Қазақстан Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелері). Астана: ЕҰу рбб, 2010. 300 б


Қалыптасқан жаңару: «күшті» және құқықтық мемлекеттің үйлесімі



бет16/17
Дата25.02.2016
өлшемі1.51 Mb.
#21953
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

5.2 Қалыптасқан жаңару: «күшті» және құқықтық мемлекеттің үйлесімі

Бұрынғы Кеңес Одағының барлық республикалары қазіргі кездегі өтпелі қалпы әлеуметтік және мемлекеттік құқықтың, материяның, кейінгі эволюцияның бірнеше мүмкін нұсқасын, мемлекеттің, құқықтың және қоғамның әлеуетті даму жолдарын өзіне қамтиды. Адами өркениеттің ұзақ жолы осындай дағдарыстардың, қайта құрулардың, өтпелі кезеңдердің сансыз орын алуымен бірге жүрді. Бұндай оқиғалардың нәтижесінде бірқатар мемлекеттер және бүтіндей халықтар өздерінің өмір сүруін тоқтатты, басқалары болса керісінше, сақталып қалған және табыстарға қол жеткізген. Керемет мемлекеттің үздіксіз өмір сүруінің бесмың жылдық тәжірибесін көрсететін көне қытай тілінде «дағдарыс» сөзі екі иероглифтен тұрады: біреуі, «қауіп», ал екіншісі, «мүмкіндік» деген мағынаны білдіреді /25, 126 б./.

Қазақстандық мемлекеттіліктің нақ осы екі даму нұсқалары туралы «Қазақстан – 2030» бағдарламасында сөз қозғалған, бұл бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Ә.Н. Назарбаев біздің еліміздің күшті жақтары мен мүмкіндіктері, оған қоса әлсіз жақтары және қауіп-қатерлеріерекшеленген, Н.Ә. Назарбаев олар уақытқа қатысты қарқынды және диалектикалық тұрғыдан өзара байланысты екендігін есепке алу қажеттілігін атап көрсетті. Мүмкіндік қауіп-қатерге немесе, керісінше, қауіп-қатер мүмкіндікке өтуі ықтимал. Бүгінгі күшті жақтар әлсіз немесе, керісінше әлсіз жақтар күшті жақтарға ауысуы мүмкін. Сол себепті, ғылымының немесе қоғамдық өмірдің кез-келген басқа аясында сияқты, құқықтануда болжамдық, яғни жетілдіруді – дамуды, белгілі бір қоғамдық қатынастардың, жалпы мемлекет және құқықтың, құқықтық ғылымның т.б. ғылыми алдын-ала көре білуі өзінің мағынасын жоғалтпайды.

Ұлттық және халықаралық құқық арасындағы өзара дамуды зерттеу белгілі бір кездерде құқықтық болжауға қатысты болып келеді. Заңды болжау кешенді, экономикалық перспективалық дамуының негізінде және қоғамның саяси дамуы құқықтың дамуының жүйелендірген болашақтарын қарауына мүмкіндік береді. Біз екі аспектінің ұлттық және халықаралық өзара дамуының қарым қатынасының байланысын, субъективті және объективті жағынан белгілейміз.

Құқық дамуының объективті аспектісіне тенденциларды құқық дамуының ақиқатты перспективалары бұларға байланысты құбылыстардың бір немесе көпшілік мемлекеттің шешіміне байланысты емес. Бұл объективті құбылыстардың бар болуына байланысты, бұл адамзаттың тарихи дамуының көрінісі. Бұл құбылыстар экономикалық, экологиялық, рухани немесе басқа да сипатқа, яғни ірі державалардың бақылауында немесе қамтамасыз ете алмауы көрініс алады. Бұған мысал ретінде, ірі құбылыстар, жаһандану, экологиялық апаттар, терроризмнің өсуі және де өзге де мәселелер (үндеулер) жатады. (Үндеу ұғымы гуманитарлық ғылымға А.Дж. Тойнби арқасында енгізілген болатын. Тойнби бұл үндеулерді табиғи және адами ортамен байланыстырады ).

Бұдан басқа халықаралық саясатта, экономикада және құқық салаларында үлкен ролді онға жуық алып мемлекеттер атқаратыны белгілі, сонымен қатар бірнеше мемлекеттер аса үлкен қарқынмен экономика және саясат саласында даму үстінде, ал қалған екі жүзге мемлекеттер ерте ме, кеш пе «үлкен саясат» атты оның ережелеріне өз еріктерімен немесе басқаның белгілеуімен ілеседі. Көптеген мемлекеттер үшін және Қазақстан үшін де, жетекші мемлекеттердің құрастыруымен көрінетін әлем бейнесі объективті шынай болып табылады. Біздің мемлекетеміздің стратегиялық даму жоспарында қазақстанның әлемдік аренадағы қазіргі таңдағы орны айшықталып көрсетілген: Енді «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз әлемдік оқиғалардан тыс қалатын мемлекетте өмір сүрмейтін болады. Еуразияның орталығы болып табылатын Қазақстан, жылдам қарқынмен дамып келе жатқан үш алып аймақ – Қытай, Ресей, және мұсылман әлемінің өзара біріктіруші буыны ретінде өте маңызды рол атқаратын болады». Ал әзірше біз толықтай егемен мемлекетте, сонымен қатар «Еуразия орталығы» да болмай тұрып объективті түрде біз әлем оқиғаларының артқы қатарында жүрміз. Бұл мақсатқа жетуге деген саяси талпыныс және біздің мемлекетіміздің экономикалық әлеуеті және де экономикалық, саяси және Қазақстан Республикасының құқықтық реформаларында айқын көрініс табады. Халықаралық және ұлтішілік құқықтың дамуының субъектіивті аспектісіне мемлекеттің өзімен құрастырылатын мақсаттар мен міндеттерді, халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті, ұлттық тәуелсіздікті жатқызу қажет. Бұл дамудың мемлекеттік бағдарламаларында көрініс табады.

Жоғарыда көрсетілген объектіивті сипаттық құбылыстарға қолданады, мысалыи қазақстан үшін жаһанданудың басымдылығын қолданып, мемлекеттің саяси және экономикалық қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік саудаға шығу, Ресеймен, Орта Азия мемлекеттерімен, АҚШ, Еуропалық Одақпен және басқа да аймақтық одақтармен өзара тиімді байланыстарды нығайту - басқаша айтқанда, өзін де-юре және максималды, яғни ықтималды түрде де-факто белсенді субъекті ретінде, халықаралық қатынастар мен халықаралық құқықта әлемдік экономиканың бәсең объектісі болмау.

Субъективті факторларға мемлекеттегіөзара күресуші күштердің қатынастарының, саяси көшбасшылардың жәнежаңадан келген көсемдердің интелектуалдық, яғни санаткерлік мүмкіндіктерін, оппозиция мен биліктің идеологиясын орнықтару сипаты олардың келісімге келісу қабілеті, сонымен қатар өтпелі мемлекет пен құқықтың дамуының концепциясын бірігіп құрастыру, өмірді қалыпты іске асыру, олардың саяси икемділігінің дәрежесі және т.б. қасиеттерді жатқызуға болады. Осы және осыған ұқсас факторлар көбінесе күнделікті саясатта әрекет етеді, ал нақты саяси-прагматикалық дәрежеде даму үшін бағыт-бағдардың бір түрі ұлттық мемлекет пен құқық, аймақтық одақтың экономикасы мен құқығы, халықаралық өмірде ұлттық ерекшелік пен белсенді қатысуды сақтайды және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бірқатар мемлекеттері үшін, жоғары да айтылғандай Еуропалық Одақ болып саналады /26/.

Қытай Халық Республикасының тәжірибесі дамыған қоғам құру, социолизм мен капитализмнің жетістіктерін үйлестіру қызықты және жемісті болып табылды.

Экономикалық модернизациялауға кейбір араб мемлекеттері мысал бола алады. Қысқа тарихи уақыт ішінде Сауд Арабиясы, Кувейт, БАЭ, Оман, Катар және Бахрейн секілді мемлекеттер Парсы шығанағындағы Араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі аясында бірігіп халықаралық қатынастардың беделді субъектісіне айналды. Басқа мемлекеттердің өнеркәсіптік даму жолын мемлекеттік қызметтің барлық аспектілерін модернизациялау ретінде белгілеуге болады. И.А. Мелихов араб мемлекеттерінің қарқынды даму феноменін, яғни құбылысын зерттей келе ауқымды, жалпы қамтитын құбылыстың негізі ретінде «араб алтылығы» индустриализациясының жатқандығын атап өткен болатын. Модернизациялық үрдіс өркениеттік негізде дамуды қалыптастырып, өте қысқа тариха мерзім ішінде ескірген кластық, яғни таптық және әлеуметтік құрылымдарды біріктіріп жібереді /27.41 б/.

Жаңадан пайда болған тәуелсіз мемлекеттер (соның ішінде, Қазақстан Республикасы да бар) қазіргі кезде өмір сүруін тоқтатқан кеңес құрамынан шыққанына көп уақыт болмаса да, ұлттық құқықтық жүйесін қалыптастырып және дербес саяси, сыртқы экономикалық, яғни басқа мемлекеттермен екі жақты және көп жақты шарттар жасасып, халықаралық құқық және халықаралық әдет-ғұрыптық нормалардан бастау алған болатын.

Қазақстан Республикасы ТМД мемлекеттері арасындғы алдағы 33 жылдық мерзімге есептелген мемлекеттік–құқықтық даму бағдарламасын қабылдаған алғашқы және бір ғана мемлекет болып және бұл құжат ел Президенті Н.Ә. Назарбаевпен «Казахстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайының жақсаруы, гүлденуі және қауіпсіздігі деп аталғаны да белгілі.

«Қазақстан 2030» бағдарламасында бекітілген бірінші деңгейлі ұзақмерзімді басымдық ретінде ұлттың қауіпсіздігі мен мемлекеттілікті сақтауы айтылады. Өз еліміздің тәуелсіздігін сақтап, территориялық тұтастығын қамтамасыз ету үшін біз мықты мемлекет болуымыз қажет, сонымен қатар көршілес мемлекеттермен тұрақты әрі достық қатынастарын ұстану маңыздылық танытады. Қазақстанның болашағына қатысты анықталған «мықты мемлекет» термині «Қазақстан 2030» бағдарламасында бірнеше рет аталып өтеді. Осыдан Қазақстан Республикасының ұлттық және халықаралық құқықты ара-салмағын зерттеу саласына қатысты бірнеше мәселенің шегі тарқалады, оның ішінде: мықты мемлекетті құру кезіндегі үрдіістер мен құқықтық мемлекеттің құндылықтарын бекіту арасындағы ара-салмақ және мықты мемлекеттік билік пен елдің ішінде азаматтық қоғамды дамыту арасалмағы.

Аталған ұғым Мәскеуде 2000 жылдың 2-4 ақпанында өткен «Ресей мемлекеттілігі және құқықтың мыңжылдықтар тоғысында» атты бүкілресейлік конференцияның негізгі мәселесі болды /8, 5-14 б./. Конференцияда академик Б.Н.Топорнин қазіргі заманғы мемлекет пен құқықтық теорияның ұстанымы ретінде «мықты мемлекет» ұғымын қолдануды ұсынды. Әртүрлі себептерге байланысты, оның ішінде мемлекеттің өзін басқаратын нарық заманында рөлін төмендетуге қатысты қарастырылатын концепциялардың кең насихатталуына қарамастан, бірақ кез келген реформалардың тек мықты, нәтижелі мемлекеттің ғана болуымен орын алатын атап өтеді. Бұл ойды Ресей Федерациясының Конституциялық Сотының төрағасы М.В.Баглай қолдап, «мықты мемлекет» ұғымының заң ғылымдарында қатты зерттелмегендігін атап кете отырып, аталған ұғымның теориядан гөрі практикалық тұсының маңыздылығын қарастырды. В.С.Нерсесянц өзінің сөзінде бүгінгі күні Конституция елдің бүкіл посткеңестік геосаяси кеңістіктегі жалғыз интеграциялық факторы, алдағы орын алатын реформалардың жалпыға ортақ критерийі екендігін атап өтті. Осы ойдың шеңберінде мықты мемлекет жөніндегі жағдай конституция бекіткен нормалардың шеңберінен асып кетсе мемлекеттің күші сынды жағдайдың бекітілетіндігін айту ерте екендігін байқауға болады. Ғалым өзінің сөзінде мемлекеттің ішінде егеменді мемлекеттіліктің тұрғызылуы, мемлекеттің биліктің жоғарыда тұруы, конституциялық-құқықтық заңдық жөнінде төмендегідей мәлім етеді: «Мемлекеттің күші мемлекеттік құқықтық егемендікті бекітуі мен өзінің егемендік кеңістігіндегі және әр деңгейдегі функцияларын орындауында жатыр. Сол себепті біз құқықтық, әлеуметтік және республикалық құрылысындағы зайырлы мемлекетті бекітуге тырысуымыз керек. Осындай мемлекет мықты болмақ».

Ойлап қарасақ, құқықтық болуға талпынған мықты, кәсіби мемлекет әуелі және бірінші кезекте елдің азаматтарын кәсіби қорғауы керек, сол арқылы азаматтық қоғамның негізі болып табылатын халықтың патриоттық және ұсыныс беру қасиетін күшейтуді дамыту көзделмек. Дегенмен кей кездері атқарушы биліктің кейбір өкілдері халықтың дамыған демократиялық қоғамға сай азаматтарына берілетін кең құқықтарын қолдану мүмкіндіктерін толығымен бағаламайтындығы орын алады. Бұл ой үлкен қателік болып табылады. Себебі, қоғамның тұрақтылығы кең түрде халықтың белсенді қоғамдық өмірге тартылуымен қамтамасыз етілетіндігі, азаматтық қоғамды білдіретін көптеген қоғамдық ұйымдардың кез келген дамыған, құқықтық мемлекеттің негізі болатындығы белгілі.

Осы тұста, отандық саяси-құқықтық ойдың бір уақытта мықты мемлекеттің және құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды құру үлгі ретінде табылды. Бұл үлгі 1996 жылғы Н.Назарбаевтың «ХХІ ғасыр тоғысында» атты еңбегінде берілген «бейімделген модернизация» анықтамасымен үйлесіп жатыр.

Аталған анықтаманы дамыта отырып, біз шартты түрде Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуіндегі сыртқы бейімделген модернизацияны (сыртқы бейімділік) және мемлекетішілік бейімделуді (ішкі бейімділік) атап кетеміз. Көбінде аталған бейімділушіліктің екі түрі бір бірімен тығыз байланысты, оларды тек ғылыми зерттеуде ғана бөліп қарамаса, өмірде бөліп қарастыру мүмкін емес. Оның ішінде, «ішкі бейімделген модернизация» ұғымына мемлекет қызметінің бүкіл аспектілерінің кезеңдік дамуын, оның ішінде ұлттық заңнаманың дамытуын атап өту керек, даму арқылы мемлекеттің әлемдік қауымдастыққа енуіне негіз болатындай мемлекеттің егемендігін нығайта отырып, халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларына толығымен енуін атап өткен жөн.

Сыртқы бейімделудің негізгі аспектілері, яғни Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуіне қажет негізгі қадамдары стратегиялық маңызы бар міндеттермен тығыз байланысты. Алдыңғы кездері айтылып өткендей, олар төмендегі негіздерден тұрады:



  • ұлттық егемендікті нығайту;

  • аймақтағы бейімділік (аймақтық экономикалық қауымдастықтардың құрылуы, әскери одақтар, қалыптасқан аймақтық ұйымдарға кіру және т.б.)

  • көпвекторлылық саясатын дамыту, оның ішінде басымдық бағыттары ретінде Ресейдің, Орталық Азия елдерінің және Еуропалық Одақтың қалуы;

  • өзектілігі жоғары жаһандық мәселелерге қатысты жалпыәлемдік және аймақтық деңгейде шаралар қабылдау және т.б.

Ішкі бейімделген модернизация ұғымына мемлекеттің құқықтық демократиялық мемлекеттерінің қатарына қосылу жолында мемлекеттің кезең кезеңмен дамуы енеді. Аталған үдеріс Конституцияның бірінші бабында практикалық маңызын тапқан: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітеді. Жоғарғы құндылықтар адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады». Аталғандарды жүзеге асыру төмендегідей шараларды жүзеге асырған уақытта пайдасын бермек:

құқықтық мемлекетті дамыған азаматтық (буржуазиялық) қоғаммен үндестікте құру;

Қазақстанның бүкіл азаматтарымен қабылданған «ұлттық идеяның» болуы.

Ғылымда құқықтық мемлекет концепциясына байланысты ортақ түсінік жоқ. Құқықтық мемлекет түсінігі еуропалық өркениеттің нәтижесі болып табылады. «Құқық мемлекеті» - Rechtsstaat термині тұңғыш рет 1813 жылы неміс ғалымы К.Велькердің «Құқықтың, мемлекет пен жазаның түпкі негізі» атты еңбегінде пайдаланылады. Бірақ, бұл еңбек арқылы біз адамзаттың тек осы кезеңнен бастап құқықтық мемлекетті құру мүмкіндігі жөнінде айта бастады деп ой бекітуіміз қателік болар. Шығыс халықтарының саяси-құқықтық ілімінде аталған концепция тысқары қалдырылмаған. Оған үлгі боларлықтай төмендегі атап өтейік: түркілік ортағасырлық кезеңде Әл Фараби, Жүсіп Баласағұни және тағы басқа энциклопедистердің еңбектерінде кездеседі. Аталған ұғыммен ойшылдар көне заманнан бері келе жатқан мемлекеттік құрылымның адамға деген әділ талаптардың қойылуымен тығыз байланыстырады. Дегенмен құқықтық мемлекет жөніндегі теорияның белсенді дамыған кезеңі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр болып табылады.

Құқықтық мемлекет кең мағынада әділ мемлекеттік құрылымның талабы ретінде қарастырылады. Осы тұрғыдан құқықтық мемлекет теориясы келесі ережелерді өз бойына сіңірген: құқық үстемділігі, биліктің бөлінуі, биліктің сот тармағының тәуелсіз болуы және т.б. құқықтық мемлекет қалыптастыру бойынша нақты қадамдар құқықтық мемлекет қағидаларын бекітетін нормалар әрекет етуін қамтамасыз етеді: әлеуметтік өмірдің деэтатизациясы (мемлекетсіздендірілуі); құқық үстемділігін қамтамасыз ету; адам және азаматтың тиімді құқықтық қорғалуының қамтамасыз етілуі; билік тармақтарының құзырларының ажыратылуы, әсерлі тежемелік және тепе-теңдік механизмінің құрылуы; атқарушы және заң шығарушы билік тармақтарының бақталастығын шектейтін негізгі билік тармағы ретінде сот тәуелсіздігін қамтамасыз ету.

КСРО ыдырығаннан кейін жаңа мемлекеттердің құрылуындағы идеологияда құқықтық мемлекет теориясы басым көріне бастады. Әрбір мемлекеттің конституциясында «құқықтық мемлекет» терминін кездестіруге болады. РФ Конституциясында: «Ресей Федерациясы – Ресей демократиялық, федерациялық, құқықтық республикалық басқару нысанындағы мемлекет болып табылады». 1994 жылы Беларусь Республикасының Конституциясы: «Беларусь Республикасы – унитарлы, демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекет». 1993 жылы 28 қаңтарында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы «Конституциялық құрылым негіздері» тарауында: «Қазақстан Республикасы (Қазақстан) – демократиялық, зайырлы және унитарлы мемлекет». Мемлекетте, посткеңестік кеңістікте және бүкіл әлемде әрдайым болып жататын қарқынды саяси өмір өзінің түзетулерін енгізіп, жеке мемлекеттің қалыптасуына әсер ететін экономикалық, мәдени және құқықтық болмысқа жаңа талаптарын қояды. Сондықтан да, 1995 жылы «құқықтық мемлекет» термині бар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы пайда болды.

Құқықтық мемлекет құрудағы шешуші роль ... мемлекеттің өзінде болады. Ғалымдармен мемлекет пен құқық арасында органикалық байланыс бар екені баяғыдан дәлелденіп, оның ішінде ұлттық құқықтыың халықаралық құқыққа, аймақ мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларының үндестірілуі қарқынына, халықаралық құқық қызметінің күшейтілуіне қатысты ашықтық немесе оқшаулану тұрғысынан ашып көрсетілді. Өз кезегінде, құқық және Конституция ең алдымен, күшті мемлекетті қалыптастырады. Конституцияны, қолданыстағы заңды бұза отырып, күшті мемлекетті құруға деген ұмтылыс тоталитаризм немесе анархияға әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан да бейімделген модернизация үдерісі халықаралық құқықтың нормаларының алдында басымдылыққа ие нормалары бар қолданыстағы заңның негізінде немесе шеңберінде құрылғаны жөн деп есептеледі. Негізінен біздің Конституциямыздың өзі де халықаралық құқықтың жалпылай мойындалған бірқатар негізгі нормаларының сақталуымен және басты қағидалар негізінде құрылған. Бұл өз кезегінде күшті мемлекеттің, әйтпегенде құқықтық мемлекеттің құрылуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге Қазақстанда құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам жөніндегі ережелер белсенді түрде әзірленіп өмірге енгізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституциясының кіріспесінде былай делінген: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып ... осы Конституцияны қабылдаймыз».

Сөйтіп, еліміздің Ата Заңында азаматтық қоғам түсінігі бірінші орынға қойылған, сәйкесінше бұл осы ұғымның маңыздылығын айқындайды. Азаматтық қоғаммен әдетте мемлекеттің араласуына шек қоятын немесе жол бермейтін, өзін өзі реттеу негізінде дамып қалыптасатын, сол елдің табиғи түрде құрастырылып келе жатқан адамзат қоғамының жай күйі түсіндіріледі.

Дәл осыдан мемлекеттің «түнгі күзетші» ретіндегі тұжырымдамасы шығады. Қазіргі таңда азаматтық қоғам деп есептеледі: 1) бірнеше ерікті бірлестіктерден, ассоциациялардан тұратын мемлекеттен бөлінген құрылым; 2) мемлекеттің тікелей қызметінен тыс тұрған, қоғамдық мүдделерді іске асыратын сала; 3) таңдау еркі негізінде, мемлекеттің араласуынсыз белгілі бір қатынастарды орнататын адамдар тобы.Түсініктемесі бойынша бастапқы роль Гегельге жататын азаматтық қоғам ұғымы, ең алдымен осы екі мұқтаждықты негңзінен алып тастайтын, әлеуметтік байланыстардыңөзіндік бір жетілуі болып келеді /29/. Гегель өзінің азаматтық қоғам жөніндегі талдауларын екі басты қағидаға негіздейді: индивидтер тек өздерінің жеке мүдделерімен ғана басшылыққа алады және олардың арасында бір біріне тәуелді қылатын қоғамдық байланыс орнайды.

Гегель азаматтық қоғам негізінде буржуазиялық қатынастың экономикалық құрылымын қарастырған. Неміс тілінде «азаматтық қоғам» - «bürgerliche Gesellschaft» екі түрлі мағына береді. «Бюргер» - бұл азамат та, буржуа да. Жеке меншіктік әлеуметтік құрылым ретінде қарастырыла отырып, азаматтық қоғам өзіндік бір нарықтық қатынастар жүйесін құрайды. Оның ішінде қажеттілік өзіне бәсекелестік және басқа да әкімшілік билікпен басқарылмайтын үдерістер арасынан жол салады /30/.

Тек азаматтық қоғам бар болғанда ғана демократия мүмкін болса, ондай қоғамның белгілері: адамдардың мемлекеттен тәуелсіз болуы және өздерінің мүдделерін жүзеге асыру үшін ассоциацияларға ұйымдасуының еркіндігі. «Азаматтық қоғам» терминіне берілген түсініктеме, біріншіден, онша сәтті емес. «Азамат» ұғымы этимологиялық жағынан «адам» ұғымынан пайда болса, «азаматтық қоғам» өзінің негізінде «мемлекеттік» сипатта.

Заманауи құқықта бұл ұғымды мемлекеттен бөлу мүмкін емес. Екіншіден, азаматтық қоғам ұғымы, американ заңгері Г.Берман көрсеткендей, неміс, француз, американ дәстүрлерінде бірдей емес. Сондықтан да, оны қолданбас бұрын қандай мағынада екенін білген жөн. Үшіншіден, азаматтық қоғамның құрылуы дамудың белгілі сатысымен тығыз байланысты болып келеді: бұрында адамның табиғи (кейін басқа да) құқықтарының мойындалуымен, жеке адамды құрметтеумен, жеке меншік еркі және бәсекелестікпен, абсолютизмнің, демократияның құқықтық теңдік негізінде ликвидациясымен және т.б., ал қазіргі жағдайда – «орта таптың» құрылуымен.

Алайда, социологиялық әдебиетте азаматтық қоғам әрдайым өмір сүрген, қазір тек қана ұрпақ және құндылық бағдарының алмасуы орын алуда деген тұжырым бар /31/. Осыған байланысты, көне заманнан бастап қазіргіге дейінгі оның түрлі классификациясы ұсынылып отыр: идеологияланған, теократияланған, гуманнократия және т.б., сонымен қатар мынадай түрлері бар: конфессиялық, қауымдастықтық, корпоративті, таптық, азаматтардың еркін ассоциация типі. Ақырында, не өткен заманда болмасын не қазіргі жағдайларда болмасын мемлекеттің пайда болуынан бастап еш мемлекеттік реттеусіз өмір сүре алатын қоғамды елестету мүмкін емес. Мемлекеттің пайда болу себептерінің бірі адамзат ұжымында «ортақ» істі жасауға деген қажеттілік болды.

Мемлекет қоғамда әрдайым, әртүрлі болғанымен реттеуші рольді атқарады.

Ендеше араласудың деңгейлері мен түрлері, қоғамдағы өзін-өзі реттеу мен мемлекеттің араласуы сияқты әртүрлі элементтер талқылануы мүмкін.

Азаматтық қоғамды құраушы үш негіз бар: қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси және рухани салалары. Әртүрлі салалар әртүрлі кезеңдерде идеологиялық және іс жүзінде азаматтық қоғамның дамушы негізі мен негізгі буыны бола алады. Сондықтан, қоғамның дамуында марксистер экономика, гегельяндықтар саясаттың, ал теологиялық теорияны жақтаушылар рухани бастаулардың басымдылығын алға тартады. Қоғамдық өмір үшін маңызды үш саланың бөлшектенуі мен тіпті қарама-қарсы қойылуы тек теориялық деңгейде болуы мүмкін. Іс жүзінде бұл, тоталитарлық мемлекеттерде байқалып отырған, болжанбайтын зардаптарға алып келуі мүмкін. Азаматтық қоғамда азаматтардың әртүрлі бірлестіктері (партия, кәсіподақтар, діни бірлестіктер, қайырымыдылық қорлары жастар қозғалысы, шығармашылық топтар) адам мен мемлекеттің арасындағы байланысты жүзеге асырады. Дәлірек айтатын болсақ, азаматтардың бірлестіктері азамат пен мемлекеттік аппарат арасындағы байланысты қамтамасыз етеді және азаматтың өзінің құқықтарын қорғау мен тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Құқықтық мемлекет болып атану үшін мемлекет адам құқықтарын қорғап, сақтауы тиіс. Бұны плюрализм деп атаймыз. Саяси күштердің плюрализмі мемлекеттегі саяси күштің монополизациясы мен авторитаризмнің алдын алады.

Қазақстан Республикасының Президенті: «Азаматтық қоғам дегеніміз - посткеңестік кезеңдегі ағартушы авторитаризм элементтері байқалатын либералды - демократиялық саяси режим мен экономикалық еркіндік негізінде құрылған тұлғаның автономдығы мен қоғамның өзін-өзі реттеу мүмкіндігі» /32/. «Қазақстанның жедел түрде дамыған мемлекеттердегідей конституционализмге өтуге мәжбүрлеу әділ емес», - деп президент бөліп көрсетті. Негізгі мәселе бұл «өтпелі кезең» қаншаға созылады.

Конституционализм, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптасуының екі деңгейін бөліп көрсету қисынды. Біріншісі, қазіргі заманғы дамыған құқықтық мемлекеттерге тән идеалды және алшақ болса, екіншісі, «өтпелі кезеңге» негізделген отандық және шынайы.

Мемлекет қоғамдық өмірдің көп салаларына араласпай, адамдарды өз мәселелерімен бетпе-бет қалдырды, ал бүкіл посткеңестік кеңістікте қадағаланбайтын «жабайы нарықтың» дамуы жағдайды ушықтырды. Бұл Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның құрылуына әсер етті. Адамдардың кәсіби, психологиялық, шығармашылық және саяси мүдделеріне сай қоғамдық бірлестіктер құрыла бастады.

Қазіргі мемлекеттіліктің құрылуына белгілі бір деңгейде қатысы бар, мемлекеттің қамқорлығынан еркін азамат баяу болса да қалыптасуда. Біздің қоғам саяси тәжрибесіздігіне қарамастан, мемлекеттің қажет екенін түсінді. Біріншіден, бұл мемлекет демократиялық, екіншіден әлеуметтік(мемлекет және қоғамға қарама-қайшы келмейтін кезде жеке мүддеге мемлекеттік және қоғамдық араласуды болғызбау /33/.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған әрекет ету бағдарламасы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыру шаралары» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 17 ақпанның №344 Бұйрығына сәйкес бекітілді. Бұл бағдарлама бойынша: «Үкімет қоғамның әрі қарай демократизациялануына, заңдылық пен құқықтық тәртіптің нығаюына, азаматтардың конституциондық құқықтары мен бостандықтарының сақталуына баса назар аударады, саяси партиялар және әйелдер, жастар қозғалыстарымен, басқа да үкіметтік емес ұйымдармен конструктивті диалогты жалғастырады. Этникалық және басқа да қарама-қайшылықтың қауіпті қағидаларындағы бәсекелестікті болдырмайтындай етіп, елде демократиялық партиялық жүйенің қалыптасуына қолдау көрсету керек.

Біздің елімізде демократия мен азаматтық қоғамның қалыптасуында биліктің белсенді ұстаным ұстануы жарияланған мақсаттардың жүзеге асырылатынына және еуразиялық мемлекет болып құрылатынына күмән келтірмейді. Сондықтан, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет бөлінбейтін түсініктер.

Дамыған азаматтық қоғамда кез келген азамат тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндікке ие болады. Бұл қоғамда Гегель анықтаған бюргерлер, қазақтың данышпан ақыны Абай Құнанбаев анықтаған сабырлы байлар, яғни орташа тап құқықтық мемлекетте өмір сүрулері тиіс.

Құқықтық мемлекет- азаматтық қоғамның саяси кепілі. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет бөлінбейтін түсініктер және олар түрі мен мазмұнында ара қатынаста болады. Зерттеушілердің пікірі бойынша, азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің дамуымен бірге дамиды. Құқықтық мемлекеттің концепциясы мемлекет пен тұлғаның ара-қатынасын сараптауға негізделген. Құқықтық мемлекет дегеніміз- саяси жария биліктің қызметі мен ұйымдастырылуының құқықтық формасы және оның индивидтермен құқық субъектілері ретінде қарым-қатынасын білдіреді. Құқықтық мемлекеттің ерекше белгілері: азамат пен адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау және мойындау,заңды құрметтеу, билікті бөлу қағидасының негізінде егеменді мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі, мемлекет және тұлға ара-қатынасының құқықтық формасы /34/.

Біздің мемлекет өз таңдауын жасады. Біз құқықтық мемлекет құрудамыз.

2001 жылғы 6 шілдедегі қазақстандық соттардың үшінші съезінде Н.Ә.Назарбаев саяси төңіректегі реформа нық құқық пен адам бостандығын қамтамасыз ететін қайталанбас сипат бергендігін айтып өтті. /35/. Т. Баймаханов құқықтық мемлекет ережесі туралы былай жазады: тіпті Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген ережелер бағдарламалық санға жатқызылуы тиіс деп есептейді. Олардың жүзеге асырылуы бір реттік емес, кезеңдер мен сатыларды қайталамайтын, бірақ, өзара байланысты қамтитын ұзақ және кең ауқымды жұмыстың іске асырылуында /36/.

Ресейлік ғалымдар, құқықтық норма қазірде қолданыста бар біртіндеп, жоспарлы, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның жүйелік құрастырылуы әлеуметтік шарттарына жауап беретін тезисті қорғап отыр. Ұлттық құқықтың даму жүйелілігі осыдан басқа әлемдік қоғамға енетін жүйелендірілген біртіндеушілік нақтылы уақытша жүйелілік деп есептеледі. Халықаралық қоғамда Қазақстанның интеграция процесі ішкі мемлекеттік жоспарлау мен жаңа көзқарастарды, аймақтық құқық қалыптастыру мен құқық қолдануды, соның ішінде ұлттық құқықтағы халықаралық құқық қағидаларының басым сипаттылығын қамтамасыз етуді талап етеді. Шетелдік бақылаушылар ашық түрде бізге заңнамамызды жетілдіру бағдарламаларын ұсынып отыр. Сонымен, АҚШ Сауда Департаментінің бас кеңесшісі И.Абрамов Ресей істері мен жаңа тәуелсіз мемлекеттер істері бойынша ЕЫҚҰ өлкесіндегі кейбір мемлекеттердің өз мемлекеттік имиджі бар, қайда сыбайлас жемқорлық билесе, сонда, коммерциялық істер жүргізуде транспоренттік пен әділдік болмайды және заңнамалық қорғау жеткіліксіз болады. Бұл факторлар инвестиция салудың халықаралық және ұлттық серіктестерге едәуір өлшемде әсер етуі мүмкін. Коммерциялық қызметті жүргізуде шын мәнінде құқықтық ортаны құру үшін көп күш жігер жұмсау қажет. Бұл бағыттағы іс әрекеттер үкіметтің инвестицияға назар аударғанын дәлелдейді. Осындай стратегияның басты элементі – қажетсіз мемлекеттік қатысушыларды қысқарту, жемқорлық мүмкіндіктеріне және жеке мемлекеттік шенеунік озбырлықтарына жол бермеу; шарт және сот шешімі бойынша міндеттемелерді орындау шарттарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар, кәсіпкерлік этикасын дамыту /37/.

Біздің көзқарасымыз бойынша, алғашқы сатыда, яғни Қазақстан Республикасында тиімді заңнамалық база құрылмаған және «жеке мемлекеттік шенеунік озбырлықтарының» мүмкіндіктері болмаған кезеңде, мемлекет ішкі экономикалық шарттарды белсенді түрде реттей алады. Мемлекетте келеңсіз жағдайда қалдырмайтын әлемдік компаниялармен келісім бекіту тең, өзіндік, мықты, патриоттық кәсіпкер-элита құрылмайынша, кәсіпкерлікте транспартенттік және күшті сот қорғауы мемлекеттік араласуда сақтала бермек.

ЕЫҚҰ-ның бас хатшысы Ян Кубиш Қазақстанның қоғамдық-саяси жүйе эволюциясын бағалай отырып, 10 жыл ішінде Қазақстанда демократия базасаның негізін және ымырашыл саясат пен экономикалық жүйелерді бекіткен маңызды қайта құру жүйелері жүргізілді...Сонымен бірге, демократия жолында әлі де талай істер атқарылуы керек /38/. Біздің мемлекетіміздегі тұрақтылығы Кубиштің пайымдауынша, кезеңдік саясаттың демократиялық саяси, экономикалық, әлеуметтік жүйеге ауысуының арқасында.

Ерекше өзектілік мемлекетте адамның құқықтық статусын бекітуге иелік береді, адам құқығы мен маңызының рөлі құқықтық жүйеде. Сондықтан да, Конституцияда келесі ережелер бекітілген: «Республика қатысушы болып табылатын барлық халықаралық шарттар мен заңнамалар жарияланады. Құқыққа, азамат бостандығы мен міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді арнайы жариялау, оларды қабылдаудың міндетті шарттары болып табылады».

«Қазақстан-2030» бағдарламасында Н.Ә.Назарбаев, мемлекеттің азаматтар құқықтарын қорғайтынына және олардың мүддесін сақтап қалатынына сенімді болуын айтып өтті. Бұл - өзіндік жоғары дәрежесі бар сот үкіметінің алғашқы кезегінде тұрған тапсырма, бірақ, заңнамалық шеңберде қалуы керек және заңға ғана тәуелді болуы керек. Біз К.Х.Халиковтың «Сот үкіметі ерекше мінездемелерге ие және маңызды, жауапты әлеуметтік қызметті орындауға бейім» деген пікірімен толық бөлісеміз. Соттауға жататын қылмыстық іске қатысты мәселелер бойынша заң біртұтас халық сотын құру демократиялық тенденциясына сәйкес дамуы қажет. «Халықтық сот» ұғымы кеңестік құқықтық ғылымның ойлап тапқаны деген түсінік емес. Профессор Пусторослев оны ғылым айналымына 1911 жылы «Қылмыстық сот төрелігінің жіберуімен халықтық сотқа қатысу» зерттеуімен енгізген болатын. Әрі қарайғы демократиялық сот төрелігі негізінің дамуы біртұтас халықтық сот қағидаларын толығымен іске асыруға біршама жақындауы тиіс /39/.

Күшті, бірінші кезекте азаматтық қоғамды дамытатын құқықтық мемлекет құрудың жалпы моменті, яғни сәті осындай. «Мықты мемлекет» түсінігі біздіңше, күш құқығы емес құқық күші үстемдік ететін мемлекет.

Құқықтық мемлекетті құру мемлекет басшылығы мен мемлекет тұрғынынан шынайы күш пен уақытты талап етеді. Қазақстан Республикасы бұл бағытта алғаш қадам жасады: құқықтық мемлекетті құру мақсаты заң деңгейінде бекітілді. Екінші қадамы, мемлекеттің құқықтық, саяси, экономикалық аспектілерін жаңғыртуға бейімделген осы мақсатты өмірде жүзеге асыру. Бұл тек қана экономикалық реформаны жүзеге асыруды ғана емес, сонымен қатар, біздің еліміз бен бүкіл адамзат баласының дамуына мүмкіндік туғызатын халықаралық құқыққа сәйкес, халықтық құқық жүйесіне келуді білдіреді.



Халықаралық құқық пен халықтық құқық арақатынасы тақырыбына келгенде Қазақстан Республикасы бірнеше жылдар бойы Кеңес Одағының құрамында болып, өзіндік халықаралық қызметте құқық жүргізуден шеттетіліп отырды, тек 1990 жылы ғана халықаралық құқықтың белсенді субъектісі болып табылды. Осы уақытқа дейін ертеде тұншыққан кеңестік құқықтық мемлекет екі маңызды субъектілердің арасында (мемлекет пен азамат) қарым-қатынас орнағанда, осы қарым-қатынаста азамат үнемі жеңіліп отырды, маңызды қоғамдық қатынас орнатушы үшінші халықаралық бірлестік келді. Енді біздің мемлекетіміз өзін Конституцияның 1-ші бабына сәйкес «Ең жоғарғы құндылығы адамзат баласы болып табылатын әлеуметтік, құқықтық, кеңестік, демокоратиялық мемлекет», азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қамтамасыз ететін, халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сәйкес өз заңнамасын іске асыруды міндеттейтін мемлекет ретінде бекітті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет