экономика салалары ескеріледі.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау және оларға код белгілеу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін қалдықтар сыныптауышының негізінде жүргізіледі. Сыныптауышта қалдықтардың осы түрі болмаған жағдайда, қауіптілік деңгейі және оларға код белгілеу қалдықтың қауіптілік деңгейін айқындау және оған код белгілеу жөніндегі әдістемеге сәйкес айқындалады.

5. Технологиялар өзгерген кезде немесе өзге шикізат ресурстарына көшкен кезде, сондай-ақ қалдықтардың қауіпті қасиеттері өзгеруі мүмкін басқа да жағдайларда қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау мен код белгілеу жүргізіледі.

6. Табиғат пайдаланушы қалдықтарды белгілі бір код белгілеуге жатқызуды дербес жүргізеді немесе қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып жүргізеді.

 

288-бап. Өнеркәсіп және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі жалпы экологиялық талаптар



1. Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар құралатын жеке және заңды тұлғалар олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын көздеуге, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға және оларды кәдеге жарату, залалсыздандыру және қауіпсіз жою жөніндегі іс-шараларды орындауға міндетті.

2. Қалдықтарды орналастыру мен жою қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен және өзге де арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен айқындалатын орындарда жүргізіледі.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



3. Қалдықтарды уақытша сақтау орындары қалдықтарды қалпына келтіргенге немесе өңдегенге дейін үш жылдан аспайтын немесе оларды көмгенге дейін бір жылдан аспайтын мерзімге қауіпсіз сақтау үшін арналады.

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Қалдықтарды пайдалану (кәдеге жарату, өңдеу) мақсаттарында оларды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады.

Жеке тұлғалардың қалдықтарды жеке пайдалану үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) әкелуіне және әкетуіне тыйым салынады.

Қалдықтарды көму және залалсыздандыру мақсатында әкелуге тыйым салынады.

 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, қалдықтардың меншік иесі қалдықтардың көлемін бірте-бірте азайту мақсатында оларды басқару бағдарламасын әзірлеуге міндетті.

6. Қалдықтарды залалсыздандыру немесе орналастыру тәсілдерін және орнын таңдау кезінде, сондай-ақ қалдықтарды өңдеуді, жоюды немесе орналастыруды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды айқындау кезінде қалдықтардың меншік иелері қалдықтардың құралу көздерінен олардың барынша аз көшірілуін қамтамасыз етуге тиіс.

7. Біржолғы өнімдерді әкелу, егер ол кәдеге жаратылуы жоғары экологиялық тәуекелмен байланысты немесе экономикалық жағынан мақсатқа лайық емес қалдықтардың құралуына әкеп соқтырса, шектелуі немесе оған толық тыйым салынуы мүмкін.

8. Пайдалану нәтижесінде Қазақстан Республикасында оларды залалсыздандыру немесе жою жөніндегі технологиясы жоқ қауіпті қалдықтар құралатын өнімдер импортына тыйым салынады.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды

9. Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы халықаралық шарттарында көзделген пайдалану нәтижесінде жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қамтитын қалдықтар түзілетін өнімді өндіруге және импорттауға тыйым салынады.

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 288-1-баппен толықтырылды

288-1-бап. Қалдықтарды басқару бағдарламасы

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1. Қалдықтарды басқару бағдарламасын І және ІІ санаттағы объектілері бар жеке және заңды тұлғалар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен әзірлейді.

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2. Қалдықтарды кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді немесе олардың көлемін және қауіпті қасиеттерін өзге де тәсілдермен азайтуды жүзеге асыратын, сондай-ақ өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырумен байланысты қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу міндетті.

3. Қалдықтарды басқару бағдарламасында түзілген және орналастырылған қалдықтардың көлемі мен құрамы туралы, оларды сақтау, кәдеге жарату, көму, рекультивациялау немесе жою әдістері туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

4. Қалдықтарды басқару бағдарламасында:

1) өндірістік процестерді, оның ішінде аз қалдықты технологияларды енгізу есебінен жетілдіру;

2) қалдықтарды қайтадан пайдалану не оларды пайдалануға мүдделі жеке және заңды тұлғаларға беру;

3) қолжетімді озық технологияларды пайдалана отырып қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қалдықтардың көлемін бірте-бірте азайтуды қамтамасыз ету бойынша көлемдері мен оларды орындау мерзімдері көрсетілген шаралар көзделеді.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



5. Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қолжетімді озық технологиялардың тізбелерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мүдделі орталық атқарушы органдардың, басқа да заңды тұлғалардың қатысуымен әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

6. Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қолжетімді озық технологиялар болмаған кезде қалдықтарды басқару бағдарламасында қалдықтар орналастырылған жерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс.

7. Қалдықтар орналастырылған жерді рекультивациялаудың технологиялық мүмкіндігі болмаған кезде қалдықтарды басқару бағдарламасында олардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс.

8. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

289-бап. Қауіпті қалдықтардың паспорты



1. Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар құралатын жеке және заңды тұлғалар қауіпті қалдықтардың паспортын жасайды және бекітеді.

2. Қауіпті қалдықтардың паспорты:

1) осы Кодекстің 287-бабының 1-тармағында көрсетілген қалдықтарға;

2) Янтарь және Қызыл тізімдердегі қалдықтарға жасалады.

3. Қауіпті қалдықтардың паспортында мынадай міндетті бөлімдер:



1) қалдықтардың атаулары;

2) қалдық шығарушы - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, өндірістік үй-жайы болған кезде оның орналасқан жері, кәсіпорынның атауы мен деректемелері;

3) қалдықтардың шығу көздері;

4) қалдықтардың қауіпті қасиеттерінің тізбесі;

5) қалдықтардың химиялық құрамы және олардың құрауыштарының қауіпті қасиеттерінің сипаттамасы;

6) қалдықтарды өңдеудің ұсынылатын тәсілдері;

7) қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі қажетті сақтану шаралары;

8) қалдықтарды тасымалдауға және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар;

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар;

10) қосымша ақпарат қамтылуға тиіс.

4. Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді және ол қалдықтардың әрбір түріне жеке толтырылады.



5. Қауіпті қалдықтар паспорты, қауіпті қалдықтар құралған кезден бастап үш ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда тіркелуге тиіс.

6. Міндетті бөлімдерге енгізілген, деректердің толықтығы мен дұрыстығын көтеретін қосымша ақпараттардың түсуіне қарай қауіпті қалдықтар паспорты жаңартылуға және қайта тіркелуге жатады.

7. Тіркелген қауіпті қалдықтар паспорттарының көшірмелері қалдықтардың осы тобын немесе оның бір бөлігін тасымалдайтын жеке тұлғаға немесе кәсіпорынға, сондай-ақ қалдықтардың осы тобының (топ бөліктерінің) әрбір жүк алушысына міндетті түрде табыс етіледі.

8. Жүк алушы алынған қалдықтар тобын өңдеу кезінде, басқа материалдармен араластыруды қоса алғанда, өз кәсіпорнынан тысқары жерге тасымалдаған жағдайда осы топқа (топ бөлігіне) қауіпті қалдықтардың жаңа паспортын ресімдеуге және оны тіркеуге тиіс.

9. Қалдықтар құралған процестің технологиялық регламентінің өзгеруіне байланысты осы қалдықтардың қауіпті қасиеттері өзгерген жағдайда қауіпті қалдықтар паспорты өзінің қолданылуын тоқтатады.

10. Қалдықтың химиялық және құрауыштық құрамы аккредиттелген зертхана орындаған талдаулардың нәтижелері негізінде көрсетіледі. Өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер) түрінде берілген қалдықтар үшін техникалық жағдайларға сәйкес бастапқы тауардың (өнімнің) құрауыштық құрамы туралы мәліметтер көрсетіледі.

11. Қауіпті қалдықтар паспортында бастапқы тауардың (өнімнің) атауы беріле отырып, нәтижесінде қалдықтар құралған технологиялық процестің немесе нәтижесінде тауар (өнім) өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан процестің атауы көрсетіледі.

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12. Қауіпті қалдықтар паспортында қауіпті қалдықпен байланысты, оның ішінде тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу уақытындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі қажетті шаралар көрсетіледі.

13. «Қосымша ақпарат» бөлімінде қалдықтардың меншік иесі хабарлағысы келетін өзге де ақпарат көрсетіледі.



 

290-бап. Қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қызметті жобалау кезіндегі экологиялық талаптар



1. Пайдалану процесінде қалдықтар құралатын объектілерді жобалау кезінде:

1) жобалау құжаттамасының құрамдас бөлігі ретінде қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу;

2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасында белгіленген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптарды ескеру;

3) қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі техникалық және технологиялық құжаттама әзірлеу қажет.

2. Тұрғын үй ғимараттарын, сондай-ақ пайдалану процесінде қалдықтар құралатын өндірістік кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де объектілерді жобалау кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы қызметі саласындағы мемлекеттік орган белгілейтін қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы ережелерге, нормативтер мен талаптарға сәйкес осындай қалдықтарды жинауға арналған орындар (алаңдар) көзделуі қажет.

 

291-бап. Қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, құрылыс-жайлар мен өзге де объектілерді салу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар



1. Қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, құрылыс-жайлар мен өзге де объектілерді пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1) оларды қайта өңдеу, кәдеге жарату, залалсыздандыру және қауіпсіз жою не осы іс-шараларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға беру арқылы оларды азайту жөніндегі шараларды көздейтін қалдықтарды орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеуге;

2) ең жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде қалдықты аз шығаратын технологиялар мен қалдықтардың құралуын төмендету жөніндегі ұйымдастыру шараларын енгізуге;

3) қалдықтар мен оларды орналастыратын объектілерге түгендеу жүргізуге;

4) қалдықтар орналастырылған объектілердің аумақтарында қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізуге;

5) қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етуге;

6) қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты авариялардың алдын алу жөніндегі талаптарды сақтауға және оларды жою жөнінде шұғыл шаралар қолдануға;

7) қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қоршаған ортаға, жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне не заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін немесе залал келтіруі мүмкін авариялар туындаған немесе олардың қатері төнген жағдайда, бұл туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға және жергілікті атқарушы органдарға дереу хабарлауға міндетті.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Қалдықтарды орналастыру объектісі салынатын жерді айқындау мемлекеттiк экологиялық сараптаманың, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың (эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу кезінде) және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін сараптаманың оң қорытындылары болған кезде арнайы (инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және өзге де) зерттеулер негізінде жүзеге асырылады.

3. Қалдықтарды орналастыру объектілерінің меншік иелері, сондай-ақ иеленуінде және пайдалануында қалдықтарды орналастыру объектілері бар адамдар осы объектілерді пайдалану аяқталғаннан кейін олардың жай-күйі мен қоршаған ортаға әсерін бақылауды және бүлінген жерлерде рекультивациялау жөнінде жұмыстар жүргізуге міндетті.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Қалалық және басқа да қоныстардың, орман саябақтарының, курорттық, емдеу-сауықтыру, рекреациялық аймақтардың аумақтарында, тарихи-мәдени мұра объектілеріне жатқызылған аумақтарда, сондай-ақ су қорғау аймақтарында, ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау мақсаттарында пайдаланылатын жерасты су объектілерінің су жинау алаңдарында қалдықтарды көмуге тыйым салынады.

5. Егер пайдалы қазбалар жатқан жерлерге ластану қатері және тау-кен жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігіне қатер төндірген жағдайларда, пайдалы қазбалар жатқан және тау-кен жұмыстары жүргізілетін жерлерге қалдықтарды көмуге тыйым салынады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет