Қазақстан республикасының Ұлттық стандарты автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларғА Қызмет көрсету пункттерінің Қызметі жалпы талаптар


-кесте – Такси және жеңіл автомобильдер тұрағының ұсынылған алаңы



бет4/5
Дата24.02.2016
өлшемі414 Kb.
#16395
1   2   3   4   5

6-кесте – Такси және жеңіл автомобильдер тұрағының ұсынылған алаңы










Тәуліктік кету шамасы, жол.

Машина орындарының саны

Тұрақ ауданы, м2

500

4

83

1000

8

167

1500

13

250

2000

17

333

3000

25

500

5000

42

833

7000

58

1167

10000

83

1667

20000

167

3333


5.8 Диспетчерлік жетекшілерге қойылатын талаптар

5.8.1 Автовокзал (автостанция) жылжымалы құрамды пайдаланудың тиімділігін және қоғалыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, автовокзалмен қызмет көрсетілетін, жолаушылар автокөлігінің қозғалысын реттеу және жетекшілік ету бойынша диспетчерлік қызметтік ұйымдастырады.

5.8.2 Диспетчерлік қызмет көрсететіндер:

- автобустардың келіп-кетуіне есеп жүргізу;

- автобустардың келіп-кетуін уақытында қамтамасыз ету;

- жолаушылрдың автобусқа отыруы, жол жүру құжатымен (билетпен) жүргізілуін қатаң түрде қадағалау;

- бағдарлар бойынша автобустардың әр рейсіне сатылған билеттердің есебін жүргізу;

- автобус қозғалысының кестесіне өзгерістер енгізу;

- кестеден шығып қалған автобустарды қосымшалармен ауыстыруды ұйымдастыру;

- автобус қозғалысның барлық мәселелері бойынша өзара ақпарат алмасу мақсатында басқа автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің диспетчерлік пункттерімен байланыс ұстауды – автобустардың жіберілу уақыты туралы ақпаратты алу және беру, қозғалыс кестесінің өзгеруі, автобустардағы бос орындар туралы, автобус қозғалысның бағдарындағы жол жағдайы мен метеорологиялық жағдай туралы ақпараттар туралы;

- жол құжатын рәсімдеу және диспетчерлік журнал жүргізу;

- тасымалдар жүргізу және станциялық қызмет көрсету барлық сұрақтары бойынша жолаушыларды ақпараттандыруды ұйымдастыру;

- рейсалды жүргізушілердің медициналық куәландырылғандығын және автокөлік құралының техникалық тексеруден өткендігін қадағалау;

- ауысым арасында жүргізушілердің ұзақ уақыт демалуын тексеру және есеп жүргізу;

- автобус қозғалысының бағдары мен бағыттары бойынша жолаушылар ағынын талдау және қозғалыс қауіпсіздігін өзгерту бойынша ұсыныстар жасау және автобустар қозғалысының жаңа бағыттарының ашылуын ұсыну;

- қозғалыс кестесінің орындалуы бойынша тәуліктік, тоқсандық және жалдық есеп жүргізуді жасау.

5.8.3 Кейбір бағдарларда жолаушылар автокөлігінің тасымалдау мүмкіндігінен артық тасымал қажеттілігі біруақытта артқан кезде (мейрам күндері, елді мекендерде қоғамдық шараларды өткізген кезде), автовокзалдар (автостанциялар) жергілікті атқарушы огандармен келісім бойынша, осы бағдарлармен қосымша автобустардың шығуын ұйымдастырады.

Кейбір бағдарларда жолаушылар автокөлігінің тасымалдау мүмкіндігінен артық тасымалдау қажеттілігі тұрақты түрде артқан кезде немесе оған сай келетін бағдарлар болмаған бағыттар бойынша тасымалдар қажеттілігі туындаған кезде, автовокзал (автостанция) Автомобиль көлігімен жолаушыларды және жүктерді тасымалдау ережелеріне сай тиісті бағдарларда рейстер санын арттыру немесе жаңа бағдарларды ашу шараларын іске асырады.

5.8.4 Жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде, билет кассалары болған жағдайда диспетчерлік жетекшіліктің кейбір жұмыстарын орындауды жүргізеді: автобустардың келуін және кетуін белгілеу, автовокзалдармен (автостанциялармен, басқада жолаушыларға қызмет көрсету пункттерімен) тұрақты байланысты орнату, жолаушыларға хабарлау.

Жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде кассир мен диспетчердің жұмысы бірігуі мүмкін.

5.8.5 Диспетчерлік қызметтің жетекшісі автомобильдік тасымалдарды ұйымдастыру бойынша орташа немесе жоғары білімді болуы керек және автомобильдік тасымалды диспетчерлік жетекшілік ету саласында 3 жыл жұмыс өтілі болуы керек.

5.8.6 Автовокзалдар (автостанциялар) спутниктік барлау құралдарымен жабдықталған көлік құралдарының күйі мен орналасқан жері туралы мәліметтерді тікелей көлік құралынан немесе жолаушыларды автомобильдік тасымалдауды диспетчерлік басқарудың орталықтандырылған республикалық жүйесінен алады.

5.8.7 Автовокзалдар (автостанциялар) оның негізгі қызметтерін автоматтандыру негізінде диспетчерлік басқаруды жүргізеді.

Диспетчерлік жетекшіліктің автоматтандырылған қызметтерінің тізіміне кіретіндер:

- автобустардың келуіне және кетуіне есеп жіргізу;

- нақтылы уақыт тәртібінде бағдарлар желісінде автобустардың орналасқан жерлерін бақылау;

- қозғалыс кестесін және тасымалдарды орындауды белгілеу;

- тасымалдарды орындау және қозғалыс кестесі бойынша есеп жүргізу;

- қозғалыс кестесін және тасымалдарды орындау бойынша диспетчерлерге жедел ақпараттар беру;

- диспетчерлік басқарудың басқада қызметтері.


5.9 Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтеріне қойылатын талаптар

5.9.1. Жалпы ережелер

Автовокзалдар (автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері) ҚР ҚНжЕ 3.02-02 Қоғамдық ғимараттар мен салулар және ҚР ҚНжЕ 3.06.15 «Қозғалысы шектелген тұрғындар топтарына үшін ғимараттар мен имараттардың қолайлылығы» талаптарына сай мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсетудің қолжетімділігі, қауіпсіздігі, ақпараттылығы және жайлылығы қамтамасыз етілу бойынша талаптарды қанағаттандыруы керек.

5.9.2 Қолжетімдігі

5.9.2.1 Автовокзал (автостанция) ғимаратында аз мобильді жолаушыларға бейімделген жер үстінде біреуден кем емес кіру жолы, сондай-ақ осы ғимаратқа қосылған және аз мобильді келушілерге қолжетімді әрбір жер асты немесе жер үсті жолдары болуға тиіс.

5.9.2.2 Есік және қабырғалардағы ойықтар ені 0,9 м кем болмауы керек. Егер ойық тереңдігі 1,0 м артық болған жағдайда коммуникациялық өтпе ретіде қабылдау керек, бірақ 1,2 м кем болмауы керек.

Есік ойықтары табалдырықсыз және сатысыз болуы керек. Егер табалдырықтар мен сатылар қажет болған жағдайда, олардың биіктігі 0,025 м аспауы керек.

5.9.2.3 Ғимарат ішіндегі және сыртындағы коммуникациялық өтпелердің қозғалу жолақтарының ені, кресло-арбалар бір бағытта жүрген кезде 1,5 м кем емес, ал қарсы бағытта болатын болса 1,8 м кем болмайтындай болуы керек.

5.9.2.4 Кресло-арбалар 900 бұрылған кезде қозғалуға арналған кеңістік өлшемдерін (1,4 х 1,4) м кем болмайтындай етіп алу керек, ал 180° градусқа бұрылу кезінде - (1,4 х 1,5) м кем болмайтындай болуы керек.

Тұйық дәліздерде, кері бұрылу радиусы 0,75 м кем болмайтын кезде кресло-арбаның толық кері айлану мүмкіндігі қамтамасыз етілуі керек.

Кресло-арбалардың «өзіңнен кері» ашылатын есіктердің алдында 1,2 м кем болмауы керек, ал «өзіңе қарай» ашылатын кезде 1,5 м кем болмауы керек.

5.9.2.5 Мүмкіндігі шектеулі келушілердің кіретін қызмет орындары, бөлмелері және аймақтары, ереже бойынша жерге жақын деңгейде орналастырылуы керек. Басқа жағдайларда – мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға баспалдақтар, пандустар, лифтілер және басқада жарақтар қарастырылуы керек.

5.9.2.6 Ішкі баспалдақтардың баспалары 0,3 м кем болмауы керек, ал биікті 0,15 кем болмауы керек. Сыртқы ашық баспалдақтар баспалары 0,4 м кем болмауы керек, биіктігі 0,12 м артық болмауы керек. Баспалдақтардың ені 2,5 м артық болған кезінде қосымша аралық таяныштар болуы керек.

5.9.2.7 Бір бағытта қозғалған кезде пандустар ені 1,0 м кем болауы керек, ал екі жаққа қозғалған кезде 1,8 м кем болмауы керек.

Қозғалу жолдарындағы барлық бойлық еңістер, пандустарға арналған тиісті шаралардан аспауы керек.

Еңіс 8 % аспаған кезде пандустың бір көтерілу биіктігі 0,8 м аспауы керек. Қозғалу жолдарындағы еден биіктіктері 0,2 м және одан аз болған кезде, пандус енін 10 % үлкейтуге болады.

5.9.2.8 Ғимаратта лифтілер болмаған жағдайда және пандустарды орнату мүмкін болмаған жағдайда, кресло-арбадағы жолаушылар өздері қолдануға арналған көтергіштер, немесе лифтілер, жарақтар қарастырылуы керек. Олардан шығатын жерлерді, мүмкіндігі шектеулі жолаушылар кіретін бөлмелері бар деңгейде орналастырылуы керек.

5.9.3 Қауіпсіздігі

5.9.3.1 Ғимараттың сыртқы жағында орналастырылатын кіретін алаңдар, баспалдақтар және көтергіш құралдар, қолайсыз ауа-райынан қорғалған болуы керек.

Көрсетілген элементтерде қозғалу жолдарының жабын беттері берік, суланған кезде тайғақ болмайтын және мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың қозғалуына қиындық тудырмайтындай болуы керек.

5.9.3.2 Ғимарат ішінде мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың қозғалуы: габариті, еңісі, шықпалары, ойықтары, ғимараттан адамдарды эвакуциялау жолдарынаарналған нормативтік құжаттар талаптарын қанағаттандыруы керек.

Мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың эвакуациялау жолдары, 3-типтегі баспалдақтармен өтпеуге тиіс.

Екінші және одан жоғары қабаттардан эвакуациялау жолы болып табылатын пандус, тікелей ғимараттан шығатын жермен байланысқан болуы керек.

5.9.3.3 0,7 м биіктікте қозғалыс жолындағы габариттерде орналыстырылатын және басқа да тік беттерде орналастырылатын ғимараттың құрылымдық элементтері, сонымен қатар құрылғылар: ғимарат ішінде – 2 м дейін; ғимарат сыртында – 2,1 м, жаяу жүргіншілер жолынан 1,0 м биіктіктен артық болмауы керек. Құрылғыларды бөлек тұрған тіректе орналастырған кезде олар 0,3 м артық шығып тұрмауы керек.

Ашық баспалдақтардың астында және биіктігі 1,9 м аз биіктікті басқа да ғимараттың шығып тұрған элементтерінің астында ескертпелі кедергілер, қоршаулар және т.б. орнату керек.

5.9.3.4 Барлық баспалдақтар мен пандустардың екі жағынан биіктіктері 0,45 м әртүрлі сатыларда, таяныштары бар қоршаулар орнатылуы керек. Пандустардағы таяныш тұтқаларын 0,7 м және 0,9 м биіктікте орналастыру керек, ал баспалдақтарда 0,9 м биіктікте.

Баспалдақтардың ішкі жағынан таяныштар тұтқасы, барлық биіктікте үздіксіз болуы керек. Баспалдақтардың әр жағындағы және пандустардың еңіс жақтарындағы тұтқалар олардан 0,3 м ұзын болуы керек.

5.9.3.5 Барлық басқыш шабақтарының және марш шегіндегі барлық тепкішектері, сонымен қатар сыртқы баспалдақтардың тепкішектері басу ені бойынша және көтерілу биіктігінің геометриясы бойынша және өлшемдері бойынша бірдей болуы керек.

Марштардың енінің жиектерімен, пандус жиектерінің бойымен және көлденең беттердің биіктіктерінің әртүрлілігі 0,45 м жоғары болса, аяқтардың, таяқтардың, балдақтардың, арбалардың сырғанауы болдырмайтындай 0,05 м кем болмайтын қырлар қарастырылуы керек.

5.9.3.6 Мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың жалғыз қалуы мүмкін болатын бөлмелер (лифт кабинасы, дәретхана кабиналары және т.б.), диспетчермен немесе кезекшімен екіжақты байланыспен (ондай құрылғылардың ғимаратта болған жағдайында) құлағы нашар адамдар үшін де жабдықталуы керек.



5.9.4 Ақпараттылығы

5.9.4.1 Ақпарат мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың барлық санаттары үшін қолжетімді болуы керек. Автовокзалдың (автостанциялардың) ақпараттық құралдар жүйесі, келушінің өз уақытында адаспауын, сондай-ақ олардың баратын орны мен обьектілерін бірден тануын қамтамасыз ететіндей үздіксіз болуы керек.

5.9.4.2 Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған кіреберіс тораптары, коммуникациялар, қызмет көрсету аймақтары мен бөлмелері, сонымен қатар мүгедек адамдардың машиналарын қоюға арналған орындар, халықаралық белгіленген тәртіптегі белгімен белгіленуі керек. Ол жерде ұсынылатын қызметтердің түрі және орны турады және мүмкін болатын қауіп туралы көзбен шолатын, дыбыстық және сезімталдық ақпараттық жүйелерді қарастыруы керек.

5.9.4.3 Мүмкіндігі шектеулі келушілердің баратын бөлмелері мен аймақтарында, өрт туралы адамдарды хабардар ету жүйесіне қосылған, қосарланған (дыбыстық және көзбен шолатын) сигнал берушілер қарастырылуы керек.

Жарқырайтын белгілер түріндегі жарық сигналдар дыбыстық сигналдармен бірге қосылуы керек. Жарықтық сигналдардың жыпылықтау жиіліктері 5 Гц төмен болмау керек.

5.9.5 Жайлылығы

5.9.5.1 Мүгедек жолаушыларға арналған әрбір қабатта 2-3, сонымен қатар кресло-арба мүгедектеріне арналған демалу орындары қарастырылуы керек.

5.9.5.2 Автовокзалдың (автостанцияың) қоғамдық дәретханасында, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған ең азы бір арнайыландырылған орын қарастырылуы керек.

Жолаушыларға арналған жинастыру және қол жуғышы бар бөлмелер мүмкіндігі шектеулі жолаушылар санатына арналған ыңғайлы жерлерде орналастыру керек.

Арнайыландырылған дәретхана кабинасы, ені 1,65 м кем емес, тереңдігі 1,8 м кем болмауы керек. Есіктер сыртынан жабылуы керек.

5.9.5.3 Раковиналарда иін немесе басқыш әрекетіндегі, ал егер мүмкін болса –электронды жүйелермен басқарылатын крандар орнатуға рұқсат етіледі.

Унитаздағы суды жіберуді, қабырғаның бүйір жағында орналастыру керек.

5.9.5.4 Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар баратын коммуникациялар мен орындардың жарықтандырылу нормаларын, олар болатын бөлмлерде бір сатыға көтеру керек.

Көршілес бөлмелер мен аймақтар арасындағы жарықтандырылу деңгейінің айырмасы 1:4 жоғары болуы керек.


5.10 Санитарлық-гигиеналық талаптар

5.10.1 Автовокзалдарда (автостанцияларда), жүргізушілер персоналына және автовокзал жұмыскерлеріне арналған дәретханалар, қоғамдық дәретханалар жұмыс істеп тұруы керек.

Унитаздар мен писсуарлардың саны, тәуліктік жіберу шамасына сәйкес келуі керек (3-кесте).

5.10.2 Автовокзалдың (автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің) жолаушылар бөлмесінде, күніне екі рет және ластануына қарай жуғыш және залалсыздандыру құралдарын қолдана отырып ылғалды тазалау жүргізілуі керек.

Автовокзалдар (автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пнукттері) автобустар қозғалысының минималды кезеңінде жинастырылуы керек.

5.10.3 Автовокзалдардың (автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің) бөлмелеріндегі заттар, қоғамдық бөлмелердің санитарлық-гигиеналық талаптарына сай болуы керек.

5.10.4 Перрондар, отыратын орындардың павильондары мен қалқалары, қоқыстан, қардан және мұздан тазартылуы керек.

Отыру алаңдарында көктайғақ кезінде құм төгілуі керек.

5.10.5 Тазарту құрылыстары 10 мм жауын шашын түскен кезде ағынды суларды қабылдауға есептелінген болуы керек, сонымен қатар қарды және жолаушылар автобусын жуудан аққан суларды қабылдауға есептелген.

5.10.6 Автовокзалдар (автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері), "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» «Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» «Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін  зиянды  өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізуге сәйкес қатты қалдықтарды жинау, пайдаға асыру және шығаруды қамтамасыз етуі керек.

5.10.7 Автовокзалдарда (автостанцияларда) ҚР ҚНжЕ 3.02-02 Қоғамдық ғимараттар мен құрылыс талаптарына сәйкес келетін шаруашылық-ауыз су, өртке қарсы және ыстық сумен қамтамасыз ету, су қалдықтарын төгу (кәріз) және суағарлар жұмыс істеуге тиіс.

5.10.8 Автовокзалдардың ғимараттарында шу деңгейі бойынша МСН 2.04-03 Шудан қорғау талаптарына сай деңгейде нормалары сақтаулы керек. Шулар деңгейі шамадан асқан жағдайда оларды төмендету бойынша шаралар қолданылуы керек


5.11 Өртке қарсы қауіпсіздік

5.11.1 Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша автовокал ғимараттары мен бөлмелері «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне, «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне, «Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнал беру жабдықтарымен, өрт кезінде хабарлау мен адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар” техникалық регламенті , Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" техникалық регламенті, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына, ҚР СТ ГОСТ Р 12.4.26, ҚР ҚНжЕ 3.02-02, ҚР ҚНжЕ 2.02-05, ҚР СН 2.02-11, ҚР ҚНжЕ 4.02-42, Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздік ережелері .

Автовокзалдың (автостанцияның) ғимараттары мен құрылыстары, өртке төзімділіктің III дәрежесінен төмен болмауы керек.


      1. Күту залдарындағы және басқа бөлмелердегі орындықтар, саймандар мен жабдықтардың тұрқыларындағы бояулар, улы емес жануы қиын немесе жанбайтын материалдардан дайындалуы керек.

5.11.4 Автовокзалдардың, автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің, соның ішінде касса залы және кассир кабиналары, күту залдары және басқада ұзақ уақыт болу бөлмелері, ана мен бала бөлмелері, халыққа қызмет көрсету кәсіпорындарының бөлмелері, қоғамдық тамақтану пункттерінің бөлмелері, тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелері, медициналық бөлме, байланыс және банк бөлімшелері бөлмелері, автовокзалдың (автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері) қызметтік бөлмелері, сонымен қатар ҚР СН 2.02-11 талаптарына сай 300 дейінгі жолаушылар сыйымдылықты автовокзалдар мен автостанциялардың сақтау камераларының бөлмелері заманауи автоматты өрттік сигнал жүйелерімен жабдықталуға тиіс.

Сыйымдылыға 300 жолаушыға дейінгі автовокзалдардың сақтау камераларының бөлмелері автоматты өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталуға тиіс.

5.11.5 Автовокзалдар (автостанциялар) өрт туралы хабарландырудың орталықтандырылған жүйелерімен жабдықталуға тиіс.

Өрт туралы автовокзал (автостанция, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері) персоналдарын және жолаушыларды хабардар ету және эвакуацяны басқару жүйелері, төмендегілерді қамтамасыз етуі керек:

- дыбысты, қажет болған жағдайда ғимараттың барлық бөлмелерінде жарық сигналын беруді;

- өрт болған жағдайда ауызша хабардарды трансляциялауды;

- өрттің болған орны туралы, жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ететін эвакуациялау жолдары және әрекеттері туралы, сонымен қатар эвакуациялау процессін қиындататын (өткелдерде адамдардың жиналуы және т.б.), үрей және басқада құбылыстарды болдырмауға бағытталған хабарламаларды ғимараттың немесе бөлмелердің кейбір аймақтарына жеткізу;

- эвакуацияның ұсынылған бағытын дыбыстық және жарықтық көрсеткіштерін қосу;

- эвакуациялақ жарықтандырғышты қосу;

- адамдар болуы мүмкін барлық бөлмелерді екіжақты байланыспен;

- қосымша эвакуациялық шығатын есіктерді дистанциялық ашуды (элкутромагнитті құлпылармен жабдықталған).

Өртті хабарлау жүйелері ҚР СН 2.02-11 келтірілген талаптарға сай болуы керек.



Хабардар ету жүйесінің тұрпаты автовокзалдың (автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету) сыйымдылығына және автовокзалдың (автостанцияның) ғимаратының қабаттарының санына тәуелсіз ҚР СН 2.02-11 ережелеріне сәйкес орнатылады.

5.11.6 Автовокзалдардың (автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері) түтінге қарсы қорғанысы ҚР ҚНжЕ 4.02-42 талаптарына сәйкес болуы керек.

5.11.7 Эвакуациялау шығулары, эвакуациялық жолдары және эвакуациялық сатылар және лестницалық шабақтар ҚР ҚНжЕ 2.02-05 Ғимараттар мен салулардың өрттік қауіпсіздіктері талаптарына сай болуы керек.

5.11.8 Автовокзалдың (автостанцияның) әрбір қабатында, 4.2.3.10 тармағына сай безендірілген, өрт болған жағдайда адамдарды эвакуациялауға арналған сұлбалар болуы керек.

5.11.9 Өрт сөндіру машиналарының өтетін жолдарының, сыртқы өрттік сатылардың, шатырға шығатын жерлердің құрылыстары «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне және ҚР ҚНжЕ 2.02- талаптарына сай болуы керек.

5.11.10 Автовокзал ғимаратында өрт қауіпсіздік қызметтерін және персоналға арналған, өрт жағдайында қажет болатын өрт сөндірудің алғашқы құралдарын, жеке және коллективтік құтқару құралдарын, басқада түгендемелерді орналастыруға арналған, өрт сөндіру постына арналған бөлме бөлінуі керек.

5.11.11 Өрт қауіпсіздігін, өртті болдырмау жүйелерін және өртке қарсы қорғаныс бойынша ұйымдастыру-техникалық шаралары «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламентіне және ГОСТ 12.1.004 талаптарына сәйкес жүргізілуі керек.

5.11.12 Өрт техникасы және оны автовокзал (автостанция, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері) ғимаратында орналастыру «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламентіне және ҚР СТ 11743 талаптарына сәйкес болуы керек.

5.11.13 Қауіп немесе оның пайда болу мүмкіндігі және жұмыскерлерге оның әсерін азайту немесе ескертуге болатын әдістер «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздікбелгілеріне қойылатын талаптар" техникалық регламенті және ҚР СТ 12.4.026 сәйкес қауіпсіздік белгілерімен және жарық сигналдарымен белгіленулері керек.
5.12 Автовокзалдардың, автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері бөлмелерінің температуралық тәртібіне, желдетуге және салқындатуға қойылатын талаптар

5.12.1 Автовокзалдар (автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері) бөлмелердің жайлы температуралық тәртібін олардың желдетілуін және салқындатылуын қамтамасыз етулері тиіс.

5.12.2 Автовокзалдардың, автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің бөлмелерінің ішкі ауа температурасы 7-кестеде келтірілген мәндер шегінде болуы керек.

5.12.3 Автовокзалдардың, автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері бөлмелерінің ауасын желдету және вентиляциялау 7-кестеде келтірілген ауа алмасуын және температуралық тәртібін қамтамасыз етуі керек.


7-есте – Бөлмелердің рұқсат етілген температурасы мен ауа алмасуы


Бөлмелердің атауы

Температурасы, °С

Сағатына ауа алмасудың көлемі мен еселігі

Жылдың жылы кезеңі

Суық және өтпелі жағдайлар

құйылуы

шығу

Касса залы, күту залы

18 – 28

12 – 17

20 м3/жолау.; табиғи желдету болмаған кезде – 60 м3/пасс

Билет және багаж кассаларының кабинасы

18 – 28

18 – 23

100 м3/каб

-

Дәліздер, өтпелер, негізгі баспалдақтар, жаяу жүргіншілер тоннелдері, галереялар

18 – 28

14 – 20

1

1

Жүктерді және қолдық заттарды қабылдау және тапсыру бөлмелері

18 – 28

16 – 20

2

1

Жүктерді және қолдық заттарды сақтауға арналған бөлмелер

18 – 25

12 – 17

1

2

Қызметтік және әкімшілік бөдмелер

18 – 28

18 – 23

1,5

1,5

Жолаушылар мен жүргізушілердің ұзақ уақыт демалу бөлмелері

18 – 28

18 – 24

1,5

1,5

Медициналық пункт:

Дәрігер кабинеті және науқастардың уақытша болу бөлмелері, жинастыру бөлмелері



20 – 24


20 – 25

20 - 24


16 – 20

2

-



1 унитазға 50 м3/сағ және 1 писсуарға 25 м3/сағ

Байланыс бөлімінің, жинақ кассаларының, радиотораптың, диспетчерліктің, үргізушілердің бөлмесі, ойын автоматтар залы, видеосалон

18 – 28

18 – 23

3

2

Ана мен бала бөлмесі:

қабылдау, гардероб

жатын бөлмелер және ойын бөлмелер, балалр бөлмесі, инастыру бөлмесі

18 – 28


18 – 28

18 – 28

20 – 24

19 – 23


20 – 24

1

1



-

1

1



1 унитазға 100 м3/сағ және 1 писсуарға 50 м3/сағ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет