Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәрібаева саягүл елтайқызы



бет39/68
Дата28.01.2024
өлшемі2.36 Mb.
#490074
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68
DOC-20231215-WA0054.

5-тапсырма. Есіңізде болсын!
Ашық рай іс-қимылдың қай шақта орындалғанын білдіріп, үш жақта жасалады: Мен келдім. Мен келемін. Ол жейтін.

Мына құрылымға назар аударыңыз, оқыңыз, жаттығыңыз.





Ашық рай

+дейсің

Мысал

Мен барамын/бардым/

+деймін

Мен барамын/ бардым деймін.

Сен барасың/бардың

+дейсің

Сен барасың/бардың дейсің.

Сіз барасыз/бардыңыз

+дейсіз

Сіз барасыз/бардыңыз
дейсіз.

Ол барады/барды

+дейді

Ол барады/барды
дейді.



6-тапсырма. Оқыңыз, жаттығыңыз.



?

+

-

Етістіктің шақтары

Шетелде білім алу мақсатында елімізде арнайы бағдарламалар ұйымдастырылып жатыр ма?


Сіздің мысалыңыз:

Шетелде білім алу мақсатында елімізде арнайы бағдарламалар ұйымдастырылып жатыр.


Сіздің мысалыңыз:

Шетелде білім алу мақсатында елімізде арнайы бағдарламалар ұйымдастырылып жатқан жоқ


Сіздің мысалыңыз:

Осы шақ

Шетелге білім қуалап кеткен жастарымыз елімізге қайта оралып келмек пе?


Сіздің мысалыңыз:

Шетелге білім қуалап кеткен жастарымыз елімізге қайта оралып келмек.


Сіздің мысалыңыз:

Шетелге білім қуалап кеткен жастарымыз елімізге қайта оралып келмейді.


Сіздің мысалыңыз:

Келер шақ

Елдегі білімді, ой-өрісі кең, әлем жайлы ақпараттардан хабардан азаматтардың санын көбейді ме?


Сіздің мысалыңыз:

Елдегі білімді, ой-өрісі кең, әлем жайлы ақпараттардан хабардан азаматтардың санын көбейді.


Сіздің мысалыңыз:

Елдегі білімді, ой-өрісі кең, әлем жайлы ақпараттардан хабардан азаматтардың санын көбеймеді.
Сіздің мысалыңыз:

Өткен шақ

ЖАЗЫЛЫМ


7-тапсырма. Ашық рай + дейсің құрылымын пайдаланып, тақырыпқа қатысты сөйлем құрастырыңыздар.


ОҚЫЛЫМ-ЖАЗЫЛЫМ


8-тапсырма. Түсініп оқыңыз.
Сіздің әрекетіңіз:

  • Сұхбаттың мазмұнын  түсініп оқыңыз.

  • Сұхбатта айтылған ойға өз пікіріңізді қосыңыз, ойыңызды жүйелі жеткізіңіз. 

  • Достым, қазіргі таңда жақсы білім — бұл әрқайсымызға жақсы жұмыс тауып, жоғары табыс табу үшін қажет негіз екенін жақсы түсінеміз. Сол себепті замандастарымыздың көбісі шетелде білім алғанды жөн көреді. Өзіңнің шетелде білім алуға деген көзқарасың қандай?

  • Иә, әрине, шетелде білім алу біздің өмірімізді жақсы жаққа өзгертуге және бәсекелестік өте жоғары болып бүгінде артықшылыққа ие болуға көмектеседі. Оқуды аяқтаған соң да сол жақта қалып, жұмыс жасауға мүмкіндіктер жасалған. Бізге шетелде оқу керемет, қызықты болып көрініп жатады. Бірақ шетелде білім алудың артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар екенін ұмытпау керек....

  • Ол қандай кемшіліктер, анықтап айтсаң жақсы болар еді?

  • Біріншіден, сол білім алуға барған елде немесе оқу ордасында жат діннің ықпалына түсу қаупі. Әдетте, адам мұндай келеңсіздіктерге аты беймәлім ұйымдар, бауырластық, достық атын жамылған түрлі діни қауымдастықтар мен хұжыралардың тарапынан қаржылай көмек алатын түрлі шет тілдерін үйрету орталықтарына қатысу, мемлекет бақылауынан тыс ғибадат ету орындарын аралау, сенімсіз дін лидерлерінің жеке сабақтары мен дәрістерін тыңдау кезінде тап болуы мүмкін.

  • Иә, достым, қазіргі уақытта осылай «адасып» жүрген бауырларымызды естіп те, біліп те жүрміз.

  • Екінші кемшілігі, азаматтық тұлғасы жаңа қалыптасып келе жатқан жасөспірім шетелге бару арқылы еліне, жеріне, ұлтына жаны ашымайтын, өз халқының тілі мен ділін сыйламайтын адамзат болып қалыптасуы әбден мүмкін. Өйткені, өз пікірі мен азаматтық санасы қалыптасатын шақ 14 пен 23 жас аралығындағы бозбала мен бойжеткенді шетелге оқуға жіберу дұрыс па? Психолог мамандардың айтуларынша, ең қымбат жастық шағын, махаббат пен қызыққа толы жарқын сәттерін өткізген жерін адам баласы аңсамай тұрмайды екен.

  • Дұрыс айтасың, достым, «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне» дегендей, замандастарымыз туған еліне, жеріне жаны ашитын патриот болса екен деймін, әр қазақ баласы өзің айтқандай, өз қара басының қамы үшін шетелде қалып қоймай, жинаған тәжірибесі мен білімін еліміз үшін пайдаға жаратса, болашағымыз жарқын болары сөзсіз...

  • Теледидардан, БАҚ ақпараттарынан, әлеуметтік желілерден шетелде адам жоғалу фактілерін де көріп жүрміз, сондай-ақ, жақсы жалақы, мол табыс іздеп шетел асқан азаматтарымыз түрлі қиындықтарға тап болып, елге оралуға зар болып отыр. Сондықтан менің ойымша, буыны қатпаған жастарды шетелге танымайтын бөгде ортаға жіберудің қаупі зор. Бұл - менің жеке пікірім!

  • Уақыт бөліп, менімен әңгімелескеніңе үлкен алғыс білдіремін! Саған сәттілік тілеймін! Сау бол!

  • Оқасы жоқ, достым! Сау бол!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет