Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәрібаева саягүл елтайқызы



бет48/68
Дата28.01.2024
өлшемі2.36 Mb.
#490074
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68
DOC-20231215-WA0054.

4-тапсырма. Есіңізге сақтаңыз!
Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Сондықтан да оны ауыспалы өткен шақ деп атайды. Мысалы: Мақпал театрға жиі баратын. Сен театрға қашан баратын едің?
Ауыспалы өткен шақ жіктеліп те, еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те (онда еді етістігі жіктеледі) жұмсалады. Ал ауыспалы келер шақ тікелей жіктелмейді, тек еді көмекші етістігімен тіркесіп қолданылады.


ЖАЗЫЛЫМ


5-тапсырма. Оқыңыз. Бос ұяшықтарды толтырыңыз.

?

+

-




«Қазақ театры қандай болуы керек? Оның репертуарлық саясаты қандай тұжырымдамаға бағынуы керек?» деген мәселелер төңірегінде қоғам қайраткерлері өз пікірлерін білдірді ме?







Осы шақ





«Қазақ театры қандай болуы керек? Оның репертуарлық саясаты қандай тұжырымдамаға бағынуы керек?» деген мәселелер төңірегінде қоғам қайраткерлері ертең өз пікірлерін білдіретін болды.




Ауыс
палы келер шақ







«Қазақ театры қандай болуы керек? Оның репертуарлық саясаты қандай тұжырымдамаға бағынуы керек?» деген мәселелер төңірегінде қоғам қайраткерлері өз пікірлерін білдірмейтін.

Ауыс
палы өткен шақ

АЙТЫЛЫМ


6-тапсырма. Оқыңыз, сөйлемдер мағынасын салыстырыңыз.



Дәстүр бойынша театрда ең танымал екі жанр – комедия және трагедия ойналады.

Дәстүр бойынша театрда ең танымал екі жанр – комедия және трагедия ойналатын еді.

Ағаштан сахналар салынып, онда ақындар, күйшілер мен әншілер көрермендер алдында өнер көрсетеді.

Ағаштан сахналар салынып, онда ақындар, күйшілер мен әншілер көрермендер алдында өнер көрсететін еді.

Жүз жылдан астам уақыт бұрын жазылған пьеса бүгінде сахнадан кетпей, көптеген танымал театр ұжымдарының репертуарына енді.

Жүз жылдан астам уақыт бұрын жазылған пьеса бүгінде сахнадан кетпей, көптеген танымал театр ұжымдарының репертуарына енген еді.

Қызылордада ашылған алғашқы кәсіби театр бұрынғы Ленин мен Мальков көшелерінің қиылысындағы Кино үйінде орналасты.

Қызылордада ашылған алғашқы кәсіби театр бұрынғы Ленин мен Мальков көшелерінің қиылысындағы Кино үйінде орналасқан еді.

ЖАЗЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет