Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәрібаева саягүл елтайқызы



бет50/68
Дата28.01.2024
өлшемі2.36 Mb.
#490074
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68
DOC-20231215-WA0054.

Мағыналық бөліктері

Тілдік құрылымдар

Мәтіннің тақырыбы (мәтін деп аталады, ... тақырыбына арналады..)




Мәтінде айтылған ақпараттар (талданады, қарастырылады...)




Отандық кино саласының бүгінгі күнде қол жеткізген жетістіктері?




Болашақтағы қазақ кино индустриясын қалай елестетесіз?






ОҚЫЛЫМ


10-тапсырма. Есіңізде болсын!

Шылаулар – лексикалық мағынасынан айырылу натижесінде туындаған көмекші сөздер. Ба, бе, ма, ме, па, пе жұрнақтары сөйлемге сұрау мәнін үстеп тұрады және бөлек жазылады. Мысалы, Сен бүгін киноға бардың ба? «Қаш» киносын көрдің бе?




ЖАЗЫЛЫМ


11-тапсырма. Оқыңыз. Бос ұяшықтарды толтырыңыз.

?

+

-




Қазақ киносының аяқ алысы мен деңгейі – ұлттық рух пен жалпы қазақы бет-бейнеміздің басты көрсеткіші болып отыр ма?







Осы шақ





Ұлттың ұстанымы мен ұлылығын кезінде әдебиет арқылы танып, таразыласақ, бүгінде ол қызмет ұлттық кинематография тіліне көшіп үлгеруі мүмкін.




Келер шақ







Қазақ киносы – қазақтың өткен ғасырдан бергі сан тарау тарихын алтын қорымызға түгел таспалап, жас ұрпақты жасампаз рухта тәрбиелеген ел руханиятының ең үлкен тірегі.

Өткен шақ


АЙТЫЛЫМ
12-тапсырма. Мына сұхбатты жалғастырыңыз. Сұраулық шылауларды айқындап, сөйлемдегі қызметін көрсетіңіз.



  • Достым, бүгінде қазақ киносы жандана бастағандай. Қазіргі шығып жатқан отандық туындылар туралы не айтасың?

  • Иә, дұрыс айтасың, достым, қазақ киносының қоржыны жыл сайын жаңа туындылармен толығып келеді. Түрік сериалдарына, үнді, өзбек киноларына қызығушылық танытқан уақыттар да болды ғой. Бүгінде отандық туындыларға сұраныс артып келеді.

  • Мен сенімен келісемін, алайда бұл салаға бағыт сілтеп, ой қосар кәсіби кинотанушылардың пікірі қашан да қажет. Сен кинотанушылар туралы ақпарат білесің бе?

  • ....................................................

  • Отандық киноны дамытуға жан-жақты атсалысуымыз керек. Көз қуантатын, көңіл сүйсінтетін, елдің ықыласына бөленетін фильмдер өмірге келіп жатса, еліміз үшін, ұрпақ үшін нұр үстіне нұр болар еді.

  • ....................................................

  • Жарайсың, достым! Алдағы уақытта қазақ киносы бұдан да жоғары дәрежеге жетеді деген үміт бар. Ауқымды дүниелерді шығаруға барлық мүмкіндігіміз бар. Сол себепті де, қазақ киносының жарқын келешегі әлі алда деп ойлаймын.

  • ....................................................

  • Сондықтан қазақ киносының беталысы оң, бағыты дұрыс деп айтуға әбден болады! Менімен ой бөліскеніңе алғыс білдіргім келеді! Күнің сәтті өтсін, сау бол!

  • ....................................................

ЖАЗЫЛЫМ


13-тапсырма. Берілген сөйлемдерге сұраулық шылауды қосу арқылы сұраулы сөйлем жасаңыздар.

1. Кино – сан алуан тағдыр мен өмірдің аумалы-төкпелі келбетін, кешегі бабалар жүріп өткен күннің тарихын, әртүрлі рең мен көңіл-күйді бір жерде тоғыстырып, тұтас бір картина келбетіне келтіретін өнер.


2. Кино – қоғам өмірінің айнасы.
3. Ондағы кейіпкер – күнделікті өмірдегі қарапайым адам.
4. Ондағы сюжет – айналадағы тіршілік.
5. Кино саласы, оның түрлі тармақтары кез келген мемлекеттің идеологиялық басты құралы екені шындық.
6. Ертеңгі ұрпақ тәрбиесі экранға тікелей байланысты, экран арқылы ел мәдениеті қалып­та­сады.
7. Қазақ киносы Алаш баласы жүріп өткен өнегелі жолды келешек жас буынға түрлі жанрда оң насихаттап келеді.
8. Қазақ киносы – ұлт шежіресі.
9. Кино ұлт талғамайтын, ауқымы әлдеқайда кең өнер саласы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет