Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат № Іс-шаралар



Дата03.07.2016
өлшемі122.14 Kb.
түріБағдарламасы


2009 жылғы қаңтар-маусымда 2009-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысында

Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өнеркәсібін дамыту

бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат




Іс-шаралар

Орындау үшін жауаптылар

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1. Сала дамуын қолдау жөніндегі жалпы жүйе шаралары



Облыстың тұрғын үй, өнеркәсіп объектілері, инфрақұрылымдары іргелі құрылысының перспективалық жоспарын есепке алумен құрылыс материалдарына деген қажеттілік болжамын дайындау және оларды өндіріс көлемін жоспарлау мақсатында кәсіпорындарға жеткізу

Құрылыс басқармасы

1 тоқсан жыл сайын

2009 жылы бюджет қаражаты есебінен салынуы көзделген объектілер жөніндегі материалдарға деген қажеттілік болжамы 2009 жылғы қаңтарда жіберілді.



Өңірде шығарылатын құрылыс материалдары тізбесін нақтылау және оларды жобалық-сметалық құжаттарды әзірлегенде қолдану мақсатында облыстың жобалық ұйымдарына жеткізу

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы,

аудандар және Петропавл қаласы әкімдері






Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуының қазақстандық қамтылуын арттыру мақсатында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының Тізбесі және олармен шығарылатын өнімдер номенклатурасы Ұлттық компаниялар, Қазақстан Республикасы облыстарының әкімдіктері, СҚО бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жіберілді.

3.

Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі жөніндегі жаңа кәсіпорындарды ашуға және қолданыстағыларын дамытуға жағдай жасау

Аудандар және Петропавл қаласы әкімдері

Шілде, қаңтар жыл сайын

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2009 жылғы мамырда СҚО сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесе Ресей Федерациясының Новосібір қ. және Кемерово қ. ұйымдастырған сауда-экономикалық миссиясына солтүстікқазақстандық делегация құрамында «Фирма Строитель» ЖШС, «Пласт Окно Голд» ЖШС, «Блок» ЖШС қатысты және өнімдердің екі жақты жеткізілімі туралы шартқа қол қойды. «Блок» ЖШС және «Строительное управление № 9» ААҚ арасында Новосібір қ. қазақстандық кәсіпорын өкілдігін ашу туралы келісімге қол жеткізді.

4.

Құрылыс индустриясы кәсіпорындарын халықаралық, республикалық және өңірлік көрмелер, конкурстар өткізілетіні туралы хабардар ету



Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы,

аудандар және Петропавл қаласы әкімдері



2009-2014 жылдар

Облыс кәсіпорындары өткізілетін барлық республикалық және шетелдік конкурс-көрмелер, басқа іс-шаралар туралы хабардар етіледі.

2009 жылғы 25-26 наурызда Петропавл қ. «Энергия үнемдеу. Қазақстанның құрылыс индустриясы. Энергетика. ТҮКШ-2009» көрмесі өтті, онда қазақстандық және ресейлік кәсіпорындар өз өнімін ұсынды.

2009 жылғы маусымда «Алтын сапа» өңірлік конкурсы өткізілді. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында «Пластполимер» КПФ» ЖШС мен «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС-лары сәйкес 1 және 3 дәрежелі дипломант атанды.


5

Құрылыс материалдары өндірісі дамуының көрсеткіштерін талдау

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы,

СҚО бойынша статистика департаменті (келісім бойынша), аудандар және Петропавл қаласы әкімдері




Ай сайын


Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісімен 100-ден астам орта және шағын кәсіпорын айналысады.

2009 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша құрылыс индустриясының 16 кәсіпорны, жолдарды жөндеу мен салудың 7 кәсіпорны халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйесін сертификаттауды жүзеге асырды.

Облыстың өнеркәсіптік өндірісі көлемінде металл емес минералдық өнімдердің үлес салмағы 1,9%-ды құрайды. 2009 жылғы қаңтар-мамырда 478,2 млн.теңгеге өнім шығарылды (ФКИ-69,4%). Цемент, бетон немесе жасанды тастан жасалған бұйымдар өндірісі 4,5%-ға артты, құрылыс кірпішінің өндірісі маңызды кеміді (ФКИ – 3,3%).

Аудандар мен Петропавл қ. кесіндісінде өндірілді: құрылыс мақсатына арналған бетоннан жасалған бұйымдар - 23,2 мың тн (ФКИ – 90,3%) – Петропавл қ.; құрылыс кірпіші - 0,2 мың м3 (ФКИ – 100%) – Қызылжар ауданы; тауарлық бетон – 33,4 мың тн (ФКИ – 63,4%) - Петропавл қ., 100 тн (ФКИ -125%) – Шал ақын ауданы, 3,2 мың тн (ФКИ - 102,6%) – Ғ. Мүсірепов ауданы



Құрылыс мақсатына арналған метал құрылымдары өндірісінің көлемі 2008 жылғы қаңтар-мамырға 3,7%-ға өсіммен 450 тоннаны құрады.

Пластмасс бұйымдарының өндірісі өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде 1,3%-ды алады. Есептік мерзімде пластмассадан жасалған өнім 2008 жылғы ұқсас мерзімге 17,5%-ға кемумен 335,6 млн.теңгеге шығарылды. Кему пластмассадан жасалған құбыр өндірісінің 56,5%-ға кемуінен болған. Осы уақытта пластмассадан жасалған терезе және есік блоктарын шығару 1,2 есе, соның ішінде Петропавл қ. 21,2%-ға артты. Осы өнім тағы да Қызылжар мен Ғ.Мүсірепов аудандарында шығарылады, онда өнім ФКИ-і сәйкес 107,2% және 100% құрады.

Ағаш өңдеу өнеркәсібінің жеке үлес салмағы - 0,3%. Өнім өндірісінің көлемі 144,2 млн.теңгені құрады, ФКИ – 99,1%.

Келесі өндірілді: ағаш материалдары, бойы бойынша кесілген немесе жарылған – 1,2 мың м3 (ФКИ – 200%); терезе және есік, олардың рамасы мен табалдырықтары – 11,1 мың м2 (ФКИ – 90,2%); ағаштан жасалған құрылыс құрылымдары мен ұста бұйымдары - 12 тонна (2008 жылғы ұқсас мерзімнен 2,4 есе көп);

құрама құрылыс құрылымдары - 20 тонна (ФКИ – 74,1%).

Есіл, Қызылжар, Тимирязев, Ғ.Мүсірепов атындағы аудандары кәсіпорындарымен 59,9 млн.теңгеге ағаштан жасалған құрылыс құрылымдары мен ұста бұйымдары шығарылды.



Қиыршықтас және құм өндірісі 2008 жылғы ұқсас мерзімге 33,4% өсіммен 86,2 млн.теңгені құрады. 69,9 мың м3 – қиыршықтас (ФКИ – 180,7%), 6,7 мың м3 құм (ФКИ – 31,8%) шығарылды.

Қиыршықтастастың ең мол шығарылған көлемі (91,6%) Ақжар ауданына келеді, онда құрылыс тасын шығаратын бірқатар кәсіпорындар бар. Олардың ең ірісі - «Компания Диорит – LTD» ЖШС. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 800 мың м3. 2009 жылғы қаңтар-мамырда өндіріс көлемі 2008 жылғы ұқсас мерзімге 2,4 есе өсіммен 54,5 мың м3 құрады.

Есептік мерзімде құм шығару Петропавл қаласы кәсіпорындарымен және шамалы көлемде Тайынша ауданында «Тиолайн» ЖШС-мен жүргізілді.


6.

Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі саласында инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін жүргізу

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы,

аудандар және Петропавл қаласы әкімдері




Шілде, қаңтар жыл сайын

2009 жылғы 1 жартыжылдықта өндірісі жөніндегі жылдық қуатымен төмендегі желілер пайдалануға берілді: -құрылымдық-оқшаулама панельдер – 445 мың м2., 110-225 мм және 315-630 мм диаметрімен полиэтилен құбыры – сәйкес 2770 тн және 6335 тн («Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС);

- пісірілген қос тавр - 4,2 мың тонна; сэндвич-панель – 63 мың м2; кәсіби төсем – 321 мың м2; пішін – 25,2 мың м2 («Жедел тұрғызылатын ғимараттар мен үймереттер зауыты» ЖШС).

«Блок» ЖШС-да ризолин - битум-полимерлік негізде нысандық қоспалармен дайындалған рулондық өзі желімденетін гидрооқшаулама шатыр материалының өндірісі басталды.

«Петропавл құбыр зауыты» ЖШС «Болат құбырларының өндірісі» жобасын іске асыруда. Болат қаңылтырдан 6 м ұзындығымен 76-219 мм диаметрімен құбыр өндірісі жоспарлануда. Бойлап кесу желісі жинақталды. «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ-да инвестициялық сатыда 7,3 млрд. теңге сомаға 4 жоба жатыр.



77.

2009-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысында Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өнеркәсібін дамыту бағдарламасын іске асыру барысының мониторингі

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Шілде, қаңтар жыл сайын

Мониторинг мерзімге сәйкес жүзеге асырылады.

2. Шикізат базасын дамыту

8.

Құрылыс материалдары өндірісі үшін негізгі шикізат түрлерінің пайдаланылмайтын кен орындарын әзірлеуге тарту

Аудан әкімдері, Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы,

«Тобыл» ҰҚ» ӘКК» АҚ (келісім бойынша)




Шілде,

қаңтар


жыл сайын

Жергілікті атқарушы органдар мен «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ-ның өзара әрекет ету бағыттарының бірі жер қойнауын пайдалану құқығын беру болып табылады. Үстіміздегі жылы ӘКК-тен жер қойнауын пайдалану құқығын алуға 15 өтінім түсті, олардың 4-мен келісімшарт жасалды, 11 келісімшарт ресімделу сатысында. «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қатысуымен «Құрылыс құмының карьерін әзірлеу және шығару» (Есіл ауданы, «Явленское» кен орны), «Калиновка» учаскесінде құрылыс тасын барлау және шығару» (Тайынша ауданы), «Карьерлерді әзірлеу асфальтбетон зауытын ұйымдастыру» (Ғ. Мүсірепов атындағы аудан) жобалары іске асырылуда. Қазіргі кезде жоба бастамашыларымен бірлескен кәсіпорындарды тіркеу жүзеге асырылды, ұйымдастырушылық мезеттер пысықталуда.

9

Құрылыс материалдары өндірісінде қолданылатын кең тараған пайдалы қазбаларды барлау мен шығаруды жүргізуге келісімшарт шарттарының сақталуына мониторинг және бақылауды жүзеге асыру

Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Шілде, қаңтар,

жыл сайын



2009 жылғы 1 жартыжылдықта келісімшарт бойынша қаржы міндеттемелерінің орындалмау себебі бойынша 15 келісімшарт бұзылды.

3. Кәсіпорындарды қайта құру, жаңарту, құрылыс материалдарының жаңа түрлерін игеру

10.

Бюджет және қаржы институттары қаражаты есебінен құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қаржылық қолдау көрсету

Екінші деңгейлі банктер (келісім бойынша), СҚО бойынша «Даму» КДҚ» АҚ ӨФ (келісім бойынша), «Тобыл» ҰК» ӘКК» АҚ(келісім бойынша), Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, аудандар және Петропавл қаласы әкімдері

2009-2014 жылдары

«Даму-Регионы» мемлекеттік бюджет бағдарламасы бойынша шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау аясында келесі жобалар іске асырылды:

«Металл құрылымдарының өндірісі», бастамашы - «Жедел тұрғызылатын ғимараттар мен үймереттер зауыты» ЖШС. пісірілген қос тавр, сэндвич-панель, кәсіби төсем және С-тәрізді пішіндер өндірісі игерілді;

асфальтбетон қоспасын өндіруді ұйымдастыру жөніндегі ("Су-808" ЖШС); ПВХ-дан жасалған бұйымдар және ағаш өңдейтін бұйымдардың өндірісіне арналған жабдықтарды сатып алу (ЖК Рязанцев).

«Единство» ЖШС айналым қаражатын толықтыруға қаржыландырылды, «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС мен «Лесокомплекс 2030» ЖШС-лары берілген кредиттер бойынша ставкалары қайта қаржыландырылды



11.

Құрылыс мақсаттары үшін металл құрастырмалары өндірісін ұйымдастыру, Петропавл қ.

Петропавл қаласы әкімі, бастамашы - «Жедел тұрғызылатын ғимараттар және имараттар зауыты» ЖШС

2009-2010

жылдары


2009 жылғы екінші жартыжылдықта төмендегіні шығару жөніндегі жылдық өндірістік қуатпен желілер пайдалануға берілді:

ірі панельдік құрылысқа арналған пісірілген қос тавр (4,2 мың тн); сэндвич-панель – (63 мың ш.м); кәсіби төсем – (321 мың ш.м.); пішін – (25,2 мың тн).



12.

«Айсары» кен орнында байыту фабрикасының құрылысын аяқтау және пайдалануға беру, Ақжар ауданы


Аудан әкімі,

бастамашы - «Ақтөбе-GLASS» ЖШС




2009-2010

жылдары


Жоба мақсаты: шыны өнеркәсібіне арналған бастапқы шикізатты алу үшін кварц құмын байыту технологиясын игеру.

Жоба 2006 жылғы мамырдан іске асырылуда.

Шикізатты үю үшін алаңдар салынды, жарық тартылды, фабрикадан Ленинградское селосына дейінгі теміржол қалпына келтірілді, аумақ қоршалды. Карьер игерілді.

Жуық маңдағы перспективада жылыту және желдету жүйесін жинақтау, жүйені дизель отынынан мазутқа көшіру жоспарланған.



13.

Құм блоктары, қож блоктары, тротуар тақтайшасы өндірісін ұйымдастыру, Айыртау ауданы

Аудан әкімі,

бастамашы - «Вектор НС» ЖШС



2009-2010

жылдары


3 600 дана жылдық қуатпен жабдық алынды.

14.

Полистиролбетон өндірісін ұйымдастыру, Аққайың ауданы

Аудан әкімі, бастамашы –

«Мельничный-Киял» ЖШС



2009 жыл

Жабдық және шикізат алынды. Ұйымдастырушылық мезеттер пысықталуда.

15.

Новоишимское селосында цемент және құрғақ қоспалар өндірісін ұйымдастыру, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

Аудан әкімі, «Тобыл» ҰК» ӘКК» АҚ

(келісім бойынша), бастамашы – «ЗАТ-2004» ЖШС



2009-2011 жылдары

Жоба инвестициялық сатыда жатыр. Оны іске асыру үшін үстіміздегі жылдың маусымында «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ-мен бірлескен «Новоишим цемент зауыты» ЖШС тіркелді.


16.


Жеңіл бетон өндірісін ұйымдастыру, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

Аудан әкімі,

бастамашы –

жеке кәсіпкер Б.Е.Жахин


2009

жыл


Жабдық орнатылды. Кепілі бар тапсырыстар бар болғанда өндіріс жүреді.

17.

Силикат кірпіші өндірісін қалпына келтіру, Уәлиханов ауданы

Аудан әкімі,

бастамашы – «Силикат-К» ЖШС



2009-2014

жылдары


Жоба бастамашысы айналым қаражатын толықтыруға арналған қаражат іздестіруде.

18.

Құм блоктары, саман кірпіші өндірісін ұйымдастыру, Уәлиханов ауданы

Аудан әкімі,

бастамашы – «Мөлдір су» МКҚК



2009-2011

жылдары


Жоба бастамашысы айналым қаражатын толықтыруға арналған қаражат іздестіруде.

19.

Жаңа цех, өндірістерді техникалық қайта қаруландыру, пайдалануға енгізуді жүргізу есебінен ағаштан жасалған құрылыстық құрастырмалар және бұйымдар өндірісін кеңейту үшін жағдай жасау

Аудан, Петропавл қаласы әкімдіктері


2009-2014

жылдары


Үстіміздегі жылы Қызылжар ауданында жаңа өндірістік қуаттар енгізілді (ЖКСорокин, с.Прибрежное, «Лесная компания» ЖШС, Большая Малышка с., ЖК Долгирдас, ЖК Ковалев, Знаменское с.).

20.

Құрылыс мақсаттары үшін жергілікті шикізаттан қабырғалық материалдар, пластмассадан жасалған бұйымдар шығару жөніндегі жаңа өндіріс, цехтарды ұйымдастыру үшін жағдай жасау

Аудан, Петропавл қаласы әкімдіктері

2009-2014

жылдары



Есептік мерзімде Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда асфальтбетон қоспасы («Транс Агро Групп» ЖШС), пластмассадан жасалған терезе және есік блоктарының (ЖК Рязанцев) өндірісі жөніндегі қуаттар енгізілді, облыс орталығында «Петропавл құрылыс материалдары» ЖШС құрылымдық-оқшаулама панельдері өндірісін ұйымдастырды, 110-225 мм мен 315-630 мм диаметрімен полиэтиленнен жасалған құбыр өндірісі жөніндегі желілер енгізілді, «Жедел тұрғызылатын ғимараттар мен үймереттер зауыты» ЖШС металдан жасалған құрылымдар өндірісін игерді.



Каталог: uploaded -> dpp.sko.kz -> docs
uploaded -> Заградовка селолық округі әкімі Б. Төлегеновтың «2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары» атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасынан
uploaded -> Аудан әкімдігінің жылғы № қаулысымен бекітілді
uploaded -> Қарағанды селолық округі
docs -> Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау барысы туралы 2006-2008 жылдар бойынша ақпарат
docs -> Отандыќ машина жасауды дамыту жґніндегі шаралар кешенін бекіту туралы
docs -> Информация об исполнении плана мероприятий по реализации Программы индустриально-инновационного развития
docs -> Информация об исполнении Плана мероприятий по реализации
docs -> 2008 жыл үшін 2007-2010 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының Индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру барысы туралы аналитикалық жазбахат


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет